Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл



бет1/5
Дата02.01.2023
өлшемі24.75 Kb.
#405436
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Көгершін. ертеңгілік
Педагогикадан 800 тест Назерке, Документ, 1613666695, Документ

«Қош келдің , Жаңа жыл!»
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір-біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Түзетушілік мақсаты: Балаларға мерекелік көріністер арқылы диалогты сөйлеуге, қарым-қатынасқа еркін түсе білуін жетілдіру. Танымдық қабілеттерін дамыту.
Балалар «Балмұздақ» биінің музыкасымен залға кіреді.
Би: «Балмұздақ»
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін,
Бәрімізге қоян жылы арайлы.
Құтты болсын ағайын,
Жаңа жылың тағы да.
Қол соғып қарсы алайық,
Балалардың ән, биін.
Ертеңгілік басталсын.
( Музыка қосылады. Сиқыршы шыр айналып кіреді )
Сиқыршы: Жаңа жыл келді,
Азаймасын ән мен жыр.
Ел көңілін көтерсін,
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді !
Сиқыршы: Бәрекелді жарайсыңдар ! Қараңдаршы айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп-әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қалыппыз. Әнімізді айтып, биімізді билеп , келген қонақтарға өз өнерімізді көрсетейік.
Жүргізуші: -Балалар жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді ?
Балалардың жауабы: Аяз-Ата, Ақшақар.
Жүргізуші: Қанекей бәріміз бірге ән айтайық.
Ән: «Аяз-Ата, Ақшақар»
Жүргізуші: Кәнекей бәріміз бірге Аяз-Ата мен Ақшақарды шақырайық.
Балалар: Аяз-Ата, Аяз-Ата, Аяз-Ата, Ақшақар Ау-у-у-у-у? 3-рет
Жүргізуші: Сиқыршы, біздің Аяз-Атамыз бен Ақшақар алыста сияқты. Оларды енді қалай шақырамыз ?
Сиқыршы: Балалар сендер уайымдамаңдар. Мен қазір сиқырлы таяғыммен ортаға тез жүйрік жануарымыз не еді балалар ?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет