Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары


Лекция №23 Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау

Loading...


бет137/159
Дата01.03.2021
өлшемі344.98 Kb.
түріЛекция
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   159
Лекция №23

Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау
Лекция жоспары:

1.Тәрбие жұмыстарын жоспарлау - оқушылар тұлғасы мен балалар ұжымын дамытуды болжау үдерісі және сынып пен мектептегі тәрбие жұмыстарының стратегиясын анықтау.

2.Жоспарлаудың қызметтері.Жоспарлауға қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлері.
1.Тәрбие жұмыстарын жоспарлау - оқушылар тұлғасы мен балалар ұжымын дамытуды болжау үдерісі және сынып пен мектептегі тәрбие жұмыстарының стратегиясын анықтау.

Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта окушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы, әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетгі өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекет ретінде карастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет. Себебі, мектеп кұрылымындағы ең негізгі буын, ол - сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашкы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі максаты - мектеп оқушыларын қоғамның белсенді жэне саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, енбек және дене тәрбиесі, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру. Сынып жетекшісінің міндеті - сан алуан. Сол себепті

ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?

1. Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.

2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсеңді, саналы ұжымға ұйымдастыру.

3. Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.

4. Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.

6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.

9. Тәрбиенін негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде карастыру т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   159
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...