Мамандығы бойынша Жұмыс оқу жоспары негізінде құрастырылған


). Ұйымдар, мекемелер, қоғамның әлеуметтік институттары

Loading...


бет4/7
Дата02.04.2020
өлшемі0.55 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

1). Ұйымдар, мекемелер, қоғамның әлеуметтік институттары

-Заңды тұрғыдағы мемлекеттің құрылымдық мекемелері, аумақтық әлеуметтік жұмысты басқаратын атқарушы билік органдары, еңбек министрлігі т.б.

Әр түрлі әлеуметтік қорғау мекемелері (интернат, әлеуметтік реабилирациялық орталықтар, әлеуметтік педогогикалық оқыту орталықтары).

2). Қоғамдық және қайырымдылық және басқа да ұйымдастыру мекемелері: кәсіподақ, қорлар, жеке меншік ұйымдар т.б.

3). Әлеуметтік жұмысты практикалық тұрғыдан жүзеге асыратын адамдар

Әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік психолог, халыққа әлеуметтік көмекті ұйымдастырушылар т.б.



4). Әлеуметтік жұмысты зерттеушілер.

Ғылыми зерттеушілер, әр түрлі әдістерді, ғылыми бағдарламаларды құру мақала кітап т.б. әлеуметтік жұмыс жайлы зерттеуді жүргізушілер.



Сұрақтар:

1 Әлеуметтік қызметкердің біліктілік мінездемелері,

2.Кәсіби рольдері мен қызметтері


Әдебиеттер:

Н.ә.1,2,3,5

Қ.ә.6,8,10,13

11- Дәріс. Әлеуметтік қызметкердің негізгі бағыттары.
Мақсаты: Әлеуметтік қызметкердің негізгі бағыттарымен таныстыру.

Түйін сөздер: әлеуметтік қызметкер, жағыз басты және қарттармен, мүгедектермен, жетімдермен, отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс.

Дәрістің жоспары:


  1. Тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары, әлеуметтік қорғау.

  2. Жағыз басты және қарттармен, мүгедектермен, жетімдермен, отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс.

  3. Отбасы және балалар әлеуметтік жұмыстың обьектілері ретінде

  4. Тәуекел тобы туралы ұғым, осы топтың түрлері.

  5. 3.Тәуекел топтағы клиенттермен жүргізілетін әлеуметік жұмыстың ерекшеліктері.

Әлеуметтік жұмыс тың негізгі обьектісі- отбасы. Отбасының әлеуметтік жұмыс обьектісі ретінде қабылдай отырып және оның күрделі әлеуметтік жүйесін көре отырып оның құрылымын, қоршаған ортасын, қызметі мен даму тарихын ескеруі қажет. Қазіргі кездегі отбасы дағдыларын оның педагогикалық тың мүмкіндіктерінінің төмендеуімен отбасы тәрбиесінің мазмұны мен сапасының нашарлауымен айқын көрінеді. Отбасы әлеуметтенудің қуатты құралы болып табылады. Сондықтан отбасының әлеуметтендіретін «емдеу», оның әлеуметтік –педагогикалық қызметін қалпына келтіру уақыттың өмірлік міндеті.

Әлеуметтік қызметтің орталық қызметі- шын жағдайларды өзгерту негізінде адамдардың қатынастарына ықпал ету, олардың арасындағыжәне қоршаған ортасындағы өзара әрекеттенулерді түзеу мен жетілдіру. Осыған орай әлеуметтік жұмыстың отбасымен жұмысының мақсаты мен интегративтік нәтижелі болатын- қоғамдық күтулер, әлеуметтік тапсырысқа сай тұлғаның әлеуметтенуі.

Көптеген балалар жыл сайын өздерінің адамзатқа қосылу жолдарын медициналық және балалар мекемелерінде, балалар үйлерінде өтеді. Көп жағдайда оған себеп болатын бақытсыздық жағдай нәтижесі емес, әлеуметтік сұмдық нәтижесі. Тіпті бұл балалар жеткілікті тамақ, қамқорлық, күтімге мұқтаж болып, лайықты медициналық қызмет көрсетілген жиі ұшырасатын жағдайлардың өзінде олардың дамуы госпиталды синдромымен түнектелген, коммуникативтік-эмоционалдық қатынастардың жетіспеуінен салдарынан туындайтын комплекстен бұл балалар әдетте тек интеллектуалдық дамуында ғана емес, сондай-ақ физикалық дамуында да емес артта қалады, кешірек сөйлейді, сапалы медико-педагогикалық түзетудің барлығының өзінде әрдайым жойылып кете бермейтін көптеген коммуникативтік қиындықтарға ұшырайды. Балалар үйінде ересек балалар оның қабырғасынан тыс өмірге нашар икемделген өздігінен дербес тіршілік етуге қиындықпен бейімделеді. Балалар үйінде өсу үшін өмірлік сценарийінің жартысына жуық жағдайында істі болудың кең таралуы кездейсоқ емес. Соған қоса өз тәрбиесінің залалын балалық шақта отбасылық ролдік жүріс-тұрыс сабақтарын алмауына байланысты өз жанұяларына тигізеді. Адамдармен қарым-қатынаста, еңбек ұжымында олар жиі қақтығысады.

«Тәуекел топтарымен» әлеуметтік жұмыс- бұл топ сол немесе басқа өлшемдер бойынша әлеуметтік жағдайы тұрақтылыққа ие емес, өмірде туындаған қиындықтарды өздігінен жалғыз мүлдем жеңе алмайтын, соның нәтижесінде өздерінің әлеуметтік маңыздылығын, руханиллылығын, моральдік бейнесін жоғалтып, биологиялық қазаға ұшырайтын адамдар категориясы. Тәуекел топтарына адамдардың келесі категорияға жататындар: мүгедектер, жетім-балалар, жүріс-тұрысында ауытқулар бар балалар (әлеуметке қарсы, девианттылық), жалғыз басты аналар, толымсыз отбасылар, қарттар, жалғызбастылар, ақыл-есі кемістер, босқындар, зорлық көргендер, алкоголиктер, нашақорлар, баспанасыздар, экология зардаптарының құрбандары, қылмыскерлер, СПИД-аурулары, жезөкшелер; кейде осы топқа дарынды, оқымысты адамдарды да жатқызатын кездер болады, себебі олар қарым-қатынаста қиындық көрсетіп немесе басқалар үшін «қиын» болып табылады.

Халықтың бұл категорияларын әлеуметтік қорғау келесі бағыттармен жүргізіледі:

Зейнетақылармен қамсыздандыру, әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету.

Сұрақтар


  1. Отбасы дегеніміз не , оның әлеуметтік мағынасы қандай?

  2. Отбасындағы дағдарыс дегеніміз не?

  3. Қазіргі отбасының негізгі әлеуметтік мәселелері неден тұрады?

  4. Әлеуметтік жұмыскер- отбасы терапевтінің міндеттері қандай?

  5. Адамдардың қандай тобы «тәуекел тобына» қатысты? «Тәуекел тобының» пайда болуының негізгі себептерін көрсетіңіз?

  6. Сәтсіз отбасындағы балалардың жағымсыз қылықтарынан қалай арылытуға болады?

  7. Жоғарғы сынып оқушылары мен жеткіншектердің агрессивті қылықтары неден пайда болады? Осындай мекткеп оқушыларына қандай тәрбие әдістерімен әсер етуге болады?

Әдебиеттер

Н.ә.1,2,3,5

Қ.ә.6,8,10,13
12- Дәріс. Әлеуметтік технология типологиясы. Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиялар

Мақсаты: Әдістерді әлеуметтік жұмыстың практикасы ретінде қалыптасытру,

«адам-адам» жүйесіндегі жұмыстарға әдістердің қолдануын арнайы көрсету,

«әлеуметтік терапия» ұғымын анықтау, әлеуметтік жұмыстың технология-

сымен танысу.



Түйін сөздер: әлеуметтік технология, типология.

Дәрістің жоспары:

  1. Әлеуметтік жұмыстың әдістері туралы ұғым

  2. Әлеуметтік терапия

  3. Әлеуметтік жұмыс технологиясыгың типологиясы.

  4. Әлеуметтік жұмыс технологиясының қызметінің сипаттамасы.

Әдістері бұл алға қойылған мақсатқа жету жолындағы қысқа жолдар, тәсілдер, операциялар жиынтығы.

Әлеуметтік жұмыс бұл қандайда бір мақсатқа жету жолындағы нақты тапсырмаларды (ғылыми-зерттеу және практикалық) шешу тәсілдері. Ғылымның ерекшелігі зерттеу әдістердің қайта өңделуінен және шын мәнінде қайта түзілуіне тәуелді, қаншалықты олар сенімді, тез және эффективті берілген білім ретінде қабылдау және ең алғашқы жаңа басқа ғылымдардың әдістерінде пайда болуын қабылдауға және қолдануға қабілетті.

Ғылыми-зерттеу әдістерінде жеке топтарды бөлу үшін түрлі негіздерінде пайда болады. Сонымен, оның әдістерін өңдеу мен ақпараттар жиынтығын әдістері туралы айтуға болады.

Эмпирикалық зерттеу әдістері мен теориялық моделдеу әдістері; жалпы ғылыми әдістер мен нақты ғылымдардағы арнайы әдістер;Кейбір әдістер көбінесе нақты ғылымдарға тиісті. Мысалы социометрия, топтық пікірталас, байқау арқылы әлеуметтік әдістерді зерттеу ретінде қарастыру.

Әлеуметтік жұмыста ғылыми зерттеу әдістері мен әдістемелерінде комлекс қолданылады. Келесі мынандай топтамаларға бөлінеді:



  1. Жалпы логикалық әдістер: талдау, синтез, жалпылау, салыстыру, моделдеу, жобалау.

  2. Жалпы ғылыми әдістер: әдебиеттердің шығуына талдау; әлеуметтік педагогикалық зерттеуге теориялық талдау және синтездеу; байқау ( табиғи жағдайда, түрлі ситуацияларда моделдеу; тестілеу процесі, біріккен шаралар); тәжірибелерді үйрену және жалпылау; эксперимент; экспертті бағалау әдісі.

  3. Тарихи әдістер: салыстырмалы-тарихи әдіс)заңдылықтарды тағайындау үшін, тарихи процестердің қайталануы), генетикалық әдіс (құбылыстың үйретілгентоп пен себептері шығу тегі), құрылымдық әдіс (барлық жүйемен) жеке элементтердің байланысын тағайындау және басқалары.

  4. Әлеуметтік әдістер: сауалнама және интервью, социометрия, мониторинг, (әлеуметтік ситуациялардағы фокустың өзгерулерін әрдайым қарастыру, бұл өзгерістердің белгілі жетістікте болжау.

  5. Психологиялық әдістер )бланкті және аппаратты тестерді қолдану )индивидуалды және топ)

  6. Математикалық статистика әдістері

Зерттеу барысында, мұндай жағдайда, құжаттар, кітаптар, журналдар, үнқағаздар, клиенттер, әлеуметтік, ғылыми жұмыскелер, оқытушылар, отбасы және басқалар;т ехникалық ақпараттық жүйелер, радио, телевидение, компьютерлік торлар, мекемелер дәстүрі, әлеуметтік жұмыскердің тәжірибесінде көрінеді.

Әлеуметтік терапия жүйеленген, қарым-қатынас, ойлар, импулстаре сезімдерді реттеу жайында топқа және жекеленген адамға көмек көрсету.

Топтық терапия- әсер ету стратегиясы – адамға әр уақытта көмек көрсетуге арналған, топтарды құру (әлеуметтік жұмыскердің кәсіби терапевтің жетекшілігімен) әдетте топта 6-8 адам, сағаты 90 минут.

Әлеуметтік мәселелерді технология шешімімен үш кезеңге бөледі:

1. Теориялық кезең арнайы мақсатқа бағытталған, технология пәнін анықтау, элемент құрылымдарын бөлу.

2. Әдістемелік кезең шығу жолдарын, таңдау және алу тәсілдерін ұсыеады, сонымен қатар тәсілдерді өңдеу және анықтау, нақты ұсыныстар жасау.

3. Процедуралық кезең міндеттердің шешімін ұсына, практикалық әрекеттің ұйымдасуымен байланысты ұсыныстарды жасауды тексеру, әрекет алгоритмін тағайындау және жетіспеушілігін қарастыру, ұсыныстарға қолдау көрсету.
Әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру негізінде әлеуметтік қызметтің мамандарын дайындау қажеттілігі, олардың квалификациясын көтеру, әлеуметтік жүмыс практикасында тиімді технологияны қолдану жатыр.

Әлеуметтік жүмыстың негізіндегі әлеуметтік технология әлеуметтік қызметті жекелеген әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер және әлеуметтік қызметкерлердің әлеуметтік жүмысты жүзеге асыруды қойылған мақсатты орындауга әр түрлі саладагы әлеуметтік мәселелерді Інешуге, халықты әлеуметтік ңорғау міндеттерін тиімді қолдану барысында әсер ету әдістерімен тәсілдер жиынтығы.

Әлеуметтік технология мен әлеуметтік жүмыс технологиясы өзара қалай байланысады?

Әлеуметтік технология- адамдар өмірі мен қызметі процестер мен қарым-қатынасты реттеумен қайта қалыптасуының тиімді әдістері туралы білімдер жүйесі және осы білімді практикада алгоритмдік қолдану.

Әлеуметтік жүмыс технологиясы- өмірдің қиын жағдайына душар болған азаматтарға көмек, қолдау көрсетуге негізделген әлеуметтік технологияның бір саласы. Осыған байланысты әлеуметтік жүмыс технологиясын екі аспектіде қарастыруга болады:

Біріншіден, практикалық қызмет ягни өзіндік үйым ретінде әлеуметтік жүмыс обьектісіне әсер ету әдісі мен тәсіл жиынтыгы болатын білім жүйесі.



Екіншіден, жекелеген технология жиынтығы яғни әлеуметтік жүмыстың обьектісі мен субьектісіне нақты бағытталуын сипаттайды. Егер де бірінші көзқарас басқару органдарына тән болса, екіншісі - әлеуметтік жұмыстың ұйымдастырушыларының клиенке деген мәселелерін қамтиды.

Әлеуметтік технология обьектісі де әлеуметтік жмыс технологияның объектісі - әлеуметтік процесстер болып табылады. Бл процесстер әр денгейлі. Бірақ зерттеудің жалпы обьектісі әлеуметтік жмыс технологиясы мен әлеуметтік технологияның ішінара терең байланысы бар екенін айқындайды.

Әлеуметтік технология және әлеуметтік жұмыс технологиясы өзара кешенді байланыста. Ягни, мысалга клиенттің әлеуметтік жағдайын өзгерту үшін әлеуметтік жоспарга әсер етіп, психологиялық коррекция, кеңес беру, медико-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру қажет. Тағы да ескертетін жәйт. Әлеуметтік саланың мамандарының әрекеті әр уақытта технологизацияға келмейді. Әлеуметтік салада парктикалық қызметтің технологизациясының бірнеше шарттарын ескерген жөн:

- әсер ету объектісі белгілі-бір деңгейлі қиындықта


болуы яғни әлеуметтік жүйе белгілерінің болуы;

- әлеуметтік әсер ету объектісінің элементінің жүйесі белгіленуі тиіс;

- нақты қалыптасқан процесті қабылдау мүмкіндігін белгілі -бір операциямен процедура түрінде бейнелеу;

- жаңа жағдайда операциялар мен процедураның қайталану, қайта өндірілу мүмкіндігі.

Әлеуметік жұмыс технологиясы бірнеше функцияларды орындайды .

Анатикалық-болжау функциясы: әлеуметік қауіп-қатер тобына жататын жекеленген адамдар мен отбасын, топтың категориясын анықтау; әлеуметік қолдаудың қажет ету түрі мен типін анықтау. Диагностикалық функция қалыптасқан әлеуметік мәселелерді бағалау нақты клиентпен топтың әлеуметтік зерттеу. Жүйелі - моделді функциясы: қиын жағдайға тап болған


адамдармен топқа көмек көрсету тәсілі мен түрін, көмек
сипатын анықтау. Жобалы (жоба) - ұйымдастырушылық
функция белгілі бір клинтер категориясына көмек,
қиындық жагдайын шешуге багыталган әлеуметік жобаны багалау, үсыну, өңдеу. Белсенділік функциясы: әлеуметік топтың, отбасының, индивидің мүмкіндіктерін, жеке өзіндік потенциалын белсендетуге әрекет ету, клиенттің өз проблемаларын өзі шешуге қолдау білдіру, өзіндік көмекпен өзара көмекті үйымдастыру. Инструменалды-практикалық функция өмірдің қиын жагдайына тап болған адамдарга әртүрлі көмек көрсету, адамдар арасында өзара қарым-қатынасы жақсарту мақсатында тренинг пен консультация үйымдастыру ата-ана қарауынсыз қалган балалар мен жасөспірімдерге қамқорлық пен қайырымдылықты үйымдастыру. Бөлу-басқару функциясы: мемлекеттік және мемлекеттік емес үйымдармен мекемелердің көмекті қажет ететіндерге қолдау білдіру қызметін сабақтастыру. Эвристикалық функция: әлеуметік қызметкерлердің жалпы мәдени және білім деңгейін жогарлату.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі мәселелердің қиындығы мен көп мағыналылығы әлеуметтік жұмыстағы мамандардың ең қажетті тапсырмаларының бірі болып саналады. Осыған байланысты әлеуметтік қызметкерге ғылыми диагностикалау әлеуметтік жағдайлардың мен әлеуметтік мәселелерінің әдістері мен тәсілдеріне үйрену ең маңызды мәнге ие болады.

Әлеуметтік диагностика арқылы әртүрлі әлеуметтік болжаулар жасалып, қоғамдық ой пікір ұжымның моральдық, психологиялық климатын оқыта алады.

Медицинада диагностика термині диагноз қоюшы, ауруды таңу процесін білу үшін қолданады.Қоғамның немесе қоғамдағы паталогиялық жағдайларын көрсету әлеуметтік жұмыстың пайда болуымен бірге бекітілген, бұл әлеуметтік жұмыстың бір бөлігі медициналық терминмен ұқсастығымен түсіндірілі: әлеуметтік диагностика, әлеуметтік терапия, әлеуметтік прафилактика.

19 ғасырдың аяғында халықтың аз қамтылған бөлігін зерттеу жұмысына қарағанда көптеген мемлекеттерде түбірклез, рахит, венералогиялық аурулары мен адамдардың төмен материалдық жағдайымен, яғни аурулардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерімен тығыз байланысты екені анықталған.

Ғылыми әдебиеттерде ең біріншіден өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының әсерінен пайда болымен ауруларды белгілеу үшін ”әлеуметтік аурулар” термині бекітілген. Әлеуметтік ауруларға жалғыздық, кедейшілік, аштық жатады. Бұл аурулардан емделу медициналық ем алудан, емделуден ерекшеленеді. Әлеуметтік паталогияны таңып білу немесе шешуді қажет ететін әлеметтік мәселе патология, тәртіп, проблема сияқты сұрақтарды оқыту мен байланысты. Паталогия- бұл тәртіптің объективті ауытқу, ал бұл проблема аурулардың абыржуынан туындайтын паталогиялық ауытқу болып табылады.

Әлеуметтік норма іштей қайшы келеді, бір жағынан тәртіп қажеттіліктің өзін-өзі ұстауымен бейнеленеді. Басқа жағынан бұл өзін-өзі ұстаудың бір түрінде берілетін көптеген бекітілген ереже. Шынында көпшілік нені қолдаса соны қолдайды. Бірақ бұл тәжірибеде бұның бәрі оңай емес, мысалы барлығы ішімдіктің зиан келтіретінін білді сондықтан теориялық жағынан оны қолданудан көшу норма, ал спирттік шімдікті қолдану оның паталогиясы болуы керек.Сонымен бірге зерттеулерге қарағанда халықтың ересек бөлігі маскүнемдік қоғамдағы тәртіп бола алмайтынын түсініп, одан ақталуы үшін әр түрлі әдістерді ойлап табады. Бір мезгілде қоғамда тәртіптің түрлері неғұрлым көп болса, соғұрлым қоғамның жақсы дамығандығы көрінеді. Егер тотолитарлық социумда бір ғана нұсқа бекітілсе, ал демократиялық қоғамда әр түрлі нормалар рұқсат етіледі.(заңға қайшы келмейтін, басқа адамға кедергі болмайтын, басқа нормаларды ескететін жағдайда ғана). Ауытқуларсыз қоғамның дамуы мүмкін емес, ал ауытқулардың түрлілігі бойынша жүреді. Олардың кейбіреуі норма болса, кейбіреуі оны қабылдайды. Екіншіден, әр уақыт әр бір қоғам қай ауытқу паталогия екенін өзі шешеді, яғни әлеуметтік ағзаның ауру күйімен сипатталады. Сондықтан медициналық диагностика ауруды паталогиялық ретінде құрлымдық процедура арқылы бір нақты норма мен салыстырылуы мүмкін, ал әлеуметтік диагностикада бұның бәрі басқаша болады. Әлеуметтік дамудың объе,ктивті тұрғысынан алғанда қоғамда әлеуметтік ауытқу заңды құбылыс боп саналады. Сонымен әлеуметтік паталогия әлеметтік мәселе реінде тек қоғамның функцианалды дамуын және қоғамның ересек болғаның және сол мәселені көріп, сезіну үшін қоғамның өсуін байқатады.Осыдан келе Е.А.Холостова әлеуметтік диагностиканы:

1. Әлеуметтік паталогияны танудың әрекеті.

2. Қоғам туралы білім алуға бағытталған әдістердің, әлеуметтік

ғылымдардың бірі сияқты мәселелерді қарастырады.

Диагностика ІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде дами бастады. Бірақ ол кезде диагностикалау үшін қажетті ақпарат мынадай түрде болатын: оның негізі болып жасанды интервью, зерттеу затын бақылау болып табылатын. Сондықтан да диагностиканың қорытындысы нақты болады. Диагностиканың мағынасы әлеуметтік қатынастар мен процестер сферасында медицинада аурудың мінезі анықталады: егер аурудың пайда болу себептері дұрыс анықталған болса, онда әлі емделу үміті үзілмейді, ал дұрыс емес диагноз емдеудің мүмкіндіктерін төмендетеді. Әлеуметтік диагностиканың тәжірибеде оқытылатын объект туралы, оның көп түрлілігі мен медициналық аспектілерін қоса алғанда қажет білім алуға негізделеді.

“Әлеуметтік диагностика” терминін ІХ ғасырдың ХХ жылдың басымен 30- жылдардың аяғында қарқынды қолданыла бастады. Әлеуметтік диагноз негізі – клиенттер өмірінің жағдайымен туған зерттеу себептерімен байланысты нақты анықталған. Әлеуметтік диагноз клиенттер мен олардың өмір жағдайлары туралы ақпаратты жинау және де әлеуметтік көмек бағдарламасын жасау үшін оның талдауын болжайды. Объект жағдайының диагностикасының бағыты – ол объект туралы және қоршаған орта туралы ақпарат алу және оның мүмкін өзгертулеріне болжам жасау, әлеуметтік көмек жасу әрекеттеріне проект жасау болып табылады. Әлеуметтік диагностика техналогиясы процидуралар алгоритім принциптерімен әлеуметтік процесстер әдістерінің әртүрлі тексеру тәсілдері жатады. Диагностиканың негізінде қоғамның, әлеуметтік топтар, адамның әлеуметтік, дамуын сипаттайтын талдау мәселелері мен фактілері жатыр.

Әлеуметтік диогностика – бұл әлеуметтік жұмыс маман әрекеттерінің күрделі де жауапты түрі және ол мамандандырылған щеберлі, әдептілік, тәртіптілікті міндет етеді. Сондықтан диагностика жасау барысында әлеуметтік – этикалық міндеттемелер мен принциптер түрін сақтауды қажет етеді.

Объективтілік принципі негізінде әлеуметтік объектінің болсын қызығушылығындағы осы нақты түзетулерін қоспайтын мәселелерді қарастыру жатыр.

Әлеуметтік ақпарат верификатты принципі, яғни басқа процидуралар арқылы тексеру мүмкіндігі мен оның нақтылығын бекіту. Әлеуметтік нақтылық кездейсоқ пен қайшылықтарға толы және заңдылықтарды өзгерту үшін әр түрлі мамандар арқылы алынған мәліметтерді сәйкестендіру қажет. Осыған байланысты диагностикда принцип жүйелілігін қолдану қажет, өйткені әлеуметтік мәселелердің пайда болуы бір емес бірнеше себептер мен анықталады.Мысалы, клиент проблемаларын шешу тәсілдері мен негізін анықтау үшін, оның әлеуметтік ортасын, отбасылық қарым – қатынасын, денсаулық жағдайы мен тағыда басқаларын анықтау қажет. Әрине әлеуметтік жұмыскер барлық салада маман болуы қажет емес, бірақ қиындықтарды анықтау мен проблемаға сәйкес маманды ұсынуды міндет етіп қояды. Клиентоцентризмалық принципі клиенттердің құқығы мен қызығушылығы жағынан әлеуметтік нақтылықтың барлық жағынан қарастыруды болжайды. Әлеуметтік жұмыскер клиенттің қызығушылығын қорғайды, және бұл позицияға байланысты өзінің әрекетін құрады. Конфиденциалдық принципі негізінде клиенттің келісімсінсіз әлеуметтік диагноздың қорытындысын айту жатыр.

Зиян келтіру принципі, диагностикалық қортындылар клиенттерге зиан келтірмейтіндей қолданылуы керектігін болжайды. Әлеуметтік диагностика деңгейімен шешілетін мәселелермен де, ұйымдаса – басқарылған социумның құрылымына сәйкесте бөлуге болады. Бұл келесі деңгейлерді ерекшелейді: әлеуметтік диагностиканың жалпыәлеуметтік деңгей бүкіл қоғам мен оның үлкен әлеуметтік диагностикалық топтарының (балалар, аналар, қарттар және т.б.) жағдайын зерттейді. Мұнымен мемлекеттік емес және мемлекеттік ғылыми зерттеу институттары айналысады: институттар, қорлар, ғылыми орталықтар. Мұндай зерттеулер құралдарына әлеуметтік сұрау, мониторингтер, әлеуметтік экспертиза технологиялары жатқызылады.Әлеуметтік диагностиканың аймақтық деңгей, мұнда әлеуметтік диагностика аймақтарда бар ғылыми бөлімшелердің күшімен жасалады. Әлеуметтік диагностиканың аймақтық деңгеиі сәйкес территоряларға жалпы қоғамдық деңгей зерттеулерінің қортындылары қолднылады және ондағы зерттеулер ұйымдастырылады. Мысалы, халықтың аз қамтылған азаматтарына адрестік әлеуметтік көмек көрсету әр аймақтарда айқындалатын өмірлік нағыз әлеуметтік көрсеткіштерінің бағасымен орташа жалақы, зейнетақы, ең төменгі өмір сүру деңгеі мен тағыда басқа түрлері мен негізделеді. Жергілікті әлеуметтік зерттеу көрсеткіштері халықтың әлеуметтік жағдайынан, жалпылама халық жағынан қызығушылығынан, нәтижелі кадрлары бар оқу, ғылыми орындары, аймақтық әкімшіліктің қызығушылық құрлымы мен оның құрылымына(әлеуметтік қорғау органдары және т.б.), осының бәріне тәуелді болады. Қоғамдық орындар деңгейі халыққа әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек көрсету тұлғалар, топтардың әлеуметтік функционалды оқытуынан болады. Бұл деңгейге клиентпен жұмыс істеу барсыныда әлеуметтік диагностиканың мақсаты ретінде клиенттің әлеуметтік проблемасын анықтап, оны шешудегі дұрыс тәсілдерді табуды қолданылады. Әлеуметтік диагностиканың мәселелері болып:



  • спецификалық әлеуметтік сапалардың анықталуы, клиенттің тәртібімен даму ерекшеліктері;

  • қажет кезіндегі клиенттің диагностикаланатын ерекшеліктерін суреттеу;

  • клиенттің спецификалық түрлерін жинақтау; сияқты мәселелер саналады.

Бір қатар ғалымдар (Зайнышев И.Г. және т.б.) диагноз қоюды

клиентке көмек көрсету түрлері әлеуметтік болжамдар контексінде диагноз қоюдың ең бір маңызды түрлері ретінде санайды. Олар диагноз қоюдың келесі деңгейлерін ерекше атайды:



  • жалпы қоғам деңгейінде (әр түрлі қоғамдық өмірдіңі ортақ

тенденциаларының дамуын анықтауда);

  • әлеуметтік топтар немесе жергілікті қауым (Мысалы, жергілікті топтар, еңбек ұжымдарының дамуы) деңгейінде;

  • тұлғалық деңгейде (өмір әрекеттілігінің мәселелелерін анықтауда «адрестік көмек» беруі).

Әлеуметтік диагностика бұл - әр түрлі клиент категориал әр түрлі қызмет көрсету саласындағы жұмыс бастамасы. Бірде-бір әлеуметтік жұмыскер тек диагностикамен айналыспайды, бірақ әрбір әлеуметтік жұмыскер өзінің басқа міндеттемелерімен бірге әлеуметтік диагностика функциаларын да атқарады. Бұл әлеуметтік диагностиканың ерекшеліктерінің бірі болып келеді. Тағы бір ерекшелігі математикалық әдістер мен көлемді қатынастарды шекті түрде қолдану.

Клиенттің әлеуметтік жағдайы әрқашан қайталанбайды, сондықтан оны болдырмаға тырысады. Мұнда жалғыз берілген талдау мен империкалық бақылауларды қолдану керек. Ол үшін тек әлеуметтік қызметкердің білімі мен іскерлік тәжірибесі ғана жеткілікті. Тонометр (құрал) арқылы артериалды қысымды өлшеуге клиенттің денсаулығының басқа да көрсеткішін анықтауға болады, бірақ «қысымды өлшеу», мысалы, отбасы ішіндегі қайшылықтарды өлшеу қиын. Мұның барлығы проблеманың негізін анықтаудағы әлеуметтік қызметкердің іскерлігіне байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...