Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары

Loading...


бет42/159
Дата01.03.2021
өлшемі344.98 Kb.
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   159
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Педагогика. 2015. Әлқожаева. Н.С.

2.Педагогика. 2016. Дүйсенбаев. А.Қ.

3.Педагогика. 2014. Усманов.Ә.Ә. Сәрсенбаева.М.Б.

4.Дидактика. 2013. Әмірова.Ә.С.

5.Педагогиканың философиясы және әдіснамасы. 2016. Таубаева.Ш.Т.


Лекция №8

Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны.

Лекция жоспары:

1.Тәрбие мазмұны ұғымы.

2.Тәрбиенің мақсаты, міндеттері мен мазмұнының өзара байланысы.

3.Тәрбиенің түрлері және оларға сипаттама.

4.Ұлттық тәрбиелік әлеует.

5. Әлеуметтену контекстіндегі тәрбие.



Лекция мәтіні:

1.Тәрбие мазмұны ұғымы.

Тәрбие процесі (ТП) – бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі. Тәрбие процесі - бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы нәтижелер есебінен құралады. Бұл түсінік бойынша тәрбие процесі өзіндік даму жүйесі ретінде қарастырылады және оның бірлігі болып дамушы тәрбиелеу жағдайында есептеледі. Мұнда тәрбиелеушілер, тәрбие іс-әрекеті, тәрбиеші, оның тәрбиеленушілермен өзара әрекеті ғана дамып қоймай, келешек күрделі жүйе қалыптастыратан біртұтас объектіні дамытады.

Тәрбие процесі көпқырлылық, иерархиялық, статистикалық, өзін-өзі басқару сияқты қасиеттермен сипатталады. Тәрбие процесінде мазмұндық және процессуалдық жақтары анықталады. Бұлардың бірлігі тек тәрбие іске асатын нақты жағдайлар төңірегінен шығуға мүмкіндік беретін жоғары дәрежедегі абстракциялау арқылы жасалады. Оқу пәні мұғалімнің, сынып жетекшінің, ұжымның тәрбиелік іс-әрекеті - бұлар бәрі тәрбие процесі болып табылады. Бұлардың арғы жағындағы тұтастықты көру үшін педагогикалық абстракциялау қажет.

Абстракциялаудың жеткілікті дәрежесі - тәрбиелеу теориясының аса маңызды әдіснамалық проблемасы. Өйткені, төмен дәрежедегі абстракциялауда тәрбие процесі тексеріле алмайды, ал өте жоғары болса, шындықтан алшақтау қаупі туады. Біртұтас педагогикалық процесте тәрбие ерекше орын алады. Бұл процестің орны мен ролі тұлға қалыптастыру процесі құрылымында тез байқалады. Тұлға қалыптастыру басқарушы, бақылаушы сипат алған тұтастығында, яғни адамдар саналы ниетпен, алдын-ала белгіленген жоспар мен міндеттерге сәйкес әрекет жасаған тұтас ортада тәрбие іске кіріседі. Тәрбие - бұл тұлғаны мақсат бағдарлы қалыптастыру процесі.

Тәрбие процесі - бұл белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің нақты пәрменді бірлескен әрекеті. Тәрбие процесі - күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әр компоненті өз кезегінде өзіндік компоненттері бар жүйе ретінде қаралды. Қолайлы анықтау шектерін қолдану арқылы әрқилы жүйе мен құрылымдар түзуге болады.Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі әр бір қоғамдағы мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді және сол арқылы анықталады. Алғашқы қауымдық қоғамдық құрылыста балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретуге тырысты. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар өндіріс құралдары құл иеленушінің жеке меншігі болды. Тәрбие таптық сипатта болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылды, байлығын молайту, басқаны құл ету үшін, соғыс өнеріне жайлап алу соғыстарын жүргізуге тәрбиеледі.

Тәрбие қоғамның пайда болуымен бірге пайда болды. Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең басты мақсатына айналды. Осыған орай, балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс-әрекеттің мазмұны анықталады, білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдеттері қарастырылды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамуы мүмкін емес, онсыз ілгері дамымайды. Таптық қоғамда реакциялық және прогрестік күштер арасында таптық тартыс орын алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   159
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...