Сайыстың өткізілу барысы:
І.Кіріспе.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Қатысушы топтарды тіркеу
3.Қазылар алқасымен таныстыру
ІІ.Негізгі бөлім
Мұғалімнің кіріспе сөзі
«Қара жорға» биін билету
Ұлдарға «Асық ату» , қыздарға «Бес тас» лақтыру ойыны
« Білектесу» қол күресу
Иық тіресу
Арқан тартыс
ІІІ.Қорытынды.
1. Сайыскерлерді бағалау.
2. Байқау жеңімпаздарын марапаттау.
«Ұлттық ойындарды ұлықтау» тақырыбында өтетін топтық сайыстың
Сценарийі:
Армысыздар ұстаздар және бүгінгі сайысымызға қатысушы топтар!
Бүгінгі «Табиғат сақшысы» аулалық клубының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Ұлттық ойындарды ұлықтау» тақырыбындағы сайысымызға қош келдіңіздер!
Мақсаты: Оқушылардың жазғы демалыс уақытында табиғат аясында жазғы демалыс уақыттарын көңілді ұйымдастыру. Қазақ халқының ұмыт қалған ұлттық ойындарын қайта жаңғырту арқылы қазіргі заман талабына қарай оқушылардың қимыл- қозғалыс дағдыларын және ұлтжандылық сезімін ойату. Жасөспірімдерді ұқыптылыққа , шапшаңдыққа , достыққа , дене тәрбиесімен айналыса отырып салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу
Қазақ халқы тойшыл , ойын-сауықшыл халық. Бүгiнде қазақтың ұлттық ойындарының 100 ден аса түрі мәлім. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін,мәдениетін ұлттық ойындар арқылы жасөспірімдер бойына, санасына сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын,бағытын дұрыс қалыптастыра отырып тәрбие берген. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев :«Ойын ойнап, ән салмай,өсер бала бола ма?»деп айтқандай жасөспірімдердің өмірінде ойын ерекше орын алады.Өскелең ұрпақтың өмірді тануы, еңбекке қатынасы психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.Ұлттық ойын-болашақ ұрпақтың ойлау қабілетін арттыратын негізгі іс-әрекеті екенін ойлай отырып жасөспiрiммен тәрбиелiк жұмысты ертерек және жас ерекшелiктерiне қарай жүргiзудi пайымдаған. Қазақ халқының ұлттық ойындары адамға өмірде жиі кездесетін қажетті қозғалыс дағдыларын жетілдіреді. Мұның адам бойында ептілік, жылдамдық, байқампаздық, санау, реттеу, топтау, жылдам ойлап, шешім шығару қасиеттерін жақсы дамытумен қатар, көз жанарын жетілдіруге, сауықтыруға да көп пайдасы бар, сонымен қатар қол, дене бұлшық еттерінің жақсы дамуына әсер етеді. Кейбір ойындарды жылдың барлық мезгілінде, барлық жастағы адамдардың ойнауына болады. Ұлттық ойындар адамның шаршағанын басып, сабырлыққа шақырады, көңіл-күйін жақсартады.
Достарыңызбен бөлісу: |