Лекциялардың тезистері

Loading...


Pdf көрінісі
бет75/85
Дата21.09.2021
өлшемі0.79 Mb.
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   85
-  реттеу  (қабылданған  шешімдерді  іске  асыру  мақсатында  әрқилы 

бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-әрекеттерін үйлестіру), 



ынталандыру 

(шығармашылық 

істерге, 

ғылыми-зерттеу 

жұмыстарына,  инновациялық  жобаларға  қатыстыру  үшін  жағдайлар  жасау; 

мұғалімдердің  рухани  бірлік  сезімін  қалыптастыру,  олардың  әлеуметтік 

белсенділігін көтеру; жетістіктеріне сәйкес бағалау және мадақтау); 

-  қадағалау  (талдау  және  жаңа  міндеттерді  белгілеу  үшін  көзделген 

жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру); 

-  педагогикалық  талдау  (оқу  процесін,  тәрбие  жұмыстарын,  білім 

мекемесінің  материалдық  қорын,  қаржы-экономикалық  жағдайын,  педагог 

мамандар мен тәрбиеленушілер құрамын жетілдіруге байланысты зерттеулер 

мен талдаудар, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру). 

     Мектептегі  әдістемелік  жұмысты  ұйымдастыру  формалары  бірқатар 

факторларға байланысты өзгеріп, жаңарып отырады, олардың негізгілері: 

-  мемлекеттің  білім  беру  саласындағы  саясаты,  заң  актілері  мен 

құжаттары; 

-  мұғалімдердің  педагогикалық  мәдениетінің  деңгейі,  оларды  жеке 

тұлғалық  және  кәсіби-қызмет  көрсеткіштерінің  диагностикалық  өлшеуімен 

анықталған әдістемелік сауаттылығы

-  мектеп  ұжымындағы  моральдық-психологиялық  жағдай,  әдістемелік 

жұмысты ұйымдастырудың материалдық-технологиялық мүмкіндіктері 

-  мектеп  ішіндегі  педагогикалық  тәжірибені  зерттеу,  мұғалімдердің 

жаңашылдық белсенділігі, 

-  мектеп  басшыларының  әдістемелік  жұмысқа  басшылық  жасаудағы 

кәсіби дайындығының деңгейі т.б. 

     Әдістемелік 

жұмыстың 

мазмұны 

мынадай 


бағыттар 

бойынша 


нақтыланады: 

-  мұғалімнің жалпы мәдени дайындығы; 

-  кәсіби-адамгершілік мәдениеті

-  жалпы мәдениеттілігі; 

-  зерттеушілік мәдениеті; 

-  диагностикалық мәдениеті; 

-  басқару мәдениеті. 

Мектеп  директорының  басшылық  қызметіне,  оқу-тәрбие  жұмысы  мен 

оның  сапасы  жөніндегі  арнайы  жауапкершілік  жүктеледі.  Ал,  мектептің 

педагогикалық  ұжымына  әділ  басшылық  ету,  кадрларды  дұрыс  таңдау, 

мұғалімдердің  кәсіби,  ғылыми-теориялық  педагогикалық  деңгейін  көтеруге, 

шығармашылық  белсенділігіне  мүмкіндік  жасау,  оқу-тәрбие  процесінің 

барысын, сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнымен танысу, мектептегі оқу-

тәрбие  жұмысын  жетілдіру  бағытында  мұғалімдер  мен  оқушылардың 

қоғамдық ұйымдарымен іскерлік ынтымақтастық қарым-қатынас жасау және 

т.б. жұмыс түрлері директор қызметінің тікелей міндеттері болып табылады.  

     Мұғалімдердің әдістемелік, жаңашылдық іс-әрекетке қатысуы, болашақта  

жеке  педагогикалық  жүйенің,  іс-әрекеттің  қалыптасуына  жағдай  туғызады. 

Жаңашыл  педагогтар  тәжірибесі,  ең  алдымен,  оқыту  әдістемесіне  ғылыми 



 

74 


оқытудың 

нақты 


бір 

бағытынан 

және 

оны 


жүзеге 

асырудың 

технологияларына  үлес  қосады.  Аттестациялау  (сараптау)  –  маман 

шеберлігінің  деңгейін  анықтайтын  тәсіл,  аттестацияның  мазмұны, 

ұйымдастырылуы,  өткізілуі.  Мұғалімдердің  кәсіби  дайындығын  жетілдіру 

жүйесі  –  сараптау  (аттестация)-педагогтар  мен  мектеп  басшыларының 

біліктілігін көтерудің аса маңызды тиімді тәсілі болып есептеледі. 

     Аттестацияның  мақсаты-  кәсібилік  деңгейді  көтеруге  ынталандыру,  оқу-

тәрбие  процесінің  сапасын  арттыру,  шығармашылық  ынтасын  дамытып, 

нарықтық  экономикалық  қатынастар  жағдайында  жекелеген  еңбек 

жалақысын  беру  жолымен  педагогтардың  әлеуметтік  қорғанысын 

қамтамасыз  ету.  Кәсібилік  деңгейіне  сәйкес  педагогтың  біліктілік 

категориясын  тағайындау  да  осы  сараптау  қызметінің  нәтижесі  болып 

табылады. 

     Аттестацияның  принциптері:  еріктілік,  жариялылық,  жүйелілік  және 

тұтастық, шынайылық. 

     Мұғалімдерді 

сараптауда 

педагогикалық 

еңбектің 

бағамы-оның 

нәтижелілігі және  оқу-тәрбие процесінің  сапасы  есепке  алынады.  Ол  әр  бес 

жылда  бір  рет  педагогтың  өзі  таңдаған  біліктілік  категориясы  көрсетілген 

жеке  өтінішіне  орай  өткізіледі.  Біліктілік  категориясын  иемденуге 

байланысты  өз  сараптау  мүмкіндіктерін  мұғалімдердің  өздері  анықтайды, 

олар  сараптау  формаларын  таңдауға  құқылы:  дәрістер  топтамасын  көрсету, 

сыныптан  тыс  оқу  жұмыстарымен  таныстыру,  белгілі  бағдарлама  бойынша 

«емтиханң, (әңгімелесу) не шығармашылық есеп, ғылыми-әдістемелік немесе 

тәжірибе-эксперименттік жұмысты қоғау және т.б. 

     Кей  жағдайда  педагогтың  нақты  біліктілік  деңгейі  мен  оның 

тағайындалған  қызметіне  сәйкестігін  анықтау  үшін  сараптау  жұмысы 

әкімшіліктің,  мектеп  кеңесі  мен  педагогикалық  кеңес  ұсынысымен  де 

өткізілуі мүмкін. 

     ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  бұйрығына  орай  қабылдаған 

«Мемлекеттік  және  жеке  меншік  білім  мекемелерінің  педагогикалық  және 

басқару  қызметкерлерін  сараптау  жөніндегі  Ережелерінең  сәйкес  үш  түрлі 

сараптау комиссиясы құрылады: 

- бас  сараптау  комиссиясы  –  республикалық  деңгейдегі  басқару  органы 

тарапынан ҚР, облыстар құрамында құрылады

- аудандық  (аймақтық)  не  қалалық  комиссия-жергілікті  жердегі  білім 

басқармасы тарапынан ұйымдастырылады; 

- білім  мекемесіндегі  сараптау  комиссиясы-  оның  педагогикалық  кеңесі 

ұсынысымен құрылады. 

     Әр комиссия мәселені өз құзырына сай шешеді. Сараптау комиссиясының 

қабылдайтын  негізгі  шешімі-біліктілік  категориясын  тағайындау.  Қазіргі 

кезде сараптау Ережелеріне орай үш біліктілік категориясы белгіленген: 

- ең жоғары, оны бас сараптау комиссиясы белгілейді; 

- бірінші, оны аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия тағайындайды

- екінші категория мектептің сараптау комиссиясы тарапынан беріледі. 

 Сараптаудың  табысты  болуы  оның  ұйымдастыруымен,  қойылатын 




 

75 


талаптар туралы қажетті ақпараттың нақтылығымен, қорғау және эксперттеу 

әрекеттерімен,  іскерлік  және  көңілге  қонымды  жағдайлардың  жасалуымен 

байланысты  келеді.  Мұғалімдерді  сараптау  қорытындысы  мектеп 

жұмысының  стратегиясы  және  тактикасын  белгілеуде  маңызды  роль 

атқарады  

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   85
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...