Лекция. Тақырыбы: Оқу пәні және ғылым ретінде курстың сипаттамасы Лекция мақсаты: Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәннің мақсаты мен міндеті туралы түсінік қалыптастыру

Loading...


Дата04.05.2021
өлшемі21.66 Kb.
түріЛекция

1-лекция. Тақырыбы: Оқу пәні және ғылым ретінде курстың сипаттамасы

Лекция мақсаты: Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәннің мақсаты мен міндеті туралы түсінік қалыптастыру.

Жоспары:

  1. Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны.

  2. Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері.

  3. Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәнінің зерттеу әдістері.

  4. Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәнінің басқа ғылымдармен байланысы.

  5. Жаратылыстануды оқыту әдістемесі оқу пәні ретінде.

Лекция мәтіні :

  1. Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні педагогикалық ғылымдар саласына жатады, сондықтан пәннің құрылымы оқытудың жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сай түзіледі

Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және тәрбиелеу процестерінің жүйесіне кіреді. Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәндерін тәрбиелеп оқыту процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Жаратылыстануды оқыту әдістемесі оқытудың мазмұны мен ерекшеліктерін ескере отырып, бастауыш мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі.

Білім беру ісі әрқашанда бастауыш білім сатысынан басталады. Білім берудің негізі – бастауышта, яғни бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.Соның ішінде ― жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні тұлғаның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосады. Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні негізінен үш блокты: «адам», «табиғат»,

«қоғам» ұғымдарын бірлестіретін пән болып табылады. Яғни ―өмір әліппесі болып саналған ― «жаратылыстануды оқыту әдістемесі» пәні бастауыш сыныпта жаратылыстану пәндерінің негізін қалайды.


  1. Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты болашақ мұғалімдерге мектептегі ― «Жаратылыстану» пәнінің теориялық негіздерін және оқыту мен тәрбиелеу әдістемесімен таныстырады. Ал ― Жаратылыстану пәнінің мақсаты оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады.

Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәнінің міндеті бастауыш мектеп мұғалімін ― «Жаратылыстану» пәні бойынша мемлекеттік білім стандарты мен оның талаптарын, оқу бағдарламасын, пәннің мазмұны мен оқыту әдіс-тәсілдерін және технологиялары жөнінде білімдермен қаруландыру болып табылады.

Жаратылыстану пәнінің міндеті:



  • оқушыларға дүние туралы (көркем, аңыздық, т.б. түсініктер мен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі);

  • оқушылардың қалыптастыруы тиіс әрекет түрлері (оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынас т.б.);

  • дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми) туралы білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту болып табылады.

Жаратылыстануды оқыту әдістемесі– оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда педагогикалық әдістермен қоса нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірітабиғаттың күрделі құбылыстары мен дамуын сипаттайтын әдістер де қолданылады.

3.Сонымен бірге оқыту әдістері – практикалық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, эксперименттер, тәжірибелер, арнайы көрнекіліктер қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл ерекшеліктер мектепте оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекше формаларын қолдануды талап етеді (топсеруендер, оқушылардың өз бетінше, сабақтан тыс және үй жұмыстарын, сыныптан тыс орындалатын жұмыстар т.б.). Мұндағы ерекше оқыту формаларын жүргізу әдістемесі осы пәнде қарастырылады.

Бұл пәннің мазмұны және өзіндік ерекшеліктері, оқытудың әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін де анықтайды.

Жаратылыстануды оқыту әдістемесі сабақтарында табиғат құбылыстарының бір-бірімен байланысын, тірі және өлі табиғат заңдылықтарын оқып-білу оқушылардың ғылыми, диалектикалықматериалистік көзқарастарын қалыптастырады.Сондықтан да болашақ бастауыш мектеп мұғалімі ― Жаратылыстану пәніне қатысты барлық білімдер мен білік-дағдыларды толық меңгеруі қажет.


  1. Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні көптеген ғылым салаларымен байланысты. Ең алдымен студенттер мектеп курсында өткен табиғаттану, ботаника, жануартану, тәнтану, тіршіліктану , астрономия және т.б. пәндерінен алған білімдеріне сүйенеді.Сонымен қатар ― Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні бұрынғы курстарда оқылған жаратылыстану негіздері және физиология пәндерінен білім негіздерін пайдалана отырып оқытылады, гуманитарлық пәндердің көзделген мақсаттарын сәйкестендіреді.

Жаратылыстану пәні мынадай: педагогика, психология, валеология, мектеп жасындағы балалар физиологясы пәндерімен тығыз байланыста оқытылады. Осы білім негізінде дүниенің даму заңдылықтарын түсінетін жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.

Жаратылыстану пәні болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдіру үшін енгізілді. Бұл пәннің теориялық негізі студенттер оқыған жаратылыстану циклі мен педагогика және психология пәндері болып табылады. Бұл пәннің көп бағыттылығы, көп пәнділігі және олардың арасындағы пәнаралық байланыс, оқытудағы жүйелілік және болашақ ― «Жаратылыстану» пәнінің мұғаліміне қажетті білім мен білік деңгейі көрсетілген.



  1. Бұл пәнде студенттер әдістемелік білім мен білік дағдыларды жаратылыстану циклі және педагогика-психология пәндерінен білуі қажет екендігі байқалады. ― Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәнінің мазмұнын меңгеру бастауыш мектеп мұғалімдерінен оқу-тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау және табиғатты, адамды, қоғамды, еңбек адамдарын оқуда оқыту әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдауды қажет етеді. Студенттер Жаратылыстануды оқыту әдістемесіпәнінің мазмұнында экологиялық, табиғатты қорғау, гумандық т.б. бағыттарды көре білуге үйрену қажет.

Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәнін оқу барысында студенттер мынадай білімдермен қарулану қажет:

  • жаратылыстану циклінен алған білімдерін пайдалана отырып дүниетану пәнінен өздеріне қажетті білім мен білікті қалыптастыру;

  • оқушыларға тіршіліктің алуан түрлілігі жайлы, оның таралу жолдарын, табиғатты аялай білу қажеттілігін түсіндіру;

  • оқу пәнінің мазмұны мен оқу тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтауға үйрену;

  • оқушылардың пәнге деген қызығұшылығын арттыруға бағытталған жұмыс формаларын ұйымдастыра білуге дағдылану.

Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні студенттерді бастауыш мектепте ― Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәнін жүргізудің теориялық және әдістемелік негіздерімен таныстырып қана қоймай, адамзатты қоршап жатқан дүниені қорғау қажеттілігін сезінуге және оны жас буынның бойына сіңіре білуге бағыттайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні қандай ғылымдармен байланысады және не үшін екенін түсінідіріңіз?



2.Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәнінің теориялық негізін түсінідіріңіз?

  1. Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері қандай?

  2. Жаратылыстануды оқыту әдістемесіпәнінің зерттеу әдістерін атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...