Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары


Диагностика, бақылау, бағалау, оқушылардың оқу жетістіктерін есепке алу ұғымдарының мәні

Loading...


бет108/159
Дата01.03.2021
өлшемі344.98 Kb.
түріЛекция
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   159
1.Диагностика, бақылау, бағалау, оқушылардың оқу жетістіктерін есепке алу ұғымдарының мәні.

Оқытудың әр бөлігін оқып-үйренуді аяқтаған соң оның нәтижелерін білу үшін диагностика қолданылады. Диагностика - оқу-тәрбие процесінің барысы және нәтижелері туралы ақпарат алу тәсілі. Мектептегі диагностиканың міндеттері:



  • оқушылардың даму барысына және нәтижелеріне талдау жасау (білім алуға әзірлігі, психикасының жұмысы, дамуы);

  • оқыту процесінің барысын және нәтижелерін талдау (білімнің көлемі және тереңдігі, білім, іскерлік, дағдыларды қолдана білуі, ой жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін білу);

  • тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдау (тәрбиелік деңгейін, адамгершілікке сенімін, адамгершілігін).

Неге тексеруден гөрі диагностика туралы көп айтылуда? Дәстүрлі тексеру әдістері неге қайта қаралуда? Бұл оқу-тәрбие процесін ізгілендіруге байланысты.

Егер өткен тәрбиеде талдау, тексеру және бағалаудың объектісі оқушының еңбегі болса, енді жаңа жағдайда мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегі, оның нәтижелері талданады. "Енді жоспарланған көрсеткішке неге толықтай жете алмадық?" - деген сұраққа жауап беру керек. "Оқыту процесі тиімді болу үшін не істеу керек?" - деген сұраққа диагностика жауап береді.

Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау - оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.

Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.

Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.

Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   159
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...