Ұлттық әліпби –ұлт рухы мен мәдениетінің айнасы

Loading...


Дата20.03.2020
өлшемі18.46 Kb.
Ұлттық әліпби –ұлт рухы мен мәдениетінің айнасы.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы табысты мемлекеттердің бірі болғандықтан мемлекеттік тіліміздің биік тұғырға көтерілуі маңызды. Тіл – адамдардың ісі мен әрекетінің барлық саласында, өндіріс пен экономикалық қатынастар саласында, қоғамдық өмір мен күнделікті тұрмыста, саясат пен мәдени салада бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін негізгі құрал екені белгілі. Ендігі жерде еліміздің басты проблемасына айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі – әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшу. Елбасы назарына қоғамдық талқылаулардан өтіп, барлық ұсыныстар ескеріле отырып әзірленген ұлттық әліпби ұсынылды. Латын әліпбиіне көшу – еліміз үшін мәні бар тарихи оқиға. «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы Пре зидентіміз айтқан алты міндеттің ішіндегі маңыздысының бірі – ұлттық әліпби. Бұл – қазақ жұртының түркі әлеміндегі өз орнын, ойлау жүйесін сынға салатын қадам.  Елбасы өз сөзін ұлттық санадан бастайды, бұл тегін емес, себебі сырты қазақ, іші мәңгүрт адамнан не пайда, не қайыр? Ұлттық санасы жоқ адамнан ұлтқа деген бір әрекет күтудің өзі қиын екенін білуіміз керек. Елбасы былай дейді: «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» [1]. Ұлттық санаға, ең алдымен, әсер ететін күш – ана тілі. Тілімізді реформалау ұлттық сананы жаңа деңгейге көтеретін қадам. Осыған байланысты ол саяси болғандықтан, елбасы бұл мәселені көтеріп, халық талқысына ұсынады. Елбасы өз мақаласында былай деп жазады: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек» [1].  Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі айтылып келеді. Қазіргі қолданыстағы кириллица – қазақ тарихындағы төртінші алфавит екені бәрімізге мәлім. Сонау сақ дәуірі, түркі дәуірі кезеңіндегі ата-бабалаларымыз өздері ойлап тауып, енгізген, құрастырған алфавиттен басқалары бодандықтың кебімен күштеп енгізілді. Түркі заманынан мұра болып қалған осынау құндылық «руно» жазуы еді. Одан кейін араб шапқыншылығы кезеңінде елімізге араб жазуы (төте жазу) ислам дінімен қатар келді. Латын және кириллицаны Кеңес үкіметі енгізді. Мұндағы мақсат – алфавитке көшу арқылы қазақ халқымызды рухани есеңгіретіп, халықтық болмыс, ұстанымдарынан айырып, мәңгүрт етіп алдарына салып айдап өз дегендерін жүзеге асыру еді.Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. 1929 жылға дейін қазақтар араб жазуын пайдаланды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді. Латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы. Туған тіліміздің тамырына қан жүгіртіп, бабалардың аманат еткен тілін ұрпағына саф таза қалпында жеткізуге бастайтын ұлы бастаманы халқымыз сарыла күткен еді. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деген болатын. Елбасымыздың жақында ғана жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз», – деді. Қазіргі таңда бұл мәселе қоғам талқысына айналды. Әлбетте, латын әліпбиіне көшуде кейбір қиындықтар да кездесетіні белгілі. Дегенмен де қоғамда қазақ ұлты үшін де, халқымыз үшін де тиімді болатын мәселеге байланысты әр түрлі пікірлер қалыптасуда. Жаңа әліпбидің бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз. Себебі латын қарпі – ғылым мен техниканың, интернет пен IT-технологиялардың тілі. Қазіргі кезде қоғамымыз, соның ішінде жастарымыз латын әліпбиіндегі таңбалармен жақсы таныс десек те болады. Заманымыз біз ойлағаннан да тез дамуда. Алып қарасақ интернет желісі соның ішінде WhatsApp арқылы негізінен латын әріптерін пайдаланады. Сонымен бірге күнделікті жұмысымызда компьютерді қолданғанда да әріптерді бірде қазақшаға, бірде ағылшынға ауыстырып отырмаймыз. Яғни, қазіргі уақыт ақпараттық технология заманы болғандықтан латын әліпбиіндегі таңбаларды қолдану жеңілдеу болатыны белгілі. Латын әліпбиінің тағы бір басымдылығы түркі ағайындарымызбен ғана емес шет мемлекеттермен де байланысымыз арта түсетіндігі. Латын әліпбиі жалпы түркі халықтарының ортақ түсінісетін жазуы болуы сөзсіз. Айтсақ та, түрлі пікірлер таласқа түсуде. Баспасөз бетінде айтылып жатқан пікірлерге құлақ түретін болсақ, бұл мәселенің күрделілігі көзге түседі.Бұл туралы кезінде А.Байтұрсынов та айтқан болатын. Қазірдің өзінде қазақ тілін латын жазуымен таңбалаудың жүзден аса жобасы ұсынылыпты. Қалай айтсақ та соның ішінде ең тиімдісін таңдау оңайға түспейтіні белгілі. Мұның барлығы әзірше қоғамның талқылауында. Латын әліпбиіне көшудегі қолға алынып жатқан жұмыстар нәтижелі болып, болашақ ұрпақтың игілігі үшін жасалатын игі дүние болары сөзсіз. Елбасымыздың қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру мәселесі рухани жаңғыру бағдарламасына енгізілуі бекер емес. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тіліміздің әрі қарай жаңғыруына жақсы ықпал етері сөзсіз. Латынға көшу қазіргі күннен күнге даму үстіндегі заман талабына сай келгендіктен, дамыған, өркениетті отыз елдің қатарына қосылуына көмегі тиеді деп ойлаймын. Латын қарпіне көшу – біздің жан-жақты ойластырған, мақсатты түрде ұлт мүддесі үшін қабылданған шешім. 

Қазақтың жаңа латын графикалық әліпбиі – елдің санасын жаңғыртатын, әлемдік кеңістіктікке жол ашатын, рухани қасиеттерімізді айшықтайтын ұлттық жоба.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
мелетке толма
разрядты спортшы
ызметтер стандарттарын
дістемелік кешен
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...