Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы



бет1/3
Дата10.06.2022
өлшемі52.8 Kb.
#267837
  1   2   3
Байланысты:
o-vnesenii-ent-kaz
crossword 88, crossword 88, Маршрут поезда 351Ц Алматы → Оскемен-1 остановки, расписание движения





"Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 маусымда № 20826 болып тіркелді.

БҰЙЫРАМЫН


1. "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:





тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:


"Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы";





кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:


"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:";




1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


"1. Қоса беріліп отырған Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.";


көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында:





тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:


"Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары";





1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


"1. Осы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17450 болып тіркелген) (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ҰБТ) өткізу және мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін белгілейді.";





2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


"2. Осы қағидаларда мынада ұғымдар пайдаланылады:


1) ақпараттық парақ - ҰБТ өткізу пунктінде (бұдан әрі - ҰБТӨП) немесе базалық жоғары оқу орны (бұдан әрі - ЖОО), сондай-ақ республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін өтініш беру кезінде жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы беретін, таңдаған бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес берілетін парақ. Ақпараттық парақ: білім беру бағдарламалар топтарының тізбесі, ағымдағы жылы бөлінген білім беру гранттарының саны және өткен жылғы білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижелері туралы ақпаратты қамтиды;


2) арнайы пән - қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының арнайы пәндері бойынша білімі мен құзыретін бағалауға бағытталған пән;


3) базалық жоғары оқу орындары - ҰБТ-ны өткізуді жүзеге асыратын ЖОО-лар;


4) базалық ЖОО-лардың қабылдау комиссиясы - ҰБТ-ны өткізуді жүзеге асыратын ЖОО жанындағы комиссия;


5) бейіндік пән - таңдаған оқу бейініне сәйкес терең академиялық білімінің тұрақтылығын анықтайтын, пән саласындағы білім мен құзыретті толық бағалауға бағытталған оқу пәні;


6) жалпы кәсіптік пән - қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының жалпы кәсіптік пәндері бойынша білімі мен құзыретті бағалауға бағытталған пән;


7) жауап парағы - түсуші тест тапсырмаларының жауаптарын белгілейтін ҰБТ нәтижелерін бағалауға арналған арнайы бланк;


8) жауап парақтарының көшірмесі - тестілеу нәтижелерін бағалауға арналған құжат болып табылмайтын ҰБТ-дан кейін балдарды өз бетінше санауға арналған бланк;


9) желілік ЖОО-лар - ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ЖОО-лар;


10) желілік ЖОО-лардың қабылдау комиссиясы - ҰБТ-ға қатысу үшін түсушілерден құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ЖОО жанындағы комиссия;


11) нұсқаларды тарату парағы - қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға түсушілер үшін кітапша нұсқасының аудиториядағы белгілі бір орын нөміріне бекітілгендігі туралы ақпаратты қамтитын парақ;


12) отырғызу парағы - түсушілерді аудиторияда орындар бойынша бөлу парағы;


13) ҰБТ - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны;


14) ҰБТӨП - ҰБТ өткізу пункті;


15) шекті балл - тестілеудің әрбір пәні мен барлық пәндер немесе пәндер бойынша және кейбір ЖОО-лар мен жекелеген білім беру бағдарламалары топтары үшін Үлгілік қағидалармен белгіленген, республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін белгіленген балдардың минималды жиынтығы;


16) электрондық сертификат - Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланатын ҰБТ балдарын ресми растайтын үміткердің бірегей деректері бар электрондық құжат (бұдан әрі - сертификат).";





3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:


"6) ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған тұлғаларды күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;";





4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:


"4. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес немесе "Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 502 бұйрық) бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгіде келесі мерзімдерде:


1) күнтізбелік жылғы 1 және 15 желтоқсан аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;


2) күнтізбелік жылғы 1 және 15 ақпан аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;


3) күнтізбелік жылғы 1 мен 30 сәуір аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;


4) күнтізбелік жылғы 1 сәуір мен 5 мамыр аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін;


5) күнтізбелік жылғы 25 шілде мен 1 тамыз аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін өткізіледі.


5. Осы Қағидалардың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар ҰБТ-ға қатысу үшін ҰБТӨП-ке мынадай құжаттарды:


1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес немесе № 502 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі, жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылған өтінішті;


2) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі екі фотосуретті;


3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;


Бұл ретте жасы 16-ға толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ адамдар туу туралы куәлігінің көшірмесін тапсырады.


4) тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртекті;


5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзі білім алатын орта білім беру ұйымының анықтамасын тапсырады.


Оқуға түсушілер қалауы бойынша онлайн режімінде өтініш береді.


6. Осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ҰБТ-ға қатысу үшін желілік ЖОО-ға мынадай құжаттарды:


1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес немесе № 502 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі, жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылған өтінішті;


2) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі екі фотосуретті;


3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;


4) тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртекті тапсырады.


Оқуға түсушілер қалауы бойынша онлайн режімінде өтініш береді.


7. Осы Қағидалардың 4-тармағының 1) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар ҰБТ-ға қатысу үшін желілік ЖОО-ларға мынадай құжаттарды:


1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес немесе № 502 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі, жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылған өтінішті;


2) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі екі фотосуретті;


3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;


4) тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртекті тапсырады.


Оқуға түсушілер қалауы бойынша онлайн режімінде өтініш береді.


8. Осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ҰБТ-ға қатысу үшін ҰБТӨП-ке мынадай құжаттарды:


1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес немесе № 502 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі, жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылған өтінішті;


2) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі екі фотосуретті;


3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;


Бұл ретте он алты жасқа толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ адамдар туу туралы куәлігінің көшірмесін тапсырады.


4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзі білім алатын орта білім беру ұйымының анықтамасын тапсырады.


Оқуға түсушілер қалауы бойынша онлайн режімінде өтініш береді.


9. Осы Қағидалардың 4-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар ҰБТ-ға қатысу үшін желілік ЖОО-ға мынадай құжаттарды:


1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес немесе № 502 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі, жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылған өтінішті;


2) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі екі фотосуретті;


3) орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжатты (түпнұсқа);


Бұл ретте, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күнтізбелік жылғы бітірушілері білімі туралы құжаттың орнына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім алған мамандығының (біліктілігінің) коды мен атауын көрсете отырып, өзі оқыған білім беру ұйымы беретін, ағымдағы жылы оқуды аяқтағандығы туралы анықтама береді.


Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар, шетелдегі оқу орындарының түлектері болып табылатын оқитын орта білім беру ұйымынан мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудармасы нотариалды куәландырылған еркін нысанда анықтама береді.


4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;


5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) бекітілген электрондық форматта 086-У нысандағы медициналық анықтаманы";


6) тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртекті тапсырады.";





13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:


"13. ҰБТ қағаз немесе электрондық форматта ҰБТӨП базасында немесе базалық ЖОО-да немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымдарда өткізіледі.


14. Базалық және желілік ЖОО қабылдау комиссияларының құрамы ЖОО бірінші басшысы мен немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен бекітіледі.


Желілік ЖОО қабылдау комиссиясының функциялары:


1) түсушілерге таңдаған жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтары бойынша консультация беру, тестілеу рәсімімен таныстыру;


2) түсушілердің құжаттарын қабылдауды және тексеруді ұйымдастыру;


3) тестілеуге кіруге рұқсаттамалар мен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша таңдаған бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес ақпараттық парақтарды беруді қамтамасыз ету.


Базалық ЖОО қабылдау комиссиясының функциялары:


1) желілік ЖОО-ның техникалық хатшылары мен жауапты хатшыларына консультация беруді ұйымдастыру;


2) түсушілерді таңдаған жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтары бойынша кеңес беру, тестілеу процедурасымен таныстыру;


3) түсушілердің құжаттарын қабылдау мен тексеруді ұйымдастыру;


4) тестілеу өткізу үшін аудиториялық қорды қалыптастыру;


5) тестілеуге техникалық жабдықтардың жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;


6) тестілеуге кіруге рұқсаттамалардың берілуі мен электрондық сертификаттардың жариялануын ұйымдастырады;


7) бейіндік пәндер комбинациясы көрстетілген ақпараттық парақтарды беруді ұйымдастырады.";





29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:


"29. Ғимаратқа кіруге арналған есіктер бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте өткізу барысы, сонымен қатар тестілеуден кейінгі пайдаланылған кітапшалар сақталған бөлменің бейнебақылау жазбасы ҰБТ аяқталғаннан кейінгі 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мұрағатына тапсырылады.


ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін Ұлттық тестілеу орталығы тестілеу кезіндегі бейнебақылау жазбаларын талдауды жүзеге асырады.


ҰБТ кезінде түсушілердің Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген тыйым салынған заттардың біреуін пайдаланғаны анықталған жағдайда тестілеу нәтижелері (ҰБТ балдары), сондай-ақ республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нәтижелері білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен, жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нәтижелері жергілікті атқарушы органның қаулысымен күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегіне дейін нәтижелері жойылады.


Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нәтижесі бойынша білім беру гранты тағайындалған түсушіден ҰБТ-да Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген тыйым салынған заттарды пайдаланғандығы анықталған жағдайда Ұлттық тестілеу орталығы тестілеу барысында тыйым салынған затты пайдаланғаны туралы акт жасайды.


Білім беру грантын беру туралы куәліктің жойылатынын растайтын материалдар шешімімен бірге білім беру саласындағы уәкілетті органмен құрылған комиссияның қарауына ұсынылады.


30. Түсушілер тестілеуге кіргізу барысында ғимаратқа бір-бірден кіргізіледі.


Түсушілердің жеке басын сәйкестендіру тестілеуге рұқсаттама мен жеке басын куәландыратын құжаты негізінде, ал жасы 16-ға толмаған түсушілер ағымдағы жылы орта білім беру ұйымын аяқтайтындығы туралы анықтама негізінде жүргізіледі.


Бұл ретте, жеке басын куәландыратын құжаты немесе паспорты бар және өтінішті онлайн тіркелу жолымен автоматтандырылған жүйе арқылы берген түсушілердің жеке басы бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканерленуі арқылы сәйкестендіріледі және тестілеуге жіберіледі.


Тестілеуге кіргізу кезінде қол және рамалық металліздегіштер пайдаланылады. Тестілеуге кіргізу кезінде металліздегіштерді қолдану тестілеу өткізу барысында түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа төмендегі тыйым салынған заттарды: ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған ұялы байланыстар, оның ішінде пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон)), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың барлық түрлері, оның ішінде (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар және тағы басқаларды алып кіруіне жол бермеу үшін қолданылады.


Тестілеуге кіргізу барысында металл іздегішпен тексеру кезінде осы тармақта көрсетілген тыйым салынған заттар табылған жағдайда, Министрлік өкілі осы Қағидаларға 13-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ҰБТ өткізу пунктінің ғимаратына кіргізу барысында металл іздегішпен тыйым салынған заттар табылған тестіленушіні ғимараттан шығару туралы" акт жасайды және түсуші сол тестілеуге жіберілмейді және ағымдағы жылғы тестілеуге жіберілмейді.";





33, 34, 35, 36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:


"33. Мемлекеттік комиссияның құрамына облыстар немесе республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.


Бұл ретте мемлекеттік комиссия құрамына күнтізбелік жылы жақын туыстығы Кодекспен белгіленген ҰБТ тапсыратын адамдардың туыстары кірмейді.


Мемлекеттік комиссия мүшелерінің саны бес адамды құрайды. Мемлекеттік комиссияның шешімдері отырысқа қатысып отырған мүшелер санының жай көпшілік даусымен қабылданады және отырыс хаттамаларымен ресімделеді, оған білім беру ұйымдарының немесе білім (басқармаларының) бөлімдерінің білікті қызметкерлері қатарынан тағайындалатын төраға мен хатшы қол қояды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып саналады.


Мемлекеттік комиссия:


1) ҰБТӨП-те немесе базалық ЖОО-да тестілеу өткізу үшін аудиторлық қорды бекітеді;


2) Құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп, тестілеу басталғанға дейін ғимаратты терроризмге қарсы қорғалу мәніне тексеруді, сондай-ақ тестілеуді өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуді ұйымдастырады;


3) түсушілерді тестілеуге кіргізуді ұйымдастырады;


4) тестілеуге кіргізу барысында металл іздегіштерді пайдалануды және қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырады;


5) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы есепке алу және есеп беру құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) 135-қосымшаға сәйкес ұтқыр және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын беретін құрылғыларды пайдалануды, сондай-ақ электромагниттік өрісті өлшеу хаттамасын алуды ұйымдастырады;


6) ҰБТ өткізу кезінде кезекшілермен және медициналық қызметкерлермен жұмысты ұйымдастырады;


7) тестілеу материалдары салынған қаптарды ашу процесіне қатысады;


8) тестілеуге кіргізу кезінде түсушілерден металліздегіштермен тексеруге дейін алынған тыйым салынған заттарды сақтауды қамтамасыз етеді;


9) көру қабілеті, тірек-қозғалыс аппаратының функциялары, есту қабілеті


бұзылған мүгедектер мен мүгедек балалар үшін мүгедектігі туралы белгіленген құжатты көрсеткен жағдайда ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пән мұғалімі болып табылмайтын немесе ымдау тілін меңгерген маман беруді ұйымдастырады;


10) дұрыс жауаптар кодтарының және ҰБТ нәтижелерінің (апелляцияны есепке алмағандағы және алғандағы) жалпы шолу үшін ұсынылуын ұйымдастырады;


11) апелляциялық комиссияның жұмысы үшін жағдай жасайды;


12) сертификаттар мен таңдаған бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес ақпараттық парақтарды беруді ұйымдастырады;


13) кезекшілер құрамын бекіту және оларға нұсқаулық өткізу;


14) тестілеуде қолданылған кітапшаларды бейнебақылау жүргізілетін бөлмеде жойылғанға дейін сақталуын қамтамасыз етеді.


34. Базалық және (немесе) желілік ЖОО-ның қабылдау комиссиясы түсушілерден құжат қабылдауды электрондық кезекпен жүзеге асырады, ҰБТ-ға өтініш толтыру бойынша кеңес береді, түсушілерді құжаттардан көшірме жасайтын құрылғылармен, олардың және оларды алып жүрушілеріне күту орнымен, ауыз сумен қамтамасыз етуі қажет.


Өтінішті түсуші өзі толтырады және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы тексереді.


35. ҰБТ келесі мерзімдерде:


1) күнтізбелік жылғы 15 және 20 қаңтар аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;


2) күнтізбелік жылғы 26 және 31 наурыз аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1) және 6)тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;


3) күнтізбелік жылғы 20 маусым бен 5 шілде аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4), 5)және 6)тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;


4) күнтізбелік жылғы 17 және 20 тамыз аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін өткізіледі.


36. Түсушілер аудиторияға бір-бірден кіргізіледі, бұл ретте жеке басын растайтын құжат негізінде түсушінің жеке басы, он алты жасқа толмаған түсушілердің жеке басы анықтама негізінде сәйкестендіріледі, содан кейін рұқсаттама және рұқсаттама түбіртегі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырылып тексеріледі.


Түсушінің жеке басын сәйкестендіргеннен кейін аудиторияға кіргізілуіне тыйым салынған заттарға, кез-келген электрондық құрылғылар (оның ішінде байланыс құралдары), баспа және қолжазба материалдарына тексеру жүргізіледі.


Тыйым салынған заттарды аудиторияға алып кіруге әрекет жасағаны немесе академиялық адалдығына күмән келтіретін әрекет белгілері анықталған жағдайда, осы Қағидаларға 13-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасалады және түсуші сол тестілеуге және ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді.


37. Тестілеуге кіргізу барысында бөгде адам анықталған жағдайда Министрлік өкілі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуге жіберу барысында бөгде тұлғаны анықтау актісін жасайды, түсуші тестілеуге кіргізілмейді.


Тестілеуге кіргізу барысында бөтен тұлғаларды кіргізу фактісі анықталған жағдайда, өз орнына "бөтен тұлғаны" кіргізуге талпынған түсушілерге ағымдағы жылы ҰБТ тапсыруға рұқсат етілмейді.";





49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


"49. ҰБТ-ны өткізу барысында түсушіге рұқсат етілмейді:


аудиториядан дәліз кезекшісінің міндетін атқаратын Министрлік өкілінің, рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға;


сөйлесуге;


орын ауыстыруға;


тестілеу материалдарымен алмасуға;


тестілеу материалдарын аудиториядан шығаруға;


ғимаратқа және аудиторияға оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, калькулятор, фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон)), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың барлық түрлері, оның ішінде (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар және тағы басқалар), шпаргалкаларды алып кіруіне және қолдануына;


тестілеу материалдарын (жауап парағы мен кітапшалар) умаждауға, корректор сұйықтығын қолдануға, беттерді жыртуға;


жауап парағының бояуға қарастырылмаған секторларын бояу (жауап парағының нөмірі) арқылы бүлдіруге;


қауіпсіздік жүйесін әдейі бүлдіруіне.";





51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


"51. Тестілеу өткізу барысында рұқсаттама мен рұқсаттама түбіртегін қайта салыстыру кезінде бөгде тұлға анықталған жағдайда, Министрлік өкілі осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тестілеу барысында бөгде тұлғаның анықталуы туралы акт жасайды.


Тестілеу барысында өз орнына "бөтен тұлғаны" кіргізуге талпынған түсушілерге ағымдағы жылы ҰБТ тапсыруға рұқсат етілмейді.";


2-1-Параграфпен мынадай мазмұнда толықтырылсын:


"2-1-Параграф. Электрондық форматтағы ҰБТ-ны өткізу рәсімі


63-1. ҰБТ-ны электронды форматта өткізгенде түсушілер компьютер сыныбына бір-бірден кіргізіледі, бұл ретте жеке басын растайтын құжат негізінде түсушінің жеке басы, немесе жасы 16-ға толмаған түсушілердің жеке басы анықтама негізінде сәйкестендіріледі. Содан соң рұқсаттама және рұқсаттама түбіртегі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырылып тексеріледі.


63-2. Тестілеу өткізілетін күні таңертең Министрлік өкілі отырғызу парағын басып шығарады (электрондық форматта өткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуден алынады).


63-3. Түсушілер осы Қағидаларға 8-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отырғызу парағындағы нөмірге сәйкес орын алады, ол түсушілердің отырғызу орнының нөмірі бойынша сұрыпталады.


63-4. Отырғызылғаннан кейін түсуші отырғызу парағына, "Копьютер номерін" толтыра отырып қолын қояды.


63-5. Тестілеу басталғанға дейін жауапты тұлға түсушілерге тестілеу барысындағы тәртіп сақтау ережелері бойынша нұсқау береді.


63-6. Тестілеу басталмастан бұрын түсушіге қажет:


Экран жазбасына өзінің ID номерін енгізеді;


ОК батырмасын басады;


ОК батырмасын басқаннан кейін ҰБТ тестілеуін ашады;


ҰБТ тапсыруды бастайды.


Жұмыс үшін әрбір тестіленушіге А4 форматтағы үш парақ беріледі.


63-7. Тестілеу аяқталғаннан кейін ОК батырмасын басып, парақтарды Министрлік өкіліне тапсыру қажет.


63-8. ҰБТ нәтижелері тестілеу аяқталғаннан кейін беріледі және сондай-ақ тестілеу нәтижелері www.testcenter.kz сайтында жарияланады.


63-9. Түсушілер ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге жауапты ұйымның дайындаған бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен тестілеу тапсырады, бұл ретте ол ұйымды білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.


63-10. Тестілеу аяқталғаннан кейін түсушілер тестілеу негіздемесімен келіспеген жағдайда ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуді білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтаған ұйымының сайтындағы жеке кабинеті арқылы, жеке сәйкестендіру номерімен (ЖСН) апелляция береді.


63-11. Осы Қағидалардың 50, 51 және 52-тармақтардағы көрсетілген тұлғалардың тестілеу нәтижелері өңделмейді және жойылады.


63-12. ҰБТ тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау осы Қағидалардың 57-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.


63-13. Қысқартылған оқу мерзімі көзделген білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін ҰБТ тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау осы Қағидалардың 58-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.


63-14. Тестілеу өткізу барысында рұқсаттама мен рұқсаттама түбіртегін қайта салыстыру кезінде бөгде тұлға анықталған жағдайда, Министрлік өкілі осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тестілеу барысында бөгде тұлғаның анықталуы туралы акт жасайды.


63-15. Электрондық форматтағы ҰБТ-ны өткізу барысында түсушіге рұқсат етілмейді:


компьютерлік сыныптан дәліз кезекшісінің міндетін атқаратын Министрлік өкілінің, рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға;


сөйлесуге;


орын ауыстыруға;


тестілеу материалдарымен алмасуға;


тестілеу материалдарын аудиториядан шығаруға;


ғимаратқа және компьютерлік сыныпқаоқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, калькулятор, фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон)), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың барлық түрлері, оның ішінде (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар және тағы басқалар), шпаргалкаларды алып кіруіне және қолдануына.


63-16. Түсуші осы Қағидалардың 49-тармағын бұзған жағдайда, Министрлік өкілі осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Аудиторияда тыйым салынған заттың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған түсушіні аудиториядан шығару туралы акт жасалады.


63-17. Электрондық форматтағы ҰБТ-ны өткізу нәтижесіне мазмұны бойынша апелляцияға өтініш тестілеу аяқталғаннан кейін 100 минут ішінде беріледі. Апелляцияны қарау нәтижесі 3 (үш) жұмыс күн ішінде беріледі.


63-18. ҰБТӨП пен базалық ЖОО-дағы апелляциялық комиссияның құрамын мемлекеттік комиссия төрағасы бекітеді.


63-19. Апелляциялық комиссияның құрамы тестілеу пәндері бойынша орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінен қалыптасады. ҰБТ кезінде бір тестілеу пәні бойынша педагог қызметкерлердің саны - екіден кем емес.


63-20. Тест тапсырмаларының мазмұнына және техникалық себептеріне байланысты апелляцияға түскен өтініштерді ҰБТӨП-тегі және базалық ЖОО-дағы немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтаған ұйымдағы апелляциялық комиссия қарастырады.


63-21. ҰБТӨП пен базалық ЖОО-дағы апелляциялық комиссия өтінішті оң шешкен жағдайда, өтініш Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына жіберіледі.


63-22. ҰБТӨП пен базалық ЖОО-дағы апелляциялық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда, түсуші Республикалық апелляциялық комиссияға өтініш береді.


63-23. Тестілеу тапсырмаларын бағалауда бірыңғай критерилердің сақталуын қамтамасыз ету және тестілеу өткізу кезінде түсушілердің құқықтарын қорғау, даулы мәселелерін шешу мақсатында ҰБТ бойынша электрондық форматтағы ҰБТ-ға Республикалық апелляциялық комиссия өз қызметін жүзеге асырады.


63-24. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамын, ҰБТӨП пен базалық ЖОО-дағы апелляциялық комиссияның төрағасын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.


63-25. Апелляцияға түскен өтініштерді апелляциялық комиссия (Республикалық апелляциялық комиссия) күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде қарастырады.


63-26. Апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:


1) дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмесе (дұрыс жауаптың нұсқасы көрсетіледі);


2) дұрыс жауап болмаса;


3) берілген барлық жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмаларында бірден көп дұрыс жауап болса (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);


4) тест тапсырмасы дұрыс құрылмаса.


техникалық себеп бойынша:


тест тапсырмасы шартының фрагменті (мәтін, сызба, суреттер, кестелер) табылмаса, соның нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау мүмкін болмағанда;


Апелляция өтінішінде көрсетілген нақты фактілер қарастыруға жатқызылады.


Барлық тест тапсырмаларының дәлелді негіздемесін көрсетпей, әрқайсысын қайта қарастыру көрсетілген апелляция өтініші қарастырылмайды.


Мазмұны бойынша апелляция өтінішінде тест тапсырмаларын қайта қарастыру бойынша түсуші дәлелді негіздемені көрсетуі тиіс (толық түсіндірме).


Техникалық себептерге байланысты апелляция өтініші тестілеу кезінде акт толтыра отырып кезекші мен екі тестіленушінің қатысуымен беріледі.


63-27. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.


Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі шешуші болып табылады және қайта қарастыруға жатпайды.Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі төрағаның және барлық мүшелерінің қолымен расталған хаттамалармен ресімделеді. Республикалық апелляциялық комиссияның хаттамалары бір жылға тестілеуді ұйымдастыруға жауапты ұйымда сақталады.


Апелляция нәтижесі түсушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.";





74-тармақ мынадай редакция жазылсын:


"74. ҰБТ-ның тапсыру нәтижелерін алу үшін жеке тұлғалар (түсушілер) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) Ұлттық тестілеу орталығына жоғары оқу орындары (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) немесе www.egov.kz "электрондық үкімет" веб - порталы (бұдан әрі - портал) арқылы осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарты) 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын ұсынады.


Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхат беруді жүзеге асырады не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.


Құжаттарды портал арқылы берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.


Портал арқылы өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті беруші олар түскен сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, құжаттар толық болмаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан бас тартады, ол порталдағы "жеке кабинетіне" өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жіберіледі.


Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде Ұлттық тестілеу орталығының деректер қорына көрсетілетін қызметті алушының ҰБТ тапсырғаны туралы мәліметті тексереді.


Деректер базасындағы мәліметтер расталғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға ҰБТ тапсырғаны туралы сертификат береді немесе порталдағы сертификаттың дайындығы туралы "жеке кабинетке" хабарлама жіберіледі.";


74-1, 74-2, және 74-3 тармақтармен мынадай мазмұнда олықтырылсын:


"74-1. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.


74-2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.


Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.


Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.


Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.


74-3. ҰБТ нәтижелері www.testcenter.kz Ұлттық тестілеу орталығы сайтында жарияланады.


Шетелдік жоғары оқу орнындарына тапсыруға ниет білдірген адамдар, өтініш негізінде ҰБТ баллдары көрсетілген анықтама алады.";





75 және 76-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:


"75. Ақпараттық жүйеде түсушінің Т. А. Ә. (бар болған жағдайда) оның жеке басын куәландыратын құжаты бойынша жүргізіледі.


76. Электрондық сертификат Ұлттық тестілеу орталығының электронды-цифрлық қолымен расталған ҰБТ-ның әрбір пәні бойынша баллдары көрсетілген ҰББДҚ ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерден тұрады.";


Қағидаларға 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:



"Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
1-қосымша";


Қағидаларға 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:



"Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
2-қосымша";


Қағидаларға 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:



"Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
3-қосымша";


Қағидаларға 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:



"Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
4-қосымша";


Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;


Қағидаларға 5-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;


Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;


Қағидаларға 7-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:



"Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
7-қосымша";


Қағидаларға 8-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:



"Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
8-қосымша";


Қағидалар осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 8-1-қосымшамен толықтырылсын;


Қағидаларға 9-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:



"Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
9-қосымша";


Қағидаларға 10-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:



"Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
10-қосымша";


Қағидаларға 11-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:



"Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
11-қосымша";


Қағидаларға 12-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:



"Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
12-қосымша";


Қағидаларға 13-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:



"Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
13-қосымша";


Қағидалар осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 13-1-қосымшамен толықтырылсын;


Қағидаларға 14-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:



"Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
14-қосымша";


Қағидаларға 15-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:



"Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
15-қосымша";


Қағидаларға 16-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:



"Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
16-қосымша";


Қағидаларға 17-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:



"Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
17-қосымша";


Қағидаларға 18-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:



"Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
18-қосымша";


Қағидаларға 19-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:



"Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
19-қосымша";


Қағидаларға 20-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:



"Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
20-қосымша";


Қағидаларға 21-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:



"Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
21-қосымша";


Қағидаларға 22-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:



"Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
22-қосымша";


Қағидаларға 23-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:



"Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
23-қосымша";


Қағидаларға 24-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:



"Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
24-қосымша";


Қағидаларға 25-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:



"Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
25-қосымша";


Қағидаларға 26-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:



"Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
26-қосымша";


Қағидалар осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес 27-қосымшамен толықтырылсын.


2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:


1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;


2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;


3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.


3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін.


4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру