Мақсаты: «Математика, физика пәндерінен білім сапа көтерудің жолы- инновациялық технологияларды қолдану» Міндеттері



бет1/3
Дата23.06.2022
өлшемі25.77 Kb.
#272269
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Бір жылдық есеп


Мақсаты: «Математика, физика пәндерінен білім сапа көтерудің жолы- инновациялық технологияларды қолдану»
Міндеттері:

  • Оқу процесіне жоғары дәрежеге көтеру үшін сабақта жаңа әдістерді қолдану;

  • Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау үшін, әдістемелік семинар, тәжірибе алмасу, әр мұғалім өз мамандығы бойынша жан- жақты іздену;

  • Әдістемелік ақпарат көздерін пайдаланып, білім жетілдіру курстарында болған жаңалықтар бойынша әдістемелік отырыстарда талдау жасау, сараптау;

  • Жұмыс жасау барысындағы қиыншылықтарды, мәселелерді отырыстарды ортаға салып, пікір алмасу.

  • ОЖСБ, ҰБТ бойынша жүргізілген жұмыстарды сараптау.


Күтілетін нәтиже: Білім сапасын арттыратын тиімді технологияларды оқу процесіне енгізіп, математика, физика пәндері бойынша сапа көтеріледі.
Білім беру жүйесінің басты – міндеті ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Пән мұғалімдерінің кәсіби сауаттылыған арттыру мақсатында бірнеше жобалар мен олимпиадаларға оқушыларын да өздерінде қатыстыру міндеттелді. Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді. Математика пәні бойынша ауданымызда- 54 пән мұғалімдері , физика пәні бойынша-30 пән мұғалімдері бар. Ауданымыздан 3 команда ( Б.Амалбеков ЖОББМ, Ақтүбек ЖОББМ, №132 ЖОББМ) қатысты. «Шекарасыз білім беру» жобасын іске асыру бойынша «Кәсіптік деңгейлерін қалыптастыру» және «Шеберлік сынып» видео-сабақ электронды дискіге жинақтап, «Білімал» порталындағы желілік қоғамдастығына материалдарын жүктелді. «Табыс формуласы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бұйрығы мен бағдарламасын жасау үшін мектептермен кеңес ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіліп, шығармашылық топ құрылды. «Айналамыздағы математика» жоба аясында мектептерге хабарландыру берілді, математикадан «Күзгі мектеп» курсына мұғалімдер тізімі берілді. Облыстық «CLEVER» олимпиадасына оқушыларды қатыстырып, өз мәнінде өтуі қадағаланды.Онлайн сабақтар және семинарларға тізім бойынша пән мұғалімдері қатыстырылды.Физика және математика пәні бойынша біліктілік арттыру курсына мұғалімдер оқуға жіберілді. Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығы математика пәнінен «Күзгі мектеп» аясында 29.10.-02.11.18ж аралығында курстар өткізілді. «Математикалық регата» облыстық сайысқа Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің /РО/ математика пәні мұғалімдері командалық сайысқа барып, сертификатқа ие болды. Облыстық математика, физика, информатика пәні мұғалімдер сайысқа барып қатысты. Республикалық Дарын орталығы ұйымдастырған қашықтық олимпиададан Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің/РО/ математика пәні мұғалімі Дюсенова А.И. –ІІІ орын, О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің/РО/ математика пәнінің мұғалімдері Кадрина А.А- ІІ орын, Исатаева Р.К – ІІІ орынға ие болды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар жиынтығын қарастырып, шығармашылық топпен бірігіп PISA, TIMSS есептерін жинақтап әдістемелік жинақ жасау тапсырылды. «Математика, физика, информатика» Республикалық ашық шығармашылық байқауында, Талдыбұлақ ЖОББМ мұғалімдері Ендаманова Г.Қ.(математика пәні) және Тулегенов С.К(физика пәні) Сертификатқа ие болды. ІІІ Халықаралық қашықтық олимпиададан физика пәні бойынша Рахижанова Мейрамкул Абжановна І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ю.А.Гагарин ЖОББМ математика пәні мұғалімі Байжанова Еркегүлдің онлайн сабағына қатыстып, сабағы талданды. Ғылыми жобалар бойынша Б.Амалбеков ЖОББМ оқушылары Мұхамедин Ақылбек(пән мұғалімі Конкашова Ж.М.), Кейкова Биғайша (Тасубаева Г.С.), Василиенко Анастасияның (Құсбекова А.К.) жұмыстары облыстық кезеңге өтіп, 28 қарашада қорғауға барады. Баспасөзге жазылу бойынша өзгертулер енгізілді. «Clever» олимпиадасында математика пәні бойынша жүлделі орындар анықталды. Базарбаева Еркеназ- І орын (Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ, пән мұғалімі Ізтөлеуов С.Б.), Аманова Нұрсәуле- ІІІ орын, Бабасов Әлібек- ІІ орын (О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ, пән мұғалімі Конкашова Г.М.), Сұлтанқызы Жұлдызай- ІІ орын (Ю.А.Гагарин ЖОББМ, пән мұғалімі Байжанова Е.А.). 23 қарашада Ынтымақ ЖОББМ физика пәнінен аудандық семинар болды. «Физика пәнін оқытуда жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» бағдарлама тақырыбы бойынша аудан мектептерінен мұғалімдер сабақ берді. «Реактивті құбылыс» 9 сынып, Салкенов Д.М. физика пәні мұғалімі (Б.Амалбеков ЖОББМ), «Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әсер коэффициенті» 8 сынып, физика пәні мұғалімі Сулейменова Ж. (О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ), «Сапалық, мәтінді және эксперименттік есептер шығару» 10 сынып, Пшенбаева А физика пәні мұғалімі (Қызылжар ЖОББМ), «Инерция құбылысы» 7 сынып, физика пәні мұғалімі Үйсінбаева Б.(Ынтымақ ЖОББМ) тақырыптарында сабақтар өткізді. Сырттан келген мұғалімдердің алған әсері өте жақсы болды. 14 желтоқсан айында Сарыарқа дарыны ұйымдастырған ғылыми жобалар сайысының облыстық деңгейінде Б.Амалбеков ЖОББМ оқушылары Мұхамедин Ақылбек– ІІІ дәрежелі диплом, сертификат, пән мұғалімі Конкашова Ж.М.- Алғыс хат, Кейкова Биғайша- ІІІ дәрежелі диплом, сертификат, пән мұғалімі Тасубаева Г.С.- Алғыс хат, Василиенко Анастасияның- ІІ дәрежелі диплом, сертификат, пән мұғалімі Құсбекова А.К.- Алғыс хатпен марапатталды. Математика пәні сапасы басқа пәндерден қарағанда төмен болады. Бірақ сонысына қарамай оқушылармызда, мұғалімдерімізде математикалық кез келген сайыстар мен олимпиадаларға қатысуда. Облыстық Н.Қайырбаев атындағы математика пәнінен ІХ олимпиадасы болып, Ынтымақ ЖОББМ 9 сынып оқушысы Берікқызы Мадина ІІІ орын, О.Жұмабеков атындағы 9 сынып оқушысы Жарылғап Жансая ІІ орынмен марпатталды.
Б.Амалбеков мектебінде Т.А.Көкетаев атындағы аудандық ғылыми- конференциасы өтті. Аудан мектептерінің физика пәні мұғалімдерінің арасында шеберлік сағат өтті. №132 ЖОББМ физика пәні мұғалімі Ш.У.Сейдуалина «Физика пәнін оқытуда сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігі», Б.Амалбеков ЖОББМ физика мұғалімі Д.М.Салкенов «Заманауи бағдарламалық өнімдерін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда қолдану», О.Жұмабеков ЖОББМ физика пәні мұғалімі Ж.М.Сулейменова «Ғылымға құштар жастарды дайындау, баулу», Б.Амалбеков ЖОББМ физика пәні мұғалімі М.А.Ракижанова «Физика пәні бойынша лабораториялық жұмыстардың әдістемелік нұсқауы» тақырыбында шеберлік сағаттарын көрсетті. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында білімдерін шыңдау барысында Б.Амалбеков атындағы 8 сыныптар арасында математикалық облыстық олимпиадасы өтті. Біздің аудан бойынша Ақтүбек ЖОББМ 8 сынып оқушысы Діңкай Лаура жүлделі ІІІ орынға ие болды. Оқушыларымыз қазіргі заман талабына сай оқыту барысында әр пән мұғалімі жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу курсынан өтіп, сабақтарында әртүрлі әдіс- тәсілдерді қолданады. Сонымен қатар, білігі мен дағды кіріктіріп оқытуда жүзеге асыру үшін арнайы әдістер мен педагогикалық технологиялардың түрлері көп, оларды түрлі негіздеріне қарап ажыратады. Педагогикалық технологиялардың ішінен тілдерді оқытуда айтарлықтай табысты қолданылып жүрген СLIL технологиясы туралы білу, физика пәні мұғалімі Салкенов Думан «Plicers» тестік бағдарламаны қолдануды ұсынса, математика пәні мұғалімі Құсбекова Ардана «Geogebra» бағдарламасының функцияның графигін салуда қалай қолдануға болатынын айтты. Республикалық «Ақбота», «Кенгуру» байқауларына қатысып, математика пәнінен жүлделі орындарға ие болды.
Жоғарыдағы аталған жұмыстарға жалпы SWOT талдау жасасақ:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы