Лекциялардың тезистері



Pdf көрінісі
бет35/85
Дата21.09.2021
өлшемі0.79 Mb.
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85
 

14. 

Тұтас 

педагогикалық 

үдерістің 

мәні 

және 

құрлымы                                                

Жоспар 

1.  Педагогикалық  процесс  мұғалім  іс-әрекетінің  обьектісі  туралы  ұғымның 

қалыптасу тарихы. 

2.  Педагогикалық  процестің  мәні,  оның  құрылымдық  компоненттері. 

Оқушы- педагогикалық процестің субьектісі. 

         Негізгі  ұғымдар:  объект,  пән,  ғылым,  жүйе,  әлеуметтік  жүйелер, 

“ұстаздар  –  оқушылар”  жүйесі,  педагогикалық  процесс,  педагогикалық 

ситуация, қозғаушы күштер, тәрбиелеуші тетіктер, диагностика, болжамдау. 

Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің обьектісі туралы ұғымның 

қалыптасу  тарихы.  Қазіргі  педагогикалық  процесс  түсінігі  бірден 

қалыптасқан  жоқ.    М.А.Данилов  “Педагогикалық  процесс  -  педагогикалық 

теорияның  обьектісі”  деген  еңбегінде,  ең  бастысы,  әр  түрлі  құбылыстарды 

зерттеу негізінде педагогика теориясын одан әрі жетілдіруі айқындалатынын 

көрсетті. 

Ғалымдардың  зерттеулеріне  байланысты  педагогикалық  процестің 

түрлі қырлары мен заңдылықтары айқындалды. 

Педагогикалық  процестің  мәнін  әлеуметтік-педагогикалық  жағынан 

түсіну бағыты Э.И. Моносзон мен З. Филонов еңбектерінде көрсетілді. 

 Кеңестер  одағы  мен  бұрынғы  социалистік  бағыттағы  елдерде,  ГДР-де 

шыққан  еңбектерде  “педагогикалық  процесс”  оқу  мен  тәрбиенің  бірлігі 

ретінде қарастырылады. 

 Ағылшын 

тіліндегі  әдебиеттерде  (АҚШ,  Англия,  Австралия) 

“педагогикалық процее”  деген ұғым  “оқыту”  деген  сөздің баламасы  ретінде 

қолданылады. 

“Педагогикалық  процесс”  анықтамасын  ең  алғаш  Каптерев  П.В. 

анықтады. Ол оны “білім беру процесі” ретінде қолданды. Ондағы өзіндік іс-

әрекет  сөзсіз  болатын  құбылыс.  Каптерев  ұсынып  отырған  анықтамада 

“педагогикалық  процес”  ұғымы  біртұтас  үлкен  бір  құбылысты  көрсететіні, 

оның оқыту, білім беру, үйрету, тәрбиелеу, даму, нұсқау, иландыру, жазалау, 

т.б. сияқты кезеңдері болатынын көрсетуімен маңызды. Түйіндей келе, П.Ф. 

Каптерев педагогикалық процестегі оқыту мен тәрбие бірұтастықтың кейбір 

бөлшегі  ретінде  өмір  сүреді  деген  пікірде  болуы.  Сонымен  бірге,  бұнда 

кейбір бөлшектердің күрделі қатынастары туралы ой байқалады. 

       С.Т.Щацкийдің  пікірінше,  педагогикалық  процесс  бірқатар  көптеген 




 

35 


элементтердің  нәтижесі  болып  саналады,  оның  ішіндегі  негізгілері 

әлеуметтік-экономикалық  орта,  іс-әрекеттер  мен  ықпал  ететін  обьектінің 

психо-физиологиялық ерекшеліктері және ұстаздардың іс-әрекеті. 

А.П.Пинкевич  педагогикалық  процестің  мектептің  қоғамдық  өмірдегі 

рөлінен 

туатын 


әлеуметтік 

және 


педагогикалық, 

психологиялық 

аспектілерінің бірлігінен тұратынын көрсетеді. 

А.С.  Выготский  педагогикалық  процестің  жағдайын  білу  деген 

идеяның болашағы өте зор, оны зерттеуге көңіл қою керек дейді. 

А.С.Макаренко, 

М.А.Данилов, 

В.С.Ильин, 

Б.Т.Лихачев, 

т.б. 


педагогикалық және тәрбиелік процесті бір мағынада түсіндіреді. 

В.А. Сухомлинский “педагогикалық процестің тұтастығын мұғалім мен 

оқушының  рухани  бірлестігі  және    үлкен  адамның  басшылығы”  деген  ойы 

маңызды. 

Л.Ф.Спирин,  М.А.Степенский  т.б.  пікірі  бойынша  “педагогикалық 

жүйедегі тәрбиенің обьектілері мен субьектілерінің іс-әрекеттері бөлінбейтін 

біртұтас тәрбие процесі болып есептеледі”. 

Біртұтас  обьектінің  теориясын  жасау  диалектикалық  материализмнің 

белгілі бір методологиялық мақсаты құбылыстардың өзара байланыстылығы 

туралы  күрделі  құбылыстарды  жүйе  ретінде  қарастырумен  және  нақтылы 

жағдайда жүйелі тәсілді практикалық жүзеге асырумен тікелей байланысты. 

Дидактика  саласында,  оқыту  процесінің  элементарлық  бірлігі  “кереге 

көзі”  ретінде  Лернер  әрекетті  негіздесе,  Е.Н.  Тонконогая  сабақты,  П.М. 

Эрдниев  жаттығуды,  В.И.  Загвязинский  -  тапсырмаларды,  Т.И.  Шамова 

танымдық әрекетті көрсетеді. 

Жоғарыдағы  авторлар  педагогика  теориясындағы  кереге  көзді 

негіздеуге  ұмтылыстарын  бағалай  отырып,  М.А.  Данилов  олардың  толық 

нәтижеге жетпегенін көрсетеді. 

Педагогикалық 

процестің 

түпкі  мақсаты 

– 

ол 



“қоғамдық 

қатынастардың жиынтығы” жеке тұлғаны қалыптастыруы керек. Әрбір жаңа 

ұрпақ  өткен  ұрпақ  тәжірибесін  меңгеруі  керек,  жеке  тұлғаның  қалыптасу 

шарты осындай. Өзіне тән әрекетсіз тәжірибені игеру мүмкін емес. 

Педагогикалық  процестің  “ұстаздар  –  оқушылар  “  қатынасындағы 

мақсат,  міндеттер,  мазмұн,  құралдар,  формалар,  әдістер  мен  тәсілдер, 

тапсырмалар  айналымы  үнемі  жүріп  отырады.  Басқаша  айтатын  болсақ, 

педагогикалық  процесс  оқушылардың  мәдени  байлықтарды  меңгеруге  және 

қоғамдық  өмір  мен  еңбекке  дайындаудағы  бірлескен  іс-әрекеттері,  бұл 

ұстаздардың белсенді араласуымен және басшылығымен жүзеге асады. 

Оқушы  өзінің  даму  барысында  әлеуметтік  тәжірибені  меңгеруі  керек, 

ал  ол  іс-әрекетсіз  мүмкін  емес.  Бірақта  ол,  іс-әрекеттер  жүйесін  өздігінен 

игере  алмайды.  Оқушы  іс-әрекет  субьектісі  болып,  мұғалімнің 

басшылығымен әлеуметтік тәжірибені игереді. 

Педагогикада  педагогикалық  ситуация  тәрбиелілікті  зерттеу  әдісі 

ретінде  және  оқытудың  әдісі  ретінде  кеңінен  қолданылады.  Ситуацияны 

талдау мен модельдеу, педагогикалық ойлауды қалыптастыру тәжірибесінде 

жүзеге  асырылады.  Қалыптасудың  қас  қағым  сәті,  элементарлық  бірлігі 




 

36 


педагогикалық ситуация. Педагогика пәні педагогикалық процесс қызметінің 

заңдылықтарын  зерттейді,  оның  нәтижелері  педагогикалық  процесті 

ұйымдастыруда қолданылады. 

Педагогикалық процестің мәніДиалектикалық материализм ұстанымы 

бойынша  мән  –  аттың  ең  басты,  ішкі  біршама  тұрақты  жағы.  Мән  заттың 

табиғатын  анықтайды.  Элементарлық  бірлік  “кереге  көзді”  талдау  негізінде 

педагогикалық  процестің  мәні  екі  жақты  сипатталынады:  әлеуметтік  жүйе 

ретінде; өзіндік ерекшелігі бар жүйе ретінде. Әлеуметтік жүйе ретіндегі оның 

белгілері  мынадай:  жүйенің  жалпы  мақсаты  және  оның  өзара  байланысты 

бөліктері немесе элементтері болады, жүйе белгілі ортада жұмыс істейді,  ол 

сыртқы  ортамен  байланысты  түрлі  деңгейде  жұмыс  жүргізеді,  өзінің  ішкі 

қайшылықтары  арқылы  дамиды,  ұйымдастыру  орталығы  арқылы 

басқарылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар