10.2 Ерітінділерден молибден мен вольфрамды бөліп алу тәсілдері
Ерітінділерден молибден мен вольфрамды алуда ионды флотациялау әдісін қолдану. Ионды флотация деп ерітіндідегі ионды немесе молекулалы (коллигенд) немесе сұйық-газ жиегінде жиналатын ерітінді ионы мен оған енгізілетін жинағыш (сублат) иондарымен әрекет негізіндегі пайда болатын беттік-активті қосылыстардың бөлу және алу әдісі.
Ионды флотациядан басқа компоненттерді алудың басқа тәсілдері-көпірік және көпіршікті фракциондау, флотоэкстракциялау, гидрофобты флотацияларды флотациялау, қосымша флотациялау(қосымша ретінде ион тәріздес смолдар, активті көмір)
Ионды флотациялаудың негізгі сипаты – жинағыш ретінде ПАВ қолдану және көпіріктің болуы(сублатты аккумулдайтын, қатты гидрофобты өнім). Механизміне байланысты ионды флотация жинағышпен адсорбты көпірікті флотация немесе гидрофобты тұнбаның көпірікті флотациясы түрінде болады.Өндіріске көп қызығушылықты ПАВ алынатын ионмен аз еритін қосылыс – ионды флотациясы қолданылады.Бұл жағдайда флотация уақыты бірнеше минуттан аспайды.
Илнды флотацияның минимал шарттарына құрамында 97% немесе одан жоғары су бар қопсытылған агрегаттар – олар коллоидты өлшемді бөлшектерден тұрады – микрометрдің аз бөлігінен бірнеше микрометрге дейін және көпіршікпен көпнүктелі байланысы болуы керек.
Ион мен молекулалар флотациясының жинағышы – жоғары бетті-активті полярлы зат болып келеді.Өзінің полярлы тобымен жинағыш коллигендті электрстатика арқылы көпірік бетіне жинайды немесе онымен қосылыс жасайды.
Көпірік түзушінің функциясын ион мен молекула флотациясы кезінде жинағыш пен сублат атқарады, олар беттік – активті заттар. Алайда қажет болғанда көпіріктүзуші-реагенттер қолданылады.
Ионды флотация кезінде жинағыш шығыны минерал флотациясына қарағанда әлдеқайда жоғары екені белгілі, себебі ионды флотация кезінде ол құрамның стехиометрлік қатынасымен анықталады.Иондарды гидроксидтерге, басқа тұнбаларға және келесі флотация ПАВ аз шығынында жасалуы мүмкін.
Өндірістік зерттеулер 460мг/л молидбеннің ерітіндідегі орташа құрамында, жинағыш шығыны 1г молибденға 0,8г құрады.Ионды флотациялау кезінде металды алу 95,6% құрады.Алынған көпірікті өнімнің 31% молибден және 40% ылғал.
Көпірікті өнімді қайта өңдеуден өткізіп тауарлы молибден алуды екі әдіспен жүргізеді. Көпірікті өнімді соданың ыстық ерітіндісімен өңдеу кезінде C9-12 амины қайта қалпына келі мүмкін.Нәтижесінде молибден су фазасына көшеді (Na2MoО4), ол СаМоО4 тұнбалауға қажет ерітінді талабына жауап береді.
Көпірікті өнімге қарағанда муфельды пеште өңдеуге жиі жану тән, бұл жағдайда күйдіру жылудың аз бөлінуімен сипатталады, аз от болады.Көпірікті өнімді қышқылды жандыруда молибденнің тауарлы үшқышқылы(65,36 % Мо) пайда болады.Күйдіру кезіндегі алу 98% құрады.
Молибден ерітіндіде анион түрінде болуына байланысты, оның ионды флотациясына ПАВ катиондарын қолданған жөн.Молибденнің 50-1000 мг/л шоғырлануына байланысты ПАВ катиондары молибден аниондарымен аз еритін қосылыс түзеді, оның тұнбасы флотация кезінде алынады.