Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары


Сыныптың тәрбие жүйесі және оны басқару туралы ұғым

Loading...


бет61/159
Дата01.03.2021
өлшемі344.98 Kb.
түріЛекция
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   159
1.Сыныптың тәрбие жүйесі және оны басқару туралы ұғым.

В.А.Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: "Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін", - дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары, олардың өзара қарым-қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясы, көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектепті басқару ісі демократиялық бағытты ұстануда. Яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш - мұғалім - оқушы - ата-анаға қатысты жағдай да жаңа демократиялық қарым-қатынасқа ие болуда.

Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір-біріне айтар ақыл-кеңесі ауадай қажет болып отыр.

Сондықтан да ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есеп-теуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу-тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.

Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасын негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеппен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысының негізіне мектеп пен ата-аналар және балалардың өзара қарым-қатынасы мен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл-күй мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егер де тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастың әрекеті орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір-біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   159
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...