Lesson study – біздің тәжірибемізде «Бірге жиналу –бұл бастама, бірге қалу –бұл алға жылжу, Ал бірге жұмыстану –бұл жетістік»



бет1/8
Дата09.06.2022
өлшемі246.98 Kb.
#267382
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Lesson study


Lesson study – біздің тәжірибемізде

«Бірге жиналу –бұл бастама,


бірге қалу –бұл алға жылжу,
Ал бірге жұмыстану –бұл жетістік»

Генри Форд


Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл.



Оқыту
1999 жылға дейін Жапондықтардан басқа Lesson Study-ды аздаған адамдар ғана білетін. Тек Жапониядағы мұғалімдер ұзақ уақыт бойы Lesson Study-ды тәжірибеде қолданған. Жапониядағы Lesson Study-дың маңызы бүкіл әлемге танымал болды. Оның қуатты импульсын 1999 жылы жарыққа шығарылған «Оқытудағы олқылықтар кітабынан» (Teaching gap) байқауға болады. «Teaching gap» - Lesson Study -ды бүкіл әлемге танымал еткен алғашқы кітап. Teaching gap 1995 жылы Жапонияда, Германияда және АҚШ-та тоғызыншы сыныпта математика сабағының бейнежазбасына негізделген зерттеулер талдамасының есебі болып табылады.


  1. Бірлесіп жоспарлау
    кесте


Бақылау





Мұғалімдер тобы





Нәтиже презентациясы



Оқу мен оқытудың анализі



Педагогикалық дағдыны қалыптастыру


Lesson Study зерттеуі мектептегі әрбір мұғалім үшін оның кәсіби жетілуге көмектесетін тәсіл деуге болады. Себебі, бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады. Lesson Study тәсілін пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зерттелетін жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз.


Мектебімізде зерттеуді бірден бастамас бұрын, ұжымда топ құрылды. Әріптестер мен бірлесе отырып, бақылауға алатын сыныппен қоса, зерттеу тақырыбын анықтадық. Содан кейін іс-әрекетке көштік. Бірінші, білім алушы топтың ішінен шынайы өкілі ретінде үш деңгей бойынша құпия түрде оқушылар белгіленді. Екінші, пән мұғалімінің құрған қысқа мерзімді жоспары топ мүшелері ішінде қаралып, толықтырылып ұсынылды. Зерттеу сабағын бастамас бұрын мұғалім, сабақ жоспарындағы оқыту әдісінің қолданылу ретін назарда ұстап, бақылаудағы әрбір оқушыдан қандай реакция күтетіндігін жазып отырып: өзінің тақырыпты игеру қарқынын көрсету үшін әр оқушы әрбір кезеңде не істейді, қандай ресурстар қалай қолданылатындығын және тақтада не жазатынын барынша дәл анықтап, алдын-ала оқушылардан не күтетіндігі жайлы қысқаша мәлімет жазып қойғаны да абзал.
Бақылаушылар өзара келісіп, екі оқушыдан қадағалап, үшінші оқушы да назардан тыс қалмайтынына сенімді болуы шарт. Топ мүшелерінің бақылаудағы оқушылардың әрқайсысы бойынша сабақ соңына қарай нені істей білетінін және дәлелдеме ретінде нені көргісі келетіндігін нақты жазып отырғаны өте маңызды. Lesson Study бірлесіп жоспарланатындықтан, ол топтың бірлескен меншігі болып табылады.
Сабақ соңында топ мүшелері жиналып, бақылаушы картасы материалы негізінде, Lesson Study-ден кейінгі талқылауға кіріседі.
Қорытындылай келе, жоспарланған нәтижемен салыстыра отырып, әр оқушының ілгерілеуінің дәлелдемесін анықтап, олардың күтілетін нәтижеге қаншалықты жеткенін белгілейміз. Бақылаудағы оқушылар (топтар немесе сынып) үшін келесі сабақтың негізгі кезеңдері қандай болмақ? Оларға сабақтан кейін қандай сұрақ қоя алар едіңіз? Оларды парақтың соңындағы «алғашқы ойлар» деген жолға жазып қоямыз.
«Оқушы үнін» тыңдау мүмкіндік болса, ең дұрысы - Lesson Study аяқталған соң өткізген дұрыс. Өзіңіздің жазбаларыңызда олардың кейбір жауаптарын түртіп алуға тырысқан абзал. Кейде бақылаудағы оқушылармен бірге оқитын топтардағы басқа оқушылардан да жауап алынады.
Сабақтан кейін бақылаудағы оқушыларға ұсынылатын сұрақтар
Саған сабақта бәрінен де не ұнады?
Сен нені үйрендің?
Бұрын істей алмағандарыңнан қазір нені істей аласың?
Нені жақсырақ істей аласың?
Қаншалықты жақсы? т.б.
Бірлескен жұмыс нәтижесінде сабақтың оқтайлы тұстарын нақтылай отырып, олқы тұстарының себебін анықтай келе, келесі сабақ жоспарын құруда, осы мәселені шешудің жолын іздеу барысында, оқу үдерісіне тиімді әдіс-тәсілдер енгізіледі.
Оқытудың қай бөлігі сен үшін барынша тиімді болды?
Егер дәл осы сабақ басқа топта өткізілетін болса, нені өзгертер едің? Неліктен, бұл бөлігін өзгертер едің? Осылайша, фокус топтар өз жұмыстарын, аса ыждахатпен жалғастыра отырып, бірлескен топ нәтижесінде мақсатқа қол жеткізбек.
Lesson Study -дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson study , таныстырылымын өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.
Қай кезде де мұғалім мектептегі негізі тұлға болып қала бермек, себебі оқушы білімді өз бетімен меңгеруі үшін оған жетекшілік қызмет атқаратын мұғалім. Мұғалім тек өз сабағында өз шәкірттерін жетелеуші ғана емес, кәсіби құзіретті, жан-жақты білімді, заман ағымына сай жаңашыл болса, өз идеялары мен ой-мақсаттарын әріптестерінің де санасына сәуледей сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіріп көшбасшы бола алады. Lesson Study- оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы десек артық айтқандық емес.

Жалпы зерттеуді жүргізу барысын келесі кезеңдерде қарастыруға болады.


Ұйымдастырушылық
Жоспарлау
Сабақты зерттеу
Қорытындылау, тәжірибемен бөлісу
Ұйымдастырушылық кезең. Ұйымдастырушылық кезеңде алдымен зерттеу өткізілетін сынып таңдалып алынады. Зерттелетін сыныпты таңдауда белгілі бір мақсат көзделеді. Мысалы, сыныптың білім сапасын көтеру, сыныптың сабаққа қызығушылығын арттыру немесе сабақтың тиімділігін арттыру, оқытуды жақсартуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алу. Сыныпты таңдау ұжыммен немесе фокус топ мүшелерімен кеңесу, талқылау барысында шешіледі. Білім сапасын көтеруді қажет ететін немесе қандай да бір проблеманы бірігіп шешуді қажет ететін сынып таңдалады. Одан соң сол сыныпқа мектеп психологының көмегімен оқу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында енгізілуге тиісті өзгерістерді анықтау үшін сауалнама өткізіледі. Lesson Study -ды жүргізу үшін кем дегенде 3 пән мұғалімінен, ұйымдастырушы модератордан, мектеп психологы, сынып жетекшісінен тұратын Lesson Study тобын құралады. Зерттеуді жүргізу үшін бір бағыттағы (гуманитарлық немесе жаратылыстану) пән иелері, сондай-ақ бір сыныпта сабақ беретін әр түрлі бағыттағы негізгі пән иелері бірлесіп жұмыстана алады. Зерттеуге қатысушы мұғалімдер өзара пікірлесіп, сауалнама қорытындыларын талдай келіп, Lesson Study тақырыбын анықтайды.

Жоспарлау кезеңі. Тақырып анықталған соң, жоспарлау кезеңі басталады. Зерттеуге қатысушы мұғалімдер тобы бірлесе отырып зерттеуді жүргізу жоспарын құрады. Жоспар үш кезеңді қамтиды: ұйымдастыру, зерттеу сабақтарын өткізу, қорытындылау. Ұйымдастыру кезеңі бойынша сауалнаманы өткізу, қорытындылау, тақырыпты анықтау, жоспар құру, оқу үлгерімі әр түрлі деңгейдегі (А,В,С) оқушыларды белгілеу (№1 қосымша) , күтілетін нәтижелерді анықтау, бірлесе отырып сабақты жоспарлау, арнайы бақылау кестесін жасау, талдау, талап критерийлерін белгілеу, жұмыс картасын жасақтау сияқты жұмыстар белгіленіп, өткізілетін уақыты, жауапты адамдар белгіленеді.


Екінші зерттеуді өткізу үшін пән мұғалімі мен бақылаушы мұғалімдердің іс-әрекеттері жоспарланады, сабақты өткізу мерзімі мен жауапты тұлғалар белгіленеді.
Соңғы бөлімінде зерттеуді қорытындылау мен тарату, бөлісу шаралары, жауаптылар мен өткізу мерзімі белгіленеді.
Осылайша зерттеуді жүргізу жоспары құрылыпы, мектеп басшысымен бекітуге ұсынылады.

Сабақты зерттеу кезеңі. Зерттеу кезеңі Lesson Study –ға қатысушы мұғалімдердің санына қарай үш немесе одан да көп циклдан тұрады. (төмендегі 1-суреттен қараңыз)


1-сурет

Алғашқы сабақтың жоспарын бірінші циклды өткізуші мұғалім жоспарлайды, өткізеді. (№2 қосымшаны қараңыз) Өзге қатысушы мұғалімдер, яғни топ мүшелері сабақты бақылайды, үш деңгейдегі оқушыларды, олардың сабақтағы жетістік деңгейлерін бақылап, жазып алып отырады. Арнайы бақылау парағы жасақталады (№3 қосымшаны қараңыз). Әрбір цикл аяқталған соң, түрлі деңгейдегі оқушылардан сабақ бойынша сұхбат алынады (№4 қосымшаны қараңыз). Сабақты бірлесе талқылап, артықшылықтары мен кемшіліктерін талдап, келесі сабақты жоспарлауға қажетті ұсыныстар береді, келесі сабақты бірлесе жоспарлайды. (№5 қосымшаны қараңыз) . Осылайша бірнеше цикл қайталанып отырады.

Қорытындылау, тәжірибемен бөлісу кезеңі. Бұл кезеңде Lesson Study зерттеуіне қатысушы мұғалімдер тобы қорытынды отырысын өткізеді. Сабақ өткізген мұғалімдер өздерінің сабақтары , ондағы қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі, А,В,С деңгейлі оқушылардың жетістік деңгейі туралы рефлексивтік есеп дайындап, оқуды жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстарын жеткізеді. Модератор пән иелерінің рефлексивтік есептері негізінде қорытынды есеп дайындайды, күтілетін нәтижелерге қаншалықты қол жеткізуге болатынын саралап, нақты ұсыныстар белгілейді. Зерттеу кезеңдері толық аяқталып, қорытындыланған соң зерттеу нәтижелері мектептегі әдістемелік кеңес , әдістемелік бірлестік немесе педагогикалық кеңес отырыстарында қаралады, сабақты жақсарту бағытындағы ұсыныстар жалпы ұжым мүшелерінің назарына ұсынылады.
Lesson Study өткізу тәжірибесінен



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру