Лекция тақырып: Кіріспе. Кинематика



бет2/48
Дата19.11.2021
өлшемі0.91 Mb.
#119250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
физика лекция
научная работа
Жылдамдық. Қозғалыстардың бір-бірінен айырмашылығы болады, өткені әр түрлі дене бірдей уақыт аралығында түрліше жол жүруі мүмкін. Қозғалыстардың осындай өзгерісін біз жылдамдық деген ұғым енгізу арқылы сипаттаймыз. Жылдамдық деп орын ауыстыру векторының уақыт бойынша алынған туындысына тең және траекторияға берілген нүктеде жүргізілген жанамамен бағыттас векторды айтады. Яғни дене берілген уақыт аралығында неғұрлым көп жол жүрсе, ол шама соғұрлым үлкен болады. Сонымен, бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығы жүрілген жолға тура пропорционал, ал сол жолды жүруге кеткен уақытқа кері пропорционал, ал сол жолды жүруге кеткен уақыт кері пропорционал:

υ =S/t (1.1)

бұдан

S = υ· t (1.2)

(2) теңдік бірқалыпты қозғалыстың теңдеуі деп аталады. Дене бірқалыпты қозғалған жағдайда оның жүрген жолы уақыттың сызықтық функциясы болады. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстың графигі 1-суреттегідей, бұдан υ = S/t =tg α.

Жылдамдықтың өлшем бірлігі м/с.



Үдеу. Бірқалыпты айнымалы қозғалыс деп кез келген өзара тең ∆t уақыт аралықтарында υ жылдамдығы бірдей ∆υ шамаға өзгеріп отыратын қозғалысты айтады. Мұнда мынадай екі жағдай болуы мүмкін: а) егер уақытқа байланысты жылдамдықтың сан мәні ұдайы артып отырса, онда қозғалыс бірқалыпты үдемелі; ә) уақытқа байланысты жылдамдықтың сан мәні ұдайы кеміп отырса, онда бірқалыпты кемімелі қозғалыс делінеді. Олай болса, уақытқа байланысты жылдамдықтың қаншалықты тез өзгеретіндігін сипаттау үшін үдеу деп аталатын физикалық шама енгізіледі. Түзу сызықты бірқалыпты айнымалы қозғалыстың үдеуі (а) дегенміз жылдамдықтың өсімшесіне тура пропорционал және осы өсімше пайда болған уақыт өсімшесіне кері пропорционал физикалық шама, яғни

α = ∆υ/∆t (1.3)

Бұл жағдайда қозғалыс айнымалы болғандықтан жылдамдық өсімшесінің өзгеруіне сәйкес үдеу де өзгерісте болады, олай болса орташа үдеу деген ұғым ендіруге тура келеді.

Сонда α = ∆υ/∆t немесе α орт = ∆υ/∆t (1.4)

Сонымен, берілген уақыт мезетіндегі лездік үдеу деп, орташа үдеу алынып отырған ∆t уақыт аралығы шексіз кемігенде, сол орташа үдеудің ұмтылатын шегін айтады, яғни

α = lim (α ) = lim (∆υ/∆t) = dυ/dt (1.5)

Демек, үдеу шама жағынан жылдамдықтың уақыт бойынша алынған бірінші ретті туындысына тең болады. Ал жылдамдық υ = ds/dt болғандықтан

α = d/ α t (ds/dt) = d2s/dt2 (1.6)


Үдеу өлшем бірлігі м/с2.

2 - ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫП: Динамика. Масса. Ньютон заңдары.


Динамика денелердің әсерлесу кезіндегі қозғалысының өзгерісін зерттейді. Ньютонның үш заңы негізгі заңдар болып алынады. Егер қозғалысты санау жүйесіне байланыстыратын болсақ, онда қозғалушы дене әсер етуші күштен бөлек және санау жүйесімен байланысты бірқалыпты және түзу сызықты қозғалыста болады. Денеге ешқандай күш әсер етпесе, онда дене өзінің бастапқы тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды. Материалдық денелердің мұндай қасиетін инерциялық деп атайды. Сондықтан да Ньютонның бірінші заңы, инерция заңы деп аталады.

Егер денелерде инерциялық қасиет болмаса, онда оның қозғалысы үдеуді сипаттамай, тек сол уақыттағы жылдамдықтың шамасын ғана көрсетеді.

Инерциялық қасиет микроскопиялық денелер сияқты микроскопиялық денелердің бөлшектеріне де тән. Сондықтан инерция денелер қозғалысының түріне байланыссыз обьективті түрде қалыптасқан және барлық физикалық денелерге тән қасиет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді