Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары


Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны

Loading...


бет17/159
Дата01.03.2021
өлшемі344.98 Kb.
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   159
3.Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны.

Педагогика - үнемі дамып отыратын ғылым Тәрбие мен білім берудің барлық салаларына ғылыми болжам жасау мақсатында және негізгі мәселелерді ғылыми-теориялық, тәжірибелік жағынан терең талдау үшін педагогика ғылымында мынадай зерттеу әдістерінің жүйесі қолданылады. Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми-зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады. Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістерді қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан-жақты дамуына және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Жаратылыстану, басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, эксперименттің нәтижесі өзгермейді. Ал педагогика ғылымында экспериментті қайталап жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің объектісі - баланы тәрбиелеу. Сондықтан педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т.б.) әсер етеді. Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей және оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері - табиғат, қоғам, ой дамуының жалпы заңдылықтары; теория мен практиканың диалектикалық бірлігі туралы; жүйелі-құрылымдық қатынас туралы; философиялық және психологиялық-педагогикалық тұжырымдамалар; жеке тұлғаның іс-әрекет арқылы теориясы; дамыта оқыту теориясы. Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады. Бақылау әдісі: бұл педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды тануды айтады. Мектеп құжаттарын зерттеу: оқу және тәрбие жұмысында кейбір күдікті мәселелерді құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Бұл мектеп және мектептен тыс тәрбие мекемелерінде құжаттар мен архив мәліметтері. Мектеп құжаттарына сынып журналдары, оқушылардың күнделіктері, сыныптың оқу тәрбие жұмысының жоспары, үйірме жұмыстарының жоспары мен есебі, үйірме мүшелерінің баяндамалары, педагогикалық тақырыптарға жазылған мұғалімдердің баяндамалары мен ғылыми мақалалар жатады.

Оқушылардың жұмысын зерттеу: оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарда жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасалған заттар зерттеушіні кейбір

қажетті мәліметтермен қаруландырады. Осы жұмыстар оқушылардың дербес қабілетін оқуға және еңбекке көзқарасымен қатынасын, олардың теориялық және практикалық дайындықтарын, осыған орай мұғалімдердің де іс-әрекеттерін зерттеп анықтауға болады. Эксперимент: эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады.

Зерттеудің жұмысшы болжамы (гипотеза): егер жалпы білім беретін мектепте



  • әртүрлі кәсіпке дайындау мазмұнында ғылымның, жаңа технологияның талаптары, аймақтық мәселелері ескерілсе;

  • оқыту процесінде, оқытудың дидактикалық құралдары ретінде өндірістік негізде құрылған техника-технологиялық есептер мен тапсырмалар; жинақтау процесін ескеретін жинақтаудың технологиялық схемаларын түсіндіретін графикалық тәсілдер қолданылса;

  • оқушылар еңбегін ұйымдастырудың жетік формалары қарастырылған болса;

  • оқу бағдарламаларын кәсіпке оқытудың бірыңғай мазмұны түзілетін болса;

  • оқу-тәрбие жұмыстары барысында оқушыларды кәсіби маңызды сапаларды қалыптастыруда 5-7, 7-9, 10-12 сыныптарда сабақтастық сақталатын болса, онда кәсіби оқытудың тиімділігі артады.

Педагогика - үнемі дамып отыратын ғылым. Тәрбие мен білім берудің барлық салаларына ғылыми болжам жасау мақсатында және негізгі мәселелерді ғылыми-теориялық, тәжірибелік жағынан терең талдау үшін педагогика ғылымында мынадай зерттеу әдістерінің жүйесі қолданылады:
Бақылау әдісі. Алдымен бақылау объектілері бөлініп, бақылау арқылы түскен мәліметтерді хаттамаға жазуға болады. Күнделік, алдын-ала әзірленген кестелер қолданылады, оларға оқушылардың іс қимылдары, т.б. жазылады. Бақылау материалдары дәл жазылуы керек.

Ал педагогикалық процесс мүшелерінің іс-қимылдары туралы объективтік деректер беретін - оларды үнтаспаға жасырын түрде жазу, фотоға түсіру, киноға түсіру. Арнайы дайындықты талап ететіні - киноға түсіру. Материалдарды бірнеше рет еске түсіруге мүмкіндік беретін техникалық құралдар. Жасырын жазба кезінде зерттеуші әдеп сақтау керек. Сондықтан алыстан басқарылатын магнитофон қолданған жақсы. Бірақ қандай жағдайда да бақылау әдісі шектеулі мәлімет береді, сондықтан оны басқа әдістермен ұштастырған жақсы.

Сонымен, бақылау жүмысы зерттеу жүмысының тақырыбына сай жүргізіледі. Оның бағдарламасына объект, мақсаты, жоспары жазылады. Нәтижелері белгіленеді. Қорытынды пікірлердің дұрыстығына жету үшін басқа әдістерді де қолдану керек.

Эмоциялық алғырлығы, қайырымдылығы, тапқырлығы белгілі бір іске қабілеттілігі сияқты жеке қасиеттерінен көзге түскен оқушыларға бақылау жасау да мұғалімнің тәрбиелік ісіне қызықты материалдар береді.

Бақылаудың осы айтылған жақтары ешбір алдын ала белгіленген ережесіз, сол күйінде, оқиғаның болған кезіне қарай, жоғарыдағы екінші жазуда айтылғандай жазылуы тиіс. Күнделік дәптерге әрбір оқушы туралы жүйелі түрде жазып отыру керек.

Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтері әңгіме әдісі арқылы түскен деректермен толықтырылады. Оның арнайы жоспары болады. Әңгімелесу кезінде жеке адамдардың дербес ерекшеліктерін ескеруді керек етеді. Себебі, кейбір оқушылар мұғалім сұрағына жауап бермей, өзінше сақтанып ар жағындағы ойын айтпайды. Сондықтан әңгімелесуге мұғалім алдын ала дайындалу керек. Жауаптар дәптерге жазылады. Кейде оқушыға білдірмей магнитафонға жазуға болады. Әңгіме бақылау және экспериментпен ұштасса, нәтижелі болады.

Педагогикалық эксперимент - педагогика ғылымындағы негізгі әдіс.



Эксперимент - оқыту және тәрбиенің қандай да бір әдісін, тәсілін тәжірибе арқылы сынақтан өткізу. Педагогикалық эксперименттің негізгі міндеті - педагогикалық ықпал мен оның нәтижелері арасында байланыс орнату. Эксперимент өткізер алдында белгілі бір педагогикалық әдіс-тәсілдің тиімділігі туралы ғылыми гипотеза айтылады. Ғылымға сүйеніп жасалған, алдын-ала айтылған ой - гипотеза деп аталады.

Мақсатына қарай эксперимент анықтаушы, тексеруші, нақтыландырушы деп бөлінеді. Озат және көпшілік тәжірибені зерттеу процесінде жасалған гипотеза тексеріледі. Жасампаз, өзгертуші эксперимент арқылы жақсы жағдайлар жасалады. Зертханалық эксперимент жүргізу үшін бір немесе бірнеше оқушыны ұжымнан бөліп алу керек.

Педагогикалық эксперименттің ережелері: оқушылардың денсаулығы мен дамуына оңтайлы ықпал етіп, олардың жан дүниесіне, өміріне зиянын тигізбеу.

Соңғы уақытта эксперимент ашық түрде өтіп, оқушылар, студенттер ізденіске қатысуда. Олардың пікірлері, ақыл-ойлары, сезімі эксперимент арқылы тексерілетін әдіс-тәсілдің сапасы тиімділігі туралы құнды мәліметтер береді.

Педагогикалық эксперимент оқыту, білім, тәрбиенің тиімді әдіс-тәсілдерін, құралдарын анықтауға көмектеседі.

Мектеп құжаттарын зерттеуде кейбір күдікті жайттарды құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Мұрағат мәліметтері, сынып журналдары, оқушы күнделіктері, сыныптың оқу-тәрбие жоспары, үйірме жұмыстарының жоспары мен есеп, үйірме мүшелерінің баяндамалары, педагогикалық кеңестің хаттамалары, мектептің жылдық есебі, мұғалімдердің озат тәжірибесі негізіндегі әдістемелік баяндамалар және тәрбие жұмыстарының тақырыптарына жазылған баяндамалар мен ғылыми мақалалар жатады. Педагогика тарихының мәселелерін мұрағат мәліметтеріне сүйеніп зерттейді. Оқу жұмысының жетістіктері мен кемшіліктерін ашып, тиісті қорытынды шығаруға мүмкіншілік береді.

Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасаған заттары зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Оқушылардың дербес қабілетін, оқуға және еңбекке көз қарасын, тәжірибелік даярлығын, мұғалімдердің де іс-әрекетін зерттеп анықтауға болады. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуінің жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып жүргізудің және осы сияқты дидактикалық мәселелерді қолданудың тиімді жолдарын іздестіреді.

Кибернетикалық және математикалық әдістерді педагогикалық зерттеулерге енгізу. Бұл әдістер әр түрлі педагогикалық құбылыстардың өзара сандық байланыстарын, олардың өлшемін, сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін қолданылады. Бұл үшін әр түрлі көрсеткіштерді, мысалы, оқушының сабаққа қатысуын, алған бағаларын, мектепте таза, жинақты жүруін т.б белгілі уақыт ішінде қалай өзгеруін тіркеу, тәртіпке келтіру немесе реттендіру, яғни бөліп отыру жүйелі жүргізіледі.

Педагогикалық зерттеулерде математикалық әдістерді қолдану эксиперименттік зерттеулердің сандық деректеріне статистикалық өңдеу жасау үшін қажет.



Педагогикалық процестерді үлгілеу. Үлгілеу педагогикада кибернетикалық идеялар мен әдістерді пайдаланумен байланысты, олар негізінен алғанда қарапайым деңгейде, яғни озат тәжірибені қорытуға, қарапайым материалды жинап сипаттауға және алғаш рет өңдеп, жүйеге келтіруге педагогикалық зерттеу дәрежесін көтеруге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   159
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...