Лекциялардың тезистері



Pdf көрінісі
бет1/85
Дата21.09.2021
өлшемі0.79 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85


 

                                          Лекциялардың тезистері. 



  Педагогика  тарихы:  тақырыбы,  міндеттері,  әдіснама,  тарихи-

педагогикалық зерттеу әдістері. 

1.Педагогика  тарихы:  тақырыбы,  міндеттері,  әдіснама,  тарихи-

педагогикалық зерттеу әдістері. 

Жоспар:  

1.  Педагогика тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері 

2.  Педагогика  тарихы  пәнінің  әдіснамасы  мен  педагогикалық  зерттеу 

әдістері. 

Негізгі  ұғымдар:  даму  тенденциялары,  тарихи  кезең,  тарихи  дәуір, 

оқыту,  тәрбиелеу,    білім  беру  жүйесі,  білім  беру,  педагогикалық  теория, 

этнопедагогика,  педагогикалық көзқарас,  халық педагогикасы. 

Курстың  мақсаты:  болашақ  педагог  мамандарды  педагогиканың  ғылым 

ретінде  дамып,  қалыптасу  жолымен  таныстыра  отырып  өткендегі  озық 

тәжірибелерді  меңгеру,  оны  бүгінгі  күн  жағдайларында  пайдалана  білуге 

үйрету, теориялық білімін тарихи-педагогикалық ақпарлармен толықтыру. 

“Педагогиканың  тарихы”  курсын  оқу  барысында  студенттер  әлемде 

және  қазақ  жерінде  ғылыми  педагогиканың  қалыптасу  тарихының 

бастауларымен  танысып,оның  даму  кезеңдерінде  үнемі  толығып  отыруын, 

ежелгі дәуірдегі педагогикалық ойлардың дамуы жайлы білім қалыптасады. 

Педагогиканың  тарихы  тәлім-тәрбие  пәнін  ғылыми  танудың  бір  түрі 

дейтін  болсақ  ол  жалпы  педагогикалық  теорияның  келіп  шығуын 

хронологиялық  ретімен,  кезеңдермен  дамуын,  бір  күйден  екінші  бір  күйге 

өтуін қарастырады. Педагогикалық ойлардың дамуын қарастыруда мәселенің 

өткені, бүгіні, болашағына үңілудің өзіндік орны бар. 

Осы орайда жоғарыда берілген педагогикның тарихының мазмұны өзара 

тығыз байланыста қарастырылған күнде ғана түбегейлі білім қалыптасады. 

Педагогиканың  тарихы  жалпы  тарих,  философия,  әдебиет,  психология, 

әлеуметтану, саясаттану т.б. пәндермен тығыз байланыста. 

Педагогиканың  тарихын  зерттеуде  тарихи  деректердің  маңызы  зор. 

Осыған  орай  қазіргі  кезде  мұрағат  құжаттарымен  танысу,  ғылыми,  тарихи 

әдебиеттерді  зерттеу,    білім  мен    тәрбиеге  байланысты  құжаттарды 

зерделеудің орны бар. Оның басты әдістері жинақтау, топтастырыу, талдау, 

салыстырмалау т.б. болып табылады. 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 

1.Педагогика  тарихы  пәнінің  ғылыми  педагогикалық  зерттеулерін 

анықтау.  

2.Педагогика тарихы пәнінің теориялық әдіснамалық негіздері. 

 Әдебиеттер:  

1.  Хрестоматия  по  истории  зарубежной  школы  и  педагогической 




 

мысли/под ред. Пискунова, М., 1981. 



2. Қ.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. Алматы, 1985.  

3. Құнантаева К.Қ. Қазақстанда білім даму тарихы. Алматы, 2005. 

4.Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: « Білім » , 2008. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік