Lesson study – біздің тәжірибемізде «Бірге жиналу –бұл бастама, бірге қалу –бұл алға жылжу, Ал бірге жұмыстану –бұл жетістік»



бет5/8
Дата09.06.2022
өлшемі246.98 Kb.
#267382
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Lesson study

Себептері
Проблема
Қорытынды
Дәлелдер
Проблема: Басшылыққа таласу
Себептері: Қайрат басқарғысы келді
Дәлел: Ол өнер, мансап, мал табудағы қажырлы еңбек менің арқамда деп есептейді.
.........
Қорытынды: Ғылымның шешімі.
С – Қара сөз бойынша бір жіңішке сұрақ құрады
А,В деңгейі – Қара сөз бойынша бір жуан сұрақ құрады.

Мәтін мазмұнын түсінуі, жеткізе білуі, өзгені тыңдап, есте сақтай алуы


Өзіндік талдау жасай алуы


Проблема ны анықтау,


себептері мен дәлелдерін табуы

Деңгейлік сұрақтар қою, жауап бере алуы


Қар кесектері

Ой толғаныс
С деңгейі - «Синквейн» әдісі

В,А деңгейлері – 5 минуттық эссе


«Синквейн» - Қайрат, Ғылым, Ақыл, Жүрек біреуін таңдап жазады
Эссе – «Мен бүгінгі сабақта қайндай ой түйдім» (өмірмен байланыстыру)
Білімін пайдалануы
Ой қорытуы, өмірмен байланыстыруы

Бағалау
ОҮБ: критериалды өзін-өзі бағалау.


Үй тапсырмасы
ДБЖ: деңгейлік тапсырмалар
С деңгейі – 17 қара сөзді оқиды
В деңгейі – Венн диаграммасы . Қара сөз кейіпкерлерін салыстырады
А деңгейі – 17 қара сөзді жаттайды.

Қазақ әдебиеті пәні бойынша 2-зерттеу сабағының рефлексиялық жазбасы


Бірге жиналу –бұл бастама,
Бірге қалу –бұл алға жылжу,
Ал бірге жұмыстану –бұл жетістік.
Генри Форд

Білім беру жүйесінде бастысы –бұл тұлғаның интеллектуалды және эмоционалды дамуы. Өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдықты қажет ететін жағдайда заман талабына сай өмір сүріп , қызмет етуі қажет. Осы орайда мұғалімдер алдында оқушыны тек университетке түсуге емес, өмірге дайындау міндеті де тұр. Ал оқушының оқу сауаттылығын қалыптастыруда тілдік пәндердің орны ерекше. Осы мақсатта 8 «б» сыныбында өткізілген сауалнама қорытындыларына сүйене отырып, қазақ әдебиеті, ағылшын тілі мен орыс тілі пәні мұғалімдері білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл Lesson Study өткізуді жоспарладық. Жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы құрылды.

Жүргізілген сауалнама негізінде «Білім беру мен білім алудағы интербелсенді оқыту әдістері арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру» тақырыбы белгіленді.

Lesson Study зерттеу жұмысының 2-зерттеу сабағы қазақ әдебиеті пәнінен Абай Құнанбайұлының «Он жетінші қара сөзі» бойынша өткізілді.


Алғашқы зерттеу сабағы ағылшын тілі пәні бойынша өткен сабақты талдау нәтижесінде келесідей ұсыныстар берілді:
Мәтінмен жұмыс барысында белсенді оқыту әдістерін түрлендіріп, күрделендіріп беру;
Бағалаудағы табыс өлшемдерінің дискрипторларын ашып көрсету.
Берілген ұсыныстар ескеріле отырып, зерттеуге қатысушы фокус топ мүшелерінің бірігуімен қазақ әдебиеті сабағының жоспары жасалды, мақсаты мен міндеттері белгіленіп, А (Байгиреева Балия), В (Амангелді Диас), С (Арыстанов Ертарғын) деңгейлі оқушылардан күтілетін нәтиже анықталды.
Сабақтың мақсаты:
Абай Құнанбайұлының «Он жетінші қара сөзінің» мазмұнын меңгерту, идеясын ашу
Міндеттері:
Абайдың қара сөздерін оқыту арқылы ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге бағыттау
Өзінің ішкі жан дүниесіне үңілту арқылы өмірмен байланыстыра талдату
Мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу
Мәтіннен оқып-түйгендері жайлы ой қорытуға бағыттау;
Жұпта, топта жұмыстану арқылы жақын арада даму аймағын қалыптастыру;

Күтілетін нәтиже:


С деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл сұрақтар құрап ,жауап бере алады.
В деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл және күрделі сұрақтар құрастырып, жауап бере алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, рефлексия жасай алады.
А деңгейі - мәтінді түсінеді, жеңіл және күрделі сұрақтарға жауап бере алады, мәтін бойынша жеңіл және күрделі сұрақтар құрастыра алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, мәтін идеясын өмірмен байланыстырады, рефлексия жасап, ой қорытады.

Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға, негізгі проблеманы шешуге бағытталған келесідей әдіс-тәсілдер жоспарланып, тапсырмалар дайындалды: тест тапсырмасы;


СТОҮ: Кластер әдісі, «Қар үйіндісі», «Егер, онда, өйткені...», «Фишбоун», Эссе, «Синквейн», «Жуан-жіңішке сұрақтар»;
ДБЖ: А,В,С деңгейлік тапсырмалар
АКТ: активстудио флипчарты, аудиожазба
ББК: топтағы оқушылар көшбасшылығы
ОҮБ: критериалдыөзін-өзі жиынтық бағалау
ББЖӘТ: диалогтік әдіс, жұптық, топтық жұмыстар

Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларға бағалаудың табыс өлшемдері таныстырылып, оқушылардың сабақ барысындағы мақсат-міндеттері айқындалды.


Үй тапсырмасы 10 сұрақтан құралған тест арқылы тексерілді. Оқушыларға белгілеген жауаптарын тақтадағы дұрыс жауаппен салыстыра отырып , өздеріне тексеруге мүмкіндік берілді. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланды. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың үй тапсырмасына дайындығын уақытты үнемдей отырып, бір мезетте тексере алу мүмкіндігінде. Сыныптағы оқушылардың 80% жоғары нәтиже көрсете алған, бұдан шығатын қорытынды –оқушылар үй тапсырмасына тыңғылықты дайындалған.


Ой қозғау, бұрынғы білімдерін пайдалана алу қабілеттерін бақылау мақсатында «Кластер» әдісі арқылы «Қара сөз деген не?» сұрағы аясында ой топтастыру тапсырылды. Бұл тапсырманы орындау барысында А деңгейлі оқушы (Байгиреева Б.) күтілетін нәтижеде белгілегендей, қара сөз туралы бұрынғы білімін қолданды, белсенділігі жоғары болды, «қара сөзді – дана сөз, насихат, жазбаша жазылады» деген сөздермен ассосация жасай алды. Ал В деңгейлі оқушы екі жауапқа қана қатысса, С деңгейлі оқушы тапсырманы дәптерінде орындады, бірақ белсенділік таныта қоймады.

Келесі мағынаны тану сатысында топтық жұмыс барысында оқушылардың оқу сауаттылығының даму деңгейін бақылау көзделді. Топқа бөлініп, А,В,С деңгейлі тапсырмаларды оқушылардың өздеріне таңдай отырып топтасуға мүмкіндік берілді. С деңгейі «Қар үйіндісі» әдісі бойынша жұмыстанды. Қар кесегі берілген оқушылар қолындағы қар кесегін келесі оқушыға ұсына отырып қара сөз мазмұнын айтуды бір сөйлеммен бастады, екінші оқушы алғашқыны қайталап, өзі бір сөйлеммен жалғады. Осылайша қайталанып, мазмұны қар кесектерінің үйіндісі арқылы құралды. Бұл тапсырманы орындауда С деңгейлі оқушылар бір-бірінің айтқандарын есте сақтауда, сабақтастықпен байланыстыруда қиналғаны байқалды, алдыңғы оқушының жауабын есте сақтай алмау немесе өз жауабымен жалғастырып кетуде белгіленген уақытта кідіріп отырды. Бұдан шығатын қорытынды бұл әдісті қолдану үшін әр түрлі деңгейдегі оқушыларды араластырып орындату арқылы жетістікке жетуге болады. В деңгейлі оқушылар «Егер, онда, өйткені» әдісі бойынша жұмыстанды. Мұндағы мақсат –оқушыларды мәтіндегі негізгі ойды өз пікірімен сабақтастыра алуына, ой қорытуына жағдай жасау. Кейіпкерлер Қайрат, Ақыл, Жүрек, Ғылымның іс-әрекетін талдау арқылы олардың өмірде алатын орнын анықтады. Мысалы, В деңгейлі оқушы Диас «Егер Қайрат билесе, онда әділдік болмайтын еді, өйткені, күш-қайратты адамдар әділетсіз, жаман әрекеттерді іске асыруға пайдалануы мүмкін еді» деп жауап берді. Демек , оқушы мәтінде берілген ойды сұрыптап, қорыта алды. Жалпы осы әдісті қолдану барысында оқушылардың белсенділігі жоғары екені байқалды. В деңгейінде балалардың қара сөз мазмұнын терең түсінгені, оны тапсырманы орындау барысында шебер қолдана алатыны көрінді. А деңгейі –«Фишбоун» әдісімен жұмыстанды. А деңгейін 4 оқушы ғана таңдап, топта бірге жұмыстанды. Оқушылар А 3 форматында берілген балық қаңқасына қара сөзден проблеманы , оның туындау себептерін анықтады, дәлелдерін келтірді, қорытынды жасады. Негізгі проблема мен қорытындыны оқушылар топта бірлесіп анықтады. Ал себептері мен дәлелдерін анықтауда А деңгейлі оқушы Балия «Ақыл басқарғысы келді, себебі ол өмірдегі барлық нәрсені білетін де, ойлап табатын да өзі, онсыз жақсы мен жаманды ажырата алмайтынын, ғылым мен білімді де үйрене алмайтынын алға тартты» деп сауатты, сыни ойланып жауап берді. Нәтижесінде , бұл әдісті оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруда түрлі мәтіндерге талдау жасауда қолданудың тиімді екеніне көзім жетті.


Оқу сауаттылығын арттыру, ойларын жинақтау, мәтін бойынша сұрақтарды қаншалықты деңгейде құрастырып, жауап бере алатынын байқау мақсатында диалогтік әдіс , яғни «Жуан-жіңішке сұрақтар» әдісін қолдандым. А,В деңгейлі оқушылар жуан сұрақтар құрып, жауап бере алды. В деңгейлі оқушы Диас жіңішке сұрақтар құрай алды. «Ғылымның жүректі таңдауымен келісер ме едің?» деп сұраққа А деңгейлі оқушы себебін мәтінмен және өмірмен байланыста «Ғылымның таңдауымен келісемін, себебі ақылды таңдаса , ақылды адамдар жақсы істермен қатар жасан істерге де жұмсауы мүмкін еді, мысалы атом бомбаларын, қару-жарақтарды да ойлап табатын адамдар....» жауап бере алды.


Сабақты қорытындылауда таңдалған әдіс тәсілдер оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, мәтіннен алған ақпаратты қорыту мақсатында С деңгейінде «Синквейн» , А,В деңгейлерінде «Эссе» әдісі арқылы қолданылды. С деңгейлі оқушы тапсырманы орындауда реттілікті шатастырған, бірақ зат есім ретінде «жүрек» сөзін таңдап, мәтіннен түсінген ойын түйіндей алды. Ал А деңгейіндегі оқушы эсседе сабақтан түйген ойын өмірмен байланыстырды, өзінің алдағы уақытта негізінен жүрегін тыңдау қажеттігін, адамды оның жүрегі алдамайтындығы туралы ой түйгенін айтты.


Сабақ соңында оқушылар сабақ басында берілген критерийлер мен дескрипторларға сүйене отырып өздерін бағалады.


Қорытындысында :


А деңгейлі оқушы:
Қара сөз туралы түсінігі бар, бұрынғы білімін топтастыруда қолданды, белсенділігі жоғары болды, мәтін мазмұны мен идеясын түсінген, проблеманы, себебін, дәлелін анықтап, қорытынды жасай алды. Мәтін мазмұны бойынша жуан сұрақ құрай алады, жеңіл, жуан сұрақтарға тақырыппен, өмірмен байланысты жауап берді.
В деңгейлі оқушы:
Қара сөз туралы түсінігі бар, топтастыруда қолдана алады, белсенділік жетіспеді, мұғалімнің сұрақтарына ғана жауап берді. Мәтін мазмұнын, идеясын түсінген, кейіпкерлер іс-әрекетіне талдау жасады, мәтіннен алған білімін сұрыптай алды. Мәтін мазмұны бойынша тек жіңішке сұрақ құрай алды, бірақ сұрақтарға жауап беруге қатысты. Тақырыппен байланысты ой қорыта алды, бірақ өмірмен байланыстырмады.

Сабақты бірлесе талдай келе, келесі орыс тілі сабағына келесідей ұсыныс берілді:


Оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған белсенді оқыту әдістерін көбірек топтық жұмысқа қарай бағыттау

Рефлексия по уроку Русского языка, проведенному в рамках Lesson Study 


Тема урока: «Типы односоставных предложений»
По результатам анализа второго урока исследования по казахской литературе было рекомендовано на уроке русского языка активные формы и методы, направленные на развитие функциональной грамотности чтения учащихся, применить в групповой работе.
Наблюдаемые ученики уровней: А – Ибрагимова Аида, В – Куанышев Эльдар, С – Избасар Адилет.
Цели урока: Закрепить знания, умения и навыки по теме «Односоставные предложения», вырабатывать умение понимать текст, определять тему и основную мысль текста, строить вопросы по тексту, прививать качества вежливого человека.
Для достижения поставленных целей урока были применены различные приемы и методы работы, внедрялись модули» Программы курсов повышения квалификации пед.работников РК»:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы