Мамандығы бойынша Жұмыс оқу жоспары негізінде құрастырылған

Loading...


бет5/7
Дата02.04.2020
өлшемі0.55 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Сұрақтар

  1. Сізге әлеуметтік жұмыстың қандай әдістері белгілі?

  2. Әлеуметтік жұмыс әдістерінің мәні мен ерекшеліктерін сіз қалай түсінесіз ?

  3. Әлеуметтік жұмыс әдістерінің қандай классификациясын білесіз?

  4. Әлеуметтік терапияға анықтама беріңіз.

  5. Әлеуметтік жұмыста ақпарат жинаудың қандай тәсілдері қолданылады?


Әдебиеттер

  1. Методология и технология комплексного социально-педагогического проектирования (региональный уровень): Коллективная монография / Под ред. В.И. Загвязинского.— Тюмень, 1997.

  2. Справочное пособие по социальной работе / Под ред. A.M. Панова, Е.И. Холостовой.— М., 1997.

  3. Теория и методика социальной работы: в 2 ч. / Под ред. И.Г. Зайнышева.— М., 1994.

  4. Теория и методика социальной работы: Краткий курс / Под ред. В.И. Жукова — М., 1994.

Теория и методика социальной работы / Под ред. П.Д. Павленка.— М., 1993, 1995. Вып.1 - 2.

7-Дәріс. Жеке тұлғаның көпфакторлы жүйедегі әрекеті.

Мақсаты: Жеке тұлғаның көпфакторлы жүйедегі әрекетін айқындау.

Түйін сөздер: жеке тұлға, адам.

Дәріс жоспары

  1. Жеке тұлғаның әлеуметтік қызметтің субьектісі ретінде.

  2. Обьективті-социологиялық және әлеуметтік психологиялық ықпал ету жолдары.

  3. Жеке тұлғаның өз-өзіне көмек көрсету концепциясы, оның мәні.


8-Дәріс. Әлеуметтік қызметкердің коммуникативтік іс-әрекетінің аспектілері

Мақсаты: күнделікті және сондай-ақ кәсіби іс-тәжірибелердегі коммуникациялық (ақпарат алмасудың) ерекшеліктері мен логикасымен таныстыру, сөздік және сөздік емес коммуникациялардың ерекшеліктерін түсінуге үйрету, тыңдау техникасы бойынша түсінік беру.

Түйін сөздер: коммуникативтік қарым-қатынас. .
Дәріс жоспары

  1. Коммуникативті өзара әрекеттестік: ұғымы және мәні.

  2. Әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі сензитивтілік туралы ұғым.

  3. Эффективті (тиімді) тыңдау дағдылары.

  4. Әлеуметтік жұмыстағы коммуникативті қатынас

Әлеуметтік жұмыс іс-әрекет түрі ретінде мәні жағынан коммуникативтік болып табылады. Коммуникативтік өзара әрекеттесу- бұл өзара хабардандыру, интеллектуалдық және эмоционалды қалыптарға, олардың өзгеруі мен реттелуіне әсер ету мақсатында сөздік және сөздік емес (вербальды немесе вербальды емес) жүйелерді қолдану негізінде субьектілер арасындағы коммуникативтік әрекеттермен алмасу процесі.

Күнделікті коммуникативті актілердің эмпирикалық логикасы Лассуэлл формуласына сай көрінеді: кім, не, қалай, кімге, қайсы тораппен, қандай әсермен.

Кім –коммуникатор немесе ақппаратты жіберуші.

Не- хабар.

Кімге – коммуникантқа, адресатқа немесе рецепиентке.

Хабар дегеніміз коммуникатордың рецепиентке обьективті жеткізетін нәрсесі, яғни рецепиенттің аудиовизиуалдық өрісінде өтетін сөздік және сөздік емес тұтастай кешен және де ол байланыс каналының техникалық мүмкіндіктерімен және коммуникативті жағдаймен қалай көрсетілуі. Кез-келген жағдайда хабар коммуникатордың екі компоненттен: 1) коммуникатордың өзін-өзі көрсетуі;

2) мәтінді көрсетуінен тұратын көзге көрінетін және естілетін іс-әрекет процесі.

Осылайша қазіргі кездегі психологиялық теориялар мәтінді оның хабармен дәлме-дәл болуынан тыс, яғни оны құраушы бөлік және коммуникатордың өзіне ғана әсер ету функциясын енгізетін сөздік өнім, көрсетілетін белгілердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Хабардың құрылымына коммуникатордың өз жеке тұлғасы да кіруден қашпайды.

Хабардың мәтінінің басты айырмашалығы, оның тек ашық бояуында. Мәтін қаншалықты жабық болуы мүмкін, бірақ оған қарамастан жеткізу процетінде комуникатор рецепентке өз даярлығының мәнді ерекшеліктерін еріксіз ашады: өз тұлғалық қасиеттерін, өзін-өзі бағалау деңгейін,өзінің хабар пәніне деген қызығушылық деңгейін, өзі таңдаған тақырып аумағындағы өзінің жалпы біліктілігін байқатады. Лектор қағазына қаншалықты жиі қарайды, жатталынған сөздерін қаншалықты жиі қайталайды, қандай өлшемде (импровизирует) өз жанынан шығарады осалардың барлығы тыңдаушымен қабылданылады, ескеріледі және коммуникативтік импульстік тағдыры мен оның ықпалдығына шешуші із қалдырады.

Хабар әрдайым коммуникаторды көрсетіп береді, тіпті жасырын текстерді жасауға деген бейімділіктің өзі «психологиялық портреттің» айқын кескіні болып табылады.

Жасырын текстерді ашудың, коммуникативтік белсенділіктің шын мотивтерін тексті қадағалаудың , қараудың диагностикасының әртүрлі мысалдарын «сензитивтік тренинг» немесе «адамдар қатынасының тренингі» (Т-топтар) тәжірбиесі көрсетіп отар.

Синзитивтілік – басқа адамның жүріс-тұрысын, ойлары мен сезімдерін болхай білу (айта білу) қабілеті.

1. Байқағаштық (бақылаушылық) синзитивтілік – басқа адамды бақылай (көру және тыңдау) отыра соған қоса оған не айтқанын, оның қандай түрде болғанын бірге сақтау. Бақылауға берілетіндер сөйлеу актілері, лоардың мазмұны, бірізділігі, интонациясы және т.с.с.; мәнерлі қозғалыстар: қалыптар (позалар) мен адамдардың оран алмастырулар, олардың арасындағы қашақтық; тактилдік өзара әсер; иістер және олардың көздерінің локализациялау және т.б.

2. Теоретикалық синзитивтілік – басқа адамдардың әрекеттері, ойлары мен сезімдерін айтарлықтай дұрыс айта білу мен түсіндіру үшін теориялар таңдай және қолдана білу қабілеттілігі. Әртүрлі жеке адам теорияларын оқу біздің өзіміз бен қоршаған ортадағылардың жүріс –тұрысын түсіндіруді жақсартады.

3. Номотетикалық синзитивтілік - сол және басқа әлеуметтік топтың типтік өкілін түсіну қабілеті және бұл түсінулерді осы топқа жататын басқа адамдардың жүріс-тұрысын болжауда қолдану.

4. Идеогрофикалық (идиогрофиялық) синзитивтілік- әрбір адамның өзіндік өзгешелігін түсіну қабілеті, ло 1-3 негізінде қалыптасқан басқа адам туралы түсініктерді тереңдетіп, кеңейтеді және өзіндік ерекшелік береді.

Коммуникативтік біліктілік – басқа адамдармен қажетті байланыс таба білу мен ұстай білу қабілеті.

Сәтсіз коммуникатцияның болатын себептері:

1. стериотиптер – белгілі бір жекеленген жандар мен ситуацияларға қатысты қарапайымдалған, ойлар, пікірлер нәтижесінде адамдарды, ситуацияларды, мәселелерді обьективті түсіну мен талдау жолдары.

2. «Алынған түсініктер» - өз көзқарасына қайшы келетін , жаңка және мүлдем басқаша болып табылатындардың барлығын терістеуге деген бейімділік; біз басқа адамдардың оқиғаны түсіндіруді біздің өзіміздікі сияқты заңды екенін сирек түсінеміз.

3. Адамдар арасындағы нашар қатынастар , егер адамның қатынасыф жау болса ,сіздің көзқарасыңыздың әділдігіне оны сендіру қиын.

4. Әңгімесушінің қызығушылығы мен көзқарасының болмауы, адам үшін ақпараттық мазмұндылығын үзген жағдайда туындайды.

5. Фактілерді елемеу, фактілер соны жеткіліксіз мөлшерде болған жағдайда қорытындылау мен түйін жасауға әдеттену.

6. Айтатын сөздерді құрастыруда ғы қателіктер: сөздерді дұрыс таңдамау, хабарлаудың күрделіліг, қисынсыздық, сенімділіктің аздығы және т.с.с.

7. Қарым-қатынас тактикасы мен сратегиясын дұрыс таңдамау. Осылайша өте күрделі жеткізілген мағлұматты адамдар қабылдамайды.; түзу мен айғақтарды (аргументтерді) қолдану жалпы алғанда маңызды ойды білдіреді; жағымсыз адамнан шыққан дұрыс ұсыныс еш уақытта таңдалмайды., мәселені шешуді білетін, бірақ беделі жоқ адам, оны басқаларға түсіндіру үшін бар өмірігн салуы мүмкін.

Қарым-қатынастың негізгі құралы болатындар тіл, ым-ишара, дене қозғалыстары, жестілер. Әлеуметтік жұмыскерлердің қарым-қатынасының негізгі міндеттері:



  • ақпараттарды тиімді қабылдау мен жеткізу ;

  • әңгімелеушіні сендіру мен оны әрекетке итермелеу;әңгімелеуші туралы қосымша маұлұматтаралу, (оның әлеуметтік – мәдени даму деңгейі, әлеуметтікжағы, эмоционалдық қалпы туралы);

  • өзін-өзі позитивті жариялау , жақсы қасиеттерін көрсету, әңгімелесушіге жақсы әсер қалдыру.

Кез-келген адам қарым-қатынас жасау процесінде екі ролдің біреуінен: сөйлеуші мен тыңдаушы атынан көрінеді. Тыңдаушы ролі көп жағдайда қиынырақ болады, өйткені оған білім беру жүйесінде үйретпейді. Әлеуметтік жұмыскер тыңдай білуі және кәсіби жетік сөйлей білуі қажет, яғни сөздік қарым-қатынас өз кәсіби міндеттерін орындаудағы қажетті құралы болып табылады.

Ойланбай және үзіп қабылдау, хабар мазмұны мен шынайы өмір фактілері арасындағы байланысты таба білмеу; тыңдауға деген ниетпен дайындывқтың жоқтығы; назар аудартушы факторлар сыртқы шу сөйлеудің басталуынан кешігіп келушілер және т.б. сөйлеуді орындаушы адамдардың манерасында немесе материалды жеткізудегі таңданарлық жақтар, орындаушының және тыңдаушылардың жайсыз жағдайы тыңдаудағы кемшіліктер болып табылады.

Тиімді тыңдау дағдыларын дамыту үшін төмендегідей шеберліктер қажет:

Шоғырлану (зейінін жинақтау), жүйелеу, естігендерінталдау, сынмен тыңдау, көмекші құралдарды меңгеру.

Адамның бүкіл рухани дүниесі, оның адамдардың қарым-қатынасында ғана пайда болады.Қарым-қатынас процесінде адамның тек қана жеке басы ғана жетілмей,олардың санасы да қалыптасады. Адам сөйлеудің арқасында өзіне тәрбие жинақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады. Сонымен қатар, болашаққа көз жібереді, еңбекті, өмірді, әлеуметтік дүниені жоспарлай алады.

Қарым-қатынас процесінде адам сыртқы ортаны, өзін-өзі жан-жақты тани алады. Еңбекпен қатар сөйлеу мен қарым-қатынас адам санасының дамуының маңызды факторы болып табылады. Қарым-қатынас жасау психологиялық-қоғамдық өмір факторы. Қарым-қатынас процесінде әр түрлі психологиялық қауымдастықтың қалыптасуына негіз болады.

“Қарым-қатынас” ұғымы адамдардың бір-бірімен күрделі көптеген жақындасу процесін көрсетіп,олардың бірігіп жасайтын іс-әрекетінің қажеттіліктерін орындау үшін қолданады. Адамдардың өзара қарым-қатынасы күнделікті өмірде болатын жағдай. Көптеген ғылым қайраткерлері осы қарым-қатынас адамның өздерінің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты деп есептейді. Жалпы “қарым-қатынас” терминінің өзі дәстүрлі әлеуметтік психологияда нақты мәнге ие емес. Өйткені бұл сөздің мазмұнының өзі тек марксистік қоғамтанудың түсіндірмелі сөздігінде ғана қарастырлуы мүмкін. Әрине, жалпы қарым-қатынас құрылымында оның әлеуметтік-психологиялық білімнің өзге жүйелерінде зерттелуі немесе сипатталатын жақтары ғана қарастырылуы мүмкін. Бірақта, бұл процестер іштей қалай болмасын мәселенің мәнісі, оның марксистік әлеуметтік психологияда қойылуы приципиальді ерекшеленіп тұрады. Адамның тұлғааралық және қоғамдық байланыстары дәл осы қарым-қатынаста жүзеге асады. Сонда қарым - қатынастың тамыры индивидтердің материальді тіршілік ете бастауының өзінде жатыр. Дәл осы қарым-қатынас адам байланстарының бүкіл жүйесінің жүзеге асуы болып табылады. А.Н. Леонтьев бұл жөнінде былай дейді: “адамның қоршаған ортаға, оның заттық әлеміне белгілі бір орташа деңгейде қатынас жасауы әрқашанда оның қоғамға деген қатынастарына негізделген”. Мұндағы маңызды нәрсе – шынайы қарым-қатынаста адамдардың тек тұлғааралық қатынастары ғана беріліп қоймай, олардың эмоциональді тартымдылығы, тек жеккөрушілігі көрінеді. Және де мұның табиғатында тұлғасыз болып табылатын қарым-қатынастар қайта пайда болады.

Барлық кездесетін қарым-қатынасты үш негізгі түрге бөлуге болады.

1.Қажетті қарым-қатынас(туған туыстары арасында);

2.Міндетті қарым-қатынас(жұмыстағы қарым-қатынас);

3.Ынтымақтастық қарым-қатынас (достар арасында);

Осы қарым-қатынастың жалпы сипаты-іс барысында, жұмыс үстінде көрінсе, оны іскерлік немесе ресми емес байланыс деп атайды. Жұмыста болатын қарым-қатынас адамның нұсқауда көрсетілген тәртіпті орындарымен байланысты. Іскерлік қарым-қатынас жеке бас қарым-қатынасына айналуы мүмкін. Қазіргі қоғамда қарым-қатынас әлеуметтік қызметті теория жағдайын екі категорияға бөлеміз:

1.Әлеуметтік мағынасы бар, яғни қажеттік қанағаттандыруға арналған;

2.Әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынас немесе адамдардың қажеттіліктеріне байланысты туындайды.

Әлеуметтік қарым-қатынасқа: адамдардың коллективтенген еңбек жоспарлап, басқару орындарын қадағалау, тексеру жатады.

Қарым-қатынас мазмұны - ғылыми және тұрмыстық білім жүйесі, дағды, іскерлік, адамның өзі, сыртқы келбеті, мінез ерекшелігі, өзін-өзі ұстау мәнері тағы басқа жатады. Яғни, қарым-қатынас құралы арқылы түрлі тәсілдермен беріледі. Қарым-қатынастың негізгі құралы - тіл. Тілдік емес құралдарды кеңінен қолданамыз, яғни мимика, келбет, дене қимылдары, тағы басқа.

Біздің замандас қарым-қатынасқа бейім, танысуға құштар, ұзақ достыққа талпынатын адам. Әдетте ол ешкімге керегі жоқ және формальды қатынастар оны жалықтырған кезде өзін бақытсыз сезінеді.

Қазіргі кездің адамдары динамикалық психикасымен ерекшеленеді, мұндай адамдар әртүрлі конфликтілерді тез ұмытады немесе керісінше. Олар бір кезде құшақтасып әртүрлі әңгімелер айтып жүрсе, сол кезде «мәңгілікке» қоштасуы мүмкін.Сонымен бірге қазіргі кездің адамдары қарым-қатынасты жақсы көрсе де, сырттан бақылағанды жақсы көреді. Қазір көңілділер меланхоликтерге қарағанда көп кездеседі, қоғамдық жерлерде біз адамдардың әр түрлі қарым-қатынасқа түскенін байқаймыз.

Біздің идеология мен көркем шығармашылық гуманизмнің артықшылықтарын, адамдардың рухани байланыстарын бекітеді. Бізге қарым-қатынастың әр алуан түрлері қажет. Біз өзімізді қалай сезінетінімізге сол мезетте қалай жұмыс істегенімізге немесе көңіл көтергенімізге байланысты әр түрлі қарым-қатынасқа түсеміз.

Қарым-қатынастың толық қамтылығына адамға қалай келу мәселесі үлкен роль ойнайды. Тіл - қарым-қатынастың өнімді және жағымды факторы екендігі. Алайда соңғы кезде оның жағдайына деген күдік пайда болды. Көп жағдайда құрғақ және өзінің мәндік функциясын жоғалтқан болып отыр. Оны байыту мен дамытудың орнына біз оның рөлін азайтып, оны шексіз қорының үстіңгі бетін ғана пайдаланамыз. Көп жағдайда біз тілдік мәдениетке диалектік сөздерді, концелиоризмдерді, жаргондарды қосып шұбырлатамыз. Кейбір жағдайда біз буынды жұтып, сөздерді дұрыс қолданбаймыз. Нәтижесінде айтылған тыңдап отырған адамға жағымсыз естіледі.

Сонымен бірге, бір сөзді әр түрлі, яғни тікелей немесе ауыспалы мағынада қабылдау мәселесін айтпай кетуге болмайды. Кейде сөздің дұрыс қолданбауы сөйлемнің мағынасын өзгертіп жібереді. Осылай, күнделікті өмірді жоғары деңгейде суреттеген болуы мүмкін. Ал, сұлулық керісінше, сұр, кезекті сөздермен суреттелгендіктен прозайкалық болуы мүмкін.

Кейде біз күрделі объектінің әр түрлі жақтарын суреттей отырып, бірдей сөздерге жүгінеміз. Бір сөзді немесе сөз тіркесін өзгертудің нәтижесінде олардың мағынасы күшеюі немесе әлсіреуі мүмкін.

Тіл мен ойдың әр түрлі саладағы сұрлылығы көптеп кездеседі.Бұл жағдай спорттық рубрикада ерекше көрінеді. Тілдің әлсіздігі, тіл негізгі еңбек құралы болып табылатын салада айқын көрінеді. Сондықтан оған немқұрайлықпен қарау ойлау процесін біріктіруге жағдай жасайды. Сөзде елдің рухани және материалдық байлықтары негізделген. Сондықтан, ол күнделікті күтімді қажет етеді.

Әлеуметтік қарым-қатынасты қажеттіліктерді объективтік процестерді кеңінен қарастыруға болады. Әлеуметтік педагогикалық әлеуметтік қарым-қатынас құбылысы қоғам дамуында әлеуметтік қарым-қатынас кең өріс жол бастады. Жасөспірімдерді оқыту, тәрбиелеу, тәжірибелерін қорытып жинақтаумен бірге әлеуметтік қарым-қатынас ересектерге де білім мен тәрбие берумен айналысады. Бүгінгі күні үлкен мәселеге айналған әлеуметтік қарым-қатынас сонымен қатар бала тәрбиесі кезек күттірмейтін уақыт, тәрбиенің жаңа түрін тек қана бала тәрбиесімен қарым-қатынастың айналысатын білікті мамандар қажет болғандықтан арнайы мамандар әлеуметтік педагогтарды дайындай бастады. Әлеуметтік педагогтар жас ұрпақты тәрбиелеу және әлеуметтік қарым-қатынасты дұрыс ұйымдастыру адамзат қоғамының өмір сүруі үшін әртүрлі іс-тәжірибелерге сүйенеді. Әлеуметтік педагогтар өз ісінің шебері сондықтан адамдарды материалдық игіліктерді өндіру ісіне қабілет және қарым-қатынас жасау қолынан келетін етіп дайындауға бағыттау қажет. Себебі басты өндіруші күш жеке адам. Еңбекші жұмысшылар бұлар әлеуметтік қарым –қатынасты көмекті қажет ететін топтар. Әлеуметтік көмек дегенде қаржылық көмектен басқа моральдық, психологиялық көмекке зәрі топтармен жұмыс жүргізуде әлеуметтік педагогқа қарым-қатынас жасай білу маңызды роль атқарады. Әлеуметтік қарым-қатынас жасау сияқты қарым-қатынаста маңызды ғылыми көзқараста зерттейтін және объективтік танып білудің және ғылыми білімнің дамуы әдістерін қамтиды. Әлеуметтік қарым-қатынас қазіргі қоғамға сай адамның даму заңдылықтарын зерттейді. Біздің елімізде қарым-қатынастың білім берудің бір істі жүйесі құрылған. Сонымен жан-жақты әлеуметтік қарым-қатынас жасау және білім беру, оқыту процестерінің заңдылықтарын зерттесе, әлеуметтік тәрбиелік қарым-қатынаспен жеке адамның дамуын, әлеуметтік қарым-қатынас жағдайын себебін әрекеттерінің негізін жан-жақты тексеріп сонымен қатар жан-жақты қарым-қатынас жұмысын жүргізеді.



Ал әлеуметтік белсенділік – индивидтің қоғамдағы қызмет сипатын бейнелейтін ұғым. Әлеуметтік белсенділік қарым-қатынастық мүддені іс-қимыл факторларына айналдыруға шындықты танып білуге, мақсат қоюға, өзгертуге байланысты адамның әрекетшіл табиғаты, жеке адамның тіршілік ету жағдайлары мен дәлелді қажеттері арасындағы қайшылық себепші болды. Сондықтан да ол қажеттілік пен субъект болмысының жағдайлары арасындағы сәйкессіздікті жоюға бағытталған. Әлеуметтік белсенділік қарым-қатынасы еркін сипат алғанда ол тарихи қажеттілікпен айқындалады және мақсат қойған субъектінің жаңа қоғамдық формаларын, өз тіршілік ету жағдайларын жасау процесі болып табылады. Дүние адамды қанағаттандырмайды, сондықтан да ол өз іс-әрекетімен оны зерттеуге бел байлайды. Жалпы әлеуметтік белсенділік қарым-қатынасының бағыттылығын, яғни жеке бастың тәртібінің себебі ретінде анық көрінетін өзіндік қатынастар, қажеттіліктер, мүдделер, көзқарастар, пікірлер, мұраттар жүйесін ескерген жөн. Сонымен әлеуметтік қарым-қатынас әлеуметтік жұмыста іс-қимыл компоненттерінің бірі ретінде орындалады. Әлеуметтік қарым-қатынас теориясы – қазіргі буржуазиялық социологияның негізгі бағыттарының бірі, әлеуметтік қимыл ұғымын енгізуші Веберден бастау алады. Әлеуметтік қарым-қатынас әлеуметтік болмыстың негізгі элементі, ал әлеуметтік институттар, топтар және басқа да әлеуметтік қауымдар тек адамдардың кейбір қимылдары мен қарым-қатынастарының нәтижелерімен оны ұйымдастыру тәсілі. Әлеуметтік қарым-қатынас әлеуметтік қасиетпен де байланыста бола алады. Бұл белгілі бір әлеуметтік құбылыстардың немесе процестердің қоғамдық табиғи ерекшелігі. Әлеуметтік қарым-қатынастың әлеуметтік субъектілердің қоғамдағы жағдайы мен қоғамдық өмірдегі роліне байланысты туатын, олардың өзара қатынас, қызметін білдіретін, салыстырмалы түрде анықталатын тәуелсіз, ерекше қарым-қатынастардың бір түрі, ретінде қолданылып жүр. Зерттей келе, әлеуметтік қызметтің спецификалық формасы ретінде оны жеке тұлға топтар ұйымдар және де тұтас қоғам ретінде қарастыра аламыз, расында да көп деңгейде әлеуметтік қарым-қатынастар өзінің ерекшеліктері көрсетеді және олар әлеуметтік субъектілердің спецификасы арасында пайда болатын әлеуметтік қарым-қатынастары мен болады. Әлеуметтік қатынастардың шынайы тасымалдаушылары ретінде әлеуметтік субъектілер көрінеді:

  1. жеке адам және жеке тұлға

  2. берілген жүйедегі элементтерді тұтас қарастыратын адамдар тобы

  3. жоғары дәрежедегі ішкі ұйымдастырушылық және бір тұтастылықты қолдайтын белгілі бір социум

  4. тұтас ретінде алынған қоғам немесе тұтас қарастырылған адамзат.

