Лекция тақырып: Кіріспе. Кинематика


Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтары



бет37/48
Дата19.11.2021
өлшемі0.91 Mb.
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48
Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтары:

1. Фонондар және кристалл тордың жылулық қасиеттері.

2. Кристалдағы электрондардың стационар күйлері.

3. Кристалдағы электрондардың энергетикалық спектрінің зоналық құрылымы.

4. Ферми деңгейі. Металдар.

5. Металдардың электр өткізгіштігі.

6. Асқын өткізгіштік құбылысы.

7. Жартылай өткізгіштегі ток тасымалдаушылар



Пайдаланылатын әдебиеттер: [1], [5]

Дәріс № 14

Тақырыбы: Атом ядросы. Ядролық күштер. Ядролық реактор.

Мақсаты: Ядролық реакцияларды түсіну.

Жоспары:

  1. Атом ядроларының құрылысы.

  2. Ядрлық күштердің алмасу сипаты.

  3. Ядро-моделі. Альфа-бета-, гамма - сәуле шығарулардың заңдылықтары мен пайда болуы және олардың затпен әсерлесуі.

  4. Ядролық реакциялар. Ядролық бөліну реакциясы.

Атом ядросы оң зарядталған протоннан және электр заряды жоқ нейтронннан тұрады. Протон мен нейтронның массаларын жуықтап алғанда өзара тең деп санауға болады. Ядролық бөлшектердің массасы массаның атомдық бірлігімен (м.а.б) өлшенеді. Сонда бір массаны атомдық бірлігі көміртек атомының бейтарап 6С12 изотобының бір масса бөлігіне тең. Яғни авогодро санының кері шамасынан еспетеп шығаруға болады.

1 м.а.б = 1/12 *12/NA = 1/6.03*1023 = 1.66*10-22 кг

1932ж Иваненко және Гейзенберг ядроның протон- нейтронды моделін ұсынды. Осыған сәйкес протонның массасы тР = 1,6726*10-27 кг = 1836 те ал нейтронның массасы т n = 1.6749 *10-27 кг = 1839 те . Протондар және нейтрондарды нуклондар д.а. Латынның нуклос –ядро деген мағына білдіреді. Атом ядросындағы барлық нуклондар саны массалық сандар д.а. Оны А әріпімен белгілейді. Атом ядросының радиусы шамамен 10-15 м. Жүргізілген дәл өлшем (шамамен) ядроның радиусы ядролық бөлшектердің санына тәуелді екенін көрсетеді. Ол тәуелділік мына өрнекпен анықталады. R= (1.5*10-15 м) А 1/3 м.а.б берілген атомның массасын көрсететін бүтін сан ядродағы протон мен нейтронның санның қосындысын береді. Ядродағы протонның саны атом қабықшасындағы электрондар санына тең. Ендеше ядродағы протондар саны менделеев кестесіндегі элементтің атомдық номеріне тең.Сондықтан массалық сан мен реттік санның айырымы ядродағы нейтрондар санын береді. N = A-Z , A = Z+N .

Атом ядросындағы зарядтар санын Z = (N+P) *N десек онда менделеев кес тесіндегі элементар саны 107 болғандықтан зарядтар саны мынаған тең болады. Z = 1-107. Егер атом ядросының зарядтар саны бірдей, ал массалық саны әр түрлі болса, ядролар изотроптар д.а. Ал керісінше массалар саны бірдей, бірақ зарядтар саны әртүрлі болатын ядролар изобаралар д.а. Мыс, оттектің 3 изотобы бар.

Изотоп – 8О16 , 8О17, 8О18 изобаралар – 4Ве10 , 5В10, 16С10 барлық атом ядролары олардың орташа тығыздығы РЯ = 1017 кг/м3. Атом ядросындағы нуклондар арсындағы күштер ядролық күштер д.а. Олардың мынандай қасиеттері бар:

1. Ядрорлық күштердің әсер ету арақашықтығы шамамен r= 2*10-15 м (табиғаты жағынан тартылыс күштері болып есептеледі)

2. Бұл күштер қанығу қасиеттеріне ие болады. 1 нуклон тек белгілі бір нуклондар мен ғана әсерлеседі. Қанығудың себебі, ядродағы нуклондар саны артқанымен олардың меншікті байланыс энергиясы тұрақты болып қалады.

3. Ядролық күштер нуклондардың зарядына байланысты болмайды. Яғни 2 протонның, 2 нейтронның және нейтрон мен протонның өзара тартылу күштері бірдей болады.

4. Бұл күштер табиғатта кездесетін күштердің ең қуаттысы. Мыс, электрмагниттік күштерден 100 есе артық. Сондықтан нуклондардың өзара әсерін көбінесе күштік өзара әсерлер д.а.

5. Ядролық күштер кулондық күштер сияқты центрлік күштер қатарына жатпайды.

6. Мұндай күштер өзара әсерлесуші нуклондар спиндерінің бағдарларына тәуелді.

Осы уақытқа дейін ядролық күштердің күрделі сипатына және ядродағы нуклондардың қозғалысын сипаттайтын теңдеулердің шешімін табудың қиындығна байланысты атом ядросы туралы жүйелік теория жасалынады. Сондықтан қазіргі кезде ядроның жуықталған кейбір қарапайым бірнеше моделдерін қарастырайық. Соның мынандай екі түрін атап өтейік.

1. Ядролық тамшы моделі. Бұл моделді бірінші рет 1936ж Бор және Франклин ұсынған болатын. Атом ядросындағы нуклондарың орналасу жағдайы су тамшысындағы молекулалардың тәпе ұқсас. Ядродағы нуклондардың және су тамшысындағы молекулалардың әсерлесуі қысқа мерзімді әрі олардың қанығу қасиеті болады. Сол сияқты су тамшысының тығыздығы тұрақты болса оған ұқсас ядро нуклондарының санына тәуелсіз. Тұрақты тығыздығы мен тұрақты меншікті байланыс энергиясы арқылы сипатталады. Ядроның көлемі тамшы көлемі сияқты оларды құрайтын бөлшектер санына пропорционал болады.

2. Ядроның қабықшалы моделі. Бұл моделді 1949-1950 жж американ физигі Гипперт-Майер және неміс физигі Йенсен жасады. Олардың болжауынша Паули принципіне сәйкес ядродағы нуклондар дискретті энергетикалық деңгейлерде (қабықша) орналасады да ядроның орнықтылығын бекітеді. Барлық толтырылған қабықшалары бар ядро өте орнықты ядролар болып есептеледі. Осындай ерекше орнықты ядролар өте ірі ядролар д.а. Мұндай ядроларға протондар мен нейтрондардың саны 2,8,20,28,50,82,162- ге тең ядролар жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік