Лекциялардың тезистері


түрі. Сабақтың басқа түрлері



Pdf көрінісі
бет67/85
Дата21.09.2021
өлшемі0.79 Mb.
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85
түрі. Сабақтың басқа түрлері. 

Оқыту 

әдістері, 

оқыту 

әдістерінің 

көптүрлілігі,                                                    

оларды топтастыру. 

                                                  Жоспар 

1Оқыту әдісі туралы түсінік  

2. Оқыту әдістерін  топтасгыру (классификациясы

3.Оқытуды ұйымдастырудың түрлері туралы ұғым. 

4.Қазіргі мектептегі жұмысты ұйымдастырудың түрлері. 

5.Сабақтың жіктелуі және құрылымы. 

6.Мұғалімнің сабаққа дайындығы.  

 

     Негізгі ұғымдар: оқыту әдістері, білім көздері, амал-тәсілдер. 

     Оқыту  әдісі  —  оқушыға  білім  мен  тәрбие  беріп,  дамыту  мақсатындағы 

ұстаз  бен  шәкірттің  бірлескен  қызметі,  қарым-қатынастағы  тәсілі.  Оқыту 

әдісі  арқылы  шәкірттің  білім  алуы  іскерлікке  төселіп  дағды  қалыптасуы, 

дүниетанымы мен қабілеті жетіледі. 

   1. Оқытудағы білім көздеріне байланысты әдістер: 

- Сөзбен түсіндіру әдісі (баяндау, лекция, әңгіме, пікірсайыс); 

- Көрнекілік әдісі (демонстрация, иллюстрация); 

- Тәжірибелік әдіс (жаттығу, зертханалық жұмыс т.б.). 

2. Таным түсінікті меңгеру сипатындағы әдістер: 

            - Түсіндіріп ұқтыру, репродуктивтік әдіс;  

- Проблемалық түрғыдағы әдіс; 

- Ішінара іздеу немесе эвристикалық әдіс

- Зерттеушілік әдіс. 

3. Дидактикалық мақсаттағы әдістер: 

- Жаңа білімді меңгеру әдісі: 

- Алған білімді бекіту әдісі: 

- Бақылау әдісі. 

     Шартты  түрде  топтастырылған  әдістердің  бәрінің  негізгі  бағдарлық 

жүйесіне  ортақ  әдістемелік  амал  тәсілдерінде  мына  мәселелер  ескерілуге 

тиіс: 

1. Іс-әрекетті жүзеге асырудағы тиімділік және ұйымдастырушылық



2.Мотивация және ынталандыру

3.Оқу жұмысын бағалау мен тұлғаның өзін-өзі бақылауы.  

     Сөзбен  түсіндіру  әдісі  -  мұғалімнің  баяндап  беріп  түсіндіруі  арқылы, 

немесе  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын  оқу  барысында  жүзеге  асырылады. 




 

65 


Бұлар оқушыға берілетін ақпараттық мағлұматтың негізгі көзі деп саналады. 

Мұғалім  сабақты  түсіндіріп  баяндауында  оқылатын  материалдың  мақсаты 

мен мазмұнына және оқушының жас ерекшелігі мен дербес ерекшелігіне мән 

беріледі.  Оқытудың  бұл  әдісі  көбіне  бастауыш  мектепте,  тиісті  жағдайға 

байланысты жоғары сыныптарда да қолданылады. 

     Лекция  -  оқылатын  материалдың  жүйелі  түрде  баяндалуы  талап  етіледі. 

Орта  оқу  орындарының  жоғары  сыныптары  үшін  оқылатын  лекцияларда 

шәкірттің  лекциядағы  мәтіндік  мәнді  жаза  білуге  үйренумен  қатар  тиісті 

түсінік, термин, танымдық ойларды қалыптастыру бірлікте жүргізіледі. 

     Әңгіме  әдісі  -  тиісті  тақырыпқа  байланысты  ақпараттық  мағылұмат 

берумен қатар мұғалім мен оқушы арасындағы диалог, пікір алмасу бірлікте 

жүргізіледі. Әнгімелесу барысында репродуктивтік қайталау, пысықтау және 

шәкіртті  ойлантып  іздендіру  түріндегі  эвристикалық  тапқызу  жұмыстары 

оқушының сабақ тақырыбынан туындаған сұрақтарға байланысты заңдар мен 

заңдылықтарды,  деректерді,  теориялық  ұғым-түсінікті  дұрыс  меңгеруіне, 

зейін қойып қабылдай білуге

 

баулиды да қалыпғастырады. 



     Пікір  сайыс  әдісінде  -  талданып,  талқыланып  отырған  мәселе  жөнінде 

пікірін  ашық  айтып,  қателесіп  кетемін  деп  жасқанбай  сөйлеу  оқушының 

өзіндік пікірі болуға бағдарлайды. 

     Сөз 

түріндегі  қолданылатын  әдістің  басты  сипаты  ақпараттық 

мағлұматтың  мол  болуына,  дәлелді  сөйлей  білуге  логикалық  жүйені  сақтай 

алуға  бейімдейді.  Өзінің  ойын,  білген  түсінігін  жеткізуде  белсенділік 

көрсетіп,  әріптестерін  тыңдата  алуға  машықтандырады.  Әлсіздігі  кейде  бос 

сөзге дес беріп, дерексіз лепірмелікке ұрыну болса, оған жол бермеуге көңіл 

аудару керек. 

     Көрнекілік  әдісі.  Бейнелік  кескінді  көзбен  көріп,  оның  нақты  болмысын 

тануда  түрлі  суреттер,  құралдар  сызбалар  мен  таблицалар,  моделдер 

пайдаланылады.  Оқытуда  әр  түрлі  иллюстрациялық  құрал-жабдықтардың 

қолданылуы  оқушыға  берілегін  үғым-түсініктің,  нысанаға  алынған 

танымнын тиянақты да айқын болуына әсер ететіндігі ақиқат шындық.  

      Тәжірибелік  әдістер.  Алған  білімнің  нәтижесі  оның  нақты  тәжірибеде 

колданылуы екені ешбір дәлелдеуді керек етпейтін шындық. Сонымен бірге 

тәжірибе  оқушының  іскерлігін  жетілдіріп,  дербестігін  өрістетіп,  ақыл-ойы 

мен  дене  күшінің  дамуына  игі  ықпал  етіп,  тұлғаны  қалыптастырады. 

Көрнекіліктің түрлері: 

     Жаттығу 

әдісі  -  оқушыға  білік,  білімдарлық  қалыптастырып 

машықтандыру  мақсатында  тиісті оқу  материалдарын бірнеше рет  қайталап 

шығу.  Жаттығуға  қойылатын  талап:  оқушы  қайталаудың  мақсатын  түсінсе, 

қандай  нәтижеге  жетуге  тиісті  екендігін  біліп  және  болуға  ықтимал 

қателіктер мен кемшіліктерден сақтанып, қажетті дағдыларды меңгереді. 

     Зертханалық  жұмыс  -  оқушы  зертхана  (химия,  физика)  бөлмесінде  тиісті 

тақырыпқа  байланысты  тәжірибе  жүргізіп,  оның  мән-мағынасын  бақылап, 

білуге  тиісті  үрдісті  жеке  немесе  топтық  құрамда  орындап  көреді. 

Эксперименттің  барысымен  танысып,  оның  нәтижелік  көріністері  туралы 

пайымдау жасайды. 



 

66 


     Қазіргі  кезде  жиірек  қолданылатын  «Ойлан  да  -  ойыңды  айтып  қал» 

(«Мозговая  атака»,  «Мозговой  штурм»)  әдісі  -  мына    тұрғыда 

ұйымдастырылып  жүр.  Проблеманы  талқылауға  қатысатын  топ  шең  құрып, 

дөңгеленген  тәртіп  бойынша  орналасады.  Басқарушы  шешілуге  тиісті 

мәселені  түсіндіріп,  белгіленген  уақыт  ішінде  (10-30  минут)  қатысушылар 

жауап беріп, өз ойларын ортаға салады.  

     Бұл әдістің мәні - оқушы проблеманы шешуде белсенділік танытып, оған 

зерттеуші  тұрғысынан  қарауға  мүмкіндік  туғызылатындығында.  Сондай-ақ 

олар  қойылған  міндетті  өзінше  орындап,  өзінше  шешіп  және  ой-түсінігін, 

көзқарасын еркін түрде жасқанбай айтуға дағдыланады, өзінше әрекеттенуге 

жаттығады.  Оқушы  тез  ойланып,  ойын  жедел  айтып  салуға  әдеттеніп  және 

өзінше әрекеттенуге машықтанады. 

 

      Еліміздегі қазіргі орта оқу орындарының көпшілігіндегі оқытудың негізгі 



түрі - сабақ. Өйткені сабақ жастары қатарлас топтағы оқушыларға бірыңғай 

бағдарламамен  тиянақты  күнтізбе  бойынша  білім  берудің  негізі  болып 

табылады.  Сабақтың  типі  жөнінде  ғылыми  тәжірибелік  зерттеулер  де, 

жүйелеулер  де  жетерлік.  Дидактикалық  мақсаттағы  әр  түрлі  ойларды 

сараптай келгенде оны мына тұрғыда топтастырған орынды: 

-  Жаңа білім меңгеру сабағы. 

