Махумедхан з тфп – 416 Аденозинтрифосфат. Пеницилиндер



Дата23.12.2021
өлшемі62.2 Kb.
#147366
Байланысты:
24.11.2021
209030, Курс үй жұмыс

Махумедхан З

ТФП – 416

Аденозинтрифосфат. Пеницилиндер.
Аденозинүшфосфор қышқылы немесе Аденозинүшфосфат (қысқаша АТФ немесе АҮФ, ағылш. АТР) - энергетикалық нуклеотид. Бұл - тірі жасушадағы негізгі «энергия заты». Ағзалардағы бүкіл процесстерінде, заттектер алмасуында маңызы зор. АТФ 1929 жылы Гарвардской медицина мектебінің ғылымдарының (Карл Ломан мен Йеллапрагада Суббарао зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ашылған.. 1941 жылы  Фриц Липман АТФ-тың жасушадағы негізгі энергия таратушы ретінде айқындаған.
А
ТФ-тың систематикалық атауы:

9-β-D-рибофуранозиладенин-5'-үшфосфатнемесе

9-β-D-рибофуранозил-6-амино-пурин-5'-үшфосфат.

Химиялық жіктеу бойынша АТФ - аденозиннің (аденин және рибозаның туындысы) үшфосфорлық эфиры.

Органикалық молекулалардың тотығуреакцияларында бөлініп шығатын энергия Аденозин үш фосфат қышқылы түрінде митохондрияларға жиналады. 

Аденозин үш фосфат қышқылы гидролизденіп бір макроэнергиялық байланыс үзілгенде, 8,4 ккал/моль бөлінеді. 



Г
люкозаның
 бір молекуласы клеткада көміртек оксиді (СО2) мен суға (Н2О) дейін ыдырауынан Аденозин үш фосфат қышқылының 38 молекуласы синтезделеді.

Аденозин үш фосфат қышқылы энергиясыорганизмде органикалық молекулаларбиосинтезіне, бұлшық еттердің жұмысына, жүйке импульстерінің берілуіне, иондардың клеткамембранасы арқылы тасымалдануына, т.б. жұмсалады. 


Биологиялық тотығу кезінде бөлініп шығатын энергияның бір бөлігі сақталмай жылу энергиясына айналады. Бұл энергия жылы қанды организмдердің дене температурасынбірқалыпты ұстау үшін пайдаланылады.

АТФ-тың рөлі мен қасиетін акырына дейін түсіну үшін АТФ молекуласының кұрылысын білу керек. Бұл - жалғыз нуклеотид. Ол РНҚ тізбегіндегі нуклеотидтерге ұқсас, өйткені оның құрамында қант - рибоза болады. Азотты негізі - аденин. Негізгі айырмашылығы мынада: АТФ-та  фосфорқышқылының бір қалдығының орнына рибозаға бірінен соң бірі үш қалдық қосылады, сондықтан «үш-фосфат» деп аталған.


Пенициллин, толық атауы бензилпенициллин— түрлі микробтарға қарсы, іріңді жараны, өкпе қабынуын, баспа, соз және басқа ауруларды емдеуге қолданылатын антибиотик. Ол ең әсерлі антибиотиктердің бірі. Пенициллин көптеген іріңді бактерияларды қоса алғанда, бактериялардың көптеген түрін жояды.


Бензилпенициллин химиялық қосынды сұлбасы
Бірақ: ол іш өткенге, зәр шығаратын мүшелерге түскен инфекцияға, сегізкөз ауруына, көгеріп іскенге, әдеттегі салқын тигенге, қызылшаға немесе басқа дә вирустық инфекцияларда көмектеспейді. Пенициллин миллиграммен (мг) немесе бірлікпен (бр) — бірлік өлшемімен өлшенеді. Пенициллин үшін 250мг=400000бр.

Қазір пенициллиннің түрі көп (экмоновоциллин, новоциллин). Ал феноксиметил пенициллинді ішуге болады. Пенициллиннің құрғақ түрін жараға себеді, ал ерітіндісімен жараны жуып емдейді.



1928 жылы өзінің «салақтығынан», Флемингпенициллин преператының негізін қалады. Ол Петри кеселерінің көгеріп кеткен біреуінің ішіне үңіліп, бактерия колонналарының мөлдір күйге енгенін байқайды. Соның арқасында ғылымға үлкен жаңалық әкеліп, бактериялық денелерді бұзатын пенициллин белсенді затын ойлап табады. Бастапқыда ол өзі ашқан жаңалықтың көмегімен дәрі жасауға болатынына аса сене қоймайды. Бірақ оның ісін Говард Флори мен Эрнст Борис Чейн деген мамандар 1940 - 1941 жылдар аралығында жалғастырып, пенициллинді тазалау әдісін тәжірибеге енгізді. Олар алғаш болып бактериялық инфекцияларға қарсы емдеу үшін қолданған.

Кейде пенициллин өзі бұрын жойып келген инфекцияларға қарсы әсер ете алмайтын болып қалады. Бұл бактериялардың пенициллинге берілмеу қасиеті қалыптасуынан болады, бұдан әрі пенициллин бұл бактерияларды жоя алмайды. Кейде пенициллинге берілмеу қасиеті қалыптасатын инфекцияларға мыналар жатады: импетиго (тері бөрітпесі), іріңді бөрітпе және сүйек инфекциясы (остеомиелит). Егер осы инфекциялардың біреуі әдеттегі пенициллиннен жазылмаса, басқа антибиотиктерді немесе пенициллиннің айрықша түрлерін (метициллин, нафциллин, оксациллин, диклксациллин) қолданып көріңіз, олар көмектесуі мүмкін. Бүгінгі таңда дүние жүзі елдерінің көпшілігінде соз пенициллинге берілмейтін болып алды. Кейде өкпе талауратуы пенициллиннен жазылмайды, мұндайда ко-тримоксазол немесе эритромицинді қолданып көріңіз. Пенициллинді шанышқан кезде, әрқашанда адреналин (эпинефрин) дайын тұрсын. Қандай да болмасын аллергиялық реакция бір-ақ рет болғанның өзінде ол адам ешқашан да пени-циллиннің немесе ампициллиннің ешқандайда түрін, таблеткасын да, шанышатынын да қабылдамауға тиіс. Өйткені екінші қайталанған реакция анағұрлым қауіпті болуы, тіпті өлтіріп жіберуі мүмкін. (Бірақ пенициллин ішкен кезде ішіңіз өтсе, ол аллергиялық реакциядан емес. Бұл үшін пенициллинді қабылдауды тоқтатуға болмайды).

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді