Лекция тезистері шымкент 2022



бет3/9
Дата19.05.2023
өлшемі0.8 Mb.
#577787
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қазақ т. фонетика. Лекц. комплекс 1
жастар, Арипбек Меруерт, Алкадиендердің құрылысы. Алкадиендердің химиялық қасиеттері., 45 дәріс, 5- Математика (Ответы), 5 КТЖ 22-23 күнімен (1), байқау, Мектеп жағдайында Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шараны тиімді ұйымдастыру жолдары-1, Жеке тапсырма. Сценарий, «Бақытсыз Жамал» романының коркемдік құндылығы неде, «Ұшқан ұя» повесіндегі кейіпкерлер қарым-қатынасы., р, Тұрсынбек Ержігіт 1602-11, дін, 475652.pptx (1)
І. Үнсiздер
Б фонемасының тiлде қолданылуында кейбiр ерекшелiктер бар. Атап айтқанда, б сөздiң басында, ортасында актив қолданылады да, сөз соңында кездеспейдi. Соңғы позицияда б жазылғанмен (араб, клуб, ромб) п естiледi. Ал п фонемасы сөздiң барлық позициясында ұшыраса бередi. Тiлiмiздегi п-дан басталатын сөздердiң денi кiрме болып келедi.
Сөз басында б мен п айтуда, тiптi жазуда да (орфографиялық сөздiкте) кейде жарысып жүредi: байым-пайым, балуан-палуан.
Дауыстылар арасында кездесетiн б, в емес, тiптi сол в-ға жуықтамайды да. М. Серғалиевтiң iзiмен сөздiк бойынша айтсақ: овұр (обыр), ову (обу), совұқ (собық).
Т сөздiң барлық шенiнде айтыла да, жазыла да бередi.
Д фонемасы сөздiң басында, арасында қолданылады. Жазуда сөздiң соңында кездескенiмен (аккорд, анод, катод, велосипед) айтуда т болады да, қосымша қатаңнан (заводқа, заводта ) басталады. Сөз басында д мен т жарысып қолданыла бередi.
Т – өзге дыбыстардың ықпалынан алмасуға ұшырамайды, яғни қатаң дыбыс. Д олай емес. Бунаққа енген сөздiң алдыңғысы с, т, ш қатаңдарына аяқталып, келесi сөз д ұяңынан басталса, онда д қатаңданып, т- ға жуықтап айтылады. Мысалы: жас дәурен , әумесер ақылық жоқ ит-доңыз!-деп.
С, З фонемаларын айтқан кезде тiлдiқ ұшы төменгi тiске тiрелiп, ортасы аздап түседi. Ауа осы тесiк арқылы өтiп, үстiңгi күрек тiстердiң арасынан сүзiлiп шығады.
С-ның бiр ерекшелiгi сөз соңындағы дауыссызды жатырқамайды: ал-са, қара-са, жаз-са т.б. Ұяң з орыс тiлiнде сөз соңында жазылғанмен, с болып айтылуы орфоэпиялық норма болып есептелiнедi. Қазақ тiлiнде орыс тiлi арқылы енген сөздердiң соңындағы з айтылып: газ, гинноз, майонез, қосымша ұяңнан басталады: газға, майонезге.
Сөз iшiнде с өзiмен iргелес ш, ж дыбыстарының әсерiнен ш болып ашша ( асшы) , шешше (шешсе) , бешшыл (бес жыл); ал з өзiнен кейiнгi с, ш , ж фонемаларының әсерiнен с, ш, ж болып: жасса (жазса) т.б. айтылады .
Ш, ж фонемаларының ерекшелiгiне келсек т дыбысынан соң екеуi де ч-ға жуықтап айтылады: кетчi (кетшi), Айтчан (Айтжан).
Орыс тiлiнде сөз соңында ж жазылғанмен ш болып айтылады. Қазақ тiлiнде орыс тiлi арқылы енген сөздердiң соңындағы ж айтылады: экипаж, дубляж.
Ш фонемасы көршi дыбыстардың әсерiнен өзгермейдi. Ал ж көршi е, ш-ның ықпалына ұшырайды: ташшол (тасжол), бешшыл (бесжыл).
К, г фонемалары тiлдiң артқы шенiнiң таңдайға тiрелiп, тез ажырап кетуiнен жасалады. Қатаң к дауыссызы сөздiқ барлық шенiнде қолданылады, ал ұяқ г-ден басталатын сөздер сөз басында аз ұшырайды ( негiзiнен кiрме сөздер), ортасында актив кездеседi де, соңында мүлде айтылмайды. Орыс тiлiнен енген сөздердiң соында г жазылғанмен (биолог, геолог, диалог, монолог, педагог) айтуда к болады, жалғанатын қосымша қатаңнан (гонгқа) басталады.
К фонемасы көршi дауысты, үндi және ұяң дыбыстардың әсерiнен көбiне ұяңдап г болып айтылады: шелегi (шелек).
Қ, ғ фонемаларының айтылу жолы бiрдей емес. Қатаң қ шұғылға, ұяқ ғ ызыңға жатады. Екеуiнiң жасалу орны бiрдей. Айырмасы тiлдiң арты жұмсақ таңдайға қ-ны айтқан кезде нық тиiп, тез ажырайды да, ғ-да жуықтап тұрады, кiшкене тiл дiрiлдеп тұрады.
Бұл екi фонема да жуан дауыстылармен ғана айтылады: қағаз, ғалым т.б.
Қ фонемасы - қазақ тiлiндегi ең актив фонема. Ол сөздiқ барлық позициясында тұра бередi. Ал ғ сөз соңында мүлдем кездеспейдi. Қ фонемасы к сияқты көршi дыбыстардың әсерiнен ұяңданып (ғ) айтылуға бейiм тұрады: ағала (ақ ала).
В фонемасы сөздiң басында, ортасында кездеседi, соңында жазылғанмен (актив, архив) қатаң ф болып айтылады да, қосымша қатаңнан (архивке, архивтен) басталады.
Ф жалқы есiмдерде көбiрек жазылады: Фарида т.б.
Х әрпi қазақ топырағына 1938 жылы келiп, төл (қ) дыбысымызды тықсыра бастады: хат, хабар.
Ң – бiрден-бiр көмейден айтылатын фонема.
Ц, ч фонемалары аффрикат делiнедi. Ц – с, т-дан; ч-ш, т-дан құралған.
Ц- үнемi жуан айтылады: цех, цирк, цифр.
Ч көбiне сөздiң басында айтылады: чек, чекист.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
ғылым министрлігі
оқыту мақсаттары
Сабақ жоспары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
Зертханалық жұмыс
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған әдістемелік
Қысқа мерзімді
болып табылады
бекіту туралы
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Жалпы ережелер
Инклюзивті білім
білім берудің
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
рсетілетін қызмет
әдістемелік ұсыныстар
пайда болуы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
пәнінен тоқсан
Суммативное оценивание
мемлекеттік мекемесі