Лекция жинағы 1-тақырып. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата20.09.2021
өлшемі304.27 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
 

 

7-тақырып. Бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны 

 

1.  Бюджет кірістері және олардың қалыптасу көздері 



2.  Бюджет түсімдерінде салықтық және басқа міндетті төлемдердің ролі  

 

1с. 

Бюджет  кірістері–  ол  мемлекеттік  функцияларды  орындауға  қажетті  елдің  бір 

ортаға  топталған  қаржы  ресурстарының  бөлігін  және  заңнамаларға  сәйкес  билік 

органдарының  әр  деңгейлеріне  иелік  істеуге  ақысыз  және  қайтарылмайтын  тәртіппен 

түсетін  ақша  құралдарын  көрсетеді.  Олар  ақша  құралдар  қоры  қалыптасу  процесінде 

пайда болатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Бюджет кірістері түсінігі мемлекет 

кірістері  түсінігінен  біршама  қысаң,  бірақ  олардың  республиканың  мемлекеттік  кірістер 

құрылымында елеулі үлес алады. 

          ҚР Бюджет Кодексінде көрсетілгендей, Салықтық және басқа да міндетті төлемдер, 

ресми  трансферттер,  мемлекетке  өтеусіз  негізде  берілген,  қайтарылатын  сипатта 

болмайтын  және  мемлекеттің  қаржы  активтерін  сатуға  байланысты  емес,  бюджетке 

есептелуге тиісті ақшалар  бюджет кірістері болып табылады. 



      

Салықтық түсімдер:  ҚР Салық Кодексінде белгіленген салықтар және бюджетке 

төленетін басқа да міндетті төлемдер. 

 Салықтық  емес  түсімдер:    ҚР  Салық  Кодексінде  белгіленген,  негізгі  капиталды, 

гранттарды  сатуда  түсетін  түсімдерге  жатпайтындардан  басқа  бюджет  кодексінде 

белгіленген  бюджетке төленетін міндетті қайтарылмайтын төлемдер. 

Мынадай ақшалар негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады: 

1.  Мемлекеттік  мекемелерге  бекітіліп  берілген    мемлекеттік  мүлікті  сатудан  түсетін 

ақша; 


2.  Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан түскен ақша; 

3.  Мемлекеттің меншігіндегі  жер учаскелерін жеке меншікке  сатудан немесе оларды 

тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден түсетін ақша; 



4.  Мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша. 

Ресми  трансферттер:  бюджеттің  бір  деңгейінен  екіншісіне,  ҚР  Ұлттық  Қорынан 

бюджетке  түсетін  трансферттер  түсімдері.  Нысаналы  ресми  трансферттерді  қоспағанда 

кірістердің нысаналы мақсаты болмайды. 

Бюджет  кірістерінің  негізгі  материалдық  көзі  –  ұлттық  табыс.  Ұлттық  табысты 

мемлекеттендіруде мемлекет әртүрлі әдістерді пайдаланады. Ұлттық табысты қайта бөлу 

және  бюджет  кірістерін  қалыптастырудың  негізгі  әдістері  ретінде  мемлекеттік  билік 

органдары  салықтарды,  займдарды,  ақша  эмиссиясын  пайдаланады.  Оларды  пайдалану 

мемлекеттегі  әлеуметтік-экономикалық  жағдаймен,  мемлекеттің  қаржы  саясатымен 

анықталады.  Салықтар  ұлттық  табысты  қайта  бөлудің    негізгі  әдісі,  бюджет  кірістерінің 

негізгі  бөлігін  қамтамасыз  етеді.  Әртүрлі  мемлекеттердің    орталық  бюджеттерінің 

кірістерінде  олардың үлесі 2/3 бөлігін қамтиды. 

 

Қаржылық  маңызы  жағынан  бюджет  кірістерінің  екіншісі  –  мемлекеттік  займдар. 



Мемлекет  займдарды  келесі  жылғы  бюжетті  жасаған  кезде  белгіленген  бюджет 

тапшылығын  жабу  үшін  пайдаланады.  Қаржылық  тұрақсыздық  күшейіп,  бюджет 

тапшылығы артқан сайын мемлекет займдарға аса көңіл аударады. 

 

 



2с. 

Әдеттегідей,  кірістердің  көзі  салықтар  немесе  оларға  бара-бар  төлемдер  болып 

болып  табылады.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  бюджеті  кірістерінің  құрамы 

мен  құрылымы  салық  төлемдерінің  қолданыстағы  жүйесімен  және  салыстырмалы 

тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады. 

        Республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер: 

1.  Корпорациялық табыс салығы 

2.  Қосылған құнға салынатын салық 

3.  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес  Қазақстан  Республикасы  аумағына 

импортталатын тауарларға акциздер 

4.  Газ конденсатын қоса алғанда шикі мұнайға акциздер 

5.  Үстеме пайдаға салынатын салық, бонустар, роялти 

6.  Жергілікті маңызы бар мемлекеттік ақылы автомобиль жолдары арқылы автокөлік 

құралдарының  жүріп  өткені  үшін  алынатын  алымнан  басқа  Қазақстан 

Республикасының  аумағы  бойынша    автокөлік  құралдарының  жүріп  өткені  үшін 

алым. 

7.  Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына  радио жиілік спекторын пайдалануға 



рұқсат бергені үщін аланатын алым. 

8.  Теңіз, өзен кемелері мен шағын кемелерді  мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым 

9.  Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым 

10.  Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым 

11. Радио жиілік спекторын пайдаланғаны үшін  төленетін төлем 

12. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем 

13. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем 

14. Әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары 

15. Консулдық алым 

16. Қазақстан  Республикасының  азаматтарының  паспорттары  мен  жеке  куәліктерін 

бергені үшін  мемлекеттік баж 

17. Жүргізуші куәліктерін бергені үшін алынатын мемлекеттік баж 

18. Мемлекеттік  нотариат  кеңселері  нотариустарының    нотариалдық  іс-әрекет 

жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж болып табылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік