Лекция жинағы 1-тақырып. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны


-тақырып. Мемлекеттік бюджет шығындарының жүйесі

Loading...


Pdf көрінісі
бет9/15
Дата20.09.2021
өлшемі304.27 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
9-тақырып. Мемлекеттік бюджет шығындарының жүйесі 

 

1.  Мемлекеттік бюджет шығындарының экономикалық мазмұны 



2.  Бюджет түрлері бойынша  шығындарды қалыптастыру ерекшеліктері 

3.  Бюджет шығындарын қаржыландырудың сметалық тәртібі 

 

1с. 

Мемлекеттік шығындар құрылымы және олардың жалпы қоғамдық  өнімдегі  үлесі 

қоғамның  даму  кезеңдеріне,  мемлекет  құрылымына,  оның  ішкі  және  сыртқы  саясатына  

және  басқаларға  байланысты.  Мемлекеттік  шығындар  көлемі  мен  құрылымына    тек 

мемлекеттің  саясаты  ғана    әсер  етпейді,  сондай-ақ  экономиканың  жалпы  деңгейі, 

халықтың тұрмыс жағдайы,  экономикадағы  мемлекеттік сектордың да үлесі  әсер етеді. 

Жұмсалу бағыттары мен мақсаттары бойынша  барлық  шығындар түрлерінің жиынтығы 

мемлекеттік шығындар жүйесін құрайды. Мемлекеттік шығындар көбінесе мемлекеттік 

бюджетте  орталықтанған  немесе  мемлекеттік  кәсіпорындар  иелігіндегі  қоғамның  таза 

табысы  есебінен  жүзеге  асырылады.  Мемлекеттік  шығындардың  бір  бөлігі  салықтық 

түсімдер,  зайымдар  түріндегі  халық  қаражаттары  есебінен  қанағаттандырылады. 

Мемлекеттік шығындарды ұйымдастыру, оларды болжау, сондай-ақ  қаржыландыру мен 

қаражаттарды  пайдаланудың  қатаң  тәртібін  белгілеу  жолымен  жүзеге  асырылады. 




Мемлекеттік шығындардың жекелеген түрлері экономикалық мазмұны мен мәні жағынан 

біртекті  емес.  Осыған  байланысты  мемлекеттің  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  көздері 

мен әдістерінде өзгешеліктер болады. Мемлекеттік шығындарды бөлудің маңызды белгісі 

олардың  өндіріс  пен    ұлттық  табысты  қалыптастыру  процестеріне  қатысуы  болып 

табылады. Осыған сәйкес мемлекеттік шығындар экономикалық мазмұнына байланысты 

3 (үш) негізгі топқа бөлінеді: 

1.  Материалдық өндіріспен байланысты шығындар 

2.  Өндірістік емес сфера шығындары 

3.  Мемлекеттік резервтер жасау шығындары 

Мақсаттық  белгісіне  байланысты  мемлекеттік  шығындар:  экономика,  әлеуметтік-

мәдени шаралар, ғылым, қорғаныс, басқару шығындары болып бөлінеді. 



Территориялық  белгісіне  байланысты  мемлекеттік  шығындар  экономикалық  аймақтар 

бойынша  бөлінеді.  Мұндай  жіктеу  экономикада  өндірістік  күштердің  орналасуы  мен 

прапорцияларды жетілдіруге белсенді әсер етуге мүмкіндік береді. 

Салалық белгісі бойынша мемлекеттік шығындар: 

1)  материалдық  өндіріс  сферасында:    өнеркәсіп,  құрылыс,  ауыл  шаруашылығы, 

транспорт,  бацланыс,  сауда,  жабдықтау  және  дайындау  шығындары  болып 

бөлінеді. 

2)  өндірістік  емес  сферада:  білім  беру,  ғылым,  денсаулық  сақтау,  демалысты 

ұйымдастыру  және  мәдениет  саласындағы  қызмет,  әлеуметтік  сақтандыру  мен 

қамсыздандыру,  қорғаныс пен басқару шығындарына бөлінеді. 

Мемлекеттік  шығындарды  қаржыландыруды  тиімді  пайдалана  отырып  мемлекеттік 

қажеттіліктерді  толық  қанағаттандыру  керек.  Осыған  байланысты  мемлекеттік 

шығындарды  қаржыландырудың екі әдісі бар: 

1.  Меншікті қаражаттар. Банк несиелері есебінен шығындарды қаржыландыру 

2.  Сметалық  бюжеттік  қаржыландыру.  Сметалық  тәртіппен  ерекше  құжаттың  – 

сметаның  негізінде  анықталатын    әлеуметтік-мәдени  шаралар,  мемлекеттік  билік 

пен  басқару  органдарын  ұстау,  қорғаныс  шығындары  қаржыландырылады. 

Сметалық тәртіппен қаржыландырылатын ұйымдар бюжеттік деп аталады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...