Балалар: Қоян, деп бір ауыздан айтады.
Сиқыршы: Ендеше, ұзын құлақ сұр қоян.
Келіп кетші сен бізге.
Осы кезде ортада сұр қоян пайда болады.
Қоян: Мен қайда келдім, неткен тамаша шырша ? Мыналар кімдер ?
Жүргізуші: Қоян бұл «Көгершін» тобының бүлдіршіндері. Балалар бұл қандай жануар екен?
Балалар: Қоян
Жүргізуші: Бізге келе жатқан Жаңа жылымыз қоян жылы екен. Мына Жаңа жыл мерекесіне жиналған едік, Аяз-Ата мен Ақшақарды шақыра алмай отырған жайымыз бар. Сен ормандағы ең жүйрік жануарлардың бірісің ғой. Аяз-Атамен Ақшақарды шақырып келсең.
Қоян: Жарайды, шақырып келейін онда деп жүгіріп кетеді.
Ән: «Ақ қоян»
Жүргізуші: Қоян Аяз-Ата мен Ақшақарды алып келемін дегенше бір ойын ойнап алайық.
Ойын: «Кәмпиттерді жинау»
Шарты:Ортаға жеті бала шығады, ортаға 6 кәмпит тасталады, музыка ойналады , музыка тоқтағанда, балалар конфет алады, конфет жетпей қалған бала ойыннан шығады.
Жүргізуші: Суық боран дауысы шыққан сияқты, Аяз-Ата мен Ақшақар келе жатыр ау деймін.
Аяз-Ата, Ақшақар,
Біз Сендерді сағындық.
Тез келіңдер ортаға,
Аяз-Ата, Ақшақар. 3 рет
Аяз-Ата: Құтты болсын балалар,
Келген Жаңа жылдарың.
Алаңдамай өсіңдер,
Еркелеп қыз-ұлдарым.
Өткен жылы келіп ем,
Бәріңді де көріп ем.
Жыл өткізіп келем деп,
Уәдемді беріп ем.
Ойларыңда, бойларың да,
Бірдей өсіп қалдыңдарма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы,
Мені тани алдыңдарма?
Балалар: Аяз-Ата!
Ақшақар: -Сәлеметсіңдер ме балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды,
Ақшақармын арайлы.
Жалт-жұлт еткен жүзімнен,
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын,
Қалай тыныш жатпақпын.
Менсіз қыстың сәні жоқ,
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар,
Отыр ата, сәл дем ал.