Лекция тақырып: Кіріспе. Кинематика


Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтары



бет17/48
Дата19.11.2021
өлшемі0.91 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48
Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтары:


  1. Металдағы токтың табиғаты.

  2. Электр өткізгіштіктің элементар классикалық теориясы.

  3. Электронның металдан шығу жұмысы.

  4. Термоэлектрондық эмиссия құбылысы.

  5. Плазма және оның қасиеттері.

  6. Электр тогы және ток күші

  7. Ом заңдары. Өткізгіштердің кедергісі

  8. Токтың қуаты және жұмысы. Джоуль – Ленц заңдары

  9. Тармақталған тізбек үшін Кирхгоф ережелері

7 - ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: Магнит өрісі. Заттардағы магнит өрісі.


Негізгі сұрақтар: Магнит және тұрақты токтың магнит өрісі. Магнит өpiciнің индукция векторы. Био-Савар-Лаплас заңы. Ампер заңы. Лоренц күшi. Холл эффектісi. Магнит индукциясы векторының ағыны. Магнит өpiciнe арналған Гаусс теоремасы. Өткiзгiштi магнит өрiсiнде қозғалтқанда iстелетiн жұмыс.

Магнит өрісі. Электр зарядын қоршаған ортада белгілі бір физикалық қасиеті бар электростатикалық өріс болатыны сияқты, токтарды қоршаған ортада да магнит өрісі деп аталатын өрістің ерекше түрі пайда болады. Магнит өрісі осы өріске әкелінген тогы бар өткізгішке әсер ететін күш арқылы білінеді. Тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсер күшін Ампер зерттеп, ол күштің мәнін былайша көрсетті: (4.18)

Түзу ұзын токтың магнит индукциясының токқа дейінгі қашықтыққа кері пропорционал екендігін 1820 жылы француз физиктері Ж.Био және Ф.Савар әр түрлі тәжірибелер арқылы ашты. Био мен Савар тәжірибелерінің нәтижелерін жинақтай келіп, француз ғалымы П.Лаплас кез келген пішіндегі контурдың бөліктеріне жарамды магнит өрісінің қорытқы индукциясын анықтауға болатын заңдылықты ашты. Ол Био-Савар-Лаплас заңы деп аталады. Бұл заң бойынша I тогы бар өткізгіштің dℓ элементінің өрістің бір С нүктесіндегі магнит индукциясы dВ мынаған тең:



(13.1)

Магнит өрісі тек тогы бар өткізгішке ғана емес, сол сияқты кез келген қозғалыстағы зарядтарға да әсер ететіндігін көптеген эксперименттердің нәтижелері дәлелдеді. Ал магнит өрісіндегі әр зарядқа әсер ететін күшті Лоренц күші деп атайды. (13.2)

Осы өрнекті бірінші рет голанд физигі Лоренц шығарған болатын, сондықтан оны Лоренц күші деп атайды.

Магнит өрісінде қозғалған зарядқа әсер етуші Лоренц күші мынадай құбылысты түсіндіруге мүмкіндік береді. Егер магнит индукциясының күш сызықтарына перпендикуляр болып орналасқан тік төртбұрышты өткізгіштің бойымен ток жүрсе, оның екі жағында потенциалдар айырымы пайда болады. Бір жағында тек теріс зарядтардың концентрациясы шоғырланса, онда қарама-қарсы бетінде тек оң зарядтың шоғырланғандығын байқаған. Осы құбылысты бірінші рет 1879 ж. Американ физигі Э.Холл ашқан болатын. Сондықтан бұл заңдылықты Холл эффектісі деп атайды. (13.3)

Осы өрнектегі R = 1/ en0 ; (13.4)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде