Лекциялардың тезистері



Pdf көрінісі
бет50/85
Дата21.09.2021
өлшемі0.79 Mb.
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   85
 

       Әдебиеттер 

1. Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М., Педагогика. Алматы, 2004. 

2. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы, 2003. 

3. Аймағамбетова  Б.,  Бейсенбаева  А.  Тәрбиенің  жалпы  әдістері.  Алматы, 

2000. 

4. Болдырев Н. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. Алматы, 2000.  




 

48 


5. Ілиясова  А.  Класс  жетекшісінің  жүргізетін  тәрбие  жұмысының  жүйесі. 

Алматы, 2004. 

 

19.  Педагогикалық  процестегі  мұғалім  мен  оқушының  өзара  әрекетінің 

мазмұны.  Балалар ұжымы және оның даму кезеңдері. 

                                                            Жоспар 

1. Оқушылар ұжымы және оның даму жолдары. 

2. Ұжыммен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби іскерлік қасиеттері.  

3. Оқушылар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесі. 

       Негізгі  ұғымдар:  ұжым,  балалар  ұжымы;  балалар  ұжымы  дамуының 

кезеңдері  мен  заңдары,  оқушылардың  өздерін-өздері  басқаруы,  оқушы 

ұжымының қалыптасуының диагностикасы. 

         Мектептегі  ұжымдық  жүйенің  құрылымы  -  мұғалімдер  коллективі, 

оқушылар  коллективі  -  жеке  сынып,  түрлі  үйірмелер  бірлестігі  тұрғысында 

топтасады.  Ал  педагогтің  міндеті  -  жалпы  мектептік  және  сыныптық  ұжым 

қалыптастырып  және  оның  әдістемелік  жолдарын  шешеді.  Ұжымдық 

дамудың деңгейі, сипаты педагогтің қоятын талабына үйлесімді өрістейді.  

Ұжымды құру мен оны тәрбиелеудің әдістемесі оқушыларды бірлескен 

іс-әрекетке тарту болып табылады. Бірлескен іс-әрекет оларды топтастырып, 

еңбектену  барысындағы  бірлігі  нығайып,  ынта  жігері  өрістейді.  Болашақта 

жалғастық  табады.  Ол  үшін  мына  мәселелерге  мән  беру  керек:  қойылатын 

талапты  орындау  оқушының  қолынан  келетіндігіне  сенім  білдіріп.  жүзеге 

асырылатын  міндетке  байланысты  ережелер  мен  онын  деңгейін  ұқтырып, 

иландыра  білу  басты  шарт.  Ұжым  мүшелеріне  әсерлі  ықпал  етерлік 

оқушылар  активін  құрғанда  оларды  психологиялық  жағынан  демеп, 

консультация беріп, түрлі тәжірибелерді таныстырып, ұйымдастыруға бағдар 

сілтеп,  атқарған  істерін  қадағалау  қажет.  Ұйымдастыру  ісіне  ертеңгі  үмітке 

былайша  айтқанда  перспективаға  назар  аударылуға  тиіс  мұның  теориялық 

негіздері  мен  практиклық  жолдары  А.С.Макаренко  еңбектерінде жан-жақты 

сипатталган.  Ұжымның  дамуын  ұйымдастыру  жүйесі  бүгінгі,  ертеңгі, 

болашақтағы  әрекет  нәтижесіне  негізделсе,  тұлғаны  ынталандырып,  іс-

әрекетке деген олардың кұлшынысын жебеп жігерлендіреді.  

Оқушы ұжымының бірнеше кезеңдері бар. Ұжымды дамытудың бірінші 

сатысы әдеттегідей оқушылардың нашар ұйымдастырылуымен сипатталады, 

балалар бұл сатыда алғашқы ұжымдарға формальды түрде топтастырылады. 

Сынып  белсенділері  болмайды,  соған  байланысты  мұғалім  сыныпқа  тиісті 

талаптарды  өзі  қояды.  Бұл  мектепке  немесе  сыныпқа  қайтадан  келген 

балалар  жинақталған  “құрама  сынып”  оқушылары  ұжымының  басты 

ерекшеліктері. Көп жағдайда мұғалім бірге көп жылдар бойы бірге оқып келе 

жатқан  оқушылар  ұжымымен  жұмыс  істейді,  бірақ  сынып  тәртібі  нашар, 

көшбасшылар  формальды  түрде  сайланады,  бірақ  мұның  ұжымдық  қарым-

қатынасқа 

ешқандай 

ықпалы 

болмайды, 

яғни 

жалпы 


нашар 

ұйымдастырушылық орын алады. 

Айтылған  кезеңде  мұғалім  сабақта  және  сабақтан  тыс  уақыттарда 

оқушыларды әртүрлі бірігіп атқарылатын іс-әрекеттерге араластыру арқылы 




 

49 


бір-бірін  (оқушы  мен  мұғалім)  жақсы  танысуға  күш  салуы  тиіс.  Сонымен 

қатар, ұжымның қалыптасуы кезеңінде сынып  белсенділері сайлауға, қайта 

сайлауға дайындалады.  

Ұжымды дамытудың екінші кезеңінде талаптарды тек мұғалім ғана емес 

белсенді топ мүшелері де (параллель) қоя алады. Сабақта және сабақтан тыс 

іс-әрекеттердің  түрлері  көбейіп,  күрделене  түседі.  Белсенді  топ 

мүшелерітапсырмаларды  оқушылардың  мүдделерін  ғана  емес,  ұжым 

қажеттіліктерін ескере отырып береді.  

Балалар  ұжымының  дамуының  үшінші  кезеңінде  тек  мұғалім  мен 

белсенділердің  мүшелеріне  ғана  талаптар  қойылмайды,  сонымен  қатар 

ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі бір талап қойылады. Бұл саты қоғамдық 

пікірлердің  ескерілуімен,  оқушылардың  өз-өзіні  басқаруының  жоғарғы 

деңгейде  болуымен,  балалардың  ұжым  жұмыстарымен  айналысумен 

сипатталады.  Дәл  осындай  ұжым  оқушыларды  ұжымшылдыққа  тәрбиелеу 

құралы болып табылады. Бұл жерде әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына 

барлық жағдайлар жасалады.  

Ұжымның  барлық  даму  сатыларында  мұғалімнің  алдында  үнемі 

тәрбиелеу  міндеттері  тұрады.  Оның  ішіндегі  ең  маңыздысы:  педагогикалық 

жетекшілік пен оқушылардың өз-өзін басқаруын дамытуды қалай бірге алып 

жүруге болатындығында.  

Мұғалімдердің  балалар  ұжымымен  кәсіби  ұйымдастырылған  жұмысы 

барысында  әлеуметтік  (қоғамдық)  белсенділік  ретінде  күрделі  тұлғалық 

қасиеттер қалыптасады. Қайта құру кезеңінде бұл қасиет ерекше маңызға ие 

болады,  өйткені  ол  қоғамдық  іс-әрекеттердің  маңыздылығын  оқушылардың 

санасына  сіңіруін,  олардың  оған  жауапкершілік,  белсенділік,  ізденімпаздық 

таныта отырып қатысуға дайындалуын, ұмтылуын қамтиды.  

Оқушылардың  қоғамдық  пайдалы  жұмыстарға  қатысуға  оң  көзқарас 

танытпайтындар  да  аз  емес.  Оның  негізгі  себебі  ұйымдастырылатын 

жұмыстардың 

бірыңғайлығы, 

ондағы 

формальдылық, 

жұмыстың 

пайдасыздығының  айқындығы,  педагогтың  өзінің  қызығушылық  танытпауы 

болып  табылады.  Соған  байланысты  оқушы  белсенділігі  мектепте 

ұйымдастырылатын  жұмыстардың  тиімділігіне,  сұранысқа  ие  болуына, 

мұғалім позициясына, жеке қатынасына, жұмысты сауатты ұйымдастыра алу 

біліктеріне тікелей байланысты. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   85




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар