Мамандығы бойынша Жұмыс оқу жоспары негізінде құрастырылған

Loading...


бет6/7
Дата02.04.2020
өлшемі0.55 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Сұрақтар

  1. Әлеуметтік жұмыстың коммуникативтіВ сипаты нені білдіреді?

  2. Текст пен хабарламаның айырмешылық ерекшеліктерін атаңыз.

  3. Қарым-қатынастың негізгі құралдарын ашыңыз: тіл, мимика, қылықтар, қимылдар.

  4. Әлеумееттік жұмыскердің қарым-қатынастағы негізгі міндеттерін атаңыз.

  5. Сензитивтілік дегеніміз не? Оның түрлері қандай?

Әдебиеттер

Н.ә.1,2,3,5

Қ.ә.6,8,10,13
10-Дәріс Әлеуметтік жұмыстағы іс-қағаздарын жүргізу.
Мақсаты: Әлеуметтік жұмыстың маңызды кәсіби іс-әрекетінің аумағы ретінде іс-жүргізу туралы түсінік беру, құжатармен жұмыс жасау, жазббаларды есеп берулерді мағлұматтарды тіркеулерді жүргңізумен, мәліметтердің қорын жасау ережелермен таныстыру.

Түйін сөздер: іс-қағазлары, клиент, халықаралық іс қағаздар.
Дәріс жоспары


    1. Іс-қағаздарын жүргізу дегеніміз не?

    2. Әлеуметтік жұмыстағы іс-қағаздары жүргізу.

    3. Клиентке қатысты негізгі құжат-хаттамалар.

    4. Әлеуметтік жұмыс саласындағы халықаралық іс-қағаздар.

Іс-қағаздарын жүргізу бұл құжаттармен жұмыс жүргізу. Құжаттар жасалынады, өңделеді сақталынады, әр-түрлі мақсаттарда қолданылады. Компьютерлік технологиялар клиент туралы мәліметтерді жинақы , үнемді жұмысқа қолайлы түрде көрсетуде. Әлеуметтік қызмет көрсетудің клиенттері туралы толықтай мәліметтер банкін жасауға қызмет етеді. Компьютерді білу құжаттарды жасау жұмысын жеңілдетеді және де олардың сапасын арттырады. Тікелей сөйлеуді тезірек жазуға бұрыннан стенографиялау қолданылады.

Соңғы кездерде көбнесе қызмет ету процесін, клиент пен әлеуметтік жұмыскердің жүріс-тұрысын бақылауды көрнекі көрсететін құжаттандырудың аудио- және видео жазбалар сияқты түрлері жиі қолданылып жүр.

Іс-қағаздарын жүргізу бұл құжаттармен, олармен жұмыс істеумен байланысқан мекеменің әкімшілік (басқарушылық) іс-әрекетінің ерекше саласы.

Сауатты іс-қағаздарын жүргізу үшін біздің елімізбен оның аумағынан тыс қандай техникалық құралдар қолданылатынын білу қажет. Жазба пайда бола бастағаннан құжаттар айғақтарды (фактілерді),құбылыстар мен оқиғаларды құжаттандырып тіркеудің сенімді құралы болды. Құжаттар болған нәрселердің куәсі, олар –адамдардың түп нұсқалық есі. Өз клиенттерінің құқығын қорғау үшін соттық инстанцияларды пайдаланушы әлеуметтік жұмыскерге өз өтініштерін, қалауларын, ұсыныстарын әр-түрлі мекемелерге деген жүгінулерін дұрыс үлгімен жасауы қажет, өз сөздерін әрдайым дәлелдеу мүмкіндігіне ие болу үшін әрнбір құжатына визалар (қанағаттандырылу немесе бас тарту) алуы қажет. Клиентке қатысты құжат-хаттамаларын жүргізу әлеуметтік жұмыскердің іс-әрекетінің, клиенттің жағдайы мен мәселелерін, қызмет көрсету процесін талдау тәсілінің негізгі формаларының бірі. Құжат-хаттамаларды жүргізу жаңа ойлар мен идеалардың пайда болуы, яғни клиентке қатысты немесе оның атынан жүзеге асырылатын іс-әрекетті жетілдіруге ықпал етеді.

Әлеуметтік қызметтегі барлық құжаттар есепке алынады. Бұлардың барлығы құжаттарды оңай табу мен олардың жоғалмауы үшін қажет. Тіркеу –құжаттардың жүргізілуін қадағалау құралдырының бірі. Әлеуметттік жұ мыскерге тіркеу журналдары мен кортотекаларды жүргізу жүктеледі. Ол тіркеудің әр-түрлі тәсілдері мен жетістігі мен кемшілігін түсінуі , тіркеу қағаздарының жазбаларын дұрыс және мұхият жүргізуі қажет.

Әлеуметтік жұмыскердщің іс-қағаздарын жүргізуі төмендердегілерден тұрады: 1) әлеуметтік қызмет көрсетудің немесе жеке іс-тәжірибенің іс-әрекетін реттеуші, құқықтық , нормативтік актілер; 2) мекеме мен маманның іс-әрекетінің жалпы жоспарлауы; 3) жалпы тіркеу кітапшасындағы қабылдауға жазылулар, онда көмекке мұқтаж және әлеуметтік жұмыскермен ендігі ғана кездесу алдында тұрғандардың қоңырау шалулары мен өтініштері тіркелінеді; 4) «клиент -әлеуметтік жұмыскер - әлеуметтік қызмет көрсету» өзара қатынастарын анықтайтын келіссөздер мен келісімдер; 5) қабылдау барысында келушінің өзі туралы айтқан мағлұматтарын ырықты « стенографиялау» немесе әлеуметтік жұмыскердің кездесеу аяқрталғаннан кейін ол туралы қысқаша ескертпелер түрінде жазған жинақталған жазбалары; 6) жасалынған жұмыстардың талдауы жүргізілген жеке жазба күнделіктері ; 7) клиенттер мәселелерін шешуге қатысатын ұйымдар мен мекемелермен хат алысу құжаттары; 8) жұмыс уақытының сол немесе басқа кезеңіне жасалған есеп берулер, сол немесе басқа бөлімнің, тұтастай әлеуметтік қызмет көрсетудің жұмысы бройынша есеп берулер.

Клиентпен тікелей жұмыс істеудегі іс-қағаздарын жүргізу әлеуметтік жұмыскердің өзі айтатын белгілі бір шағым мен мәселесі бар келушімен жеке кездесуінен басталынады. Әлеуметтік жұмыскермен бірге әрекеттесу келісімі өзара шешім қабылдаумен бекітілінеді. Шешім әдетте жазбаша, мысалы келіссөз, келісім, келісім шарт түрінде тіркелінеді. Онда біріккен жұмыстың мақсаты, оларды жүзеге асыру әдістері, клиенттің өзі туралы қажетті мағлұматтарды хабарлауға дайындығы нақтыланады. Әріқарай әдетте әлеуметтік жұмыскер клиенттің келісіміне сай өзара әрекеттесу жүйесін кеңейтеді және алғашқы келісімшарттарына сәйкес өзгертулер енгізеді. Осыдан әріптестік басталынады. Онда құжаттардың (оның кез-келген түрі: компьютер дискетасы немесе жинақтаушы құжат қапсырма) клиенттің қатысуынсыз жүргізілетін, оның адамдық құқықтарын бұзатын «досье» түріне айналынуына мүмкіндік бермейтін жақтардың жауапкершілік аумағы көрсетіледі.

Келесі қадам клиент туралы оның отбасы өмір жағдайы мәселелер тізімі туралы мәліметтер қорын жасау болып табылады. Бұл мағлұмат басқа да қабылдаулар уақытында үйлерінде болу, белгілі бір анықтамалық мағлұматтар нәтижесінде, тексерулермен, бланктер, «формаларды» толтырумен толықтырылады.

Қызмет көрсету процесін түсіру, әлеуметтік өзара әрекеттесудің әртүрлі деңгейлерінің орындаушыларымен бағытталынатын мамандардың қызмет көрсетулері мен координациялауға ықпал етуші көмектерді ұйымдастыру, көмек пен қолдау көрсету стратегияларын айқындау, шешім қабылдау процесін, талқылау нәтижелерін, ресми ұйғаруларды енгізуді, қаулылардың жүзеге асуы, біріккен әрекеттердің жүйесі мен перспективасын ұғынулар және әлеуметтік жұмыскердің басқа да әрекеттері маманның күнделігі мен есеп берулерінде тіркеледі.

Жеткен прогресс туралы қорытынды жазба –бұл резюме, онда жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы, « іс » жабылатын негізгі қорытындылар.

Әлеуметтік жұмыстағы іс-қағаздарын жүргізудің мәнді ерекшеліктері болатын құжаттардың бөліктерінің әр-түрлі бейнеде, түрде көрсетіле алу мүмкіндіктері:

1. Клиенттің сөздерінен, өзара әрекеттесуге қатысушы басқалардың сөздерінен мәселенің хабарлаушылық жеткізілінуі (субьективтік мағлұмат);

2. Қызмет көрсетудің бағалауымен, жақтардың жүріс-тұрысымен, ресми жандармен ұйымдардың көмек көрсету процесіне көзқарастарымен байланысты жасалынған талдау, жалпылаумен, алғашқы қорытындылау элементтері бар хабарлаушылық сипаттамалар (аналитикалық мағлұмат);

3. Тестілеу, анкета жүргізу, әртүрлі анықтамалар, куәліктер нәтижелері

( обьективтік мағлұмат);

4. Белгілі-бір формаға сай құрылған хаттамалар, бекітілген міндеттемелер, мінездемелер, сенім хаттар, әрекет жоспары мен бағдарламасы (іскерлік тактикалық мағлұмат);

5. Есеп беру өнімдері (белгілі-бір жұмыс туралы ақша соммасын алу туралы және т.б. ), комиссиялардың қорытындылары, тексеру актілері және т.с.с. (нәтижелерді тіркеуші мағлұмат);

Халықаралық әріптестікті барлық елдер әртүрлі деңгейде:саяси, әскери техникалық , үкіметтік емес деңгейін және т.б. түрде жүзеге асырылады. Өзіне әлеуметтік жұмыскер адам, «адам-адам» қатынасы мамандықтарының кез-келген мамандығын таңдаған адам тұлғаны ұлттық қауымдастықты, әлемдік бірлестікті бағалауды қазіргі кезде қай тұрғыдан анықтайтын негізгі халықаралық құжаттар білуі қажет.

БҰҰ жарлығы 1945 жылы екінші дүние жүзілік соғыс аяқтавлғаннен кейін бірден шығарылды да , БҰҰ бейбітшілікті қолдаумен қамтамасыз ету мақсатында халықаралық шешімге ие болатындығын бейнелейтін жаңа келіссөздер жасап шығарды. Алғаш рет жекеленген, мемлекеттің геменділігін шектейтін халықаралық одақ құру туралы тілек айтылды. Ұлтаралық одақ жекеленген жандардың, топтың немесе қауымның қорғанысын қамтамасыз ететін адам құқығының кепілдігін жасауды міндетке алды. Бұл негізі аумақтардағы ішкі заң шығарушылық ұлтаралық нормаларға сай болуы қажет болды.

1948 жылғы адам құқығының жалпыға ортақ деклерациядан азаматтық ең абзал қасиеті бейнелеген. Алғаш рет осы құжатта көптеген саяси, мәден және діни дәстүрлергеи ортақ болып табылатын идеялар бір арнаға қосылады. Өзінің статусында жалпыға ортақ деклерация азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды қамти отыра барлық адамдардың бостандығы мен негізгі құқықтарын анықтайды.

1965 жылы нәсілдік деклерацилардың барлық нормаларынң ликвидациясы туралы халықаралық кенвенция. Кенвенциядан теңдік принципін жүзеге асырумен әрбір адамға дискриминация болмайтындығына кепілдік берді.

1966 жылғы адам құқығы бойынша халықаралық Пактілер. Біреуі азаматтық және саяси құқыққа қатысты, ал екіншісі экономикалық әлеуметтік мәдени құқыққа байланысты жалпыға ортақ негізінде жасалған екі пакті. Адам құқығы бұзылған жағдайда соттық тәртіпте қорғауға көмек беретін халықаралық қабылданған нормалар тағайындайды.

Пактілер үш ортақ элементтерден тұрады:



  1. Өзін-өзі анықтауға деген құқық, жүзеге асырылуы делонизацияға және жаңа көптеген мемлекеттердің БҰҰ мүшелікке кіруге әкелді.

  2. Әйелдер мен ерлердің еңдік принципі және жынысы, нәсілі немесе діни ерекшеліктеріне байланысты деклерациялар

  3. Бөлінбеушілік принципі, яғни азаматтық және саяси еріктіліктін экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтармен өзара тәуелділігі.

1966 азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық пакті. Патіде келесі құқықтар бекітілген: өмір сүруге, бостандыққа және зәбірлемеу және адамгершілікке сай емес нмесе адамның мәртебесін түсіретін, қаталдықпен жазалайтын қатынасқа берілмеу; құлдыққа тиым салу; өз еркімен тұтқындыққа және ұсталуға берілмеу; сөйлеу, дін,жиын және ассоциация кәсіподақтың мүшелігіне саналу еркіндігі; тұрғылықты жерді таңдау мен алға ұмтылуға ерікті; жалпыға ортақ сайлау құқығына ерікті; соттық шешімдерді қорғауға құқылы.

1969 жылы даму мен әлеуметтік прогесс деклерациясы. Деклерация әлеуметтіке әріптестік комлекстік бағдарламасы болып табылады. Ол әлеуметтік қағидалардың құндылығын бейнелейді және адамдардың әлеуметтік статусына жаңа қатынасты бекітеді. Деклерацияда қоғамның негізгі үлесі ретінде оның мүшелері үшін әсіресе балалар мен жастар үшін, табиғи орта ретінде от басына ерекше мән беріледі. Деклерацияда көрсетілгендей әрбір мемлекеттің іс-әрекеті ұлттық кіріс пен байлықты үнемі арттыруға және оның қоғамнңы барлық мүшелерінің арасында әділ бөлуге бағытталған.

Құқық бұзушыларды ұс тау, тұтқындау мен олармен жұмыс жасау ерекшеліктері. 1955 жылғы БҰҰ бірінші конгресі қылмыскерлерді алдын алу мен құқық бұзушылармен жұмыс жасау үшін түрмедегілерменг жұмыс жасау мен пенитенцинарлық мекемелерді басқарудың минималды стандарттық ережлерді қабылдады. 1971 жылда Басты Ассемблея осы ережелерді пенитенцианарлық басқарулар аумағы мен түзету орындарында тиімді қолдануды қамтамасыз етуді және оларды ұлттық заң шығарушылыққа енгізу мәселесін қарауды ұсынды.

1972 жылы қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасы. БҰҰ қоршағант орта мәселесі бойынша конференциясында Стокголмде өткен әрбір адам сау қоршаған ортаға ие болуға құқылы және келер ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтау мен қорғаауға борышты деп қарады. БҰҰ қоршаған орта жағдайны барлау мен экологиялық залалсыз іс-әрекетті қолдау бойынша қоршаған орта туралы бағадарламасы бекітілді. 1989 жылы зиянды қалдықтарды транс шекералық тасуды қадағалау туралы Базельдік конвенция жасалынды. 1992 жылы маусымда БҰҰ қаралған орта және даму туралы конференциясында ; дәләоек иайтқанда БҰҰ климаттық өзгеруі мен биологиылық әр түрліліктер туралы конвенциясында қоршаған ортаны қорғау аумағындағы маңазды ұлтаралық келіссөздер қабылданды.



1979 жылы әйелдерге қатысты дискриминацияны (шектеу, бөліктеу) барлық түрлерінің ликвидация туралы конвенциясы. Бұл конвенцияның мүшелігіне ие болған мемлекет әйелдерге қатысты дискриминацияның ликвидациясын, саясатын барлық қажетті тәсілдермен мүлтіксіз жүргізумен келіседі және сол мақсатқа әйел мен еркек теңдігі принцпін, өздерінің ұлттық заңына немесе басқа сәйкес заң шығарушылықтарына енгізуге міндеттелінеді. Егер бұл орындалмаған жағ дайда заңның көмегімен және басқа сәйкес құралдар көмегімен бұл принципті практикалық түрде жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

1982 жылы медициналық этика принциптері. 1982 жылы бүкілодақтық денсаулық қорғау ұлтаралық медициналық ұйымдардың кеңесі мен дүниежүзілік медициналық Басты Ассемблеясы көмегімен медициналық этиканың принциптерін денсаулық сақтау жұмыскерлерін роліне, оның ішінде дәрігерлердің роліне қатысты түрмедегі тұтқындарды қатаң жәбірлеумен адамзатқа жатпайтын қорлық және мәртебесіне нұқсан келтіретін қатынас пен жазалау түрлеріне қатысты қабылданды. 1983 жылы Басты Ассамблея барлық басқарушы үкіметті медициналық қызметкерлер мен қызмет көрсетуші мекемелерде, олардың қызметті ұстау мен түрмеге қамау болып табылатын осы принциптердің сақталуына ықпалын тиггізуге шақырды.

1984 жылы адамгершілікке жатпайтын жәбірлеу мен басқа да қатыгездікке немесе адамның мәртебесін түсіретін қатынас пен жазалауға қарсы конвенция. Бұл конвенция мемлекеттік өз ұлтының заң шығару шеңберінде жәбірленуге жол бермеуге толықтай тиым салып ғана қоймай, жоғарыда тұрған басқарушының ешқандайда бұйрығымен сирек ұшырасатын жағдайының өзінде адамгершілікке сай емес, қатыгездік пен жәбірленуді адамның мәртебесін түсіретін қатынас пен жазалауды ақтай алмайды. Мемлекет конвенциясының мүшелері де өз территорияларындағы

өз юрисдикцияларындағы кез-келген жәбірлеу актілері үшін басқа да шаралар немесе заң шығарушылық соттық әкімшілікті тиімді қолдануға міндеттелінеді.



1985 жылы БҰҰ кәмелетке толмағандармен қатысты әділ сотқа жүгіну туралы минималды стандарттьық ережесі. Бұл ереже қылмысқа жауапкершіліктің ең жасы кіші кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сотқа жүгінудің мақсаты ; кәмелетке толмағандарға қатысты әділ соттық тиімді, әділ және адамгершілік тұрғыдан қарауы және адам құқығы аумағында принциптерді қолдау сияқты мәселелерді қамтыды. Олар сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарды тергеу мен соттық араласуға қатысты, оған қоса тұтқынға аланудан сотқа дейінгі мәселелепрді қамтыды.

Тұтастай алғаенда кәмелетке толмағандарды түзету мекемелерге жіберуге шешім қабылдау шарасын мейлінше аз қолдану ұсынылды. Олар сондай-ақ түзету мекемелеріне орналастырған кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың қорғанысын қамтамасыз ететін жағдайлардан тұрады.



1989 жылы бала құқығы туралы конвенция. Конвенцияның негізгі мақмсаты балалардың қызығушылықтарын максималды қорғаудан тұрады, мұнда ол қабылдаған мемлекетті өз елінің саяси әлеуметтік өміріне шығармашылық және белсенділік арқылы алатын жағдайлар жасауға шақырады. Конвенцияға сәйкес 18 дейінгі барлық жан гер ұлттық заң шығарушылықпен кәмелетке толудың айтарлықтай ерте жасы тағайындалмаған жағдайда бала болып табылады. Конвенция адамның, азаматтық экономикалық және мәдени құқығының бар кешендік аумағын қамти отыра, бір құқықтық жүзеге асырылуы басқалардың жүзеге асыруынан ажырағандығын мойындайды. Балалар ешқандай да дискриминациялау, нәсілден, тері түсінен, жынысынан, тілінен, шығу тегінен, мүліктік жағдайынан, денсаулық және заңды қамқоршылар немесе басқа жағдайлардан тыс өз құқықтарын қолдапну қажет. Конвенция балаларды барлық эксплуатациялау түрлерінен, өз ұлттық өкілдері мен негізгі тұрғындардың балалар сондай-ақ нащақорлықты зиянкестікпен пайдалану немесе басқа жағдайларды ескере отырып қорғайды. Қылмыстық іс-әрекетке балалардың құқығын қорғау мақсатындағы бірқатар ұсыныстардан тұрады. Конвенция балаларға қамқорлық көрсету мен қорғаудағы жанұясының ролінің бріктілігін, дегенмен мемлекеттік оларға өз міндеттерін орындауға көмектесуге міндеттілігін мойындайды. 1990 жылы барлық еңбекші мигранттардың және олардың отбасыларының құқығын қорғау туралы ұлтаралық конвенция. Бұл конвенция барлық еңбекші мигранттарға және олардың отбасы мүшелеріне қатысты: жыныстық, нәсілдік, тері түсінен, діндік немесе нанымдық, саяси және ұлттық, этникалық әлеуметттік шығу тегінен, азаматтығына, жасына, экономикалывқ, мүліктік, жанұялық және басқа кез-келген ерекшеліәктеріне қарамастан ортақ. Конвенция жоғарыда қарастырылған фактілеердің құқықтардың кең шеңберін қарастырады.

Сұрақтар


  1. Іс-қағаздары дагеніміз не, оны қалай қолданады?

  2. Әлеуметтік жұмыскерге іс-қағаздарын жүргізуді білу не үшін қажет

  3. Әлеуметтік жұмыстағы іс-қағаздарын жүргізудің міндеттері мен қызметтері қандай?

  4. Әлеуметтік жұмыстағы ақпараттарды фиксациялау тәсілдерін атаңыз.

  5. Нақты жағдайлармен жұмыс жүргізудің жоспарын жасаңыз.

  6. Әлеуметтік жұмыс саласындағы ережелер мен стандарттарды құрайтын негізгі құжаттарды атаңыз.

  7. Жергілікті жағдайға қарағанда халықаралық құқық нормаларының сәйкестендіру мәселелері қалай шешіледі?

  8. «Әлеуметтік жұмыс қағидалары декларациясын» талдау.

Жұмысты ұйымдастыру үшін ұсыныс: Топ екіге бөлінеді (егер мүмкіндік болса сандық құраммен). Әрбір 15 — 20 минут сайын әр топ осы құжат бойынша өзінің нұсқаларын ұсынады.Қарсыластарының жауап бере отырып олар өздерінің «Декларацияларын» сендіруге тырысады. Жиналыстың соңғы этаптарында екі топ өкілдерінен құралған эксперттік комиссия құрылып, оларға құжаттарды «аяқтау» тапсырылады. Оған «Декларация» нұсқаларының ішінен ең жақсы дегендерін қосады. Комиссия жұмыстарының нәтижесін келесі сабақта талқылауға болады.

Жағдаятты талдау

  1. Бұл отбасының күшті жақтары қандай?

  2. Мұндай шешім қабылдауына нендей себеп болды?

  3. Анасына баласын өзіне қалдыруға қандай қиындықтар туындауы мүмкін?

  4. Анамен бірге жұмыс істеуде сіз қандай стратегияны қолданасыз?

  5. Сіз қандай қызметті және қолдаудың қандай түрлерін ұсынасыз?


Әдебиеттер

13-Дәріс. Студенттердің іздену мәдениеті- болашақтағы маман болуға дайындығы.

Мақсаты: Студенттердің іздені мәдениеті- болашақтағы маман болуға дайындығын қарастыру.

Түйін сөздер: студент, ізденіс, маман.
Әлеуметтік жұмыс- ХХІ ғасырдың ең шығармашыл және бұқаралық мамандығы. Әлеуметтік жұмыстың мисстикалық бағыты – көмекке мұқтаж адамдардың, оның жынысына, ұлттық ерекшелігіне қарамастан барлығына көмек беру, маңызды кіріс деңгейі - әлемдегі бірден-бір ең гуманды және қайырымды сала.

Әлеуметтік жұмыстың негізгі мақсаты: тұлғаның, отбасының, қоғамның нормадағы әлеуметтік қызметінің жағдйына және қабілетіне қамқорлық немесе қайырымдылық ету.

Әлеуметтік жұмыскерлер адамзаттың мүмкіндігінше бақытты өмір сүруіне, өз міріне көңілінің толық болуына (отбасы, жұмыс, білім беру, денсаулық сақтау, жалақы, тұрған үй, демалыс т.б.) өз шамалары жеткенінше қызмет етеді.

Мақсатқа жету жолдары:


  • Клиентпен танысу («клиент»- ол адам, қоғам мүшесі және әлеуметтік топ болуы мүмкін), мәселелерді қарастыру, диагностикалау.

  • Қажеттілігін мүмкіндігінше дифференцациялау.

  • Мәселені шешуге көмектесу, мүмкіндігінше қарастыру.

  • Бақылау және қамқорлық жасау.

Әлеуметтік жұмыстың спецификалық құндылықтары:

  • Жақыныңа мейірімді, жанашыр, қайғысына ортақ болу.

  • Қарым-қатынас жасау.

  • Клиенттің ішкі күшіне сену, жағдайды мүмкіндігіне қарай өзгерту.

  • Көмектесу тілегі.

  • Тәжірбие алмасу.

  • Әлеуметтік шығарма.

Әлеуметтік жұмыскер клиентке көмектесу барысында келесі қызметтерді атқарады:

1. Диагностикалық - маман «әлеуметтік диагноз» қояды, жас ерекшклік және психологиялық ерекшеліктерін, мәселенің жағымды және жағымсыз жағын анықтайды.

2. Ұйымдастырушылық – клиенттік жұмысқа тұруына, бос уақытын тиімді ұйымдастыруына, кәсіби бағдар және бейімделуіне, медицинаық, білім беру, мәдени спорттық, құқықтық және қайырылымдылықты ұйымдастыру шараларын ұйымдастырады.

3. Болжамдық

4. Профилактикалық және әлеуметтік терапиялық - маман әлеуметтік құқықтық әрекет, заң және психологиялық механизмдеді ескерту шараларын өткізеді. Қажет болған жағдайда әлеуметтік-терапиялық көмек ұйымдастырады, қоғамдағы құқығын қорғайды, жас өспірімдер мен жастарға кәсіби бағдар мен өзін-өзі анықтауға көмектеседі.

5. Коммуникативті – ұйымдастырушылық - жергілікті тұрғындар арасындағы өз еркімен қатысатын көмекшілер табуға, бірлесіп еңбектену және демалу, іскерлік және тұлғалық қатынастарды, әлеуметтік институттар мен олардың клиенттерінің жұмыстарымен тәжірбие алмавсуға қалыптасу.

6. Күзет – қорғау – клиент қызығушулығын ұстануға маман барлық мүмкіншілігін салады,

Әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындаудағы басты мәселелерге мыналар жатады:



  1. Бітірушілер білімінің болашақ кәсіби іс - әрекетімен сәйкестігі. Өйткені ғылым және оқу пәні ретіндегі әлеуметтік жұмыс спецификациясы білім мен шеберліктің бірлігінен тұрады. Мұндай бірігусіз әлеуметтік жұмыскер қалыптаса алмайды.

  2. Әлеуметтік жұмыс объектісі мен бағытына байланысты болашақ мамандардың білім алып дайындалуы. Әлеуметтік жұмыс маманының әмбебап және кәсіби дайындығының сәйкестігі әлеуметтік жұмыс мамандарына еңбек нарығында проблемаларын еркін шешуге мүмкіндік береді.

  3. Әлеуметтік жұмыс мамандарды дайындаудың географиялық кеңейтілуі, яғни мемлекетте мамандарды дайындайтын мекемелердің санын көбейту мен сапасын жақсарту болып табылады.

  4. қолда бар бағдарламаларды жақсарту, жаңаларын құру, мемелекеттік стандартқа сәйкес оқу пәндері бойынша әдебиеттерді дайындау,

  5. Әлеуметтік жұмыстың жаңа пән ретінде құрылуы. Бұл жоғарғы кәсіби дайындалған мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.

  6. Әлеуметтік ақпараттың алынуы, сақталуы және таралуы. Әлеуметтік жұмыс маманын дайындаудағы тағы бір мәселе әлеуметтік жұмыс мамандарының әлеуметтік, заңдық беделін құру, олардың құқығы мен іс - әрекет кепілдігін анықтау болып табылады.

Осы аталған мәселелердің барлығы әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындау мекемелерінде жүзеге асырылады.



    1. Доэл М., Шадлоу С. Практика социальной работы / Пер. с англ. яз. под ред. Б.Ю. Шапиро.— М., 1995.

    2. Обучение практике социальной работы: международный опыт и перспективы / Под ред. М. Доэла и С. Шадлоу.— М., 1997.

    3. Основы социальной работы: Учебник / Отв. ред. П.Д. Павленок. — М., 1997.

    4. Теория и методика социальной работы: в 2 ч. / Под И.Г. Зайнышева.— М., 1994.


14-Дәріс. Әлеуметтік қызметкердің іс-әрекетінің коммуникативтік аспектілері.

15- Дәріс.Студенттердің іздену мәдениеті- болашақтағы маман болуға дайындығы.
Пәнді оқудың әдістемелік нұсқасы
Әлеуметтік жұмыстың мамандығының теориялық негіздерін жетік меңгеру, және оны практикалық қызметте қолдана білу үшін студенттерде ғылыми ойлаудың негіздерін қалыптастыру, кез-келген оқиғаларды шешуде нақты көзқараспен пікірлерді орнату.

Курс барысында негізгі категорияларын ашу, оның әдістері, тарихи дамуы, маңызды проблемаларн қарастыру.

Шетелдік әлеуметтік жұмыстың кейбір проблемалары мен тәжірибелерін зерттеп ашу.

Курстың міндетті элементі: бұл жоспарлы кеңес. Оны өткізу барысында оқытушы кейбір қиын тақырыптарға жеке тоқталып, рефераттарды қалай жасау, әр түрлі тестермен жұмыс жасауды талқылайды.



Аргументтік эссе – бұл жазбаша тестің бір түрі. Жазбаша жұмыс адамның ой өрісін кеңейтеді. Қысқа және нақты өз сөзін, ойын жеткізе білуді, ойды жүйелеуді дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...