Лекция тақырыбы: Дыбыс және есту. Доплерлік қозғалыс Лекцияның оқыту нәтижелері: мт түрлері мен қолдану саласын біледі



бет8/9
Дата11.04.2022
өлшемі168.55 Kb.
#219663
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
4 лекция
CorelDRAW бағдарламасында баннер жасау, 1, ЕТБ-0920-3-ТОП ПАСПОРТЫ, Класс функцияларын жариялау және анықтау, 7.ТЖТӘ, Тарих, Махмут А Оразбек А тарих, КТЖ туризм ДТС-1120, Азиза АИА-911 2 апта практикалык тапсырмалар, Саясаттану 12 апта, 13-апта слайд, act13, 0003ae2c-8f5e10f5, Жалпы-хирургия-Емтихан, Ramazan ayı 14
Қорытынды:

Доплер эффекті Ғаламның бастамасы (үлкен жарылыс және қызыл ығысу) туралы заманауи теориялардың ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл принцип жұлдыздардың қозғалу жылдамдығын өлшеу үшін және олардың ось маңында айналуын, планеталардың айналу параметрларын, Сатурнның сақиналарын, күннің фото сферасындағы турбулентті ағындарды, спутниктердің траекториясын, термоядролық реакцияларды бақылауда, физика мен техниканың (ауа райын болжауда, құқық қорғау органдарда қолданылатын радарларда) әр түрлі салаларында кеңінен қолданыс табады. Доплер эффектісі заманауи медицинада да қолданылады: ультрадыбыстық диагностика жасайтын құрылңылардың көпшілігі осы құбылысқа негізделіп жасалған. Негізгі қолданылу аумағы:

- Доплерлік радар — объектіде бейнеленген сигналдың жиілігінің өзгеруін өлшейтін радар. Жиілікті өлшеу арқылы объектінің жылдамдығы есептеледі. Доплерлік радарлар әртүрлі салаларда: ұшқыш аппараттардың, кемелердің, автомобильдердің, гидрометрлердің, теңіз және өзен ағыстарының, сонымен бірге басқа объектілердің жылдамдығын анықтауда қолданылады.

Астрономия:

- Спектр сызықтарының ығысуы арқылы жұлдыздар, галактикалар және т.б. аспан денелерінің қозғалысының радиалды жылдамдығын анықтайды. Астрономияда аспан жарықтарының радиалды жылдамдығын сәулелік жылдамдығы деп атау қабылданған.Доплер эффектісінің көмегімен аспан спектірі бойынша олардың сәулелік жылдамдығы анықталады. Жарықтық тербелістердің тоқын ұзындықтарының өзгеруі спектр көзіндегі барлық спектральді сызықтардың ұзын толқындарға қарай ығысуына әкеледі, егер сәулелік жылдамдық бақылаушыдан бағытталса қызыл ығысу, егер сәулелік жылдамдық бағыты бақылаушыға қарай болса, күлгін ығысу деп аталады.

3-сурет Қызыл ығысу

- Спектр сызығының ұзындығының ұлғаюы арқылы жұлдыздар фотосферасының температурасын өлшеуге болады.

Сұйықтар немесе газдар ағынының жылдамдығын контактісіз өлшеу. Доплер эффектісінің көмегімен сұйықтар және газдар ағынын жылдамдығы өлшенеді. Бұл әдістің артықтылығы ағынға қатысты датчиктерді орналастыруды қажет етпейді. Жылдамдық біркелкі емес орталарда (пішімдер бөлшектеріндегі, негізгі ағынмен араласпайын сұйықтар тамшыларындағы, сұйықтағы, газ көріршелеріндегі) ультродыбыстың немесе оптикалық сәулелену, толқындардың шашырауы бойынша анықталады.



  • Күзетік сигнализациялар. Қозғалып тұрған объектіні анықтау үшін.

  • Координаттарды анықтау. Коспас-Сарсат спутниктік жүйелерінде жердегі аппаттық передатчиктеріндегі координаттар Доплер эффектісін қолдану арқылы қабылданған радиосигнал арқылы анықталады.

Дыбыс. Физикадан белгілі, дыбыс дегеніміз – газ тәрізді, сұйық және қатты заттардағы серпімді тербелістер мен толқындардың таралуы. Ультрадыбыс деп есту әсерін тудырмайтын, жиілігі 20 кГц-тен жоғары серпімді тербелістер мен толқындарды айтамыз. Көбіне мұндай тербелістерді электр тербеліс генераторы арқылы өндіреді, ол магнитострикция немесе кері пьезоэлектрлік әсері құбылысына негізделген. Магнитострикция құбылысы – айнымалы магнит өрісінің әсерінен ферромагнитті өзекшенің тербелуі, ал кері пьезоэлектрлік әсер – айнымалы электр өрісінің әсерінен пьезоэлектр пластиналарының тербелуі. Екі жағдайда да өзекшемен немесе пьезе пластинкамен қоршалған ортада көлденең ультрадыбысты толқындар тарайды, әсіресе ол резонансты жиіліктерде қатты байқалады. Ультрадыбысты медицинада пайдалану оның заттарға механикалық, физико-химиялық, биологиялық және жылулық әсер етуіне негізделген. УД-толқындарының механикалық әсері заттардың микроқұрылымының деформациясымен байланысты, яғни толқын әсерінен дене құрамындағы молекулалар тербеліске түседі. УД-толқындардың интенсивтілігі артқанда заттардың құрылымының бұзылуы байқалады. Бұйректегі тастарды майдалайтын УД-емдеу аппаратының жұмысы толқындардың осы қасиетіне негізделген. Ал сұйықтарда бұл кавитация тудырады, яғни сұйық ортада газ немесе сұйық буымен толтырылған микроқуыстар пайда болуы. Олар бір-біріне жақындандасып, үлкен қысыммен соқтығысады. Бұл процесс ортаның иондануына, молекулалардың дисоциациялануына, сондай-ақ жылудың пайда болуына алып келеді. УДтолқындарының әсерімен вирустар, бактерияларды өлтіруге болады. Сондықтан оны стерилизациялауда пайдаланады. Ал УД-ның аз ғана қуаты әсерінен жасуша мембранасының өтімділігі артады да, ұлпадағы зат алмасу процесі күшейеді. Медициналық практикада УД-толқындары диагностикалық және емдік мақсаттарда қолданылады. УД зерттеу (УДЗ) ультрадыбыстың әр - түрлі тығыздықтағы ұлпалармен бөлініп тұрған шекарадан шағылу құбылысына негізделген. УЗИ-құрылғысы үздіксіз және импульсті режимдегі УД-толқындарын шығаратын пьезоэлектрлік генератордан, биологиялық денеден шағылған УД толқындарын қабылдайтын пьезоэлектрлік датчиктен, оның сигналдарын өңдейтін микропроцессордан, кескінді бақылайтын монитордан т.б. көптеген қосымша бөліктерден тұрады [151]. УД-толқындары сондай-ақ қан ағыны жылдамдығын өлшеуде де қолданылады. Бұл әдіс Доплер эффектісіне негізделген. Доплер эфффектісі деп – бір-біріне қатысты қозғалыс кезіндегі негізгі УД толқын мен оның шағылысқан толқыны арасындағы жиіліктің өзгеруін айтады. Жиіліктің әр-түрлі болуына қарай зерттелген дене қозғалысыынң жылдамдықты анықтауға болады. Доплерография әдісінде қозғалыстағы эритроциттен шағылған ультрадыбыс жиілігі, датчиктен шыққан негізгі сәуле жиілігінен өзгеше болады. Негізгі толқынмен салыстырғанда, шағылған ультрадыбыстың жиілігінің артуы немесе кемуі қан ағыны бағытына байланысты (датчикке-қарай немесе оған қарсы). Қан ағыны жылдамдығы қаншалықты үлкен болса, шағылған ультрадыбыс жиілігі соншалықты үлкен жиілікке өзгереді. Осы мәліметтерді салыстыра отырып, УДЗ құралының микропроцессоры қан ағыны жылдамдығын есептейді [154]. Кардиологиялық ультрадыбыстық зерттеу. Жүректі зерттеуде (кардиологиялық датчиктер) орташа фокустық, 3 немесе 3,5 МГц секторлық датчиктері қолданылады. 5 МГц датчиктерде ультрадыбыстың ену тереңдігі аз болғандықтан, кардиологияда шектелген масштабты түсіруде, әсіресе балаларды зерттеуде қолданады. Доплерография. Доплер бөлігі қан ағыны жылдамдығын өлшеуде қолданылады. Сондай-ақ зерттеу мәліметін арттыру үшін аппарат микрокомпьютері долпер сигналының спектралді сипатамасын есептейді. Доплер сигналының спектралді сипаттамасының пішіні сканер мониторының экранында кескінделеді. Жүрек клапандарының, түпкі тамырлардың доплер сигналдары спектрінің атласы жасалған. Атлас жүрек бөлігі жұмысының патологиялық бұзылуын пішіні бойынша анықтауға мүмкіндік береді [120]. Доплер датчигінен шыққан ультрадыбыс сәулесі мүмкіндігінше қан ағыны бағытымен сәйкес келуі тиіс. Осы кезде ғана доплер сигналының шамасы максимал болады. Егер ультрадыбыс сәулесі қан ағыны бағытына перпендикуляр болса, доплер сигналы нольдік мәнге ие болып, сондықтан қан ағыны жылдамдығын өлшеу мүмкін болмай қалады. Доплерографияның 2 негізгі әдісі бар: үздіксіз (CW) және импульсті (PW). Үздіксіз доплерографияда ультрадыбыс негізгі сәуленің барлық ұзындығы бойында шағылады. Сондықтан бүкіл түтік бойындағы қан ағынының интегралдық жылдамдығын өлшеуге болады, өлшеу шегі 10 м/сек. Үздіксіз доплерография жіңішке тамырлардағы қан ағыны жылдамдығын өлшеуде қолданылады. Жүректің белгілі бір бөлігіндегі қан ағыны жылдамдығын анықтауда импульсті доплерография қолданылады. Импульсті доплерографияда қан ағыны жылдамдығын өлшеу шегі 7,5 м/сек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы