Мақсаты: Буылтық құрттардың даму циклдарымен танысу. Тапсырма: Полихеттердің жынысты және жыныссыз көбеюіне мән беру. Спиральды бөлшектенуді сипаттаңдар. Жауын құртының дамуындағы ерекшелік. Сүліктердің дамуындағы ерекшелік



бет1/10
Дата10.06.2022
өлшемі0.99 Mb.
#267879
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
буылтық құрттар тапсырма


Мақсаты: Буылтық құрттардың даму циклдарымен танысу. Тапсырма: Полихеттердің жынысты және жыныссыз көбеюіне мән беру. Спиральды бөлшектенуді сипаттаңдар. Жауын құртының дамуындағы ерекшелік. Сүліктердің дамуындағы ерекшелік. Айқас ұрықтануды сипаттаңдар.
Полихеттердің 5000-нан астам түрі бар, көпшілігі теңіздерде тіршілік етеді. Денелерінің ұзындығы бірнеше миллиметрден үш метрге дейін (Eunice gigantea). Басым көпшілігі жүзіп, ал кейбіреулер бекініп немесе топырақты қазып тіршілік етеді, «үйшіктер», түтікшелер жасайды. Паразиттік тіршілік ететін түрлері де кездеседі.
Құрылысы мен физиологиясы.Полихеттердің денесі құрт-тәрізді, созылыңқы, аздап арқа құрсақ бағытында сопайған немесе цилиндр пішінді. Бас, тұлға, аналь (пигидий) бөлімі бар. Тұлға бөлімі біркелкі бөлшектелген гомономды сегменттерден тұрады, сегменттерінің саны 5-тен 800-ге дейін болады. Сегменттерінің саны аз болса бұларды аз сегментті немесе олигомерлі полихеттер деп атайды, ал көп болса - көп сегментті немесе полимерлі полихеттер.
Бас бөлімі екі сегменттен құралған: ауыз алды немесе - простомиум және ауыз сегменті - перистомиум. Простомиумда көру мүшелері, антенна және пальпалары орналасқан, ал перистомиумда - ауыз тесігі және бірнеше мұртшалары -цирралары.
Тұлға бөлімі біркелкі гомономды сегменттерден тұрады, олардың әрқайсысының бүйірінде метамерлі және жұптасқан өсінділер немесе параподия деп аталатын жалғанаяқтары орналасады.
Параподия екі мүшеленбеген бұтақшадан тұрады: арқа нотоподия және құрсақ нейроподия.
С урет 1. Nereis pelagica: А - бас бөлімі; 1 - простомиум, 2 - антенна, 3 - пальпа, 4 - көздері, 5 - перистомиум, 6 - цирра, 7 - параподия; Б - параподия; 1,2 - нотоподия, 3 - арқа циррасы, 4 - нейроподия, 5 - құрсақ циррасы, 6 - қылтандар, 7 - сүйеніш қылтан (ацикула).

Параподидің арқа және құрсақ бөліктерінде мұртшалары цирралары және қылтандары шоғырланған. Мұртшалары сезу қызметін, ал қылтандары жылжу қызметін атқарады. Қылтандар - жіңішке, хитинге жақын органикалық заттан құралған. Осылардың арасында ацикуладеп аталатын қатты, мықты ішкі сүйеніш қылтандары да болады. Қылтандарының көп болатындығынан класскөпқылтанды құрттар деп аталады (грек тілінде роly - көп, сһаеtа - қылтан).


Параподиялардың және қылтандарының көлемі, формасы, саны әр түрлі. Кейбір қозғальп өмір сүретін полихеттерде параподияларының үстінде тарамдалған өсінділері бар, олар - желбезектер (Eunice тусында). Бекініп тіршілік ететін түрлерінде параподиялар денесінің алдыңғы жағында ғана дамыған, ал денесінің артқы жағында олар жойылып, тек қылтандары ғана сақталған, солар арқылы құмды қазады. Ал Dinophilus- туысының өкілдерінде параподиялары мен қылтандары жоқ.
Құйрық бөлімінің немесе пигидияның сегменттері 5-6 ғана, олар тұлға сегменттерінен өзгеше, өте жіңішке, целом қуысы және параподиялары жоқ.
Көпқылтандылардың денесі бір қабатты эпителимен қапталынған. Эпителий өзінің сыртқы жағына жұқа кутикула бөліп шығарады. Эпителиінде без клеткалары көп. Бекініп тіршілік ететін полихеттерде без клеткаларының сыртқа шығарған, қатқан сілекейінен хитин тәрізді түтікше пайда болады, ал Telepus туысының өкілдері шығарған сілекейіне құмның ұнтағын жабыстырып, мықты түтікше немесе «үйшік» жасап алады.
Эпителидің астында тері-бұлшықет қапшығы орналасқан. Ол сыртқы сақина тәрізді және ішкі ұзына бойы бұлшықеттерден құралған.
Целом.Полихеттердің ішкі мүшелері дененің қуысында жатады, сол қуысты екінші немесе целом қуысы деп атайды. Целомның бірінші қуыстан ерекшелігі - арнайы қабаты болуыңда. Целом қабаты - перитонеальды эпителий немесе целотелий мезодерма клеткаларынан түзілген. Тері-бұлшықет қапшығын астарлайтын қабаты соматоплевра (париеталь), ал ішек пен қан тамырларын астарлайтын - спланхноплевра (висцеральдық) деп аталады және арқа, құрсақ мезентериялық перделері болады. Осы арқа құрсақ перделері арқылы целом (оң жақ және сол жақ) екі бөлікке бөлінген (целом қапшығына). Дененің іш қуысы көлденең перделер немесе диссепименттер /септалар/ арқьлы жеке камераларға бөлініп тұрады, мұндай камералар сыртқы сегментацияға сәйкес. Целом қуысы сұйық затқа толы.
Целомның негізгі қызметі - тірек, зәр шығару, тасымалдаушы және сол қуыста ұрық клеткалар пісіп жетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы