М. Х. Дулати Азиялық ренессанс заманының энциклопедист ғалымы Азиялық қайта өрлеу дәуірінің бірегей энциклопедист ғалымы М. Х. Дулати (1499-1551) өзінің «Тарих-и Рашиди»

Loading...


Дата15.09.2020
өлшемі25.72 Kb.
М.Х.Дулати Азиялық ренессанс заманының энциклопедист ғалымы

Азиялық қайта өрлеу дәуірінің бірегей энциклопедист ғалымы М.Х.Дулати (1499-1551) өзінің «Тарих-и Рашиди» еңбегі арқылы дала өркениетінің аясын кеңейтіп, сан ұлы тұлғалардың образдарын көз алдымызға әкеледі. Әсіресе, «Елім-айлаған» ел, құлазыған дала көріністері шынайы суреттеледі. Өз халқының қайғы-қасіретіне күйініп, келешек үшін арпалысқан М.Х.Дулати де аз қысымшылық көрген жоқ. Туған жерінен жырақта, қалтарыста өмір сүрсе де, халықтың рухани қажетін түгендеп, адами болмысты шыңдайтын ақыл-парасатымен дараланды. Мырза Хайдардың еңбегінің мазмұны бай болғандығы сонша – оны ондаған жыл бойы ғалымдар зерттесе де, әр кез сайын жаңа ақпарат, жаңа фактіге кездесіп жатады.

М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашидиін» оқып, өз еңбектерін жазуға қолданған барлық күншығыс ғалымдары мен тарихшылары, жазушылары, сондай –ақ шығыстанушылар, ең алдымен, оны ғалым, тарихшы ретінде танып, өз еңбектерінде оған сілтеме жасап отырды. Дулати көп қырлы талант иесі, ол ең алдымен мемлекет қайраткері, үлкен бір уәлаят Кашмирде дербес, тәуелсіз билік жүргізген әкім, яғни ол би, қолбасшы, дипломат, бұл қырлары оны белгілі мемлекет қайраткері қатарында өмірін зерттеп қарастыруға негіз болады.

М.Х.Дулатидің энциклопедиялық сипаттағы «Тарих-и Рашидиі» оның ғылымның сан-саласын жақсы білгендігін айқын аңғартады. Үндістанның ғалымы Ағзам өзінің «Кашмир тарихы» атты еңбегінде: «Мұхаммед Хайдар барлық ғылымды терең білген данышпан адам еді. Оның үстіне ол қаламынан сөз құйылған талантты ақын болды» - деп жазған. Ағзамның Дулатиге берген бағасы өте әділ де, әрі дәл, себебі ол өз еңбегін жазған кезде «Тарих-и Рашидиге» сүйенген [2]. Дулатидің еңбегі мен қызметін терең біліп, өз еңбегіне пайдаланған әрі оған қоса жоғары тарихи баға да берген. Соңғы кезге дейін зерттеушілер М.Х.Дулатиді көбінесе тарихи тұрғыда қарастырып, сондай-ақ философиялық тұрғыдан да таразылап, талдап, зерттей бастады.

М.Х.Дулати мен Захирддин Бабыр – күншығыс ренессансының бастауында тұрған мемлекет қайраткерлері, ақын, жазушы, ал бұл пікір екі ұлы тұлғаның күншығыс мәдениетінің қайта өрлеу кезеңіндегі тарихи баға жетпес еңбегін паш етсе керек. Сонымен қатар бұлар ұлы ғұламалар, заманында теңесі жоқ зор тұлғалар, қайраткерлер болатын. Олар әлем мәдениеті мен әдебиетінің дамуына, елдің қайта өрлеуіне өлшеусіз үлес қосты.

Ұлы ғұламаға арналған «М.Х.Дулати. Халықаралық энциклопедиясының» сөзтізбесін жасау ретінде «Тарих-и Рашидиде» 40-тан астам ғылым саласының негізі барлығына ғалымдар көз жеткізген болатын. Жасыратыны жоқ 40-тан астам ғылым саласына қатысты мәлімет, деректерді сіз «Тарих-и Рашидиден» ала аласыз [2].

Бұл салалар Дулатидің мемлекет қайраткері, саясаткер, қолбасшы, тарихшы, ақын һәм жазушы, әдебиеттанушы, философ, мәдениеттанушы, дінтанушы, өнертанушы, әлеуметтанушы, этнограф, географ, картограф, саяхатшы, психолог, лингвист, жаратылыстанушы, құқықтанушы сияқты және т.б. ғылым салаларын ұлы ғұлама өте терең меңгерген. «Тарих-и Рашидидің» көптеген тарауларында бұл салаларға қатысты ой-тұжырымдар айтылып, баяндалған. Сонымен қатар, Дулатидің этнопедагогикалық ой-пікірлері, педагогикалық ойлары, тіл мәселесіне, археологияға қатысты, биологияға, экологияға қатысты пікірлері және осы салалар бойынша пайымдары, экономика, құрылыс, сәулет өнері туралы көзқарастары, астрономиялық, топографиялық, метеорологиялық, ирригациялық, шығыс медицинасы, ономастика, гидроним, ауыл шаруашылығы, геология жөніндегі ой-пікірлері жеке-жеке алып талдауды алып, қажет етеді. Қолбасшы ретінде әскери ой-пікірлері, әскери өнер, мемлекет басқару ісі, құқық мәселелері, халықаралық қатынастар сияқты аса күрделі ғылым салалары «Тарих-и Рашидиді» жіті оқыған адамға аңғарылады. Ал, Дулати өзі айтқандай, игемеген өнер түрлері кемде кем, құрылыс саласын да жақсы білген. Сондықтан да ол архитектураға, қала құрылысына, сәнді де сәулетті ғимараттардың архитектурасына ерекше мән берген [3].

Дулати ең басты назар аударған саласы мемлекеттің құрлысы мен құрылымы, мемлекетті басқару ісі, оның құқықтың мәселелеріне қатысты ұстанымдары мен жинақталған тәжірибелері зерттеушілер үшін қызықты болар деп ойлаймыз. Дулати Шағатай, Моғолстан, әрісі Моғол ұлысы мемлекеттерінің тарихын, олардың құрылымын өте терең зерттеген Бабырдың құрған ұлы моғол империясының мемлекетік құрылысын, сондай-ақ Шаһибек хан империясы мен қазақ хандығына қатысты айтқан тұжырымды ойлары – тарихымыз үшін аса маңызды. Дулати тарихтағы ұлы тұлғалардың атқарған қызметі мен ролін де терең зерттеп, олардың қоғам дамуындағы миссиясына тоқталды. Ол «Тарих-и Рашидиде» кемел адам концепциясын көтеріп, оның шарттарына, талаптарына тоқталды. Ол ойларын ұлы тұлғалар, ғұламалар, сопылардың ірі өкілдері жайында айтқан әңгімелерінде желі етіп өре білді.

Билік – қоғам көшбасшысы, мемлекеттегі билік жұмысын ұйымдастырушы, билік ету өнері дарыған басшы.

«Тарих- и Рашидиде» бұл одан да анығырақ, әрі дәлірек ел басқарудағы 10 пунктпен көрсетілген. Бұл бүгінгі күнде көшбасшылар үшін өте қажетті дүние.

М.Х.Дулатидің пікірінше, әр бір мемлекет басындағы басқарушы:


  1. Кез-келген мәселені шешуде, өзін сол бағынушы адамның орнына қойған, ал бағынушыны өзінің билеушісі ретінде қойған, көшбасшы өзін әрдайым халықтан төмен қойған, және оның әр шешімінде әділдік көрінуі керек;

  2. Халыққа әрдайым қамқор, өз тыныштығы үшін халық мұңынан бас тартпауы керек;

  3. Билеуші өзін ерекше сәнді киімдер мен ерекше дәмді тағамдарға бойын үйретпеу керек;

  4. Себепсіз қатыгездік танытпаған. Кедейлер мен әлсіздермен сөйлесуге ұялмаған, намыстанбау керек;

  5. Әрбір іс-әрекеті адал және риясыз, шешім қабылдағанда әлсіздік танытпаған және біреу үшін әділетсіз шешім қабылдамауы керек;

  6. Мемлекетке қауіп төнер жағдайларда ешқашан жайбарақат қарау керек;

  7. Оқымыстылармен дидарласып, кеңестерін тыңдаған, екіжүзді өтірікшілерден өзін аулақ ұстау керек;

  8. Халық сүйіспеншілігіне бөленген, әлсіздерге көмек беруден тайынбау керек;

  9. Қылмыстық істерге жайбарақат қарамаған және оны жасағандарға ашуланбаған, қажет болған жағдайда оларды кешіру керек;

  10. Әрбір жағдайға тереңнен қарап, өз бетінше оқиғаны жан-жақты талдап, шығу себебін анықтап көру керек [2].

Осы он қасиет әрбір билеушінің бойында болса, халық ешқашан мұңаймай, бақытты өмір сүреді. Мемлекет іргесі берік болып, тек алға қарай дамиды.

Әділдік – қоғамдық құндылық, құқықтық және этикалық философиялық идеал. Мырза Хайдар өз еңбегінде дәл осындай анықтама береді. Адамзат әрқашан әділдік іздеген, әділдік жолында жүрген, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайларды әділдікке сүйене отырып бағалаған. Бұған қатысты жүз мыңдаған ұлттық және ұлтаралық аңыздар, эпос, миф, жыр, мақал-мәтел, тіпті фразеологизмдер арналған, дегенмен жоғарыдағының көбісіне Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашидиінде» ерекше тоқталып, өзінше анықтама береді. Оның бәрі автордың кітапта қандай да бір оқиғаны баяндау барысында, пікір білдіруде отанға, тарихқа, ұлы ата-бабалары мен олардың даналығына деген сүйіспеншілігінен көруімізге болады.

Сонымен қатар, кітапта бірнеше рет мемлекетті нығайту, ру-тайпалардың достығы мен этномәдени бірлестіктің қажет екені де айтылады.

Кітапта, әсіресе, әлемдегі халықтардың бірлік мен келісімділігі, сонымен қатар қоғамдағы тұрақтылық, теңдік баға жетпес құнды нәрсе екендігі көп баяндалады. Мысалы, кітапта өзгені қалай құрметтесең, сені де солай құрметтейді немесе «не ексең соны орасың» деген приципті кездестіруге болады. М.Х.Дулати гуманизм идеяларын қатты жырлап, байлық, әділдік, мейірімділік сынды қасиеттерге шақыра отырып, оларды әділдіктің негізгі анықтауышы деп есептеді. Мырза Хайдар өзінің басынан кешкен оқиғалары арқылы, өмірлік тәжірибелері арқылы теңдік болмай, әділдік болмайды деп түсіндіреді.

Сондай –ақ атақты ғұлама қоғамдық өмірде әділдікке кедерді жасайтын өзге де қасиеттерді тізіп береді. Ғалым үшін қатыгездік, дүниеқор, екіжүзділік, жауыздық – надандыққа алып баратын жол. Осыған орай автор адамдардың мейірімді, қамқор, кекшіл болмау керектігін айтады. Яғни, автор әр бір адам бойында әділдік болуы керек екендігін, оны елемеу немесе одан бас тартуға жол берілмеуі тиіс дейді.

Құқық – бұл да әділдікпен байланысты кез-келген адам үшін игілікті іс. Ол адамның айырылмас бөлігі, заңды, әрі дербес құндылығы.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің пікірінше, әркімнің өмір сүруге, денсаулық, атақ-абырой, мал-мүлік иемденуге құқығы бар. Шариғат заңы бойынша бала мен ата-анасы, жары мен туысқандары, көршілер мен билеушілер арнайы жіктелген. Бұлардың әрқайсысы қоғамда өзінің арнайы құқық шеңбері мен орны бар және ешкімнің оны елемеуге құқықы жоқ. Дегенмен, Мырза Хайдардың кімде-кім өзінің құқығын дұрыс пайдалана алмаса, қандай да бір кептеліске кезігетін болса, оған мемлекет басшысы кінәлі деп есептеген.

Мәселен, өткен ғасырдағы Кеңестік теория бойынша «Мемлекет халыққа құқық береді» және өмірде оның жүзеге асырылуына, қолданылуына ешкім кепілдік бермейді. Ал бүгінгі күнде әрбір істің заңды түрде жүргізілуі қамтамасыз етіледі, дегенмен ол заңды көп жағдайда еленбейді.

Дулатидің әскери өнерге, соғыс ғылымына, әскерді жасақтау мен құру, оған басшылық ету, қолбасшылық өнеріне қатысты ой-пікірлері үнемі алан шығып отырады. Ұрысқа басшылық ету өнеріне, қару-жарақ, отты қаруды жасауға аса зор маңыз берді. Отты қарудың оғы мен оның құрамындағы жарылғыш заттардың мөлшеріне дейін, зеңбірек құюшылардың тәжірибелерін қорытып, жауынгерлерді жарақтандыруға ерекше мән беруі – кімді болса да тәнті етеді. Себебі ұрыс тағдырын әскердің күш-қуаты ғана емес, ұрыс жүргізу құралдары, отты қару-жарақтар шешетін. Заманында Дулати осындай артықшылыққа қол жеткізе білді.

Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашидиінде» психология, оның ішінде мемлекетті басқару психологиясы, әлеуметтік психология, әскери психология мәселелері әр қырынан қарастырылып, сипатталынады. Сондай-ақ оның творчествалық психологияға қатысты ой-толғамдары да, зерттеулері де өте құнды, кейіпкер психологиясын көркем шығармада ше берде көрсете білу – автор шығармашылығының ерекше қырлары ретінде қарастырылатын проблемалар. Мұхаммед Хайдар мемлекетті басқару ісі мен өнерін игеріп қана қоймай, мемлекетті басқару психологиясын да терең білген, оған үлкен мән бергенін көреміз. Дулатидің шығармасында әскери психологияның түйінді мәселелері өз дәуіріне сай терең әрі жан-жақты көрсетіледі. Ол жауынгерлер мен қол басшының, сарбаздадың, ұрыс, майдан даласындағы психологиясына, олардың ішкі жан дүниесіне, рухына жазушы ретінде үңіліп зерттейді әрі қысылтаяң шақтағы адам психологиясын өз шығармасында дәл де нақты бейнелейді. Ол орта ғасырда өмір сүрген психолог жазушы болды. Әкесі Мұхаммед Хұсейіннің өзімен айырылысу сәтіндегі ішкі жан толғанысын, күйзелісін, тебіренісін, психологиясын соншама нәзік сипаттаған тұста оқырманның өзі де тебіреністі бастан кешеді [1].

Дулатидің дүниетанымын тереңірек әрі жан-жақты қарастырыптану үшін алдымен оның философиялық-гуманистік идеяларына, педагогикалық-психологиялық ой-толғамдарына, тарихи-құқықтық пайымдауларына, мемлекеттік басқару, қолбасшылық толғамдарына талдау жасап, зерделеуіміз керек. Дулати қазақтың Әл-Фарабиден кейін шыққан философы, ол жазба мәдениетке негізделген тарихи-сабақтастық арналары қайнарлы философтардың ілімін өз бойына сіңіріп, олардың тәжірибелерін өз дүние танымын дамытуға пайдаланып, көркем шығармасында шебер қолдана білген ойшыл. Дулати қазақ философиясының дамуы мен қалыптасуына өз тарапынан үлес те қоса білген білімпаз ғалым. М.Х.Дулатидің философиялық көзқарасы мен ой-пайымдары атақты классикалық еңбегі «Тарих-и Рашидиде» жинақталынған.

Дулати – философ, оның дүниетанымы, қоғамға көзқарасы аса күрделі, оны бірер сөзбен жинақтап бере алмайсыз, оның үстіне діннің де терең білгірі болды. Ол ислам дінінің тармақтарын, тегіс ағымдарын, секталардың қызметін, олардың теріс насихаттарын дұрыс көре біліп, оған тосқауыл қойған қайраткер. Бір ғажабы Дулати аспаннан түскен төрт кітапты да оқып, толық хабардар болған ғұлама. Ол будда ілімін оқып білді, себебі үндістердің тұтынатын діні будда болатын. Діндер арасындағы байланыстар мен ерекшеліктерді, айырмашылықтарды Дулати лама дінінің өкілімен сұқбатта ойын ашық баяндайды. Кашмирде жалған дін таратушылардың «фикһ-ахват» деген кітабын алдырып, үнді ғұламаларына жіберіп, пәтув беруін сұратуы – ислам діннің негіздеріне нұқсан келтірмеу мақсатында жасалынған әрекет болатын. Сөйтіп Үндістан ғұламалары бұл жалған наным күпірлікке, адасушылыққа ұрынған, мұндай кітапты жою керек. Нұр бахши ілімінің таралуына тосқауыл қою қажет. «нұр бахшиді» түп-тамырымен жойып, отап жіберу керек, сектаны ұстанушылар мен жақтаушыларға тыйым салу, дін тазалығы үшін оларды өлтіріп жіберу уәжіп болмақ деген пәтуа жасайды. Кашмирдегі «шамасин» - «күнге табынушы» деген топ, діннен, құдайдан безген кәпірлер, күпірлік жолға түскен секталарға қатысты Дулати үндістан ғұламаларының пәтуасы негізінде аяусыз күресіп, тыйым салған, өте қатал шешім шығарды. Ғұлама бабамыз: «өйткені менің қаталдығым оларға мәлім болған. Ал егер ондай нәрсе байқала қалса, онда оларға өлімнен басқа шара қолданылмайды», - деп кесіп айтады.

Дін исламның тазалығы үшін, бір Құдайдың ғана хақ екенін, Аллаға ғана сыйыну қажеттілігін, жалған дінді уағыздаудың кез-келген түрі күпірлікке алып баратынын ашып айтады. Дулатидің аса ірі мемлекет қайраткері екенін дінге қатысты мәселеден де айқын байқалады. Дулати – жан-жақты білім иесі, нағыз дінтанушы ғұлама да. Ол ислам өркениетіне өз еңбегімен аса зор үлес қосты. Оның «Тарих-и Рашидиді» ислам дінін қабылдаған тоғылық темірге қатысты әңгімеден бастауы жай нәрсе емес. Ислам дінін қа былдамаған Моғолстан хандарынауызға алуға да лайықсыз деп санаған. Дулатидің ислам дініне қатысты, оны дамыту, насихаттау, хақ жолымен жүру турасындағы ойлары өмір өте өміршең еді, оның сондай-ақ сопы ғұламалары жөніндегі ой-пікірлері мен ұстанған бағыт, пайымы көп дүниенің сырын да ашады. Дулатидің философия, дінтану мәселелеріне байланысты ой-пікірлері бүгінгі күнмен де сабақтасып, өзекті мемлекеттік, қауіпсіздік мәні бар аса ірі мәселе болып отырғанын айту қажет.

Дулати – ақын, жазушы, сонымен қатар, әдебиет, өнертанушы, кітаптанушы ғалым. Шығыс классиктерінің еңбектерін жастайынан медресе табалдырығын аттасымен үзбей оқып, өнеге, ұлгі тұтып, өзі де солардың салған үлгісіме өлең, жыр, дастан жазған, көркем шығарма туындатқан жазушының әдебиетке қатысты, мәдениетке, кітап басу ісіне байланысты айтқан ой-пікірлерінің ғылыми-танымдық маңызы аса жоғары. Себебі Дулати ұлы ақындарға өз деңгейінде лайықты бағасын беруді, олардың шығармашылығына өз көзқарасын білдіруді азаматтық парызым деп санаған.


Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» ауд. М.Қазыбек, Ә.Нұралиев – Алматы: «Мирас»,

  2. Дулатитану белестері: ғылыми жинақтар/құраст. С.Құлбарақ. – Тараз: «Тараз университеті» баспасы, 2018. – 320 б.

  3. Қазыбек М. Ғалам таныған ғұлама (М.Х.Дулати: қайраткер, ғұлама ғалым, жазушы). Зерттеу – Тараз: сенім. 2018 – 240 б.



Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...