Сонымен қатар қоғамдық өмірдің субъектілері әлеуметтік қарым-қатынастың субъектілері болып табылады, бірақ әртүрлі тарихи қоғамда адамдар және бір топтың ішкі шынайы қарым-қатынас процесі негізінде әлеуметтік қарым-қатынастар әртүрлі деңгейде боладыжәне басты роль негізгі субъектілердің арасында қалыптасқан әлеуметтік субъектілердің арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастардың барлық әртүрлілігі негізін ерекшелік болып табылады,. Шындық өмірде әлеуметтік қарым-қатынастарды іске асыру формасы ретінде әлеуметтік қажеттіліктер қарастырылады. Әлеуметтік қажеттлікітер объективтік болып табылады, яғни олар субъектінің тамаққа, киімге, баспанаға, білімге қарым-қатынас шынайы түсінушілік және тағы басқа заттарға деген тәуелділігін айтамыз. Бірақ әрбір әлеуметтік субъект өзінің қажеттілігін әртүрлі формаларды қолдану арқылы іске асырады. Сондақтын қажеттіліктің объективтік-субъективтік табиғатын айта аламыз.

Объективтік-субъективтік формаларының ұласып кетуі мүмкін, олар ақыр соңында әлеуметтік қарым-қатынастарды тасымалдауы субъективтіні көмек пен қолдауды қажет ететін әлеуметтік жұмыстың объектісіне айналуы мүмкін.

Сонымен қатар әлеуметтік қарым –қатынас әлеуметтік ішкі байланыстардың негізі-тұратын аймағы бір және бірлескен өмір сүру нәтижесінде қалыптасқан материалдық және мәдени құндылықтары ортақ адамдардың трақты бірлестігі. Әлеуметтік қарым-қатынастың негізгі белгілері: ынтымақтастық, өзара келісім, жоғары дәрежедегі билік. Оның ұйымдық түрлері мен еңбек бөлінісі материалдық құндылықтардың арқасында шығады. Ал рухани құндылықтар әлеуметтік қарым-қатынастарды сана-сезім дәрежесінде біріктіріп отырады.

Әлеуметтік қарым-қатынас факторы нақтылы бір әлеуметтік процестің болуын тудыруға қатынасы бар элементтердің, жағдайлардың, себептердің, қозғаушы күштердің сабақтас-астарлас жүйелік, құрылымдық қарым-қатынастар болып табылады. Әлеуметтік қарым-қатынас факторларын табиғи факторлармен салыстырғанда біркелкі емес, өзі де іштей реттелетін жүйе. Әлеуметтік қарым-қатынас заңы бұқаралық іс-әрекеттің, сондай-ақ адамдардың қызметі арқылы жүзеге асатын әлеуметтік құбылыстардың, процестердің, қоғамдық өмірдің сан алуан салаларының арасындағы объективті қайталанатын тұрақты және себеп-салдарына байланысты. Әлеуметтік жалпы заң жеке ерекше, сондай-ақ атқаратын қызметіне орай даму және өмір сүру заңдары болып бөлінеді, заңдар жүйесі қоғамның «қаңқасы» десек, осы «қаңқада» қоғамдық организмнің «тәні» тіршілік етіп, өзгеріп отырады. Әлеуметтік қарым-қатынас заңы әлеуметтік жүйе дамуының негізгі бағытын көрсеткенімен кездейсоқтықтар мен ауытқушылықтарды «болжай алмайды». Әлеуметтік заңның объективтілігі оның адамдар еркіне бағынбайтындығында. Әлеуметтік қарым-қатынас заңын танып-білудің арқасында адам оны саналы түрде өз игілігіне пайдалана алады. Әлеуметтік қарым-қатынас қоғамдағы диалектикалық қайшылықтар дамуының ең жоғарғы сатысы, ол әлеуметтік қауым және индивидтердің мүдделерінің қарым-қатынас тенденцияларының үндеуімен сипатталады. Әлеуметтік қарым-қатынас түрлері интенсивтігі мен оның шиеленісуінің дамуы экономикалық саяси идеологиялық факторларға тәуелді, бұқара халықтың қоғамның дамуы заңдарын түсінуі мен бостандығының даму дәрежесімен тікелей байланысты.Әлеуметтік қарым-қатынас жасай білу – қоғамдық еңбек бөлінісіне өндіріс күштерінің және өндірістік қатынастардың деңгейіне байланысты қалыптасқан қауымдастардың тұтастығы және олардың өзара тұрақты қатынастары. Әлеуметтік қарым-қатынас қатарына халықтың жас шамасында, шоғырланған топтары жатады. Әлеуметтік топтың құрылым топтардан және сол топтың құрылымына енбейтін әлеуметтік топтардың жиынтығынан тұрады. Әлеуметтік қарым-қатынастың әртүрлі элементтері арасында істестік, қайшылық және топтың күрес қатынастары болуы мүмкін.

Әлеуметтік қарым-қатынас тұрмыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың жақындығына орай әлеуметтік топтың, таптың, ұлттың, халықтың мінез-құлқында көрініс беретін сезім, ерік, көңіл-күй, әдет-ғұрыптар, дәстүрлер жиынтығы қоғамдық қарым-қатынастың мінез-құлықтың құбылыстардың шығуы, өмір сүру, өзгеру және дамуының жалпы осыларға тән заңдылықтарды зерттейтін және әлеуметтік қарым-қатынасты одан әрі дамытып, отыратын осы ғылыми болып табылады. Әлеуметтік қарым-қатынастың іс-әрекетінің, мінез-құлықтың және әлеуметтік қарым-қатынас жасау формаларының өзара әрекетімен мінез-құлықтың олардың әлуметтік мінез-құлық қарым-қатынасының дәлелді заңдылықтарын зерттейді. Әлеуметтік қарым-қатынас қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарының, жіктерінің, таптарының мінез-құлықтық ерекшеліктерінің және әртүрлі қоғамдық топтардағы әлеуметтік мінез-құлықтың қарым-қатынас қасиеттері мен мехнизмін ұжымдық қатынаспен өзара ықпал жасаудың әртүрлі жолдарын қарастырады. Әлеуметтік қарым-қатынастың ойлар жөніндегі негізгі қағидалар Платонның, Аристотельдің, Гегельдің, Фейербахтың және ертедегі басқа да ойшылдардың философтардың көзқарасынан бастау алады. Жеке адамның ішкі рухани құрамын дәлелдеу және бағдарлау жүйесінің әлеуметтік қарым-қатынас жағдайларына қоғамдық бейімделудің әсерін зерттеудің тәжірибелік әдістері қарым-қатынас жасау Батыс елдерінде шеңберлі жүргізілді. Әлеуметтік қарым-қатынас Қазақстан елдеріндегі әртүрлі қисындық және тәжірибелік әдістерге қоғамдағы өндірістік қарым-қатынастардың айқындаушы ролін елемей әлеуметтік дамудағы мінез-құлықтық ырықтарды жоғары қоюға тән. Әлеуметтік қарым-қатынас жасау өзінің қалыптасып келе жатқан қазіргі кезеңінде қоғамның дамуы мен жалпы мінез-құлықты зерттеудің тәжірибелік әдістері қарым-қатынас жасау. Батыс елдерінде шеңберлі жүргізілді. Әлеуметтік қарым-қатынас Қазақстан елдеріндегі әртүрлі қисындық және тәжірибелік әдістерге қоғамдағы өндірістік қарым-қатынастардың айқындаушы ролін елемей әлеуметтік дамудағы мінез-құлықтық ырықтарды жоғары қою тән. Әлеуметтік қарым-қатынас жасау өзінің қалыптасып келе жатқан қазіргі кезеңінде қоғамның дамуы мен жалпы мінез-құлықтың зерттеу әдістерін кеңінен пайдаланады. Әлеуметтік зерттеу тәсілдеріне сондай-ақ әлеуметтік материалдық орындау жұмыстары кіреді. Әлеуметтік қарым-қатынас формаларының құрамдас бөліктеріне оның іс жүзіндегі тараулары: саяси өмір қарым-қатынас, құқ адамгершілік қатынасы, тұрмыс жағдай қатынастары жатады. Сонымен қатар қарым-қатынас жанұяда ғана емес, жұмыс орнында, қонақта және көбінесе күтпеген жағдайларда да болуы мүмкін.

Әлеуметтік қарым-қатынасты қажеттіліктерді объективтік процестерді кеңінен қарастыруға болады. Әлеуметтік педагогикалық әлеуметтік қарым-қатынас құбылысы қоғам дамуында әлеуметтік қарым-қатынас кең өріс жол бастады. Жасөспірімдерді оқыту, тәрбиелеу, тәжірибелерін қорытып жинақтаумен бірге әлеуметтік қарым-қатынас ересектерге де білім мен тәрбие берумен айналысады. Бүгінгі күні үлкен мәселеге айналған әлеуметтік қарым-қатынас сонымен қатар бала тәрбиесі кезек күттірмейтін уақыт, тәрбиенің жаңа түрін тек қана бала тәрбиесімен қарым-қатынастың айналысатын білікті мамандар қажет болғандықтан арнайы мамандар әлеуметтік педагогтарды дайындай бастады. Әлеуметтік педагогтар жас ұрпақты тәрбиелеу және әлеуметтік қарым-қатынасты дұрыс ұйымдастыру адамзат қоғамының өмір сүруі үшін әртүрлі іс-тәжірибелерге сүйенеді. Әлеуметтік педагогтар өз ісінің шебері сондықтан адамдарды материалдық игіліктерді өндіру ісіне қабілет және қарым-қатынас жасау қолынан келетін етіп дайындауға бағыттау қажет. Себебі басты өндіруші күш жеке адам. Еңбекші жұмысшылар бұлар әлеуметтік қарым –қатынасты көмекті қажет ететін топтар. Әлеуметтік көмек дегенде қаржылық көмектен басқа моральдық, психологиялық көмекке зәрі топтармен жұмыс жүргізуде әлеуметтік педагогқа қарым-қатынас жасай білу маңызды роль атқарады. Әлеуметтік қарым-қатынас жасау сияқты қарым-қатынаста маңызды ғылыми көзқараста зерттейтін және объективтік танып білудің және ғылыми білімнің дамуы әдістерін қамтиды. Әлеуметтік қарым-қатынас қазіргі қоғамға сай адамның даму заңдылықтарын зерттейді. Біздің елімізде қарым-қатынастың білім берудің бір істі жүйесі құрылған. Сонымен жан-жақты әлеуметтік қарым-қатынас жасау және білім беру, оқыту процестерінің заңдылықтарын зерттесе, әлеуметтік тәрбиелік қарым-қатынаспен жеке адамның дамуын, әлеуметтік қарым-қатынас жағдайын себебін әрекеттерінің негізін жан-жақты тексеріп сонымен қатар жан-жақты қарым-қатынас жұмысын жүргізеді.

Ал әлеуметтік белсенділік – индивидтің қоғамдағы қызмет сипатын бейнелейтін ұғым. Әлеуметтік белсенділік қарым-қатынастық мүддені іс-қимыл факторларына айналдыруға шындықты танып білуге, мақсат қоюға, өзгертуге байланысты адамның әрекетшіл табиғаты, жеке адамның тіршілік ету жағдайлары мен дәлелді қажеттері арасындағы қайшылық себепші болды. Сондықтан да ол қажеттілік пен субъект болмысының жағдайлары арасындағы сәйкессіздікті жоюға бағытталған. Әлеуметтік белсенділік қарым-қатынасы еркін сипат алғанда ол тарихи қажеттілікпен айқындалады және мақсат қойған субъектінің жаңа қоғамдық формаларын, өз тіршілік ету жағдайларын жасау процесі болып табылады. Дүние адамды қанағаттандырмайды, сондықтан да ол өз іс-әрекетімен оны зерттеуге бел байлайды. Жалпы әлеуметтік белсенділік қарым-қатынасының бағыттылығын, яғни жеке бастың тәртібінің себебі ретінде анық көрінетін өзіндік қатынастар, қажеттіліктер, мүдделер, көзқарастар, пікірлер, мұраттар жүйесін ескерген жөн. Сонымен әлеуметтік қарым-қатынас әлеуметтік жұмыста іс-қимыл компоненттерінің бірі ретінде орындалады. Әлеуметтік қарым-қатынас теориясы – қазіргі буржуазиялық социологияның негізгі бағыттарының бірі, әлеуметтік қимыл ұғымын енгізуші Веберден бастау алады.

Әлеуметтік қарым-қатынас әлеуметтік болмыстың негізгі элементі, ал әлеуметтік институттар, топтар және басқа да әлеуметтік қауымдар тек адамдардың кейбір қимылдары мен қарым-қатынастарының нәтижелерімен оны ұйымдастыру тәсілі. Әлеуметтік қарым-қатынас әлеуметтік қасиетпен де байланыста бола алады. Бұл белгілі бір әлеуметтік құбылыстардың немесе процестердің қоғамдық табиғи ерекшелігі.

Әлеуметтік қарым-қатынастың әлеуметтік субъектілердің қоғамдағы жағдайы мен қоғамдық өмірдегі роліне байланысты туатын, олардың өзара қатынас, қызметін білдіретін, салыстырмалы түрде анықталатын тәуелсіз, ерекше қарым-қатынастардың бір түрі, ретінде қолданылып жүр. Әлеуметтік қарым-қатынас қоғамдағы диалектикалық қайшылықтар дамуының ең жоғарғы сатысы, ол әлеуметтік қауым және индивидтердің мүдделерінің қарым-қатынас тенденцияларының үндеуімен сипатталады. Әлеуметтік қарым-қатынас түрлері интенсивтігі мен оның шиеленісуінің дамуы экономикалық саяси идеологиялық факторларға тәуелді, бұқара халықтың қоғамның дамуы заңдарын түсінуі мен бостандығының даму дәрежесімен тікелей байланысты. Әлеуметтік қарым-қатынасы ұйымы кең және тар мағынада қолданылады. Кең мәнінде өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы дау әлеуметтік қарым-қатынастың басқа түрлерін анықтайды, соның ішінде барлық қанаушы формацияға тән әлеуметтік қарым-қатынастың ерекше түрі таптық күрес болып табылады. Осы тұрғыдан қарасақ, таптық күрестің қозғаушы күші болып таптар, ал әлеуметтік қарым-қатынастың қоздырушы күші оларды құраушы әлеуметтік топтар, жіктер және индивидтер болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...