Математика 3 Барлық мамандықтардың барлық оқу түрінің студенттеріне арналған дәрістер жинағы Алматы 2008

Loading...


бет50/64
Дата28.03.2020
өлшемі0.91 Mb.
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64

14.1 анықтама Егер  оқиғасы белгілі бір шарттар жиынтығы орындалғанда міндетті түрде пайда болса ақиқат оқиға деп аталады.

14.2 анықтама Егер  оқиғасы белгілі бір шарттар жиынтығы орындалғанда пайда болмаса,  мүмкін емес оқиға деп аталады.

14.3 анықтама Егер  оқиғасы белгілі бір шарттар орындалғанда пайда болуы да мүмкін, пайда болмауы да мүмкін оқиға болса,  кездейсоқ оқиға деп аталады.

Әрбір кездейсоқ шама көптеген кездейсоқ себептер әсерінің салдарынан болады. Ол себептердің әсер ету заңдылықтары белгісіз болғандықтан, олардың барлығының тәжірибе нәтижесіне әсер етуін ескеру мүмкін емес. Ал егер бірдей шарттар орындалғанда, сан рет жүргізілген бақылауларда пайда болатын кездейсоқ шамаларды қарастырсақ, мәселе өзгереді. Жеткілікті көп рет пайда болатын біртекті кездейсоқ оқиғалар өздерінің жаратылысынан тәуелсіз белгілі заңдылықтарға бағынады екен. Осы заңдылықтарды ықтималдықтар теориясы орнатады.

Сонымен, ықтималдықтар теориясы көптеген біртекті кездейсоқ оқиғалардың ықтимал заңдылықтарын зерттейді. 

Кездейсоқ оқиғалардың түрлері 

14.4 анықтама Егер бір тәжірибеде оқиғалардың біреуінің пайда болуы екіншісінің пайда болуына кедергі болса, оқиғалар үйлесімсіз деп аталады.

14.5 анықтама Егер  оқиғаларының кез келген екеуі үйлесімсіз болса, олар қос-қостан үйлесімсіз оқиғалар деп аталады.

14.6 анықтама Егер бірнеше оқиға қос-қостан үйлесімсіз және тәжірибе нәтижесінде олардың тек біреуі ғана пайда бола алатын болса, бұл оқиғалар толық топты құрайды.

14.7 анықтама Егер оқиғалардың еш біреуі қалғандарына қарағанда пайда болу мүмкіндігі жоғары болмаса, ондай оқиғаларды мүмкіндігі бірдей оқиғалар дейміз. 

Оқиғалар алгебрасы 

Оқиғаларға қолданылатын негізгі амалдар жиындарға қолданылатын амалдарға толық сәйкес келеді.



1.  және  оқиғаларының қосындысы деп олардың ең болмағанда біреуі пайда болуын (яғни немесе  пайда болады, немесе  пайда болады, немесе екеуі бірге пайда болады) білдіретін  оқиғасын айтамыз.

2.  және  оқиғаларының көбейтіндісі деп олардың екеуі бірдей пайда болу  оқиғасын айтамыз.

3.  және  оқиғаларының айырымы деп  оқиғасы пайда болып, бірақ  оқиғасы пайда болмайтынын білдіретін  оқиғасын айтамыз.

4.  оқиғасына қарама-қарсы оқиғасы деп тек  пайда болмағанда пайда болатын  оқиғасын айтамыз, яғни  оқиғасы -ның пайда болмағанын білдіреді.

5. Егер  оқиғасы пайда болуынан -ның пайда болуы шығатын болса, онда  оқиғасы -мен бірге пайда болады дейміз де,  деп жазамыз.

6. Егер  және  болса, онда  мен  – тең оқиғалар деп аталады да,  деп жазылады.

 Ықтималдықтың классикалық анықтамасы 



Бұл ұғымның бірнеше анықтамасы бар. Ықтималдықты анықтаудың қарапайым тәсілі саны ақырлы (конечное число) тәжірибелердің нәтижелерінің мүмкіндігі бірдей болуына негізделген. Мысал қарастырамыз. Урнада алты бірдей шар болсын. Олардың екеуі – қызыл шар, үшеуі – көк шар және біреуі ақ шар болсын. Урнадан қызыл немесе көк шарды алу мүмкіндігі ақ шар алу мүмкіндігіне қарағанда жоғары болатыны жеңіл байқалады. Осы мүмкіндікті сипаттайтын сан оқиғаның ықтималдығы болады.  оқиғасы пайда болуына келтіретін жағдай -ға қолайлы жағдай деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...