Мақсаты: Буылтық құрттардың даму циклдарымен танысу. Тапсырма: Полихеттердің жынысты және жыныссыз көбеюіне мән беру. Спиральды бөлшектенуді сипаттаңдар. Жауын құртының дамуындағы ерекшелік. Сүліктердің дамуындағы ерекшелік



бет8/10
Дата10.06.2022
өлшемі0.99 Mb.
#267879
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
буылтық құрттар тапсырма

Ас қорыту жүйесі - алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектер. Алдыңғы сорғышының түбінде орналасқан ауыз тесігі ауыз қуысына, одан жұтқыншаққа жалғасқан. Жүтқыншақтың құрылым ерекшеліктері - негізгі систематикалық белгілер. Тұмсықты сүліктерде (Rhynchobdellida) жұтқыншақта етті түтік немесе тұмсық болады. Ол ауыздан уақытша шығып, қорегіне қадалуға қабілетті. Жақтылар отрядының (Gnathobdellida) ауыз қуысыңда үш хитинді тістері болады, біреуі арқа және екеуі бүйір. Олар тісті ара сияқты жақты қүрайды. Қоректену кезінде сүліктер жағымен (тістерімен) иесінің терісін тесіп, сол жерден қанды сорады. Жүтқыншаққа бір клеткалы сілекей бездері ашылады. Медициналық сүліктің (Hirado medicinalis) сілекей бездері гирудин деп аталатын, қанды ұйытпайтын қасиеті бар ерекше белоктық зат бөліп шығарады. Сүліктер жаралаған жерден қанның көп уақытқа дейін тоқтамай ағатыны осы гирудиннің бөлінуінен. Осыған байланысты сүліктің ішегіне тұскен қан бірнеше айға дейін ұйымайды.
Жұтқыншақ жіңішке әрі қысқа өңеш арқылы ортаңғы ішекке жалғасады. Ортаңғы ішектен тұйықталған бірнеше бүйірлік қалталары тарайды (медиңиналық сүлікте 10-11 жүп). Бүйірлік қалталары бар бөліктерді кейде қарын деп те атайды. Осыған сүліктің сорған қаны жиналып, сақталады. Қалталардың артқы жұбы дененің соңына дейін созылып жатады. Ортаңғы ішек артқы ішекке жалғасып, ол артқы сорғыштың үстінде орналаскан аналь тесігімен аяқталады.
Кейбір еркін тіршілік ететін сүліктер ұсақ жануарлармен қоректенеді.
Зәр шығару жүйесі - метанефридиялы. Бір қабатты клеткаларымен қапталған нефридиялық түтіктері дененің бүйір жағында метамерлі орналасқан. Бүл түтіктер нефропора (шығарғыш тесіктер) арқылы сыртқа ашылады. Медициналық сүлікте 17 жүп нефридиялары бар.
Сүліктердің нефридияларының негізгі ерекшелігі - нефростома (кірпікшелі воронка) мен нефридиялық түтігі жалғасқан жерінде екеуінің де ұшы тұйық бітеліп, нефростомаға жиналған несеп заттар Оның қабырғасы арқылы нефридия түтігіне осмостық жолымен сіңіріледі де, сыртқа шығарылады. Нефростома кеңейген үшымен бүйір жағындағы синустың (целомның қалдығы) ішіне, жіңішке жағымен тұйықталған резервуарға ашылады.
Целом қалдықтарының қабырғаларында дән тәрізді клеткалар жинақталған. Оларды «ботриодты тканьдер» деп атайды. Азқылтан-дылардағы хлорагогенді клеткаларға ұқсас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы