Лекция жинағы 1-тақырып. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны

Loading...


Pdf көрінісі
бет3/15
Дата20.09.2021
өлшемі304.27 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
3-тақырып. Бюджет жүйесі 

 

1.  Бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны және оның қалыптасуы. 



2.  Бюджет құрылымы 

 

1с.  Мемлекеттік  органдардың  өз  функцияларын  орындауы  үшін  басқарудың 

барлық  деңгейлерінде  тиісті    қаржылық  базасы  болуы  тиіс.  Осы  мақсатпен  елде 

аймақтардын  шаруашылықтарын,  әлеуметтік  сферасын,  әрбір  әкімшілік-аумақтық 

бірліктерді көгалдандыру, заң шығарушы билікті басқару аппаратын ұстауды және басқа 

шараларды  қаржыландыру  үшін,  олардың  ақша  ресурстарын  жұмылдыруды  қамтамасыз 

ететін  бюджеттер  тармақтарының  желісі  құрылады.  Бюджеттің  жекелеген  түрлерінің 

кірістері  мен  шығыстарын  қалыптастыру,  оларды  теңдестіру  прцесінде  заңмен  реттеліп 

отыратын  белгілі  бір  қаржылық  өзара  қарым-қатынастар  пайда  болады.  Осы 

элементтердің  барлығы  –  бюджет  жүйесін  ұйымдастыру  мен  құру  принциптері,  оның 

буындарының  өзара  қатынастары  мен  байланысының  ұйымдық  нысандары,  бюджет 

құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды. 

Дүние  жүзінің  әртүрлі  елдерінде  бюджет  құрылысы  мемлекеттің  құрылымына, 

аумақтық-әкімшілік  бірлігіне,  экономиканың  даму  деңгейіне  және  нақты  мемлекеттің 

басқа  айрықша  белгілеріне  байланысты  өзгешеліктермен  ерекшеленеді.  Бюджет 

құрылысында  басты  орынды  бюджет  жүйесі  алады.  Ол  экономикалық  қатынастарға 

және  құқықтық  нормаларға  негізделен  әртүрлі  деңгейлердегі  бюджеттердің  жиынтығын 

білдіреді. Әртүрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген 

түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді және ол мемлекеттің аумақтық құрылысы 

мен  оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады. 

Бюджет  жүйесінің  құрамы  елдің  ұлттық-мемлекеттік  құрылымымен  анықталады. 

Мемлекеттің    федеративтік  және  унитарлы  құрылымы  болуы  мүмкін.  Федеративті 

мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: 

1.  Мемлекеттік  бюджет  немесе  федералдық  бюджет  немесе  орталық  мемлекеттің                                   

бюджеті;  

2.  Федерация  мүшелерінің  бюджеттері  (  АҚШ-та  штаттардың,  Германияда  жерлердің, 

Канадада провинциялардың, Ресейде федерация субьектілерінің бюджеттері); 

3. Жергілікті бюджеттер. 

 

Унитарлық  мемлекеттерде  екі  буынды  бюджет  жүйесі  қолданылады:  орталық 



бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. 

           Екі  жағдайда  да  бюджеттердің  оқшаулану  мен  дербестігінің  түрлі  дәрежесі  болуы 

мүмкін.  Бірақ  әдетте  әлеуметтік-экономикалық  процестерді  басқарудыорталықтандыру 

деңгейіне  байланысты  төмендегі  бюджеттерге  қатынасы  бойынша  белгілі  бір  реттеіші 

роль орталық бюджетте сақталады. 

 

Қазақстан  Республикасының  бюджет  жүйесі  бюджет  құрылымының  унитарлық 



типімен  анықталады.  Өйткені  Қазақстан  –  федералдық  емес,  басқарудың  президенттік 

нысаны  және    сайланатын  Парламенті  бар  унитарлық  мемлекет.  Қазақстан 

Республикасының  бюджет  жүйесі  экономикалық  қатыныатарға  және  тиісті  құқықтық 

нормаларға  негізделген  әртүрлі  деңгейлердегі  бюджеттерді  қамтиды.  Қазақстанда 

жиынтығында  мемлекеттік  бюджетті  құрайтын  республикалық  бюджет  пен  жергілікті 

бюджеттер дербес жұмыс істейді. 

            Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  бюджетінің  басты  бөлігі  республикалық 

бюджетте шоғырланады. 




 

Бюджет  Кодексімен  айқындалған  салықтық  және  басқа  түсімдер  есебінен 

қалыптасатын  орталық  мемлекеттік  органдардың,  оларға  ведомствалық  бағынысты 

мемлекеттік  мекемелердің  міндеттері  мен  функцияларын  қаржымен  қамтамасыз  етуге 

және  мемлекеттік  саясаттың  жалпы  республикалық  бағыттарын  іске  асыруға  арналған 

орталықтанған  ақша  қоры  республикалық  бюджет  болып  табылады.  Тиісті  қаржы 

жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы заңымен бекітіледі. 

 

Бюджет  Кодексімен  айқындалған  салықтық  және  басқа  да  түсімдер  есебінен 



қалыптасатын  және    облыстық  деңгейдегі  жергілікті  мемлекеттік  органдардың, 

республикалық  маңызы  бар  қаланың  –  Астананың,  оларға  ведомствалық  бағынысты 

мемлекеттік  мекемелердің  міндеттері  мен  функцияларын  қаржымен  қамтамасыз  етуге 

және  тиісті  әкімшілік-аумақтық    бірлікте  мемлекеттік  саясатты  іске  асыруға  арналған 

орталықтанған  ақша  қоры  облыс  бюджеті,  республикалық  маңызы  бар  қала  –  Астана 

бюджеті  болып  табылады.  Жергілікті  бюджеттер  тиісті  маслихаттардың  шешімдерімен 

бекітіледі. 

 

 Бюджет  жүйесінің  жұмыс  істеуі  бюджеттердің  әртүрлі  деңгейлерінің  өзара 



байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атақару, бақылау тәртібімен, 

сондай-ақ  республикалық  және  жергілікті  бюджеттердің  атқарылуы  туралы  есеппен 

қамтамасыз етіледі.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...