Лингвоконцептология теориясы және әлемнің тілдік бейнесі. Концепттер ұғымы

Loading...


Дата07.04.2020
өлшемі0.81 Mb.
Калдыбаева А.Т

Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТ Университеті

Rgph301@mail.ru

Алматы, Казахстан



Лингвоконцептология теориясы және әлемнің тілдік бейнесі.Концепттер ұғымы

Бұл мақалада қарастырылатын негізгі мәселе ол тіл біліміндегі жаңа бағыт лингвоконцептология теориясы және әлемнің тілдік бейнесі болып табылады. Қазіргі кезде тіл біліміндегі зерттеулердің көбі негізгі категория ретінде концепт ұғымын алуда , соған байланысты мақалада концепт термині әр қырынан қарастырылады.



Тірек сөздер: лингвоконцептология,әлемнің тілдік бейнесі, концепт, концептосфера, лингвомәдени концепттер, лингвомәдениеттану, концептология

Қазіргі таңда лингвоконцептология тіл білімінде ең жаңа бағыт болып табылады және концепт термині осы бағыттың негізгі зерттелетін мәселесі екені анық.

Лингвоконцептология толыққанды ғылыми тұрақталған бағыт деп айтуға болады, оның дәлелі ретінде категориалдық аппараты мен шыңдалған методологиядық зерттеу алгоритмдерін айтпағанда өзіне тән басқа да белгілері бар мәселен, оқұ құралдарының бар болуы, лексикографиялық практикаға шығуы яғни, концепттер сөздігінің жасалуы, аударма практикасында лингвоконцептология терминдерінің түсіндірілуі сынды белгілерін атап айтуға болады.

Ерекше айта кететін жайт ретінде В.И Карасик пен И.А Стерниннің «Концепттер антологиясын» айта кеткен жөн,оның 1 ші томы 2005 жылы жарық көрсе ал жетіншісі 2009 басылып шықты. ( 1 және 2 томдары «Гнозис» баспасында бір кітап болып басылып шыққан). Аталған көптомды еңбекте мыңнан аса жұмыс жинақталған, олар лингвоконцептология бағытында ғана емес сонымен қатар лингомәдени бағытта да көрініс тапқан. Мұнда түрлі концепттер берілген, мәселен, су,гүл, шәй, тамақ сынды қарапайым мәдени концептерден бастап, махаббат, сулұлық, еркіндік, Құдай, шындық, заң, сияқты ішкі жан дүниеге қатысты универсалийлер де жинақталған және кейбіреулері қайталанып та келеді, мысалы, еңбек, достық,саяхат, жас, отбасы, демократия,ақша және т.б. Сөзсіз, лингвоконцептологияны өзінің барлық теориялық, методологиялық, эвристикалық, рәсімдік қорларын толықтай ашып көрсетті деп айту қиынға соғады, сондықтан бұл бағытта әлі де талай белестер алынуы тиіс, алайда лингвоконцептологияның жетістіктерініне шолу жасайтын болсақ, оның өзіндік зерттеу аясының қалыптасуын, өзінің негізгі түсінігі яғни концпеттің айқындалуы оның зерттеу әдіс-тәсілдерінің жариялануы, концепттердің типологиясының құрылуы, олардың модельдеулерінің алгоритмдерінің құрылуы сынды жетістіктерді атап көрсетуге болады.



Әлем бейнесі - тіл тарихы арқылы ғана оқып игеруге болатын өзіндік классификациясы бар категория. Көптеген ғалымдар пікіріне қарағанда әлем бейнесі мозаика сияқты. Ол әртүрлі концептер мен олардың арасындағы байланыстан тұрады. Сондықтан да оны көп жағдайда әлемнің концептуальды бейнесі деп те атайды. «Концепт» термині когнитивті лингвистика саласы мамандары тарапынан көптен бері қолданылып келеді. Мысалы ондай ғалымдар қатарына А.Вежбицкая, Ю.С.Степанов, Р.М.Фрумкина, И.А.Мельчуктерді атауға болады. Лингвистикалық әдебиеттерде концепт терминіне әр түрлі дефиниция ұсыну кездеседі. Кейбір ғалымдар оны мәтінде берілген мағыналардың жасырын атауы деп түсіндіреді. Және ондай мағыналар адамның ұлтына, кәсібіне, мәдени деңгейіне, жасына байланысты болады дейді. А.Вежбицкая концепт дегеніміз адамның әлемді мәдениетпен тең деп қабылдап елестетуі десе, Ю.С.Степанов адамның ділін қалыптастырушы негізгі мәдени ұя деп біледі [66,67]. Мұнда бір жағынан белгілі бір ұғымның мазмұны көрсетілсе, екінші жағынан сол ұғымның мәдени дерек ретіндегі этимологиясы, сол ұғымға қазіргі заман көзқарасы тұрғысынан баға беру немесе сол ұғымның басқа бір затпен сәйкестігі көрсетіледі. Р.М.Фрумкинаның айқындауынша, концепт - өте ауқымды ойлау бірлігі. Концептінің негізінде жеке адамның өзінің сезіп білген жайлары жатады. Сезіп білген образдар нақты болады, сондықтан олар адамның сезімінен ойлау деңгейіне көтеріледі. Көптеген концептілер өзінің алғашқы сезілген күйдегі табиғатын сақтайды. Мысалы, ащы, тәтті, жота, тегіс, орындық деген сөздердің атауы сол алғашқы сезілген мағынасында сақталғандай әсер қалдырады. Ұғыммен салыстырғанда концептіде айқын құрылым да, қатаң бірізділік те жоқ. Концептуальдық белгілер тілдің семантикасы арқылы көрінеді. Сөз мағынасы, фразеологиялық тіркестер, сөйлемдер мен тұтас мәтіндердің схемасы белгілі бір концепт туралы білімнің көзі болып табылады. Концептілер сөз арқылы беріледі дегенмен, сөздің тілдегі мағынасы концептінің бір жағы ғана. Осыдан сөздің мағынасын толық ашатын синонимдік қатарлардың, тұтас мәтіннің қажеттігі келіп шығады. Жазған сөзді қайтадан редакциялау концептіні берудегі тіл жетіспеушілігінен, тілдік құралдардың кем болуынан туындайтыны байқалады. Осыдан келіп сөз өнері, сөйлей білу өнері, көркем сөйлеу өнері адамның мәңгілік құқығы мен міндеті екендігі бой көрсетеді. Кейбір тілдерде концепт бар, ал оған сәйкес келетін, сол концептіні дәл көрсете алатын сөздің жоқтығы да көрініс беріп қалатын тұстар бар. Мұны лакундар дейді. Мысалы, қазақ тілінде «жас жұбайлар» деген тіркес бар. Бірақ «кәрі жұбайлар» деген тіркес жоқ. Этникалық қоғамда кейбір концептілер жалпыұлттық, топтық сипатқа да ие болатын жайттар кездеседі. Мұндайда ұжымдық санадағы концептілердің жиынтығын концептосфера деп атау бар. Концептілер ұлттық ерекшелікке ие. Ұлттық концептосфера - ұлттық санадағы әбден өңделген, стандартқа түскен концептілер жиынтығы. Кейбір концептілер тек бір ұлтқа ғана тән, сондықтан оларды баламасыз сөздер қатарына жатқызуға болады. Бірақ көптеген концептілердің өзге тілде аудармасы бар екені де рас. Концептілер тілдегі лексемалар, фразалар, айтылыстар арқылы көрінеді. Олар - когнитивтік лингвистиканың зерттеу объектісі. Яғни, концептілер лексемалардың көмегімен жүзеге асады екен. Осының нәтижесінде әлемнің тілдік бейнесі келіп шығады. Әлемнің тілдік бейнесі халықтардың көп ғасырлық тәжірибесі негізінде жасалған жер бетіндегі заттар мен құбылыстарға берілген ат, басқаша айтқанда олардың жеке бөліктерін тілдік құралдардың көмегімен атауы. Оған адамның материалдық және рухани өміріне қатысты атаулар да жатады. Екіншіден, сол адамды қоршаған заттар: кеңістік пен уақыт, өлі және тірі табиғат, адам өмір сүретін қоғам мен адамның өзі жасаған аңыздар, мифтер т.б. Әлемнің тілдік бейнесі арқылы діл мәдениетпен байланысады. Бұл туралы Р.М. Фрумкина: «Наивная картина мира носителей данного языка отражается структурой смыслов слов и определяются культурой и ментальностью эпохи, местом человека в социальном пространстве, его самоидентификацией в качестве «Я» и в качестве «Мы».

Концепті түрлі қырынан қарастыру барысында сол концепт арқылы берілетін мәдени ақпараттың мазмұнына ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Концепті лигвомәдениеттанымдық аспектіде зерттеушілердің ( Н.Д.Арутюнова, В.В.Колесов, З.Д.Попова, И.А.Стернин, Ю.С.Степанов, В.Н.Телия, Л.О.Чернейко т.б.) пайымдауынша, концепт барынша кең ұғым. Оның мазмұнына ұғымдық белгілерден де басқа осы зат, құбылыс, нысанға қатысты барлық мәдени – аялық ақпарат енеді.

Лингвомәдени концептер тұтастай лингвомәдени қауымдастық ретінде әрі жеке тұлға ретінде құндылықтар белгіленген дүние бейнесінің басты бірліктерін көрсетеді.В.А.Маслова мәдени концептерді мәдени ақпарат ұғым ядросына жинақталған абстрактылы ұғымдардың атауларымен байланыста қарастырады. Мәдениеттің тірек концептілеріне В.А.Маслова мынадай абстрактылы атауларды «Ақыл», «Тағдыр», «Ерік», «Үлес», «Кінә», «Заң», «Еркіндік», «Зиялы қауым», «Отан» т.б. жатқызады. Г.Г.Слышкин мен В.И.Карасик концепті «құндылық элементтері басым көпжақты ментальдық бірлік» деп түсіндіреді. Концепт ассоциативтік векторлар тарайтын қандай да бір «күшті» сана тұрғысынан топтастырылады. Тіл тасымалдаушысына барынша өзекті ассоциацияны- концепт ядросы құраса, онша маңызды емесі- периферияны құрайды. Лингвомәдени концептің тілмен, санамен және мәдениетпен арақатынасын былайша тұжырымдауға болады:

1. Сана- концепт аумағы( концепт санада жатады)

2. Мәдениет-концепті анықтап, негіздейді. (яғни концепт- мәдениет элементтерінің ментальдық проекциясы);

3. Тіл немесе сөз – концептің заттану аясы [1;75-77].

Олар бұл схеманы салыстырмалы деп қарастырады.Тіл мен мәдениет феномендерінің арақатысының күрделілігін атай келе, (тіл бір жағынан мәдениет бөлшегі болса, екінші жағынан ол мәдени фактор ( сондай- ақ тіл мен сананың арасындағы екі жақты байланыстың болуы. Олардың пікірінше, лингвомәдени концепт лингвомәдениеттануда қолданылатын басқа бірліктерден ментальдық табиғатымен ерекшеленеді. Егер Е.М.Верещагин мен В.Г.Костамаров ұсынған логоэпистема сөз мағынасының элементі болса [2;84], тілде орналасса, онда В.В.Воробьев енгізген лингвокультурема деңгейаралық бірлік ретінде анықталады, яғни белгілі орналасқан жері жоқ, ал концепт санада орналасады[3;331]. Санада тіл мен мәдениеттің өзара әрекеттестігі жүзеге асырылады. Сондықтан кез- келген лингвомәдени зерттеу когнитивті зерттеу болып табылады.

Лингвомәдени концептер үш компонентті болып келеді: құндылық, фактуалды және образдық. Фактуалды элемент санада вербалды түрде сақталады, сондықтан сөйлеуде тікелей көрініс табады, ал образдық элемент бейвербалды ол тек бейнелеу арқылы беріледі. Лингвомәдени концептерді түрлі қырынан топтауға болады. Концептер тақырыптық жағынан эмоционалдық, білімдік, мәтіндік концептосфераны құрайды. Лингвомәдениеттанудың бірлігі ретінде концептермен қатар құндылықтар доминанты, прецеденттік ситуациялар, прецеденттік мәтіндер, прецеденттік айтылым- ойлар, прецеденттік есімдер секілді терминдер енгізілгенін айта кету керек. Қорыта айтқанда, лингвомәдени концептер тіл мен мәдениет байланысын аксиологиялық тұрғыдан қарастырып, бағалайды.Лингвомәдениеттануда концептердің өте қажет болу себебі олар ұғымдар мен түсініктер иеленген абстрактылы мағынадан әлдеқайда алшақ. Концептілер объективті біліммен бірге субъективті де білім бере алады. Атап айтқанда, әрбір адамның өзіне ғана қажет деп санайтын жеке білім, сенім, ол ғылыми емес те болуы мүмкін, көркем шығарма арқылы да, тіпті әңгіме арқылы да білім алуға мүмкіндік жасайды. Концепт терминін түсіну мен қолдануға байланысты айрықша құнды тәжірибенің жинақталуын орыс лингвомәдениеттану саласында ХХ-дың аяғы мен ХХІ ғасыр- дың бас кезіне қатысты деп санайды. Мұның философиялық негізін ХХ ғасырдың 70-80 жылдары Р.Павиленис атты ғалым салған еді. Ғалым концепт ұғымын санадағы объектіге тапсырма беру тәсілі, сол арқылы пайда болған мағына деп тәпсірледі. Оның айтуынша, мағынаны игеру дегеніміз - тәпсірлеуші ретінде пайдаланып келген концептілерден бірнеше құрылымдар жасау. Осы түсінік тұрғысынан қарағанда концепт ұғымы - белгілі бір тіл иесі халықтың тіліндегі олардың өзекті деп санайтын мәдени-танымдық тәжірибесін жинақтаған концептосфералардың тәпсірленуі, басқаша айтқанда, әлем туралы пікірлер мен білімдер жүйесінде жинақталған тәпсірлеулер.

ХХ ғасырдың соңында концепт термині әртүрлі гуманитарлық мәтіндерден көріне бастады. Осы тұста ортағасырда өмір сүрген ғалым П.Абелярдың теориясы сұранысқа ие бола бастады. Бұл теория бойынша концепт таным актісінің ең негізгі көрсеткіші болып саналатын біржақты және жан жақты сипаттау мағынасында қолданыла бастады. Ал бұл концептіні логикалық категориялардан ерекше айырып көрсететін белгі еді, әсіресе концепт ұғымы айтушы мен тыңдаушының ішкі жан дүниесімен теңеседі дейтін түсініктерден оқшаулана бастады. П.Абелярдың түсіндіруі бойынша, «концепт барынша субъективті», ол сөз арқылы қалыптасады, адамның жан дүниесінің ашылуы барысында, яғни тілдесу үстінде, адам жанының ес, елестету, талқылау, талдау, ойлау сияқты қабылеттерін жинақтай отырып жүзеге асады. Түсінік концептен гөрі объективті болып келеді. Ол тілдеспей тұрып-ақ адамның ойлау жүйесін қалыпқа түсіру функциясын атқаратын белгілер мен маңызды құрылымдарға байланысты болып келеді. П.Абелярдың концепт туралы орта ғасырдағы ой пікірі осы уақытқа дейін өзінің өзектілігін ғана сақтап қойған жоқ, сонымен бірге ХІХ және ХХ ғасыр ғылымынан өзінің қолдауын да тапты. ХХ ғасырдың басында концепт туралы пікірталасты С.А.Аскольдов бастады.Ол үшін концепт «таным актісінің мазмұнына тең жалпы түсінік, бірақ ол адамның жалпы білім кеңістігінде ғана өмір сүретін, көз алдынан ұстатпай өте шығатын елес тәрізді, нақлығы жоқ, жұмбақ әлем». (Аскольдов, 1999: 270). С.А.Аскольдов, «...концептіні «елес тәрізді» дей отырып, оны «адамның психофизикалық табиғатының шындығы», сөз бен мағына арасындағы жетекші»,- дейді. «Концепт ойдағы жасалым, ол ойлау үрдісінде бізге белгісіз біртектес көптеген заттардың орнын алмастырады»,- деп түсіндірді ғалым. Қазіргі концептологияның көпқырлы аспектісін былайша көзге елестетуге болады:

1.Концепттер ділдік білімге негізделеді, себебі олар тілдің құнды мағыналық бөлігін құрастырады.

2.Концепт дегеніміз - әлем бейнесі құрастырылатын бірліктер.

3.Концепт - түгел ашылмаған мағына, ол - ұғымдағы «эмбрион», бірақ оған сөздің семантикалық құрылымы, сол сөз арқылы түсініілетін жалпы және жеке мағына сіңірілген, сондықтан ол - «эмбрионның» соңында үлкен мағынаға айналуы.

4. Кенеттен болған айтылыстарда мағыналық элементтер қатарында күрделі ұғым емес, алғашқы ойдағы елестетулер, миға келген алғашқы сигналдар тілге оралады. Ал бұлар кейін концептінің өзі болуы да ықтимал.

5. Концептер сөздің жалпыланған образын жасайды.

Ғалым А. Ислам «Лингвомәдени ізденістерде дүниетанымдық концептілердің өзіндік орны бар. Орыс тіл білімінде «понятие» мен «концепт» терминдерінің ара жігін айқындаған ғылыми мақалалар аз емес. Ал қазақ тіл білімінде әзірге бұл термин төңірегінде пікір талас болғанымен, «ұғым» деп те, «концепт» термині түрінде де қалдыруға болады деген ойдамыз. Ал енді «концепт» дегеніміз, ол біздің пайымдауымызша, адам санасында тұрған орта, дін, мәдениет, жалпы айтқанда дүние таным негізінде белгілі бір ұрпақтан – ұрпаққа өзгеріссіз беріліп отыратын құндылық. Сөйтіп, олар «концептілер аймағын» құрайды» [Ислам, 2003, б. 2] дейді. Концептілер қай ұлттың мәдениетінде болмасын, саны жағынан ғалым Ю.С. Степановтың айтуынша, елу шақты [Степанов, 1997].

Концептілер - ұлттық танымның бір көрінісі сондықтан да ғылымның лингвокогнитивтік моделі болып саналады. Концепт қандайда бір ауқымды идеяның сан алуан күрделі ұғым түсініктердің суретті сипаттамалары. Оның мазмұндық құрлымы тіл мен бейнелі ойлау заңдылықтарының сабақтастығынан туындайды. Концепт бір сөздің беретін ұғымы мен түсінігі емес, күрделі семантикалық бірлік. Концепт пен ұғым екеуінің аражігі бұл күндері толық ашылған логика лингвистикалық бірліктер болып табылады. Ол тілдік бірліктердің қандайда болса да (сөз, сөз тіркесі, сөйлем, дискурс) белгідей алатын, семантикалық өріс ретінде көрініс беретін мағына. Онсыз ол концепт деңгейіне көтеріле алмайды. Концепт түрлері: мәдени эмоционалдық концепт, метафизикалық концепт, ұлттық-мәдени концепт. Концепт типтері: фрейм, сценарий, скрипт, схема, ойбейне.

1. Концептілік мәнге ие тілдік бірліктердің, концептілердің ішкі құрылымын мәдени танымдық ақпараттар көзі деуге де болады. Себебі онда мәдениет қалдыратын «іздер» - мифтер, архетиптер, салт-дәстүрлер, тарихи оқиғалар мен материалдық мәдениеттің элементтері көрініс табады. Белгілі бір концептілердің ұлттық танымдық мәдени ақпараттық ішкі құрылымының мазмұнын ой елегінен өткізу «зат пен құбылысқа атау берудің тілден тыс себептерін ашып көртсетуді, атауға негіз болған заттың (құбылыстың) негізгі белгі қасиетін анықтауды басты міндет ететін», лингвистика ғылымындағы номинация теориясымен өзара сабақтастықта қарастырылады.

Дегенмен, ой-санада жинақталған білімнің уақыт талабының еншісі мен ақпарат құрылымының дамуына байланысты когнитивтік бірлік-концептіні

ұғымнан ажырату, оны бір тұжырымға келтіру зерттеуді талап етеді. «Концепт» туралы пікір әр жақты. Олай дейтініміз, жарық көрген материалдарда концепт туралы бір-біріне жуық, бірақ өзіндік ерекшеліктерімен бірнеше көзқарастар, ережелер кездеседі. «Концепт (от лат. соnceptus - мысль, понятия) смысловое значение имени (знака) т.е содержание понятия, объем к-рого есть предмет (денотат) этого имени (напр., смысловое значение имени луна – истесать.

1.«Ұғым» қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: 1. Белгілі бір зат, құбылыс жөніндегі адамның түсінігі, танымы. Қазақ ұғымында жылқы еті ең жеңіл ет (Қасиманов).

2. Мән, мағына, маңыз. Ана тілім-ана сүті, жүрегім, Жүрек тынса, тірлікте не ұғым бар?

Бұдан, ұғым құрылымына қарағанда концепт құрылымының ауқымы кең екенін көреміз. Бұл жерде А. П. Бабушкиннің «Қазіргі таңда тілші ғалымдар «ұғым» терминін классикалық мәнін қолдана бермейді, оның орынына «концепт» деп аталатын ойлау конструктісін қолданғанды жөн көреді» десе, В. А. Маслова концепті «Ментальные сущности, которые имеют имя в языке и отражают культурно-национальные представления человека о мире дейді. Ал, ғалым Ю. С. Степанов «Концепт не только мыслятся, они переживаются. Они – предмет, эмоций, симпатий и антипатий, а иногда и столкновений» деген ой түйеді. Ғалым Е. М. Абақан: «Аристотельдің айтып кеткен «әлемнің тілдік бейнесі» туралы ойын бүгінде әркім әрқалай ұғынса да, болмыс пен тіл арасындағы тығыз байланыс бір ауыздан мойындалады. Мұндай байланыс санадағы көрініс тіл білімінде «концепт» немесе «эйдетикалық белгі (символ) деп те аталып жүр. «Концепт» деген терминді алғаш рет діндар-флософ Ансельм қолданған екен. Бұл термин латын тілінде conceptio – 1) байланыс, жиынтық, жүйе; 2) қойма; 3) заң актілерін тұжырымдау; 4) ұрық қабылдау; 5) сөйлем. Кең мағынасында бұл сөз – есімнің (белгінің) ұғымдық мағынасы, яғни ойдағы ұғым, идея» дегенді білдіреді. Лингвистикада «концепт» термині, көбіне, «грамматикалық немесе семантикалық категория» мағынасында жұмысалып жүр. Концепт (ұғым) сөздің мағынасы ретінде түсініледі. Бірақ ол жалпылаудың (обстракцияның) ең жоғары деңгейін білдіретін ұғым-концепт емес – «оқиға, процесс, дерек» туралы ұғым. Сондықтан, «концептуальды талдау» сөздің немесе сөйлемнің контекстке, яғни нақтылы мағынаға қатысы анықталуға тиіс» дей келе, «Абстрактылық концептер өте көне замандарда пайда болып, қазіргі евразиялық тілдердің ажырамай тұрған кезінде белсенді роль атқарған екен. Протоевразиялық тілдердің өзегін құрайтын мұндай концептердің тілдердің өзегін құрайтын мұндай концептердің тілдердің дамуына тікелей әсер болған. Концептерді анықтау протоевразиялық тілдердің даму тарихын, жалпы тілдің табиғатын тануға мүмкіндік береді. Тілдің абстрактылық, символдық табиғаты тілдердің генеалогиялық, типологиялық жүйесін де қайта қарауға негіз бола алады» дегенді алға тартады.

Ғалым Н. Уәли: «Концепт индивид санасында сәуелеленген сезімдік-заттық образдың (перцевтивті модус) негізінде пайда болады. Концепт негізінде сезімдік тәжірибе жатады. Сезімдік - заттық образ (код) концептің ядросы болып табылады. Осы заттық код белгілі бір объектіні терең, жан-жақты білген сайын жаңа мәндік белгілерімен байи түседі. Осының нәтижесінде концептің мазмұны ұлғаяды, мазмұны кеңи түседі.... Концептінің жасалуына ұғым емес, заттық образдар (бейнесі) негіз болады. Мысалы, ат жалын тартып мінді (ержетті) дегенге ат, мін=жал деген (субъект-предикат) ұғымдар емес, ақиқат өмірден алынған сенсорлық-перцептивті образ негіз болып тұр», -дей келе, «Ұғым мен концептінің мағынасы тепе-тең емес. Ұғым белгілі бір объектінің танылған аса мәнді белгілерінің жиынтығы болса, концепт - мазмұн межесі жағынан объект туралы барлық білімнің жиынтығы, ал тұрпат меже тұрғысынан тілдік бірліктердің (лексикалық, фразеологиялық, паремеологиялық т.б.), құралдардың жиынтығы болып табылатын ментальды, ұлттық ерекшеліктерді танытатын құрылым» дейді. Демек концептіні жеке тұлғаның санасында сәуелеленген сезімдік-заттық образдан пайда болады деген ғалым Н. Уәлидің пікірі Ю. С. Степанов пікірімен біржақты ұштасады. Тілдік бірліктер құралы фразеология туралы А. Исламда қостайды: «Ұлттық реңкті фразеологизмдер – дүниенің тілдік суретін мейілінше айқын көрсетер тіл қабаты. Фразеологизмдердің образдық негізі ұлт мәдениетінен, оның дүниетанымы туралы ақпарат берер көзі. Фразеологизмдердің мәдени коннотациясы, модустік бағалау реңктерін ашу ұлт өкілдерінің құндылықтар дүниесін айқындауға мүмкіндік береді». Қазақ тіліндегі концептілерді М. А. Күштаева: «концептіні адам дүние танымындағы әлем туралы ақиқат болмысты бейнелейтін когнитивті бірлік ретінде қарастыра келе, адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері бейнелеген жеке атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі, концепт терминіне «рухани мәдениеттің тірек сөздер» мағынасында ғана түсінбейміз, себебі тірек сөз концепт сөзіне емес «мәдени концепт» тіркесіне балама ретінде қоланылады» дегенді айтады. В.А. Маслова бұлардан үшінші бір топ «ұлттық мәдени категорияларды» қосымша бөліп шығарады. Мәселен қазақтар үшін өмір, өлім, жан, тән, ар, ұят т.б. ұғымдар концептінің ұлттық мәдени танымдық категорияларына жатады. Қазақ тіліндегі концептінің мән мағынасын айқындауға ой салатын пікірлеріде баршылық. Мәселен, Г. Смағұлова: «...фразеологизмдердің мағыналас тізбек құрудағы басты қасиеті – жалпы ұғым, түсінікке бағытталған тіркестер болатынын ескере келе, мағыналас фразеологизмдердің синонимдік тізбектерде ұғымды сөзбен жеткізе алмаған жағдайда мағына ортақтығын танытып тұратын жеке мағыналық ой басым түскен тұрақты тіркес сөз доминант қызметін атқаратынын айта келе, семантикалық синтагмалық аясында фразеологизмдер компоненттерінің қосынды мағыналары соңынан тұратын әр сол мағынаның толық жұмысалуына себеп болатын бір сөз тұруы шарт. Біз мұндай сөздерді «сүйемел сөз» деп атаймыз» дегенді айтады.

Зерттеуші С. Жапақов: «концепт дегеніміз индивидтің, тілдік ұжымның лингвистикалық қоғамдастықтың ақиқат туралы білім жүйесі болып табылады» десе, Ш. Елемесова концептілерге көркем мәтіннің ассоциативті концептілік құрылымы арқылы келе отырып: «Концепт базалық когнитивтік маңыздылық ретінде мәнді пайдаланатын сөздермен байланыстырушы концептуализация процесінің мазмұнды бірлігі ретінде шындықтың адам миына бейнеленуі» деп айтады. Ал, С. Жиренов концептіні: «Концепт – ойлау мен таным және мәдени процестердің жиынтығы бола келіп, адам ойындағы ғалам бейнесінің өзіндік белгілерінің ассоциациялануның нәтижесі. Концепт – тіл мен таным бірлестігі арқылы дүниені жан-жақты тануға, сонымен қатар ұлттық-танымдық мәдениетті зерделеп ұғынуға ықпал ететін, адам санасында жинақталған аялық білімнің шоғыры тілдік-танымдық бірлік. Концептілік мәнге ие доминатты талдау арқылы ақиқат дүниенің тілдік бейнесін тануға ұлттық-танымдық-мәдениеттің қалыптасу жолын білуге, сол арқылы бүгінгі тұрмыстағы хал-ахуал жайлы аялық білімде жинақталған ақпаратпен танысуға болады» тұжырымдайды. Тілдегі концептілер ұлттың, халықтың мәдениетіне, әдебиетіне, ғылымына, тарихына, тәжірибесіне, дініне тікелей тәуелді. Ол қатып қалған семонтикалық жүйе емес, керісінше, белгілі бір ұлттың мәдениті негізінде уақыт пен кеңістікте өзгеріп отырады. Концептілер адамға берілген ақпараттың концептуалдану процесінде жаңа мағынаға ие болуы арқылы құрылады. Ал концептуалдану – адамның танымдық әрекетінің маңызды поцестерінің бірі. Ол адамға берілген ақпаратты өңдеп, адам санасында (психикасында) жаңа концептілердің, концептілік құрылымдар мен концептуалдық жүйенің жасалуына жол ашады. Сонымен, когнитивтік тіл білімі әлемді тану негізінде санада қалыптасқан әлем туралы ақпараттарды жинақтау және концептілеу, оларды бір жүйеген топтастыру, әлемнің санада көріністенуі мен оның тілде берілу сипатын анықтау қызметтерін атқарады. Ал тілдік әлем бейнесі концептуалды әлем бейнесінің негізгі элементтерін мазмұндайды, тілдік құралдарымен концептуалдық әлем бейнесін ашады. Демек, концепт - ақиқат дүние әлемі. Концепт - өзіндік тілдік сипатқа ие құрылым.

Қорытындылай келе, ғалым С.А. Жиренов «Концепт белгілі бір идея мен сан алуан күрделі ұғым-түсініктердің, сипаттамалардың, бейнелі атаулардың жиынтығы болып табылатын тілдік модельдерден құралады.» деген ойлы тұжырымын алға тарта отырып, әлі де зерттеуді керек ететін бұл ғаламның тілдік бейнесі ғылымда қалай дегенде де өз орынын алатынын үлкен бір дүние дегіміз келеді. Себебі когнитивтік лингвистика танымдық бағыт ұстаса, түрлі концептілерді қарастыру арқылы сол халықтың ұлттық болмыс-тіршілігіне терең бойлауға мүмкіндік алуға әбден болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің оқытушысы Есембекова Ш.Т. Мақала. Лингвомәдени концепттер

2. Лингвомәдениеттану курсы. Лекциялар жинағы. Алматы -2015

3. С. Г. Воркачёв (Краснодар) «КУДА Ж НАМ ПЛЫТЬ?» – ЛИНГВОКУЛЬТУРНАЯ КОНЦЕПТОЛОГИЯ: СОВРЕМЕННОЕ СОСТОЯНИЕ, ПРОБЛЕМЫ, ВЕКТОР РАЗВИТИЯ

4. Лингвоконцептология: перспективные направления. Монография. Луганск. ГУ. ЛНУ имени Тараса Шевченко. 2013

5. « Қазақ тіліндегі «Бақыт» концептісінің танымдық сипаты мен қызметі.» Бияздықова Ә.Ә. Докторлық диссертация. Алматы-2014

6. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ «МАХАББАТ» КОНЦЕПТІСІ. Макала. Автор. Назира Сайбекова (Алматы, Қазақстан) 2015



7. Ангелова М.М. "Концепт" в современной лингвокультурологии / М.М. Ангелова // Актуальные проблемы английской лингвистики и лингводидактики. Сборник научных трудов. Выпуск 3. -М., 2004. - С. 3-10.

8. «Қазақ тіліндегі «Байлық – кедейлік» концептісі: танымдық сипаты мен қызметі». ҚОШАНОВА ЖАЗИРА ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ. Докторлық диссертация. Алматы -2009

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...