«Ұлы Даланың ежелгі өнер және технологиялар» зал бойынша экскурсия мәтіні Құрметті қонақтар, Сіздер жалпы аумағы 2000 шаршы метрді құрайтын №1 «Ұлы Даланың ежелгі өнер және технологиялар»



бет1/4
Дата11.06.2022
өлшемі88.5 Kb.
#267973
  1   2   3   4
Байланысты:
Ұлы Даланың ежелгі өнері және технологиялары
traditsionnye-uzornye-voyloki-kazahov-i-sovremennoe-kovrodelie, хантингтон өркениеттер теориясы

«Ұлы Даланың ежелгі өнер және технологиялар» зал бойынша экскурсия мәтіні

Құрметті қонақтар, Сіздер жалпы аумағы 2000 шаршы метрді құрайтын №1 «Ұлы Даланың ежелгі өнер және технологиялар» залдасыздар.


Зал көрмесінде назарларыңызға ел тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін қола дәуірінен бастап, ерте темір дәуірі мен кейінгі орта ғасырларға тән жәдігерлер ұсынылған.
Зал көрмесіндегі жәдігерлер ел тарихындағы ауқымды кезеңді қамтитын ерте темір дәуіріне тән археологиялық олжалардан тұрады.
Залымыздың кіре берісінде қазақ халқының әйгілі күйшісі, композиторы Қазақ КСР-ның халық әртісі – Нұрғиса Тілендиевтың «Ата толғауы» күйімен сүйемелденген «Өмір Бәйтерегі» диорамасын тамашалап тұрсыздар. Диораманы 40 600 диодты жарық шамдары залдың төбесі мен қабырғаларын шуақ шаша безендіріп тұр. Бұл зал арнайы заманауи технологиялар көмегімен безендірілген.
Бәйтерек – ежелгі таным бойынша тылсым қасиетке ие алып ағаш. Халық түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Бәйтерек туралы мифтік наным жалпы әлемдегі барлық халықтардың да мифологиясында кездеседі десек артық айпаймыз. Жапырағына «жан» орналасқан осынау киелі терек туралы мифтік түсінік жалпы түркі халықтарында да кең таралған. Қазақтың мәдени танымындағы түсінік бойынша, бәйтерек ғаламның үш қабатын жалғастырушы. Яғни аспан, жер және жер асты. Бұл жалпы адамзаттың дүниетанымының негізі деуге болады.
Назарларыңызға ежелгі дәуірде адамзат баласының алғаш рет тау-кен өндірісін қолға алуы, яғни түсті металлдарды өндіру процесін бейнелейтін «Тау кен өндірісінің» көрініс-макеті ұсынылған.
Ұлан байтақ Ұлы даламызда тау-кен ісінің қарқынды дамығаны көптеген археологиялық ашылымдар мен жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижесінде дәлелденіп отыр. Металл өндіру тәсілдерінің өнертабысы жаңа тарихи дәуірді ашып, адамзаттың даму барысын өзгертті. Көптеген металл кендеріне бай қазақ жері де металлургияның алғашқы орталықтарының бірі болды. Көне заманнан бері Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан өңірлерінде тау кен өндірісінің ошақтары, қола, мыс, қорғасын, темір, күміс және алтын балқыту орталықтары пайда болды. Елімізде ең алғаш болып тау-кен өндірісі жайлы деректер Д.Г. Мессершмидттің, Г.Ф. Миллердің, П.С. Паласстың, Н.П. Рычковтың еңбектері мен қолжазбаларында кездеседі.
Отандық ғалымдар арасында алғаш болып ежелгі металлургиялық кешендерді өңдеу мен өндіру жайлы кең көлемде ақпарат жинаған ғалымдар: Қ.И. Сәтбаев, Ә.Х. Марғұлан, С.С. Черников, М.Қ. Қадырбаев, Ж.Қ. Құрманқұлов, А.С. Ермолаева, О.А. Артюхова және тағы басқалары. Олар археологиялық қазба жұмыстар нәтижесінде көптеген металлургиялық тау-кен орындарын анықтап, ғылыми мақалалар мен монографиялар жариялады. Осы ғалымдардың зерттеулер нәтижесінде Орталық Қазақстан аумағында Атасу, Мыржық, Сары-Бұлақ, Талдысай қоныстары ашылып, бұл кешендердің қола дәуірінен металлургиялық орталықтар болғандығы дәлелденді.
Ал, Шығыс Қазақстанның Қалба және Нарым жоталарындағы ежелгі кеніштерде 1935-1937 жылдары С.С. Черниковтың жетекшілігімен археологиялық зерттеулер жүргізілген болатын. С.С. Черников аталған ескерткіштердегі зерттеулері нәтижесінде Шығыс Қазақстан өңірі Еуразия кеңістігіндегі алтын мен мыс өндірісі дамыған көне металлургиялық орталықтардың бірі болған деген тұжырым жасаған.
Тәуелсіздік жылдарында аталған аймақта З. Самашевтың жетекшілігімен Қазақ және Герман археологиялық экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Шығыс Қазақстандағы тау-кен ісінің көне дәуірлерден дамығандығын тағы дәлелдейді. 2004-2009 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Қалбатау жотасындағы Асқарлы жеріндегі археологиялық зерттеулер нәтижесінде С. Берденов, Е. Антонина, З. Самашевтың «Шығыс Қазақстандағы тау-кен ісі және металлургия» атты көлемді еңбектері жарық көрген. Ежелгі адамдар алтын өндірісін өзен аңғарларында шаю және тау жартастарынан сындыру әдісімен өндірген. Витринадағы шағын көріністе алтынды таудан сындыру арқылы өндіру әдісі көрсетілген. Таулы аймақта алтын бір жиек бойымен орналасады, оны арнайы құралдармен сындырып, арнайы қапқа салып, түрлі өңдеуден өткізу үшін шеберханаларға жеткізеді.
Келесі көретіндеріңіз «Металл балқыту шеберханасы» Кең байтақ жазиралы даламызда бабаларымыз металлды өндіріп қана қоймай, оны өңдеп түрлі зергерлік бұйымдар жасаған. Сақ тайпаларының тұрақ жайлары мен қоныстарға жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде пештер мен шеберханалар анықталған. Металлды балқытуға арналған ежелгі пеш «көрік» деп аталады. Осы пеш арқылы металды балқытып, түрлі қалыпқа салып зергерлер өздеріне қажетті әшекей бұйымдар жасаған. Сіздер «Металл балқыту шеберханасында» ежелгі адамдардың түрлі әшекейлерді жасаудағы іс-әрекеттерін көріп тұрсыздар.
Алдыңыздағы витринада Талды 2 қорымынан табылған «Алтын киімді адамның» әшекей бұйымдары қойылған. Аталған жәдігерлер 2010 жылы археолог Арман Бейсеновтің басшылығымен жүргізілген зерттеу жұмыстары кезінде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қасым Аманжолов ауылының шетіндегі Талды 2 қорымында табылған. Жәдігерлердің басым бөлігі аң стилінде, жыртқыш аңдар, құс, киіктің басы бейнеленген әшекей бұйымдар түрінде жасалған.
Келесі витринада Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы аумағында орналасқан Тақсай қорымынан анықталған алтын әшекей бұйымдары көрсетілген. Тақсай қорымындағы археологиялық зерттеу жұмыстары 2012 жылы белгілі археолог Яна Лұқпанованың жетекшілігімен жүргізілген. Негізгі әшекей бұйымдар қатарындағы бас киімнің элементтері конус тәрізді сұлбаны құрайтын екі пластинадан тұрады. Пластинаның жоғарғы жағында мүйіз бар қошқардың басы бейнеленген. Сондай-ақ, жәдігерлер арасында кездесетін білезіктерден фантастикалық жыртқыш пен шөп қоректі жануардың бір-біріне шабуыл жасап жатқан бейнесін көре аламыз. Тағы бір ерекше жәдігер - қола айна. Ол дөңгелек жазық диск пішіндес және оған екі тойтарма шеге арқылы төмен және жоғары қарай ұлғая түсетін тегіс жанама тұтқа бекітілген. Бас жағында қыранның бейнесі берілген.
Келесі витринада Батыс Қазақстан аймағынының бірегей ескерткіші Лебедевка қорымының материалдары ұсынылған. Жәдігерлер б.з.д. VI ғасырға сармат кезеңіне жатады. Қорымнан табылған жәдігерлер қатарынан сабы алтынмен қапталған қола пышақ, қоладан құйылған айна, хрусталь моншақ және түрлі аң бейнелері бейнеленген әшекей бұйымдарды көруге болады. Келесі витринада Батыс Қазақстан облысы аумағындағы Облавка, Қырық-Оба, Мұқыр 1, Бесоба қорымдарынан табылған археологиялық жәдігерлер, яғни алтын бұйымдар, сырғалар, киімге жабыстыратын әшекей, мойын алқасы, самай салпыншақтары көрсетілген.
Алтын залының орталық жәдігері, еліміздің басты мәдени құндылығына айналған, бірегей байлығымыз «Алтын адам» ескерткіші. «Алтын киімді жауынгер» Кемел Ақышев бастаған археологтар тобының қазба жұмыстары нәтижесінде Алматы қаласына 50 шақырым жердегі Есік обасынан 1969-1970 жылдары табылған.
Оның 4000 астам әшекейлері соғу, қалыптау, нақыштау, дәнекерлеу, алтын жалатпа, тегістеу тәрізді металл өңдеу техникасымен жасалған. Есік обасы б.з.д. IV-III ғғ. мерзімделеді. Бұйымдар аң стиліне жатады, тау барысы, арқар мүсіні, ағашқа қонған құс мүсіні, тау теке мүйізді қанатты аттардың мүсіндерінің бейнеленуі ежелгі бабаларымыздың дүниетанымының әралуандылығын көрсетеді. Алтын адам киімі әлеуметтік дәрежесі жоғары абыз немесе жауынгерді мәңгілік сапарға аттандыруға арналған ақыреттік киімі саналады. Киімді безендіруге арналған алтын бұйымдар түрлі бейнелерге негізделген.
Бүгінгі таңда «Есік сақ көсемі» бүкіл әлемге танымал және Ел егемендігінің нышаны болып табылады.
Жәдігер – ежелгі дәуірде қазақ жерін мекендеген көшпенділер тарихынан, тұрмысы мен мәдениетінен хабар беретін, бүгінде әлемдік мәдени құндылықтар қатарына енген бірегей туынды.
Бас киімдегі жебе тәрізді әшекейлер әлемнің төрт жағын бейнелейді. Ал құстың қанаттары жоғарғы билікті, жоғарғы әлемді білдіреді.
Сақ тайпаларының мифологиялық бейнелерінің бірі–жылқы болып есептелінген. Бас киімде бір-біріне қараған екі жылқы бейнесі кездеседі. Ол кәдімгі мініс жануары, әлем аймақтарының бірінен-біріне өтудің көлік құралы, тәңірдің бұйрығын сақтап жеткізуші, дүниені жалғастырушы дәнекер.
Сақ жауынгерінің бас киімінің дәл ортасында таңғажайып қанатты тұлпар орналасқан. Жылқы – сыннан өткен дос, жолдас, соғыс қаруы, ата-бабалар дүниесімен қарым-қатынас құралы ретінде көрінеді.
Құстардың бейнелері негізінен көк аспанның нышаны болып есептеледі. Сондай-ақ, құс көсемнің билік нышаны да болып саналған.
Таудағы барыс – бұл образ жоғарғы әлем – аспанды білдіреді. Жалпы алғанда жоғарғы дүние мен адамдар әлемін байланыстырушы-«әлемдік тау» деген мағына береді. Жауынгер идеалын кейіптейтін барыс бейнесі ер жүректіліктің, тәкаппарлықтың, еркіндіктің және патшалық тұқымның нышаны санатында есептелген.
Бас киімнің артқы жағындағы табиғат көрінісін тау тәріздес әшекей бейнелеп тұр. Ежелгі кезде адамдар әлемді тауға ұқсатты, сондай-ақ Құдайлар мекені деп те есептеген. Ол адамды жаугершілікте, аң аулауға шыққанда сақтап жүреді деп сенген. Ал алтынды қасиетті металл ретінде күн шуағына теңеді және бұл бағалы металл хан билігін меңзеген.
«Тауешкі» бейнесіндегі әшекей де кездеседі. «Тауешкі» жердегі рухты «көктегі жайылымға», яғни жоғарғы әлемге апарады деген наным қалыптасқан. Тау ешкісі «таза» құрбандық жануары, Құдайлар және жоғарғы әлемнің жануары ретінде қабылданған.
Мойнында үш оратылған алтын алқа, екі ұшында жолбарыстың бас пішіні бейнеленген. Бұл алқа шексіздікті білдіреді.
Қысқа қамзол - құрастырмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, сонымен қатар бұғы бейнесіндегі 16 тоға жапсырылған.
Белдіктің оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластинкалар бұғы және жылқы бейнесінде жапсырылған қынға салынған темір ақинақ.
Оң жақ қолында екі алтын жүзігі бар. Оның бірінің бетінде тәж киіп қырынан қараған адам бейнесі, ал екіншісінде айналы қалқаншасы бар. Айналы қалқанша биліктің белгісін білдіреді. Жүзік адам жанымен жалғасып және жер әлеміндегі болып жатқанның бәрін ғарышқа жеткізіп тұрады деген ұғым болған.
Мөр жүзікте мамандардың айтуынша, ежелгі көшпенді тайпалар мен кейбір жергілікті халықтардың құдайларының бірі–Митра бейнеленген. Бұл «мөр» рөлін атқарған деген жорамал да бар.
Киім үлгісі, жерлеу рәсімі Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген көрнекті елбасы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Бұл олжа сақтар мәдениетін, олардың мифологиясын, өнерін, жазуын, әлеуметтік құрылысын зерттеуге мүмкіндік береді.
Барлығы қорғандағы бейіт ішінде металдан, балшықтан жасалған 31 түтік ыдыс және күміс қасық пен ағаш ожау да бірге анықталған. Жазу мәдениетінің сол кезде жоғары дамығандығын күміс тостағандағы жазу дәлелдейді., Қазақстан жерінен табылған ең көне жазу 26 таңбадан тұрады.
Келесі жәдігерлеріміз 1996 жылы Атырау облысы, Аралтөбе қорымынан табылған «Алтын адам» әшекейлері, сондай-ақ Жамбыл облысынан, Көккөз әулие қорымының алтын бұйымдары, сырғалары. Келесі витринадағы бұйымдар қатарында Көктұма, Шұбарат, Теңдік қорымдарының алтын әшекейлері ұсынылған. Сонымен қоса түркі әлемінің тамаша жәдігері алтын құмыра б.з. IX-X ғғ. тән. Бұл археологиялық жәдігер Шығыс Қазақстан облысы Сарыкөл қорымынан табылған.
Зал экспозициясының келесі бөлігі атақты Берел қорымынан табылған жәдігерлерге арналған. Берел обалары Қазақ Алтайының табиғаты көркем таулы аймағында орналасқан. Мұнда 1997-1999 жж. З. Самашевтың жетекшілігімен халықаралық археологиялық экспедиция зерттеу жұмысын жүргізген.
Зерттеу тобы қазба жұмыстары барысында текті әрі билеуші лауазымды тұлға мен әйел адамның жерлеу қабірін ашқанда, мәйітпен бірге жерленген салтанатты ат-әбзелдері түгел жарақталған он үш жирен сарғыш түстегі жылқы табылған. Ат-әбзелдерінің қайысты өмілдірік, құйысқан тартпалары мен тоқымдары скиф-сібірлік аң нақышында безендірілген. Жерлеу орны б.з.д. IV-III ғғ. жатады.
Он үш жылқының төртеуіне ағаштан жасалып таутеке мүйіздері орнатылған салтанатты ғұрыптық тері маска кигізілген. Жылқыны мүйізді етіп көрсету, оның иесінің құдырет-киеге ие екендігін аңғартқан. Қазақстанда бүгінде ең көне саналатын ерекше безендірілген тоқым табылған. Тоқымның ерекшелігі сол, жыртқыштың түкті терісімен қапталып, оған киізден оюлап бастырған әшекейі, тұяқты жануарды қиял-ғажайып жыртқыштың жәукемдеуі бейнесінде берілген. Қапсырма, сулық, салпыншақтар мен бау-таспаларды таратушы айылбастар, барлық әбзелдер бір жақ бетімен өрнектеліп, оны жұқа алтын немесе жұқа қалайымен қаптап, артқы жағындағы ойықтар арқылы ат-әбзеліне бекітілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы