Енді №2-ші Ұлы Даланың ежелгі өнер және технологиялар залына қарай өтулеріңізді сұраймыз.
Бұл залдағы алғашқы витринада табиғи минералды тастар - күмістік жентек тасы (формула-Aq), табиғи минералды элементер тобы орналасқан. Aq-ның құрамы табиғи күмістен тұрады. Құрылымы алтын мен мысқа ұқсайды. Халькопирит жентек тасы кесек тау жыныстарынан алынады. Бұзылған тераэдрикалық сұлбасы бар, көлемді кристалл. Кристалл тау хрусталі - минерал таза табиғи кремни диоксиді, қара-қоңыр кварц, раухтопаздың бір түрі. Бұл минералды тастар Қазақстанның өзіндік байлығы десек болады.
Келесі тамашалайтын жәдігерлеріңіз Қола дәуіріндегі андроновтық әйелдің костюмі және қыш ыдыстар кешені. Бұл костюм андроновтық мәдени қауымдастығының үздік үлгісі. Қола дәуіріндегі жерлеу ескерткіштерінде тоқымы киімдері өте сирек сақталған. Бұл киім үлгісіне қарап Қазақстан аумағында тоқыма өнерінің дамығандығын көре аламыз.
Алдарыңызда Шығыс Қазақстан облысы Берел қорымындағы №11 обаның макеті, 1998 жылы бұл қорымнан патшамен қосып жерленген 13 жирен жылқы анықталған, б.з.д. IV-III ғасырға жататын ескерткіштен көптеген органикалық бұйымдар табылды. Пазырық мәдениетінің озық үлгісі. Жылқылардың барлығы дерлік ағаш бұйымдар мен алтын фольга жалатып әшекейленген. Зерттеу жұмыстары нәтижесінде әлеуметтік дәрежесі жоғары тұлғаға арналған жерлеу ескерткішінен анықталған жылқылардың 13-ші де әр аймақтан әкелінгені белгілі болған. Ескерткіштің ашылуы әлемдік теңдесіз жаңалық.
Алтын адамдар Ары қарай, зал экспозициясына Қазақстан аумағынан табылған «Алтын адамдардың» реконструкциялары ұсынылған.
Алдарыңызда Талды 2 (Орталық Қазақстан, б.з.д. VII-VI ғғ. және Аржан 1,2 (Тыва, IX-VIII) қорғандарынан табылған «Алтын адамдардың» бейнелері біріктірілген «Алтын адамның» көркемдік сипаттағы реконструкциясы көрсетілген. Киімі аң стилінде жасалған әшекейлермен безендірілген.
Бәйгетөбе қорғанынан табылған «Сақ патшасы» Сақ тайпасы ақсүйегінің өкілі жерленген Шілікті обалар кешенінің Бәйгетөбе обасы (Шығыс Қазақстан) Әбдеш Төлеубаев жетекшілігімен 2003 жылы зерттелді.
Бәйгетөбе обасынан барлығы 4303 дана алтын әшекей табылған. Сақ билеушісі осындай алтын әшекейлермен көмкерілген киімді мерекелік іс-шараларда және салтанатты жағдайларда ғана киген болуы керек.
Қорған өлшемі және орналасу жері жерленген алтын киімді адамның жоғарғы әлеуметтік деңгейінің көрсеткіші.
Сақ дәуіріне жататын өзге де обалардан табылған көптеген әшекейлерден Шілікті әшекейлерінің айырмашылығы құйма техникасында орындалып, жоғарғы сынамалы алтыннан жасалғанында (940-970 сынама).
Бәйгетөбе обасы б.з.д. VIII-VII ғғ. мерзімделеді.