Мақал мәтелдер Кітап туралы

Loading...


Дата26.03.2020
өлшемі9.96 Kb.
Мақал - мәтелдер

Кітап туралы

Кітап— алтын қазына.


Кітапалтын сандық:


іші толған қазына, құт,
оқы, оқы, ойыңа тұт.

Кітап— білім бұлағы,


Білім — өнер шырағы.

Кітап— ғалым, тілсіз мұғалім.

Кітапкөзі жұмыққа арзан,
көзі ашыққа маржан.

Кітап— қаймақ, білім — оймақ.

Кітап— оқығандікі, білім тоқығандікі.

Күш – білімде, білім –кітапта.

Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.
Бірлік, ынтымак, ырыс туралы мақал-мәтелдер
Адам ұйымшыл, мал үйіршіл.

Ажыраған бірін-бірі іздейді.

Айдын, айдын, айдын көл асарлап төксең суалмас.

Айрылған азады, косылған озады.

Ақсақтың аяғы жетпесе де таяғы жетеді.

Апалы-сіңлілі тату болса үйді гүлстан етеді.

Ақ түйенің қарны ақтарылды.

Алтау ала болса ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса төбедегі келеді.

Аңызды жерде ат өлмес,

Үйірлі жерде ер өлмес.

Артта қалғаңды аю жер,

Бөлек кеткенді бөрі жер.

Әрекет көп, берекет жоқ.

Байлық байлық емес, бірлік байлық.

Бакылда бірлік жоқ.

Бас-басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың.
Басалқыңыз бар болса, жанған отқа күймессің.
Бас екеу болмай, мал екеу болмас.

Бас жарылса бөрік ішінде,

Қол сынса жең ішіңде.

Батырлықты айт, ерлікті айт,

Батырлықты айт, бірлікті айт,

Ынтымақ қосып, ел болып, жұрт жасаған тірлікті айт.

Белбеулі бел қышиды шешерінде,

Жылқы мал тебіспейді өсерінде.

Бел мен білек біріксе жұмыс бітер.

Береке басы — бірлік.

Береке бір тиыннан.

Берекелі болса ел жағасы жайлау ол бір көл.

Берекелі дәулет кеш келер.

Берекелі елдің бетін ешкім қақпайды,

Берекелі жердің жыланы да шақпайды.

Берекелі жерден мереке кетпес.

Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле.

Берекесі кеткен ел

суы сасыған батпақ көл.

Берекесіз бейбақтар терлеп еңбек етпейді.

Терлеп еңбек еткенмен тілегіне жетпейді.

Берекесіздің ауылы мерекесіз.

Берекесі кеткен ауылдың:

айтқаны өсек болар,

андығаны төсек болар.

Берекесі кірген ауылдың:

айналдырғаны шаруа болар,

еккені тары, жегені жарма болар.

Береке түбі — бірлік,

Жеңіліс түбі — шерлік,

Жеңіс түбі — ерлік.

Бес бармақ жиналса — жұдырық.

Бетеге кетсе — бел қалар,

Бектер кетсе — ел қалар,

Берекең кетсе — нең қалар?

Бөлінген бүлінеді.

Бөлінгенді бөрі алар,

Ұзағанды ұры алар.

Бұлақты болса көл семіреді,

Ынтымақты болса ел семіреді.

Білек бір болса да бармақ басқа.

Бір адам — самал, екі адам — амал,

үш адам — жамал,

төрт адам — қамал.

Бірбеткей адам бірлікті бұзады,

Теріс мінез адам тірлікті бұзады.

Бірді бөліп, жартыны жарып же.

Бір жеңнен қол шығар,

Бір жағадан бас шығар.

Бір күн ұрыс болса қырық күн береке кетеді.

Бір қолың бір қолынды жуады.

Ас туралы
Ағайын тату болса ат көп,
Абысын тату болса ас көп.

Аздың атасы бір,


Көптің батасы бір.

Жалғыз үйдің тамағы жетсе де,


Табағы жетпес.

Ас иесімен тәтті.

Асың болса досың көп.

Ас барында дос жоқ,


Ат барында той жоқ.

Су анасы – бұлақ, сөз иесі – құлақ,


Жан тәнге қонақ, іздегені тамақ.

Асты қорлама құстырар,


Ерді қорлама састырар.

Ас – адамның арқауы.

Ет етке, сорпа бетке.

Арпа, бидай ас екен,


Алтын, күміс тас екен.

Ас атасы – нан.




Отан туралы
Алтын ұяң — Отан қымбат,
Құт-берекең — атаң қымбат,
Аймалайтын — анаң қымбат,
Асқар тауың — әкең қымбат (Қазыбек би).

Бұлбұл гүлзарын сүйеді,


Адал адам Отанын сүйеді.

Жауда қалған бұлбұлдан


Отанға қайтқан ит артық.

Орағың өткір болса, қарың талмайды,


Отаның берік болса, жауың алмайды.

Отан елдің анасы,


Ел ердің анасы.

Отан қадіріне жетпеген


өз қадіріне жетпейді.

Отан от басынан басталады.

Отан оттан да ыстық,
жалыны бар шоқтан да ыстық.

Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

Отансыздың оты жанбайды.

Отан үшін еңбек етсең


халқыңның сүйген ұлы боласың.

Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.

Отан үшін отқа түс — күймейсің,
Арың үшін алыссаң — өлмейсің.

Отаны бірдің жүрегі бір,


Жүрегі бірдің тілегі бір.

Отанын сатқан оңбас.

Отанын сүйген: отқа жанбайды,
суға батпайды.

Отаның тыныш — сен тыныш.



Тіл және сөз өнері туралы

Өнер алды қызыл тіл.

Сөз шыңды табар.

Сөз асылы мақал.

Сөз түбін сөз табар.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,
Тілімнен сүріндірме.

Мыңнан біреу көсем,


Жүзден біреу шешен.

Көп сөз — көмір,


Аз сөз — алтын.

Сөз сөзден туады,


Сөйлемесе неден туады.

Сөзге сөз келгенде,


Сөйлемесе атасы өледі.

Өлең — алтын,


Сөз — күміс.

Шебердің қолы ортақ,


Шешеннің тілі ортақ.

Сөз жіп, созсаң кете береді.

Тіл — буынсыз, ой — түпсіз.

Сөз тапқанға қолқа жоқ.

Сөйлей-сөйлей шешен болар,
Көре-көре көсем болар.

Ділмардің сөзі ұстаның бізінен өткір.

Тіл жүйрік емес, шын жүйрік.

Жалғыз сөйлеген жігіт шешен.

Байлауы жоқ шешеннен,
Үндемеген есті артық.
Бәйгі алмаған жүйріктен,
Белі жуан бесті артық.

Тіл қаруы — сөз,


Сөз қаруы — ой.

Қымбат дүние қолға түсе бермейді,


Қымбат сөз ауызға түсе бермейді.

Күн шалмас қараңғы көңілді сөз шалады,


Күн жылытпас сұм жүректі сөз жылыта алады.

Асыл сөзге өлім жоқ.

Көп сөз ұтпайды,
Дөп сөз ұтады.

Өмірден көзің кетсе де,


Сөзің кетпесін.

Ақын — ұлттың жүрегі,


Шешен — көптің тірегі,
Батыр — көптің білегі.
Сөз — адамның айнасы.

Тіл — шекер, бала — кетер, байлық — бекер.



Тіл жүйріктен де озады.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
мелетке толма
разрядты спортшы
ызметтер стандарттарын
дістемелік кешен
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...