Мағжан лирикасындағы симметриялық композиция

Loading...


Дата05.05.2021
өлшемі24.91 Kb.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

СӨЖ

Тақырыбы: «Мағжан Жұмабаев шығармаларының әлем әдебиетімен сабақтастығы» еркін сараптама



Орындаған: Бекетаева А.М

Қабылдаған: Қалиева А.Қ

2020-2021 оқу жылы

Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз. Ол табиғатты суреттей ме, әйелді жаза ма, тарихи адамдарды ала ма, ертегі айта ма, ұран сала ма – бәрінде де ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жанының күйзелуі, көңілінің кірбеңі көрініп тұрады. Қай өлеңін оқысаң да, не ақынмен, не өз жүрегіңмен, не ел жүрегімен сырласқандай боласың. Ақынның өзі көрінбейтін өлеңдерін оқысаңыз да, еріксіз бір сезім туғызады. Әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде аятқызады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді…"Белгілі жазушы Жүсіпбек Аймауытов Мағжанның ақындығы туралы осылай деген еді.

"Туған жерім – Сасықкөл" деген өлеңінде патшаның отаршылдық саясатына қарсы жаза бастайды.Айдын көл ата қоныс, құт болған көл.Сусын боп, сұрағанға от болған көл.Кеше бірлік, ынтымақ түгел шақта,Бейне бір сенің басың сот болған көл.Білмеймін не боларын қайран көлім?Жарайды тең болмаса күн мен түнің,Итиіп қара шекпен келіп қонса,Басыңнан құсың ұшып, кетер сенің, – деп туған жерінің зарын зарлайды."Анама", "Жазды күні қалада", "Есімде тек таң атсын", "Жауынгердің жыры", "Орал", "Алыстағы бауырыма" деген өлеңдері ұлтқа деген сезімінің ояна бастағанын көрсетеді.Жұмабайұлы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді ("Шын сорлы"), халқын өнер-білімге шақырды ("Ләззат қайда?", "Жазғы таң", "Өнер-білім қайтсе табылар", "Балалық шақ", "Қазағым", "Қарағым", "Осы күнгі күй", "Мен сорлы").

Мағжан лирикасындағы симметриялық композиция. Сыр мен сиқырға толы Мағжан пожзиясы – үйлесім мен сұлулыққа аса негізделген поэзия. Мұнда симметрияның әр түрін кездестіруге болады. Симметрияның сезе білу өлеңнің ырғақтық ерекшелігін, оның әуезділігін бағалауға мүмкіндік береді. Өлең мәтінінің дыбыстық симметрияның келесі элементі Ұйқым /трансляциялық симметрия/ болып табылады. Ақынның "Сен сұлу» атты өлесимметрияның келесі бір түрі – трансляциялық симметрия үлгісінде жазылған. Трансляциялық симметрия – элементтер немес құрылымдардың сызықты қайталануы.



Бiлем анық: жанға жайлы Май сұлу,

Жарқ-жарқ еткен майда найзағай сұлу.

Қызықты орман, көңiлдi еркiн кең дала,

Күмiс табақ көкте жүзген Ай сұлу.

Кешкi ескен жiбек, жылы жел сұлу,

Хош иiстi түрлi-түстi гүл сұлу.

Әдемi аспан – төбедегi көк шатыр,

Асқар тауы, дариясымен жер сұлу.

2018 жылы, Анкарада, халықаралық «Түріксой» ұйымының қолдауымен, Дүйсен Қорабайұлы Қасейіновтің Takdim – Алғы сөзімен «Мagjan Jumabay. Uzaktaki kardesime (Мағжан Жұмабай, Алыстағы бауырыма) деген жинақ басылып шықты. Бұл кітаптың ерекшелігі – Мағжан өлеңдері латын әлібінің түрікше нұсқасымен қазақ тілінде берілген де, қатарына түрікшеге ақын әрі зерттеуші Ali Akbas (Әли Ақбас) аударған нұсқасы басылған. Жинақтың беташарына «Қазақ тілі» және «Алыстағы бауырыма» деген өлеңдер ұсынылған.



Uzakta ağır azap çeken kardeşim!

Solmuş lâleler gibi kuruyan kardeşim

Etrafını sarmış düşman ortasında

Göl gibi gözyaşı döken kardeşim!

Önünü ağır kaygı örtmüş kardeşim!

Ömrünce yaddan cefa görmüş kardeşim!

Hor bakan, yüreği taş, kötü düşman

Diri diri derini soymuş kardeşim!

Ey pirim! Değil miydi Altın Altay

Anamız bizim? Bizlerse birer tay,

Bağrında yürümedik mi serâzat

Yüzümüz değil miydi ışık saçan ay?

Alaca altın aşık atışmadık mı?

Tepişip bir döşekte yatışmadık mı?

Anamız olan Altay'ın ak sütünden

Beraber emip, beraber tadışmadık mı?

Maghjan Jumabayev. The Poet of Flare, Liberty and Love. Бүгінде Қазақстанда оны қазақ поэзиясының әкесі деп санайды . Мағжан поэзиясы символизмге, бейнелілікке және қазақ тілінің талғампаздық мәнеріне бай. Мағжан - жалынның, бостандықтың және махаббаттың ақыны. Әлемдік әдебиетте от, жалын, күн, күндізгі жарық, таң, жел сөздерін әр өлеңде қайталап қолданған ақын өте аз. Оның поэзиясында дауысы күшті, әділетсіздікке, қорлыққа, қараңғылыққа, озбырлыққа және барлық жаман нәрселер мен оқиғаларға қарсы күресте өзіне толық сенетін батыл адам бар.

Әлемдік қауымдастық Мағжанның поэзиясын зерттеуді жалғастыруы керек, өйткені оның шығармалары толық зерттелмеген. Болашақ ұрпақ оның шығармашылығын терең зерттейді деп сенемін.



Алыста ауыр азап шеккен бауырым,

Қуарған бәйшешектей кепкен бауырым,

Қамаған қалың жаудың ортасында

Көл қылып көздің жасын төккен бауырым.

Alısta awir azap şekken bawirim,

Qurwarğan bäyşeşektey kepken baawirım.

Qamağan kalın jawdin ortasında

Köl gılp közdin jasın tökken bawrim.

My brother who suffers torment in distance

My brother who withered like the pale tulips

Having been surrounded by a horde of enemies

My brother who weeps by filling lakes.

«Алыстағы бауырыма»

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...