Лекция жинағы 1-тақырып. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны


-тақырып. Бюджетаралық қатынастарды реттеу механизмі



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата20.09.2021
өлшемі304.27 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
5-тақырып. Бюджетаралық қатынастарды реттеу механизмі 

 

1.  Бюджетаралық қатынастар туралы түсінік және олардың принциптері 

2.  Бюджетаралық қатынастарды реттеу механизмі 

 

1с.  Жоғары  тұрған  және  төменгі  тұрған  бюджеттердің  бюджет  процесіндегі 

қатынастары бюджетаралық қатынастар болып табылады.  

Бюджетаралық  қатынастар  мемлекеттік  басқарудың  деңгейлері  арасындағы 

функциялар  мен  өкілеттіктердің  ара-  жігін  дәлме-дәл  ажыратуға,  түсімдер  мен 

шығыстарды бюджеттер деңгейлері  арасында  бірыңғай бөлуге, сондай-ақ бюджетаралық 

қатынастарды айқындау әдістерінің біртұтастығы мен ашықтығына негізделген. 

ҚР  Үкіметі  мен  орталық  мемлекеттік  органдардың,    облыстардың  жергілікті 

атқарушы органдарының, Бюджет Кодесінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісінше 

облыстардың,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың  және  аудандардың 

бюджет процесіне араласуына жол берілмейді. 

Бюджетаралық қатынастар мынадай принциптерге негізделеді: 

1) облыстар,  республикалық  маңызы  бар  қалалар,  астана  бюджеттерінің- 

республикалық  бюджетпен  өзара  қатынастарда,  аудандар  бюджеттерінің  жоғары 

тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастарда теңдігі; 

2) түсімдерді  тиімді  бөлу,  ол  түсімдердің  ара  жігін  ажыратудың  мынадай 

өлшемдерін  бір мезгілде сақтауды ескереді: 

төмен  тұрған  бюджеттерге  тұрақты  сипаты  бар,  сыртқы  факторлардың  әсеріне 

тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер бекітіледі

              мемлекеттік  мекемелер  көрсетілген  қызметтер  үшін  төлемақы  болып  табылатын 

салықтық және салықтық емес түсімдер аталған қызметтер көрсету қаржыландырылатын 

бюджет кірісіне түседі;  




              қайта  бөліну  сипаты  бар,  сондай-ақ  салық  базасы  әркелкі  орналастырылатын 

салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғары деңгейлеріне бекітіледі

             салық және бюджетке төлентін басқа да міндетті төлемдерді бекіткен кезде оларды 

жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін бюджет деңгейіне артықшылық 

беріледі; 

            нақты  аймақтық  байланыстылығы  бар  салықтық  базадан  алынатын  салықтар 

жергілікті бюджеттерге бекітіледі;  

3) Қазақстан 

Республикасының  әкімшілік-аумақтық  бірліктерінің  бюджеттік 

қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру; 

4) жергілікті атқарушы органдардың бірдей деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуін 

қамтамасыз ету; 

5) мемлекеттік  қызмет  көрсетуді  ұсынудың  барынша  тиімділігі  мен  нәтижелігі- 

мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  неғұрлым  тиімді  және  нәтижелі  жүргізілуі  мен 

ұсынылуын  қамтамасыз  ете  алатын  мемлекеттік  басқару  деңгейіне  мемлекеттік 

қызмет көрсетуді бекітіп беру; 

6) мемлекеттік  қызмет  көрсету  деңгейін  оны  алушыларға  барынша  жақындату- 

қызметтерді  алушылардың  қажеттерін  жақсылап  есепке  алу  және  мемлекеттік 

қызметтер  көрсету  сапасын  арттыру  мақсатымен,  көрсетілген  қызметтерді 

атқаруды бюджет жүйесінің мүмкін болғанша неғұрлым төмен деңгейіне беру; 

7) бюджетті  ңәрбір  деңгейінің  алынған  ресми  трансферттер  мен  несиелердің  тиімді 

және нысаналы пайдаланылуы үшін жауаптылығы. 

 

2с. Бюджетаралық қатынастар: 

1)  республикалық және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана 

бюджетінің арасында: 

ресми трансферттермен; 



-  бюджеттік несиелермен; 

2)  облыстық және аудандық бюджеттер арасында: 

    - ресми трансферттермен; 

    - бюджеттік несиелермен

    - кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде