Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары

Loading...


бет46/159
Дата01.03.2021
өлшемі344.98 Kb.
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   159
Эстетикалық тәрбие міндеттері:

  • бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем әдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру.

  • эстетикалың қүралдарды пайдалануға дағдыландыру.

  • әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.

Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке, Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке тәрбиелеу.

4.Ұлттық тәрбиелік әлеует.

Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Қазақ елінің әлемдік кеңістікте өз жолын таңдауы әрбір қазақтың емін-еркін өмір сүруінің кепілі. Ол сөзсіз ұрпақтар қамы деген ұғыммен үндеседі. Ел болу, мемлекет құру сонау түркі заманынан желісі үзілмей келе жатқан ұлттық арман-аңсар. Ел болу – болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол болашаққа ашылған даңғыл жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Бұдан шығатын қорытынды – ұлттық тәрбие идеясы ата-бабалар алдындағы – қарыз бен өкшебасар ұрпақтың алдындағы – парыз деп түсінуіміз керек. Яғни, парыз бен қарыздың түйісер тұсы осы ұлттық тәрбие деп білеміз. Сондықтан мұнда алдымен мемлекет жасауға ұйытқы болып отырған этнос пен мемле­кеттің мүддесі қатар тұруға тиіс. Өйткені, біз бұдан былайғы кезеңде бүкіл адамзат баласы жасаған өркениет­термен қатар дамуға тиіс мәдениеттің (қазақ мәдениетінің) мүшесі болып саналамыз. Ендеше, адамзат баласының осы уақытқа дейін жасаған озық тәжірибелері мен жетістіктерін қолдан кел­генше түгел игеріп, қажетімізге пайдалануы­мыз керек. Сондай-ақ, ағымдағы уақыттың талабы мен сұранысын қанағаттандырып отыру да ұлттық тәрбиедегі негізгі қағида­ның біріне айналуға тиіс. Бұл үшін қазақ ұлтын қай тұрғыдан да жаңа дәрежеге, жаңа интел­лектуалды сапаға көтеріп алу тиімді.

Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы көшпенді тұрмысқа бейімделген дала халқы емес. Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы “қызыл идеологияның” қыспағындағы бодан халық та емес; бүгінгі қазақ ұлты – өркениет орталығы саналатын қала халқына айналып, сапалық жағынан көп ілгеріледі, бүтіндей аграрлық жағдайдан гөрі, индустриялық-инновациялық мемлекет құруға көшіп отыр. Сонымен бірге “Мәңгі ел” ұлттық идеясы­мен қаруланған тәуелсіз халық. Қазіргі кезде әлем жұртшылығы ұлы реформатор, ұлт лидері деп таныған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей бастама­сымен Үкімет осы бағытта үлкен мемлекет­тік бағдарлама жасап, барлық дең­гейдегі билік өкілдері елдің индустриялық-иннова­циялық даму жолына түсуін қатаң бақы­лауына алып, жіті қадағалап отыр. Түсінген адамға мұның түпкі астарында да мемле­кеттік идеядан туындаған ұлттық мүдде, ұлттық ұстын жатыр. Елбасының әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси­тетінің 75 жылдық мерейтойына орай атал­ған жоғары оқу орнының профессор-оқытушылары мен студенттеріне арнап оқыған “Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс” атты дәрісінде осы мәселені жан-жақты талдап, келешегімізге қандай жолмен баруымыз керектігін тағы бір айқындап берді.Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кез келген мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік гүлденуі мен қауіпсіздігі халық­тың білімі мен интеллектілік ресурстарымен тығыз байланысты. Интеллектуалды ұлт болу деген тар шеңбердегі ұғым емес, оның түпкі иірімінде ұлттық негіз, ұлттық ұстын, ұлттық болмыс жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   159
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
Қазақстан республикасы
бағалауға арналған
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
білім беретін
республикасы білім
әкімінің аппараты
Қазақстан республикасының
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
мерзімді жоспар
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...