Қостанай облыс әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №10 жалпы білім беретін мектебі»КММ
Тақырыбы: «Абайдың қара сөздері «Ұлттық рухани жаңғыру»бағдарламасын іске асырудың қайнар көзі» атты қалалық іс-шара (дөңгелек үстел)
Мақсаты: Абайдың қара сөздерін дәріптеу.
Оқушылардың өнерін, шығармашылығын шыңдау.
Міндеттері:
1. Ақынның шығармашылығын жас ұрпаққа жеткізе білу.
2. Оқушылардың сахнада өзін-өзі ұстай білу шеберлігін дамыту.
3. Ақынның шығармасын оқуда ынтасы бар таланттарды табу.
1-БӨЛІМ
1 – оқушы: Ерте оянып,ойланып ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан,құрбақан құм,құла қырда,
Өлеңін бесігінде тербеткен кім?
2 – оқушы: Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!-деп келер ұрпаққа үн қата отырып, өзі үстем тап өкілінен шықса да бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды. Ол шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман – мұңын жырлады.
3-оқушы:Соқтықпалы,соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке,
Біздермен осы күнде тілдескен кім?
4-оқушы:Көп адамдар өмірге бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола мА айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- деп төрелігін өзі шешкен Абай бүкіл жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.
5-оқушы:Тайсалмай мыңмен жалғыс алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей барын құйған көк теңізге,
Лермонтов,Пушкиндермен табысқан кім?
6– оқушы:Өлмеуүшін, құлқынды жемдеу үшін,
Мен – дағы өлең жазбаймын ерме күшін.
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,-деп Мұқағали ақын жырлағандай бүгінгі іс-шарамызды бастайық.
2 - бөлім
Гүлім:Армысыздар, қадырменді қонақтар, ұстаздар, әдебиет сүйер қауым, білім нәріне құмар оқушылар!
Талшын: Әннің де естісі бар, есері бар
Тыңдаушының құлағына келері бар.
Ақылдының сөзіндей ойды – күйді
Тыңдағанда көңілдің өсері бар – деп, кезекті әнге берейік «Көзімнің қарасы» Кудербекова Нұрайды ортаға шақырамыз.
1 - Гүлім:
Бүгінгі «Абайдың қара сөздері «Ұлттық рухани жаңғыру»бағдарламасын іске асырудың қайнар көзі» аттық қалалық іс- шарамызды (дөңгелек үстел) ашып беруге мектебіміздің директоры: Баяхметова Орынкүл Балғабаевнаны ортаға шақырамыз.
2 - Талшын:
Абай өмірінің соңында жазылған туындысы «қарасөздер» деп аталады. Қарасөздер – көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғылымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады. Абайдың жалпы қарасөздерінің саны - 45. Абайдың қарасөздеріне кезек берейік.
Абайдың 5-қарасөзі (көрініс)
Гүлім: Құрметті қонақтар, оқырман қауым Абайдың 5-қара сөзіне арналып қойылған қойылымнан қандай ой түйдіңіздер. Сіздер қандай әсер алдыңыздар,бұл қойылымнан не түсіндіңіздер Қазір бізде ашық микрофон айдары. Айтар пікірлерінің болса сөз сіздерге беріледі.
2-Талшын: Ортаға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шуренова Гүлім Каримовнаны шақырамыз Баяндама: «Абай қарасөздеріндегі адами құндылықтар көрінісі»
1-Гүлім: Мектебіміздің Дебат клубы үйірмесінің «Адал ұрпақ» командасы Абайдың 7-қарасөзіндегі қозғалған мәселені ортаға салмақ. Назар аударыңыздар!
2 - Талшын: «Мынау тұрған Абайдың суреті ме,
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат білімді тең ұстаған,
Қарсы келер Абайдың кім бетіне» -деп Жамбыл атамыз жырлаған. Абайдың асыл сөздері, үлкен ой-толғауы «Қарасөз» деп аталады.
Абайдың 6-қарасөзі (көрініс)
Гүлім: Құрметті қонақтар,оқырман қауым Абайдың 6-қарасөзіне арналып қойылған қойылымнан алған әсер ойларыңызбен бөліссеңіздер.Микрофон сіздерде.
2 - Талшын: Абайдың тамаша бір әніне құлақ салайық
« »
1 – Гүлім :
Әр сөзінде астарлы ой тұрады.
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі – қазақтың бойтұмары
Қазақтың асқан кемелі
Жұрттың қамын жеп еді,
Ақынның рухы өлмейді,
Абай – ұлы себебі!
2 - Талшын:
- Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректен ақсақтайық. Осындай тылсым күштің иесі бола білген, «Жүректен кіріп, бойды алған» күш иесі Абай атамыз жасасын! Есімі ел есінде мәңгілік сақталсың! Абай қарасөздерін әрқашанда ұлықтап жүрейік. Қош , сау болыңыздар!
Кері байланыс: пікірлер сандықшасы (стикер)
Достарыңызбен бөлісу: |