Ұлттық Қимыл-қОЗҒалыс ойындарының мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінде алатын орны



Дата10.09.2017
өлшемі23.33 Kb.
#19997
ҰЛТТЫҚ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫНЫҢ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының аға оқытушысы Каримова Р.Е.

Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының оқытушысы Абилбакиева Ғ.Т.
Негізгі ұғымдар: ойын, тәрбие, мектеп жасына дейінгі балалар, даму, білім беру, бала іс-әрекеті, ұлттық, қимыл-қозғалыс, дидактикалық ойын, шығармашылық ойын, сюжеттік рөлдік ойын, қимылды ойындар, ұлттық ойындар, педагогикалық ойындар.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жетекші әрекеті ойын болғандықтан, тәрбие мен білім беру үрдісінде оның алар орны ерекше.Ұлы Абай атамыз отыз сегізінші қара сөзінде: «Ғылыми – білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында алдастырып үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанынша» дегендей, баланы ойын арқылы көңілін баурап, қызықтыра отырып, танымдық белсендігін, ойлау қабілетін арттыруға, қиялын өрбітуге болады. Баланың өсіп - өнуінде ойынның мәні зор. Әсіресе, мектеп жасына дейінгі балалардың өмірінде ойын ерекше мәнге ие. Дана халқымыздың мектепке дейінгі шақтағы балаларды «ойын баласы» атауының өзі осыған дәлел болып отыр.

Ойын - бала өмірінің қажеттігінен туындайды. Яғни, балалар ойын барысында өмірдегі жағдайлар мен күнделікті болмысын қайталап отырады.Бала үшін ойын іс - әрекет болуымен қатар, олардың танымын, түсінігін, білімін жетілдірудің қайнар көзі.

Көрнекті совет педагогы М.С.Макаренко ата – аналарға арналған лекцияларында ойын тақырыбына ерекше тоқталып, «ересектер үшін жұмыстың, қызметтің, іс- әрекеттің маңызы қандай болса, бала үшін ойынның мәні зор, одан артық болмаса кем болмайды. Сонымен қатар, ойын барысында бала қандай болса, кейін ер жеткенде де сондай болмақ. Бала ойын арқылы күш – жігерін де жаттықтырады. Қоршаған ортамен оның құбылыстарының ақиқат – сырын анықтап, еңбек дағдыларын үйренеді» деп, ойынға ерекше баға береді. Болашақ қайраткер жолы, тәлімдік өнегесі– ойыннан бастау алады.

Ойын мен еңбектің ұқсас сипаттары көп. Сол үшін педагогтар «жақсы ойын жақсы жұмыс сияқты. Жаман ойын жаман жұмыс сияқты» деп олардың арасында айырмашылығының шамалы екенін көрсетеді.

Баланың ойынында да, үлкендердің жұмыстарындағыдай жауапкершілік болуы шарт. Бала ойын барысында: ережесін бұзбай, жолдастарын еш ренжітпей, ұқыпты, тиянақты болуға дағдылануы керек. Тәрбиеші мен ата – аналар балаға білінбейтіндей етіп ойынды қадағалап, демеп отырғаны абзал. Шындықты, әсіресе адамның көңіл – күйін дәл беретіндіктен бала ойынын К.Д.Станиславский «Егер сіз өнер саласында баланың ойнағанындай шындық пен иланымға жете алсаңыз, онда сіз ұлы артист болғаныңыз» деп бағалаған. Ал психолог А.В.Запорожец : «Ертегі сияқты, ойын да баланың бейнелейтін адамдарының ойы мен сезімдеріне терең бойлауға үйретеді күнделікті әсер шеңберінен адамның алға ұмтылыстары мен қаһармандық істерінің кең әлеміне шығарады», – деген. Яғни бала ойынға бар ынта, күш - жігерін, қиялын жұмсайды. Баланың ойынын терең бақылайтын болсаңыз, онда баланың жан дүниесін, қызығушылықтары мен қай сала бойынша икемді екенін ерте жастан – ақ аңғара алар едіңіз. Ойын арқылы баланың ерік – күшін, мінез – құлқын, эстетикалық талғамын қалыптастыруға (драмалық, рөлдік, шығармашылық ойындар барысында), ұжымдық қарым – қатынасқа, еңбек сүйгіштікке (серуендеу уақытында) тәрбиелеуге болады. Ойын, ең алдымен, балалардың ақыл – ойы мен танымдық белсенділігін арттырады.

Ұжымдық тәрбие беруде ойынның мән-мағынасы зор. Топ серуен, айналаны бақылау, экскурсия не болмаса күннің екінші жартысында қимыл – қозғалыс ойындарының барысында, дене тәрбиесінде іске асады.

Ойын кезінде балалар топпен ойнап, олармен қарым-қатынас жасауы күрделене түседі[1].

Қимыл – қозғалыс ойындары – мектеп жасына дейінгі балалардың жетекші әрекетінің тағы бір кешенді түрі. Қимыл – қозғалыс ойындары балалардың белсенді іс - қимылының нәтижесі. Олай болса, қимыл – қозғалыс ойындарының негізгі тармағы ұлттық ойындарға тоқталып өтсек. Әсіресе, мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәбие берудің негізгі құралы ұлттық ойындардың орны бөлек. Ұлттық ойындар барысында балаларға дене тәрбиесімен қатар, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру, баланы ұлттық рухта тәрбиелеу үрдісі жүзеге асады. Мәселен: «Ақсерек пен Көксерек», «Соқыр теке», «Орамал тастамақ», «Алтыбақан», «Бәйге» сияқты көптеген түрлері баршылық. Ұлттық ойынның нәрімен сусынданған жас ұрпақ қашанда ұлтжанды болып өседі. Сол үшін де патриотты, рухы мықты ұрпақ тәрбиелеуде осыны ескерген жөн.

Көне заманда жазу, сызу болмаған кезінде ата – бабаларымыз ұлт ойындарын жан – жақты тәрбиелеудің негізгі құралы ретінде қарастырып, тек ең күшті, төзімді, түрлі жарыстарда үнемі жеңімпаз атанатын адамды анықтау рөлін ғана атқарып қоймай, сонымен қатар тәрбиеге пайдалы ықпал ететін негізгі күш ретінде қарастырған.

Қазақтың ұлттық ойындарында адам өміріндегі балалық шақ, ер жеткен кез, үлкен адамдарға қатысты барлық кезеңдер ескерілген. Әр халықтың ұлттық ойындарының негізінде педагогикалық мақсаттар жатады.

«Біздің халқымыздың көп ғасырлық тарихында көптеген ойын - сауық ойындары болған. Ойын тек көңіл көтеру құралы болып қана қойған жоқ, ол сонымен қатар ерекше, одан да маңызды орын алады» - деп жазды көрнекті қазақ жазушысы М.О.Әуезов .

Мәселен байырғы ұлт ойындарының бірі «Арқан тартыс» ойынын алсақ, бұл жерде ойыншылардан бірлесіп жұмыла күш жұмсауды талап етеді, тек бірлік, ынтымақ арқылы жеңіске жетуге болатынын сезінеді. Мұның негізгі, әрі басты себебі, қандай да болмасын ұлт ойындарының өмірдің өзінен алынғандығы, сол ойындардың мазмұнында халқымыздың тарихы, өмір жолы жатқаны анық. Қазақтың ұлттық ойындары мазмұны жағынан халықтың өмірі, тарихы, салт-дәстүрі , әдет-ғұрпын бейнелейді .Әр ойын мақсат, мазмұнын бір-бірінен қайталамай, толықтырып, байытып отырады . Ұлттық ойындар ойнаушылардан тапқырлықты, ақыл-ойды, психикалық ерекшеліктерді, бірлесе қимыл жасауды, адамгершілік қасиеттерді, сөйлеу қабілеттілігін талап етеді және оларды ұйымдастыру мен өткізу үшін арнайы жағдайлардың қажеті жоқ.

Кез-келген ойынның шарты бойынша, жеңіске жететін және жеңілетін жақ болары анық, бірақ бәрі жеңіске жетуге тырысады, сол себептен алдын-ала жоспар жасап, оны қолдануға қажетті әдіс-тәсілдерді алдын – ала белгілейді. Тәрбиеші ойынның қызықты өтуі үшін балаларға ойын шартын бұзбауды үйретіп, жолдастарын ренжітпеуге дағдыландырып, ойын барысында сабырлы болып, шыдамдылыққа баулуы шарт.

Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тар болғандықтан , ойын мазмұны да шағын болуы шарт. Мысалы: 3 – 4 жастағы балалар 10 - 15 мин. ойнаса, 4 - 5 жастағы балалар 40 – 45 мин, 6 - 7 жастағылар бірнеше сағатқа, тіпті күнге дейін созылады.

Ұлттық ойындар барысында зейіннің аударылуы қасиеті байқалады. Мысалы: «Соқыртеке» ойынында соқыр теке рөлін ойнаушы ойыншылардың дыбысы қай жақтан шыққанын, олар алыста, не жақында екендігін және өзінің қауіпсіздік жағдайларына да зейін бөледі. Бұдан ұлттық ойындар барысында қимыл-қозғалыс әрекеті ғана емес, зейіннің бөліну қасиетінің дамитындығы көрінеді .

Бала организмінің үнемі қимыл – қозғалысты талап ететінін ескеріп, баладан ойлануды, біраз уақыт қимылсыз отыруды қажет ететін сабақтар үстінде бой сергіту, қан айналымын жақсарту мақсатында ұлттық ойындардың маңызы ерекше. Мемлекетіміздің мектепке дейінгі оқыту мен білім берудің жаңа стандартына сәйкес, балаларға оқу іс-әрекетін ұйымдастыру үрдісі топтық ойындар не болмаса, экскурсия есебінде жүргізіліп ұйымдастырылуы шарт. Балалар өздерін еркін сезінуі керек

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда ұлттық ойындарды кіріктіріп, ойнатсақ, балалар жалықпайды. Балаға ұлттық ойындарды үйрету кезінде тәрбиеші ең бастысы, ойынның тәртібімен барысын түсіндіріп, тарихына тоқталып, мағлұмат бергені жөн. Сонда ғана бала ойын барысында жауапкершілік пен тиянақтылыққа дағдыланады[2].

Ұлттық ойындардың көптеген түрлері бар. Олай болса осы ойындардың бірнеше түрлерін қарастырайық. «Жаяу көкпар»

Ойын күні бұрын белгіленген жерде өткізіледі. Ойынның қатысушылардың санына шектеу қойылмайды.

Ойнаушылар көмбеде бір сызықтың бойында қатарға тұрады. Ойын жүргізушісінің белгісі бойынша көмбеден 10 адым жерде жатқан көкпарды екі жүз, төрт жүз әрі кеткенде бір шақырымдай жердегі екінші көмбеге кім бұрын келсе сол ұтқан болады. Егерде екінші бір ойыншы жол ортада қуып жетіп басып озатындай шамасы болса, көкпарды қарсыласынан алып кетеді. Ал көкпарды алып келе жатқан ойыншының мұндай жағдайда қарсыласуына болмайды. Көкпардың орнына түйілген орамалды пайдалануға да болады.

«Жаяу көкпар» ойыны балаларды шапшаңдыққа, сонымен қатар шыдамдылыққа, жүйелілікке үйренеді . Белгіленген ережеге сай ойын жүйелі өтеді. «Жаяу көкпар» қимыл – қозғалыс ойыны болғандықтан, оны дене шынықтыру саласында қолданудың мәні зор .

«Қарагие»

Қарагие жас балалар арасында көп тараған ойындардың бірі. Ойын көгал жерлерде, алаңдарда ойналады. Ойынға ер балалар қатысады. Әр ойыншының қарағайдан немесе қайыңнан жонылған, ұзындығы 2 – 2,5 метр бір басы үшкір сызықтары болады. Егер сызықтары жас ағаштан жасалса, үшкір жағын отқа ұстап кептіріп алу керек, сонда мұқалмайды. Ойын жүргізушісі көмбеден 15 – 20 метр жерге апарып, жалауша тігеді. Ойынның мақсаты - әрбір ойыншы белгіленген қашықтықтан өзінің таяғымен жалаушаны көздеу керек . Ойын жүргізушісі де ойнауы шарт.

«Қарагие» ойыны да қимыл – қозғалыс ойыны. Балаларға ұжымдық тәрбие берудегі маңызы мол .

«Жаяу тартыс»

Ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, екі басы біріктіріліп, түйілген арқанды мойындарына іліп, қолтық астынан өткізіп, екі жаққа тартады. Ойынның мақсаты: Ойыншылардың бірін – бірі тартып мезеге дейін жеткізу. Қайсысы бұрын жеткізсе, сол бойынша ұтқан болып есептеледі, осылайша ойнаушылардың барлығы қатысып болғаннан кейін ғана жеңіске жеткен ойыншыны жариялайды .

«Алтыбақан»

Алтыбақан – қазақтың ұлттық ойыны. Алтыбақанды сырықтың екі басында үш-үштен қосақтап, байлайды. Алтыбақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруы тиіс. Оны құрастырып болғаннан кейін екі басынан үш қатар арқан байлайды. Арқанның екеуі де бір деңгейде, үшіншісі олардан 40-50 см төмен тұрады. Бір деңгейде байланған екі арқанға екі адам қарама - қарсы отырады да төменірек байланған арқанға аяқтарын тірейді. Бұларды бір адам тербетеді, алтыбақанда тербеліп отырғандар қосылып ән айтуға тиіс. Оны ертедегі ауыл өмірінде жастардың кешкілікте бас қосып халық аспаптарының сүйемелдеуімен ән салатын, айтысатын, әзіл – оспақ , назды күлкісімен көпшілік болып көңіл көтеретін ойын – сауығы болған. Алтыбақанның дене шынықтыруға да пайдасы бар. Ол – ауылдық жерде әлі де қызықты ойындардың бірі.

Қазақ халқы ұлттық ойындарға өте бай халық. Ұлттық ойындар сона, ата - бабаларымыздан қалыптасып, жалғасын тауып келе жатқан әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлеріміздің жемісі. Ұлттық ойындарымызды балабақшадағы балаларға үйретудің өзі балаға тек қимыл – қозғалыс ләззатын сыйлап қана қоймай, өткен өміріміз жайлы балаларға көптеген мағлұмат береді. Ұлттық ойындар барысында баланың әділеттілік пенбір –біріне деген достық ынтымақ, ауызбіршілік, кішіпейілділік сияқты адамгершілік қасиеттері дамытылады. Балалардың ойынды тез қабылдап, жылдам үйреніп, көпке дейін есте сақтауы үшін тәрбиеші көрнекі құралдарды жиі пайдалануы керек[3].

Сөз соңында ұлы ойшыл Аристотель өзінің бір тәжірбиесінде бір жыл бойы бір қолымен батпан іліп ұстап, екінші қолын бос ұстап жүрген екен. Осының салдарынан батпан көрген қарулы қолы , еттері өсіп жақсы жетіледі де, екінші қолы еңбекке жарамсызданады. Осы тәжірбие нәтижесінде ұлы ойшыл мынадай тұжырым жасайды: «Жан, дене қозғалыста болмаса - өледі.» Адамзат баласы сонау ықылым заманнан бері ұзақ өмір сүрудің жолын тек қимыл – қозғалыс ойындары арқылы, соның ішінде ұлттық ойындарына аса мән беру арқылы ғана ұзақ жасай білген десек артық айтпас едік . Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеші мамандар ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу мақсатын - өмірлік ұстанымы ретінде қарастырса, нұр үстіне нұр болар еді. Міржақып Дулатов ағамыз айтып кеткендей: «Өзі білу мен өзгеге білдіру екеуі бөлек нәрсе. Білгенін кісіге білдіру меноқыту өз алдына бір ғылым. Ол – педагогика» Сондықтан баланың қаншалықты жан – жақты дамыған, еңбекқор, ұлтжанды болып өсуі тәрбиешілер, сіздерге байланысты. Жас бүлдіршіндерді тәрбиелеуде адал, әрі шебер қызмет еткейсің, жас маман!



Пайдаланған әдебиеттер:

1. Ядешко В.И., Сохин Ф.А. Мектепке дейінгі педагогика. - Алматы, Мектеп 1982



2. Жұмабекова Ф.Н . Мектепке дейінгі педагогика.- Астана 2008 .

3. Меңжанова .Ә . Мектепке дейінгі педагогика. Алматы: Рауан , 1992 .
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді