Мамандықтар мазмұны өзгеруде

Loading...


Дата05.05.2021
өлшемі15.89 Kb.

Мамандықтар мазмұны өзгеруде
Елімізде сұранысқа ие мамандықтар тізімі өзгерді. Жастар жұмыссыз қалмаудың қамына кірісті! Елімізде сұранысқа ие мамандықтар тізімі түбегейлі өзгерді. Абитуриенттер бұрын көштің басын бермей келген заңгер, есепші қызметтерінен бас тартып, көлік жөндеуші, дәнекерлеуші, электрик мамандықтарын таңдауға кіріскен. Бұл біз үшін қуантарлық жағдай. Өйткені елімізде дәл осы салалардағы кәсіби кадрлар тапшы. Ал таңдауы кеңседе отыратын «таза» қызметке түскендердің жұмыс таппай тентіреп жүргендерін абитуриенттер түсінсе керек. Таңнан кешке дейін кеңседе отыру енді сәнде емес. Биылғы сұранысқа ие мамандықтар тізімі соның дәлелі. Бұрын көштің басын құқықтану, есеп және аудит мамандықтары бермей келсе, қазір «тазадан» гөрі «қара» жұмысқа қызығушылық артқан. Бірінші орында емдеу ісі мен бастауыш сыныптарға білім беру қызметтері тұр. Құқықтану үздік үштікке кіргенімен, оны таңдаған жастар 5 жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 2 есеге азайған. Есеп және аудит саласы бойынша да жағдай осындай.Ал автокөліктерге қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы сұранысқа ие бестікке еніп, аналитиктердің өзін таң қалдырып отыр. Оның оқуына 10 мың талапкер түскен. Машина жөндеуші болуды жөн көргендердің бірі – алматылық Еламан Әбінәлі. Жаны қалаған істің қыр-сырын меңгеріп алған соң, ол өзінің көлік жөндеу орталығын ашпақ.

2- курс студенті мамандық таңдауда қателеспегеніне сенімді.Еламан Әбінәлі, Алматы электромеханикалық колледжінің студенті:

- Қазіргі кезде автокөліктердің неше түрлері шығып жатыр. Оларға көптеген техникалық қызметтер көрсету керек. Бұл салада көп оқыған мамандар жоқ. Көбі жаңағы заңгер деген сияқты мамандықтарды оқиды. Биыл слесарь, электрик және дәнекерлеуші қызметтеріне де қызығушылық күрт артыпты. Осылайша, жастардың талғамы сұранысқа сәйкес келіп отыр. Аталған мамандық иелерінің бізде тапшы екенін айта кетейік. Ал биылғы көрсеткіш осындай мамандарды даярлайтын оқу орындары үшін жағып тұр.
Болатжан Бозымбаев, Алматы электромеханикалық колледжінің директоры:

- Былтыр, мысалы, бізде бар-жоғы 612 бала болатын. Биыл қазір баланың саны 695. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша біздің түлектердің 72 пайызы жұмысқа орналасты. Осылайша, дипломы бар жастар жұмыссыз сенделмейтін болды. Бұған дейін, олар аталған салаларда айлықсыз қаламыз деп қорыққан. Енді түлектер де, ата-аналар да көлік жөндеуші, дәнекерлеуші сынды мамандықтардың келешегі зор екенін түсініпті.
Азамат Қасымбеков, finprom.kz аналитигі:

- Абитуриенттер бізге қандай мамандардың шын қажет екенін ұғына түсті. Олардың бұл салаларға бет бұруына «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» да әсер еткен.

Десе де болашақ заңгерлер мен есепшілер де жұмыссыз қалмасына сенімді. Сарапшылардың мәліметінше, биыл тоғызыншы сыныпты бітірген түлектер колледждерге көптеп ағылған. Қазір мұндай білім ордаларында жалпы саны 169 мың адам оқиды. Ал бұған дейін бәрі керісінше болатын. Яғни колледжде білім алушылар саны жыл сайын 5 пайызға кеміп отырған еді.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...