Әйелдің қуығын катетерлеу.
Мақсаты: қуықтан зәрді шығару
Көрсеткештері: жедел және созылмалы зәрдің тоқтап қалуы кезінде қуықты босату, қуыққа дәріні енгізу, қуыққа рентгеноконтрастты заттарды енгізу, цистит кезінде қуықты жуу, зәрді зерттеуге алу
Кері көрсеткештері: зәр шығарғыш өзектің зақымдануы, жедел уретрит, скинеит.
Дайындау қажет: емшараны жүргізу үшін муляж, бір реттік катетер, глицерин немесе вазелин майы, пинцет, латок, салфеткалар, жылы 0,02% фурацилин ерітіндісі, қолғап, зәрқабылдағыш, бір рет қолданылатын сіңімді төсеме, медициналық керме.
Орындау алгоритмі:
Пациентпен амандасу. Өзін таныстыру.
Пациент идентификациясын жүргізу (ТАӘ, туған күні).
Кермемен пациентті оңашалау.
Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу, стерилді қолғап кию.
Пациенттің жамбасының астына бір рет қолданылатын сіңімді төсеме төсеу.
Пациентті Фаулер қалпына арқасымен жатуға көмектесу, тізесі бүгілген екі аяғын жан-жаққа аздап қана ажырату. Аяқ арасына судно қою.
Сыртқы жыныс мүшелеріне гигиеналық тазарту жүргізу. Қолғапты ауыстыру.
Пациенттің оң жағынан тұру. Стерильді марлі салфетканы қолданып 1- 2 саусақтармен жыныс еріндерін ашып, сыртқы зәр шығару каналы саңылауын жалаңаштау.
Антисептикалық ерітіндіге малынған стерильді салфеткамен жоғарыдан төмен қарай зәр шығару каналы саңылауын өңдеу.
Екінші антисептикалық ерітіндіге малынған стерильді салфеткамен жоғарыдан төмен қарай зәр шығару каналы саңылауын өңдеу.
Үшінші стерильді тампонды зәр шығару каналы саңылауына қою.
Қолданылған салфеткаларды медициналық қалдықтарына арналған «Б» сыныбы сыйымдылығына салу.
Қолғапты ауыстыру.
Қалам ұстағандай етіп оң қолға бүйір ойығынан 5-6 см қашықтықта стерилді катетрді алу, ал катетердің соңын 4- 5 саусақ арасына қысып ұстау.
Катетердің енгізетін ұшын стерилді вазелин майымен немесе глицеринмен құю әдісімен өңдеу.
Салфетканы қолданып, сол қолдың 1-2 саусағымен жыныс еріндерін ашу. Катетерді зәр шыққанға дейін, 3-5 см зәр шығару каналына енгізу, катетердің шеткі ұшын судноға салу.
Зәрдің шығуын қадағалау. Зәр тамшылып шыға бастағанда алдыңғы құрсақ қабырғасын сол қолмен ақырын басу.
Зәр бөлінісі аяқталғаннан кейін катетрді шығару.
Уретраның сыртқы өзегін фурациллин ерітіндісіне суланған салфеткамен өңдеу.
Қолданылған салфетка, катетер, қолғапты медициналық қалдықтарына арналған «Б» сыныбы сыйымдылығына салу.
Қолды жуып құрғату.
Ситуациялық есеп №1 Қосымша 1
Пациенттің үлкен дәреті жүрмегеннен соң сізден кеңес сұрады.
Қандай кеңестер бересіз?
Тазарту клизмасын жасау әдісін көрсетіңіз?
|
Ситуациялық есеп №2
Сіздің палатаңыздағы пациенттің зәрі жүрмей қалды.
Медбике қандай шаралар қолдануыкерек?
Пациенттердің зәрін жүргізудің қандай тәсілдері бар?
|
Ситуациялық есеп №3
Пациенттің қуығы ауырып, жиі-жиі зәр шығарады, түсі лайланған.
Медбикенің іс-әрекеті қандай болды?
Қуықты жуу әдісін көрсетіңіз?
|
Ситуациялық есеп №4
Төсекте жатқан пациенттің зәрі жүрмей қалды.
Осындай жағдайлардағы медбикенің шаралары қандай?
Катетерді қолдану әдісін көрсетіңіз
|
Ситуациялық есеп №5
80 жастағы пациенттің зәрі жиі-жиі шыққаннан, мазаланып медбикеден көмек сұрады.
Медбикеден көмек көрсетіңіз?
Зәр жинағышты қолдануды көрсетіп беріңіз?
|
Ситуациялық есеп №6
Медбике катетерді қолданғаннан кейін жуып, қайтадан таза ыдысқа салып қойды.
Медбикенің іс-әрекетін бағалаңыз?
Катетерді зарарсыздандыру әдісін атап беріңіз?
|
Достарыңызбен бөлісу: |