-  Іскерлік пен дағдыны қалыптастырып дамыту сабағы. 

-  Алған білімді жүйеге келтіріп тұжырымдау сабағы. 

-  Кайталау, пысықтау сабағы. 

-  Тексеріп алған білім сапасын айқындау. 

-  Аралас сабақ. 

-  Жинақтап қорыту сабағы. 

     Дидактикада қамтылатын логикалық бағдар:  

а) білімнің актуалдылығы және оны әрекетке айналдыру;  

ә) жаңа білімдік мағлұматты меңгеру және таным түсінікті жетілдіру;  

б) алған білімді пайдалану мен тиісті дағды қалыптастыру. 

     Әдістемелік  бағдарда  шешілетін  міндет  пен  орындалатын  жаттығу  және 

оқушының  кайталайтын  жауабы  жобаланып,  сабақта  атқарылатын  іс-әрекет 

нақты  жоспарлануы  керек.  Жаңа  материалды  түсіндірудің  әдіс,  тәсілдері 

керсетіліп,  қойылып

 

отырған  міндетті  шешудегі  мұғалімнің  басшылығымен



 

атқарылатын, оқушының  орындайтын және  өздігінен  атқаратын жұмыстары 

белгіленуге  тиіс.  Сабақтың  психологиялық  бағдарында  қойылған  мақсатқа 

орай  психологиялық  мотив  мәселесі  барлық  жағынан  қарастырылып, 

оқушының  жас  ерекшелігі  мен  дара

 

ерекшелігімен  санаса  отырып,  білімді 



меңгерудің психологиялық сипаттағы заңдылықтарына мән берілуі керек.  

     Сабақ  өткізу  алдымен  оқушының  іс-әрекетін  ұйымдастыру  болып 

табылады.  Мұның  құрылымдық  түрі  -  сыныптағы  оқушылардың  барлық 

құрамын  және  жеке  тұлғаны  жұпқа,  топқа  болу  арқылы  әрекетке  келтіру 

негізінде  жүргізіледі.  Сараптай  айтқанда  сыныптағы  барлық  оқушының  іс-

әрекетін мұғалім басқарып бағдарлайтын бірлескен әрекет болып табылады. 

Сондай-ақ  жеке  тұлғаның  әрқайсысы  өз  алдына  дара  да  дербес  түрде 



 

67 


әрекеттенеді.  Сабақ  барысында  оқушыларды  топқа  бөлгенде  4-5  шәкірт  бір 

топ  немесе  екі-екіден  бірлескен  топ  болып,  берілген  тапсырманы  мұндай 

жағдайда  орындаудын  натижелік  көрсеткіші  жоғарырақ  болады.  Өйткені 

топтастыруда үлгерімі бірыңғай немесе әр түрлі үлгерімдегі оқушылар болса 

олар бір-бірінен жәрдем алады. Өзара пікірлесіп еңбек ету барысында нашар 

оқитын  шәкірт  білімді  тиісті  деңгейде  меңгерудің  жол-жосығын 

құрбыларынан  үйреніп,  іс-әрекетке  ықыластана  кіріседі.  Топтағы  оқушылар 

бір-бірінен тәлім алып, белсенділігінің артуына ықпал етеді. 

     Сабақтың  теориясы  мен  тәжірибесінің  жүзеге  асып,  табысқа  жетіп 

нәтижелі  болуы  мұғалімнің  сабақка  дайындала  білуіне  тәуелді.  Өйткені 

өтілетін сабақтың жүйесін айқындап, жоспарлау барысындағы үрдіс негізінде 

оқушының  білім,  білік,  дағды  меңгеруі  психологиялық,  жағынан  шешуші 

сипатқа ие болатындығы ақиқат шындық.   

Саяхат  сабағының  мақсаты  –  ғылым  саласындағы  пәннен  теориялық 

білімді  нақты  тәжірибеге  жалғастырып  көрсету.  Бұл  оқушының  түрлі 

деректер  мен  құбылыстар  жөніндегі  таным  түсінік  арнасын  кеңейтуге 

мүмкіндік туғызу. 

Факультативтік  сабақтар  –  оқушылардың  сұранысы  бойынша 

ұйымдастырылады.  Сабақтың  бұл  түрінің  негізгі  мақсаты  –  оқушылардың 

талап-тілегін  ескере  отырып,  олардың  ғылыми-теориялық  білімін,  таным 

түсінігін  дамытып  шығармашылық  жолдағы  бағдарын  ашуға  жәрдемдеседі. 

Сонымен  қатар  оқушының  бейімділігіне  қарай  кәсіби  мамандыққа  деген 

қызығушылығын тұрақтандыруға ықпал етеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар