Нейрофиброматоздың 4 түрі – бірінші типтік нейрофиброматоздың клиникасы, бірақ Лиша түйіндерінсіз.
Емдеуі: перифериялық нейрофибромалардың көптігінен хиругиялық емдеу нәтижесіз. Екінші және үшінші типтік нейрофиброматоздағы ОЖЖ ісіктерін хирургиялық жолмен алып тастап, содан соң сәулелік ем және химиотерапия өткізу арқылы емдейді.
Өз бетінше дайындық сұрақтары:
Гендік аурулардың даму тетігі неде, олар қалай жіктеледі?
Фенилкетонурия зат алмасудың қай түрінің бұзылыстарына жатады, оған сипаттама беріңіз?
Май алмасуының генетикалық аурулары қалай жіктеледі?
Тей-Сакс ауруы май алмасуының бұзылыстарының қай түріне жатады?
Ниманн-Пик және Гоше ауруларына сипаттама беріңіз.
Нерв тінінің ақ заты қандай гендік ауруда болады?
Галактоземия ауруының этиологиясын, патогенезін және клиникасын талдаңыз.
Нейрофиброматоз ауруына сипаттама беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |