Лекция жинағы 1-тақырып. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны

Loading...


Pdf көрінісі
бет6/15
Дата20.09.2021
өлшемі304.27 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
 

 

6-тақырып. ҚР Ұлттық қоры 

 

1.  Мемлекеттің  қаржы  жүйесіндегі  Ұлттық  қордың  рөлі  мен  мәні.  Ұлттық  қорды 



қалыптастырудың қайнар көзі және оны пайдалану 

2.  Ұлттық  қорды  қалыптастыру  мен  пайдалану  жөніндегі  есепті  құру,  қарау  және 

бекіту 

 

1с. Елдің бюджет жүйесіне республикалық, жергілікті және төтенше бюджеттермен 

қатар  ҚР  Ұлттық  қоры  да  кіреді.  Бюджет  кодексінде  берілген  анықтама  бойынша  ҚР 

Үкіметінің  Ұлттық  банктегі  шотында  жиналатын  материалды  емес  активтерден  басқа 

қаржы активтер Ұлттық қорды құрайды. 

Ұлттық  қор  елдің  тұрақты  әлеуметтік-экономикалық  дамуын  қамтамасыз  ету, 

экономиканың шикізаттық салалардан тәуелділігі мен қолайсыз сыртқы факторлар әсерін 

төмендету  мақсатында  құрылған.  Бұл  қордың  тағы  бір  маңызды  арнауы  болып  бірқатар 

қоғамдық мұқтаждықтарды қаржыландыру үшін мемлекетке қажетті қаржы активтер мен 

басқа да мүліктерді қорландыру табылады. 

Мемлекеттің  қаржы  жүйесіндегі  Ұлттық  қордың  рөлі  мен  мәні  оның  атқаратын 

функциялары  бойынша  да  көріністе.  Ұлттық  қор  жинақтаушы  және  тұрақтаушы 

функцияларды  іске  асырады.  Бірінші  функциясы  арқылы  негізінде  экономиканың 



шикізаттық  секторы  түсімдерінің  белгіленген  бөлігінен  құрайтын  қаржы  активтерін 

қорландыруды  қамтамасыз  етеді.  Екінші  функциясы  шикізатттық  ресурстардың  әлемдік 

бағалары  конъюктурасының  мемлекеттік  қаржылар  ахуалына  әсерін  тегістеуді 

қамтамасыз етеді. 



2с.  Ұлттық  қорды  қалыптастыру  мен  пайдалану  механизмі  мемлекеттің  және 

шетелдердің  жалпы  экономикалық  ахуалына,  макроэкономикалық  тұрақтылық  пен 

фискалдық  саясатқа,  елдің  даму  басымдылықтарына,  және  әлемдік  пен  ішкі  тауар, 

сонымен  қатар  қаржы  нарықтарының  конъюктурасына  байланысты  белгіленеді.  Ұлттық 

қорды  пайдалану  Бюджеттік  кодексте  анықталады  және  оның  құралдары  негізінде 

республикалық  бюджет  түсімдерінің  бекітілген  және  нақты  көлемдері  арасында 

айырмашылық  болған  жағдайда  сол  айырманың  орнын  толтыруға,  сондай-ақ  Президент 

белгілеген мақсаттарға ресми трансферттер түрінде жұмсалады. 

Ұлттық  қорды  қалыптастыру  мен  пайдалану  жөніндегі  есепті  құру  ҚР  Үкіметінің 

құзіретіне кіреді. Жыл сайын Үкімет Ұлттық банкпен бірге аудит нәтижелерінің негізінде 

қордың іс-әрекеті жөнінде жылдық есепті құрады. Бұл есепте Ұлттық қор құралдарының 

түсуі мен пайдалануы жөнінде жылдық мәліметтері көрсетіледі, қорды басқару бойынша 

Ұлттық  банктің  іс-әрекеті  сипатталады,  сондай-ақ  қорды  басқару  жөніндегі  басқа  да 

мәліметтер келтіріледі. 

Белгіленген  формамен  және  бекітілген  тәртіппен  жасалған  Ұлттық  қорды 

қалыптастыру  мен  пайдалану  жөніндегі  есеп  ҚР  Президенті  бекіткеннен  кейін  ақпарат 

ретінде  ҚР  Парламентіне  ұсынылады.  Ұлттық  қордың  іс-әрекеті  мен  оны  басқару 

жөніндегі  жылдық  есеп  пен  жүргізілген  аудит  нәтижесі  бойынша  ақпарат  бұқаралық 

ақпарат құралдарында жарияланады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...