Лектор: а ш.ғ. д., профессор Өмірзақ Т. Кафедра меңгерушісі: б.ғ. к., доцент Байсеитова Н. М. Кафедра мәжілісінің хаттамасымен бекітілген



Дата04.11.2020
өлшемі20.38 Kb.

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттк педагогикалық университеті

Биология кафедрасы

«Генетика» пәнінен

1-блок билеті №___14

  1. Жануарлардағы гаметогенез процесі.

  2. Мендельдің 3-ші заңы.

  3. Жыныстық көбеюдің эволюциялық процестегі маңызы

Лектор: а.ш.ғ.д., профессор Өмірзақ Т.

Кафедра меңгерушісі: б.ғ.к., доцент Байсеитова Н.М.

Кафедра мәжілісінің хаттамасымен бекітілген

Жауаптары :

1.Гаметогенез (gametogenesis; грек, gametos [1] — жыныс, жыныс клеткасы; genesis — шығу тегі) — жыныс жасушаларының жыныс бездеріндегі (ен, жүмыртқалық) даму процесі.

Аталық жыныс жасушалары — сперматозоидтардың даму процесін сперматогенез (спермиогенез), ал аналық жыныс жасушалары — овоциттердің дамуын ''овогенез'' деп атайды.

Сперматогенез процесі аталық жыныс безінің (ен) ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында жүреді. Ол төрт: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезендерінен тұрады.

Көбею кезеңінде жас жыныс клеткалары үздіксіз митоздық бөліну арқылы көбейіп, сперматогониялар (алғашқы аталық жыныс жасушалары) түзіледі. Олардың біраз бөлігі митоз арқылы бөлініп, одан әрі көбейе береді. Ал қалған бөлігі бөлінуін тоқтатып, сперматогенездің келесі өсу кезеңіне өтеді.

Өсу кезеңінде сперматогониялар келесі кезеңдердегі бөліну процестеріне қажетті заттармен (ДНҚ, протеиндермен) қорланып, үлкейіп өседі де, біріншілік

сперматоциттерге айналады.

Жетілу кезеңі жыныс жасушаларының қатарынан екі рет бөлінуімен ерекшеленеді.

Бірінші бөліну нәтижесінде екіншілік сперматоциттер, ал екінші рет бөлінуден соң, екіншілік сперматоцитерден ядроларында хромосомалардың гаплоидты (сыңар хромосомалар) жиынтығы болатын сперматидалар пайда болады.

Қалыптасу кезеңінде сперматидалардан сперматозоидтар түзіледі. Әрбір біріншілік сперматоциттен төрт сперматозоид жетіледі.

Овогенез аналық жыныс безінің (жұмыртқалықтың) фолликулды аймағында (жыныс жасушаларының даму процесі жүретін жұмыртқалықтың аймағы) жүреді. Овогенез процесінде овоциттер үш даму кезендерінен: көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен өтеді. Аталған кезендерде кезегімен әртүрлі даму сатыларындағы аналық жыныс жасушалары: овогониялар, біріншілік овоциттер, екіншілік овоциттер және пісіп жетілген овоциттер (жүмыртқа жасушалары) дамиды. Әрбір біріншілік овоциттен тек бір ғана жүмыртқа жасушасы (овоцит) пісіп жетіледі. Овоцитпен қатар, кейіннен кері ыдырап кететін 3 бағыттауыш денешіктер де пайда болады.



2.Тәуелсіз тұқым қуалау (тәуелсіз комбинациялану) заңы немесе Мендельдің үшінші заңы баламалы белгілердің әр жұбы ұрпақтарға бір-біріне тәуелсіз тарайды, сондықтан 2-ұрпақта белгілі бір сандық қатынастықта белгілердің жаңа комбинациялары бар дарабастар пайда болады деген тұжырымдама жасайды. Бұл заң тек қана, әр түрлі хромосомалар-да орналасқан гендерге байланысты. Әр гомологты хромосомада орналасқан түрлі гендер бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайды. Белгілердің тәуелсіз комбинациялануы туралы қорытынды жасау үшін Мендель тұқымының сырты тегіс және түсі сары өсімдікті, сырты бұдыр тұқымды жасыл түсті өсімдікпен будандастырды. Доминанттылық ережеге және 1-ұрпақ будандарының біркелкілігі туралы заңға сәйкес, тәжірибеден алынған F1 1-ұрпақтың барлығының тұқымдарының сырты тегіс және түсі сары болып шықты. Бұл будан тұқымдардан өсірілген өсімдіктердің өздігінен тозаңдануының нәтижесінде 2-F2 будан ұрпақ алынды. Нәтижесінде F2-де тұқымдардың төрт фенотиптік класы алынды: олардың ішінде тегіс сары, бұдыр сары, тегіс жасыл және бұдыр жасыл тұқымдар бар. Бұл жағдайда зерттеуге алынған белгілердің әр түрлі комбинациялары байқалады. Сонымен, екі жұп белгі бір-бірінен тәуелсіз ажырайды, яғни ол тәуелсіз тұқым қуалайды. Мендельдің тұқым қуалаушылық заңдары тұқым қуалаушылықтың мәнін айқындайды және генетиканың негізі болып табылады.

3.       Эволюциялық тұрғыдан өсімдіктердің  жынысты жолмен көбею процесі 3 түрлі болаы. Олардың әрқайсысы өзінше жыныс процесінің жетілуіндегі 3  сатысы. Осылардың ішінде ең қарапайымы-изогамия (төменгі сатыдағы балдырлар мен саңырауқұлақтарда .)

       Изогамиалық жолмен көбейгенде ұрықтанатын жыныс клеткаларының көлемі де, құрылысы да бірдей,  пішні алмұрт жемісінікі сияқты, сүйірлеу, екі-екіден талшық бар. Аталық пен аналығын ажырату мүмкін емес.

Жынысты жолмен көбеюдің екінші түрі-гетерогамия. Жыныс клеткалары әр түрлі, құрылысыда төменгі сатыдағы жасыл балдырлар, қоєыр балдырлар.

Жынысты жолмен көбеюдің соңғы сатысы –огамия. Мұнда жыныс клеткаларының пішіні, құрылысы, физиологиялық қасиеттері айқын жіктелген.



Аналық жұмыртқа клетка, ал аталық- спермотозоид деп аталады. Аналық жұмыртқа клеткасы үлкен, протоплазмасында қоректік зат көп ,ядросы да үлкен, талшықтары жоқ сондықтан қимылдамайды. Ал аталық клетка майда, біршетінде талшықтары бар қимылдайды, ядросы кіші, протоплазмасы аз. Жоғарғы сатыдағы және кейбір төменгі сатыдағы өсімдіктерде болады. Өсімдіктердегі жыныс клеткалары түзілетін органдарды- антерида, аналық жыныс клеткасы түзілетін төменгі сатыдағылардың органын –оогомия, ал  жоғарғы сатыдағы өсімдіктердієкі   архегония деп атайды.  Оогомия бір клеткадан ғана тұрады, ал архегония көп клеткадан тұратын күрделі құрылысты өркен. Жер бетінде жеке өсімдік болып табылады

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік